بسم الله الرّحمن الرّحيم
الحمد لله رب العالمين والصلاة و السلام علي رسولنا محمد و علي اله و صحبه اجمعين
Төменде әһлу сунна уәл-жәмәғат ұстанымына сәйкес жазылған ақида бабына қатысты ханафи фиқһ мектебі ғалымдарының таңдаулы 80 кітабының тізімі көрсетілген.
Тізім біздің мәзхбымыздың негізін қалаушы имам Ағзам Әбу Ханифаның (рахимахуллаҺ) еңбектерінен бастап, соңғы уақыттағы ханафи ғалымдарының еңбектерін қамтиды. Бұл еңбектер араб тілінде жазылған, алайда, олардың кейбірі өзге тілдерге аударылған. Бұл тізімнен байқалатын тағы бір нәрсе, ханафи мәзхаб ғалымдары ақиқат пен жалғанды ажырату үшін ақида саласында да ғасырлар бойы тер төгіп, әһлу сунна ұстанымын қорғаштауда ерекше үлес қосқандығы.
Бұл еңбектердің дені өз уақытында әһлу сунна жолынан ауытқып, 72 ағымның санатына қосылған фирқалардың қателіктері мен адасушылықтарын әшкереу мақсатында жазылған. Сондай-ақ, бұл еңбектердің біразы біздің мектеп өкілдеріне қатысты таралған жалған қауесеттер мен негізсіз жалаларға жауап ретінде жазылып, біздің ұстанымымыз сәләфус-салих сенімдеріне сай екендігін баяндау мақсатында жарық көрген.
1) «әл-Фиқһул-Әкбар». Имам Әбу Ханифаға (ө. 150 х.ж.) тиесілі негізгі еңбек. Бұл кітаптың бірнеше жеткізілу жолы бар. Соның ішінде сенімді нұсқасы Хаммад ибн Әби Ханифа арқылы жеткен. Ал, тағы бір нұсқасы Әбу Мутиғ әл-Балхи арқылы келеді, бұл еңбек «әл-Фиқһул-Әбсат» атымен танылған. Сонымен қатар төменде имам Әбу Ханифаның үш еңбегі көрсетілген.
2) «Китаб әл-Уәсия». Еңбек Мулла Хусайн ибн Искандир әл-Ханафидің шархымен бірге жарық көрген. (Индия, Хайдарабад, 1321 х.ж.б)
3) «Әлим уәл-Мута’алим». (Шейх Захид әл-Кәусәридің ескертпелерімен жарық көрген) Оны шәкірті Әбу Муқатил Хафс ибн Сәләм әс-Самарқанди (ө. 208 х.ж.) жеткізген.
4) «әр-Рисәлә иләә Усман әл-Бәтти».
5) «Китәб әт-Тәухид» — Имам Әбу Мәнсур әл-Матуриди (ө. 333 х.ж.)
6) «Тә’уиләт Әһлус-сунна уәл-жәмә’ә» — Әбу Мансур әл-Матуридидің жиынтығы 10 томнан асатын«Тәфсир әл-Матуриди» атымен танымал кітабы.
7) «Китәб Усулуд-дин» — Шейх Жамалуддин Ахмад ибн Мухаммад. Қараңыз: Хаджи Халифа «Кәшф әл-Зунун», 2/1157. Автор имам Әбу Мансур әл-Матуридидің шәкірті болған.
8) «Иршәдул-Мухтади фии усул әл-дин» — Әбул Хасан Әли ибн Саид ар-Рустуғфани әл-Ханафи (ө. 345 х.ж.). Автор имам Әбу Мансур әл-Матуридидің шәкірті болған.
9) «Ақидату-л-имам» — Имам Әбул-Қасим Самарқанди (ө. 342 х.ж.). Қараңыз: Хаджи Халифа, «Кәшф әл-Зунун», 2/1157.
Имам Әбу Ханифаның «Фиқһул-әкбәр» кітабына жазылған шархтар:
10) «әл-Хикмә Нәбәууия фии шарх Фиқһ әл-Әкбәр» — Имам Әбул-Қасим Самарқанди. Ғалым Хаким Исхақ атымен белгілі (ө. 342 х.ж.). Қараңыз: Хаджи Халифа, «Кәшф әл-Зунун», 2/1287.
11) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр». Бұл еңбектің авторы ретінде имам Матуриди аталғанымен, шын мәнінде бұл кітапты Әбу Ләйс Самарқандиге (ө. 373 х.ж.) тиесілі делінеді.
12) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» — Имам Мухаммад ибн Мухаммад ибн Абдусаттар әл-Қардари (ө. 642 х.ж.). Көшірме нұсқасы «Мәркәз әл-Файсал»-да сақтаулы тұр (8684 нөмір). (әр-Рияд, Сауд Арабиясы)
13) «әл-Иршәд фии шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» — Имам Бабарти (ө. 786 х.ж.). Қараңыз: Хаджи Халифа, «Кәшф әл-Зунун», 1/69.
14) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» — имам Алауддин әл-Бухари (ө. 848 х.ж.). Кітаптың қолжазба нұсқасы Индияда «Худа Бакш» кітапханасында сақтаулы тұр (10/486).
15) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» — имам Ахмад Сайфуддин әл-Нәсәфи (ө. 845 х.ж.). Қолжазба нұсқасы Ливанның Бейрут қаласында «әл-Мәктәбә әл-Жәми’a»-да (459 нөмір) сақтаулы тұр.
16) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» — имам Ілияс ибн Ибрахим әс-Синуби әр-Руми (ө. 891 х.ж.). Қараңыз: Хаджи Халифа, «Кәшф әл-Зунун», 1/854. Кітаптың қолжазба нұсқасы Қасиетті Мәдина қаласында «әл-Мәктәбә әл-Махмудия»-да (1916 нөмір) сақтаулы тұр.
17) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» — имам Әбул-Мунтаха әл-Мағнисауи ( х.ж. 10 ғ.). Қараңыз: Хаджи Халифа, «Кәшф әл-Зунун», 2/1287.
18) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» — имам Исхақ әл-Табиб әр-Руми (өлг. 949 х.ж). (Қараңыз: ибн әл-Имәд әл-Ханбали, «Шәджарат әл-Зәһәб», 8/281)
19) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» — имам Мухаммад Бахауддин ибн Лутфуллаһ әл-Рахмауи (ө. 952 х.ж.). Кітаптың қолжазбасы Мысырдың Каир қаласындағы «Дәрул-кутуб әл-Мисрия»-да сақтаулы тұр.
20) «әл-Қаулул-Фәсл» (әл-Фиқһул-Әкбәрға пікірнама) – имам Бахауддин Задаһ (өлг. 956 х.ж.)
21) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» («Минәһ әл-Рауд әл-әзһәр» атымен белгілі) – имам Мулла Әли Қари әл-Ханафи (ө. 1014 х.ж.). Соңғы уақыттағы біздің ғалымдар тарапынан жазылған ең үздік еңбектердің бірі: Уахби Сулайман Гауджи әл-Әлбанидің (ө. 2013 ж) «Та’лиқ әл-Муяссир ғәләә шарх әл-Фиқһул-әкбәр» атты бұл еңбекке қатысты аннотациялық ескертпелері.
22) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» — имам Исмағил ибн Исхақ әл-Кушайри (ө. 10б1 х.ж.). Қараңыз: «Селим аға» қолжазбасы (6/587). (Стамбул, Туркия)
23) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» — имам Абдул-Аууал ибн Абдул-Қаюм әл-Мәусауи (ө. 1064 х.ж. кейін). Қолжазбаның көшірмесі «Мәркәз әл-Файсал»-да сақтаулы тұр (9260 нөмір). (әр-Рияд, Сауд Арабиясы)
24) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» — имам Нуриддин әл-Шаруани әл-Бәрусауи (ө. 1065 х.ж). Қараңыз: Исмаил әл-Бәбәни, «Хадиятул-Арифин», 2/449.
25) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» — имам Әбу Әли Мурад ибн Усман әл-Мәусили (ө. 1092 х.ж.). Қараңыз: Умар Рида Кәххала, «Мужәм әл-Муаллифин», 12/213; Исмаил әл-Бәбәни, «Хадиятул-Арифин», 2/242.
26) «Шарх әл-Фиқһ әл-Әкбәр» — имам Нуруддин Әли ибн Мурад әл-Мәусили әл-Умари (ө. 1147 х.ж.). Қараңыз: Исмаил әл-Бәбәни, «Хадиятул-Арифин», 1/766. Қолжазба көшірмесі Британ мұражайында сақтаулы тұр.
27) «Тухфа әл-Нәби фии шарх уә тәржәмә әл-Фиқһул-әкбәр ли Әби Ханифа» — имам Кәуз әл-Хусари Мустафа ибн Мухаммад әл-Руми (ө. 1215 х.ж.). Қараңыз: Исмаил әл-Бәбәни, «Хадиятул-Арифин», 2/454.
28) «әл-Мисбәһ әл-Әзһәр әл-Фиқһул-әкбәр» — шейх Сулайман ибн Расад әл-Зәйяти әл-Мисри (ө. 1347 х.ж.)
29) «әл-Қаул әл-Муяссир ғәләәл-Фиқһул-әкбәр» — имам Аза ибн Әли әл-Хадиди (ө. 1369 х.ж.).
30) «әд-Дәуәл-әбһәр шарх әл-Фиқһул-әкбәр» — имам Нәсихи әл-Фәхими. Қолжазбаның көшірмесі Индияның Рампур қаласындағы «әр-Раза» кітапханасыда сақтаулы тұр. (1/313, 243 нөмір)
31) «әд-Дуррул-әзһәр» — шейх Абдул-Қадир. Бұл еңбек Индияның Ханпур қаласындағы «Мәтбағ Низами»-де 1878 жылы жарық көрген.
