Мойынға мәсіх тарту бидғат па ?

Администратор 11.11.2016 0
Мойынға мәсіх тарту бидғат па ?

Дәретте мойынға мәсіх тарту

 

Бірде бір танысымнан қарапайым мұсылмандар дінімізді қалай үйреніп жатқандығын сұрадым. Ол кісі бұл сұрағыма:

– Барлық істер жақсы жүріп жатыр еді,талас-тартыстар шыққаннан соң не істерін білмей қалды, деді.

– Халықты әуре-сарсаңға салып қойған мәселелерден кейін шыққан тағы қандай мәселе? − деп сұрадым анық-қанығын білу үшін.

– Мысалы үшін, қазірге дейін барлығы дәрет алуда мойынға мәсіх тартуды мұстахаб деп келген, оқыған кітаптарымда да солай деп жазылған-тын. Бірақ жаңадан шыққандар мұны бидағат деуде. Мұнан соң жұрт не істерін білмей жүр. Бұл жайлы сұрауға адам табудың өзі қиын, деді танысым.

– Мұндай кезде дереу ақиқатқа көз жеткізу үшін дәлел сұрау қажет. Мойынға мәсіх тарту не үшін бидағат екендігін сұрамадыңыз ба? – дегенімде:

– Мойынға мәсіх тарту Құранда да, хадисте де жоқ, ал Құран мен хадисте жоқ нәрсені жасау бидағат саналады-мыс…

Сырттай қарағанда елеусіз ғана болып көрінетін осы нәрседен, қарапайым мұсылмандар арасында түсінбеушілік пен бас қатыру орын алғаны тектен тек емес. Өйткені, мойынға мәсіх тарту бидағат дейтін топтың сөзі мұнымен шектеліп қалмайды. Мойынға мәсіх тарту бидағат, ал әрбір бидағат адасу, ал адасушылық тозаққа апарады деуі мүмкін. Егер сондай әңгіме шығатын болса, мойынына мәсіх тартып жүрген «бейшаралардың», олардың ата-бабаларының Ақыреттегі халі не болмақ?

Егер бидағат жайында жоғарыда келтірген бұл сөз, қандай да бір хадис-шарифпен байланысқанда, бізге соған сай амал ету қажет болып, бидағат санар едік. Алайда, біз бұл сөзге мүлдем қосыла алмаймыз. Өйткені, бұл әңгіме мұсылмандардың барлығы хақ деп тән алған төрт фиқһи мазһабтың ең үлкені болған Ханафи мазһабының мұжтаһид ғұламалары он үш ғасырдан бері мұстахаб деп келе жатқан амалды бидғат деп бұрмалаулары жайлы болып тұр.

Қадірменді оқушылар! Келіңіздер, бірге отырып Ханафи ғұламалары не үшін дәретте мойынға мәсіх тарту мұстахаб деп санағанын бағамдап көрелік. Әйтеуір олар он үш ғасыр бойы мұсылмандарды бидғат іске баулып келмеген болар?

Мұндай сұрағымызға жауап төмендегінше болады:

Адамдарды бидағатқа, шариғатымызда жоқ нәрсеге шақырудан Аллаһ сақтасын. Біз ешқашан ешкімді бидғат іске шақырған жоқпыз. Біз шарғи негізге сүйенбей тұрып, бір мәселе жөнінде ауыз ашпаймыз. Ал, мойынға мәсіх тартуға мынандай дәлелдеріміз бар:

Бірінші дәлел:

Имам Ахмад ибн Ханбал Ләйстен, ол Талха ибн Мұсаррифтен, ол кісі әкесінен, әкесі атасынан келтірген риуаятта:

روى أحد بن حنبل عن ليث عن طلحة بن مصرف عن أبيه عققن

جده : أنه رأى رسول ال صلى ال عليه و سلم يسح رأسه حت بلغ القذال و

ما يليه من مقدم العنق.

 

«Расында, ол Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мойынының арт жағынан алдыңғы жағына қарай мәсіх тартқандығын көрген» –делінген.

Екінші дәлел:

Әбу Хасан ибн Фарис, Ибн Омардан (р.а) риуаят қылынған хадисте, Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

روى أبو حسن بن فارس عن ابن عمر رضي ال عنه قال رسول ال

صلى ال عليه و سلم : من توضأ و مسح عنقه ل يغل بالغلل يوم القيامة.

«Кім дәрет алып, мойынына екі қолымен мәсіх тартса, Қиямет күні оттан сақталады» – деген.

Үшінші дәлел:

Имам әл-Баззар, Уайл ибн Хужрден (р.а) риуаят еткен хадисте:

روى المام البزار عن وائل بن حجر رضي ال عنه ف صفة وضوء

النب صلى ال عليه و سلم : … مسح رأسه ثلثا و أذنيه ثلثا و مؤخر عنقه.

«…Кейін басына 3 рет, құлағының сыртына 3 рет және мойнының сыртына мәсіх тартты» – делінген.

Тап осы мағынада басқа да хадистер жеткілікті, барлығы бір-бірін қуаттап тұрады. Бұдан артық тағы не керек?

Өз ісін немесе өз сөздерін дәлелдеу үшін басқалар білмеген хадисті тауып, амал қылғандар бидағатшы деп айыптала бере ме? Басқалар хадисті таппаған болса, Ханафиларға тағылатын не кінә бар?

Біз жоғарыда қазіргі таңда талас-тартыстарға себеп болып жатқан үш нәрсеге ғана тоқталып талқылап өттік. Басқа да мәселелерді тап осы секілді талқылап беру өте оңай. Біздің ниетіміз таласып-тартысу емес, талас-тартыстарға шек қою үшін ғана сөзімізді ары қарай жалғастыруды жөн көрмей отырмыз. Мақсатымыз ескі жараны тағы да қозғамай, тәжірибеден өткен сенімді жолды бекем ұстауға шақырамыз. Міне сонда талас-тартыстар тоқтайды деп үміт ете аламыз, иншаАллаһ.

Талас-тартыстарды болдырмау мақсатында, фиқһи мазһабтардың Құран және сүннет аясында қылған ижтихадтарын қайта қозғап, көрейікші қане, кімнің дәлелі күшті екен, деп қарастырудан дініміз қайтарған. Тіпті, кейбір кісілер ілімді болып, мазһабтардың дәлелдерінің қайсысы қайсысына қарағанда күштірек екенін ажырата алатын жағдайға жетсе де өзі үшін пәтуа шығарса жарайды, бірақ ортаға салып басқалардың басын қатыруға болмайды делінген. Сол үшін де әдетте, әрдайым айтылған бұзып, талас-тартыс тудырған жақ  құрдымға ұшырайды. Осы ізденісімізде бөлінбеуге шақырсақ та, сөзіміз бір жақтылыққа ұқсап қалуы да міне, осы қағидаға байланысты туындайды. Барлық бәле білімсіздігімізден. Өте аз нәрсе білеміз, сөйте тұра көп нәрсеге шақырамыз. Білген аз нәрсемізге қатып қалып, білім дегеніміз ─ осы, бұдан өзге нәрсе жоқ деп ойлаймыз.

Білмейтін өте көп нәрсемізге бүтіндей қарсы келеміз. Нәтижеде басымызға қазір түсіп отырған жағдайға тап боламыз. Аталмыш ісімізді қазіргі ғұламаларымыз «бір кітапша және үнтаспа мәдениеті» деп атауда. Анығында, қолымызға түскен бір кітапты оқимыз да,  барлық дүниенің ілімі осы кітапта қарастырылған, бұдан артық кітап жоқ деген мағынада амал жасаймыз. Үнтаспаға жазылған үш-төрт насихатты естіп алып, дүниедегі мұсылмандардың төрттен үш бөлігін кәпір не мүшрікке теңеп, пәтуә шығарып тастаймыз. Астағфируллаһ! Қазіргі таңда бүтін Ислам үмметі мың үш жүз жылдан бері тән алып, ардақтап, құрметпен қарап келе жатқан төрт фиқһи мазһабты тән алмай, олар жайында лайықсыз сөздер айтып, өзін мұжтахид санап жүргендер ─ міне, сол «бір кітапша және үнтаспа мәдениетіне» лайық кісілерден.

 

Біз қазір оларға фиқһи мазһабтар хақ екендігі жайында ғылыми ізденіс ұсыну ниетінде емеспіз. Өйткені, ол бауырларымыз мұндай ғылыми ізденіске көңіл бөлуге дайын болғандарында қазіргі қолайсыз жағдай туындамас еді. Ол бауырларымыз фиқһи мазһабтарды мойындамас бұрын, сәлаф ғұламаларымыздың ғылыми еңбектерімен танысып шыққан болар еді. Аталмыш бауырларымыз фиқһи мазһабтарды мойындамастай қатерлі істі өзгелерге де үйретуде. Олар әсіресе, шетелдерден келген, өздерін алақандай аттармен атайтын, кей кісілердің етегіне ілескендер. Олар басқа жақтың сөздеріне көңіл бөлмейді. Сол үшін бұл бауырларымыз тән алып, сөздерін жоғары бағалап, дәлел қылып жүрген ғұламалардың мазһаб жайлы дәлелдері мен пәтуаларынан мысалдар келтіруді дұрыс көрдік.

 

«Ихтиләфтар» — Мухаммад Садық Мухаммад Юсуф

 

Дереккөз:   agzam.net

Оставить отзыв »

Просмотров: 455
Яндекс.Метрика