32) Ханафи мәзхабының муджтахид имамы Әбу Жәғфәр әт-Тахауидің ақида мәтіні. Әбу Жәғфәр әт-Тахауи имам Әбу Мансур әл-Матуриди мен имам әл-Әшғаирдің замандасы болған. Алайда, олардың өзара кездескендігі туралы ешқандай дерек келмеген. «Ақида әт-Тахауия» әдетте, «Баян әл-Әһлус-сунна уәл-Жәмәғә» деген атпен белгілі және бұл еңбекке көптеген түсініктемелер жазылған. Солардың ішінде, псевдосәләфилердің сүйікті «ғалымдарының» бірі ибн Абил-Ғизз жазған еңбек келіспеушіліктер мен ауытқушылыққа ие болуына байланысты ханафи ғұламалары тарапынан қатаң сынға ұшырап, сенімсіз деп бағаланған. Мысалға, ақида саласы мамандардың бірі Мулла Әли Қари (ө. 1014 х.ж) өзінің «Фиқһул-әкбәр»-ға жасаған шархында, сондай-ақ, соңғы замандағы ханафи ғұламаларының бірі, хадис хафизі Ииам Мухаммад Муртада әл-Зәбиди (ө. 1205 х.ж.) өзінің «Изаф әл-Саада әл-Муттақин» кітабында бұл кісіні сынға алған. Сондай-ақ, өз заманындағы білім иелері де Абил-Ғиззды терістеген.
Төменде, бұл мәтінге жазылған бірнеше түсініктеме аттарын келтірсек:
33) «Шарх әл-Ақидәтул-Тахауия» — әл-Қади Исмағил ибн Ибрахим әш-Шәйбани (ө. 629 х.ж.).
34) «Нур әл-Ләми уәл-Бурхан әс-сәти» — имам Нәжмуддин Биқбарис ибн Йәләнкәлиж әт-Турки (ө. 652 х.ж.). Қолжазба Стамбул қаласындағы «Мәктәбә әл-Сулаймания» кітапханасында сақтаулы тұр (2973 нөмір).
35) «Шарх әл-Ақидәтул-Тахауия» — имам Сужәуддин Хиббатуллаһ ибн Ахмад әт-Туркистани (ө. 736 х.ж.). Қараңыз: Хаджи Халифа, «Кәшф әл-Зунун», 2/1143.
36) «әл-Қала’ид фии шарх әл-Ақа’ид» — имам Махмуд әл-Қунауи. Қараңыз: Хаджи Халифа, «Кәшф әл-Зунун», 2/1143.
37) «Шарх әл-Ақидә әл-имам әт-Тахауи» — имам Әбу Хафс Сиражуддин Умар ибн Исхақ әл-Ғазнауи әл-Хинди (ө. 773 х.ж.). Қараңыз: Хаджи Халифа, «Кәшф әл-Зунун», 2/1143.
38) «Шарх әл-Ақа’ид әт-Тахауи» — имам Мухаммад ибн Әби Бәкр әл-Ғази әл-Ханафи. (Имам Сахауидің шәкірті болған, 9 ғасыр .х.ж.)
39) «Шарх әл-Ақа’ид әт-Тахауи» — имам Махмуд ибн Мухаммад ибн Әби Исхақ әл-Ханафи (ө. 916 х.ж.). Қараңыз: Умар Рида Кәххала, «Мужәм әл-Муаллифин», 12/193.
40) «Шарх әл-Ақидәтул-Тахауия» — имам Әбул-Аббас Ахмад ибн Масғуд ибн Абдур-Рахман әл-Қунауи (9 ғ.). Қараңыз: Умар Рида Кәххала, «Мужәм әл-Муаллифин», 2/176.
41) «Нурул-йәқин фии усулуд-дин» — имам Кәфи Хасан әл-Буснауи әл-Ахсари (ө. 1025 х.ж). Қараңыз: Хаджи Халифа, «Кәшф әл-Зунун», 2/1143.
42) «Шарх әл-Ақа’ид әт-Тахауи» — имам Абдур-Рахим ибн Әли әл-Амаси (шейх Зада). Қараңыз: Умар Рида Кәххала, «Мужәм әл-Муаллифин», 5/209-210.
43) «Шарх әл-Ақа’ид әт-Тахауи» — шейх Абдул-Ғани әл-Ғунайми әл-Мәйдани (ө.1298 х.ж). Бұл кітап доктор Мухаммад Рияз әл-Мәлих және Мухаммад әл-Хафиздің ескертпелерімен Дамаскте жарық көрген.
44) «Тафсира әл-Адилла» — имам Муғин әл-Нәсәфи (ө. 508 х.ж).
45) «Бәхрул-кәләм» — — имам Муғин әл-Нәсәфи (ө. 508 х.ж).
46) «әл-Тамхид фии усулуд-дин» — имам Муғин әл-Нәсәфи (ө. 508 х.ж).
47) «әл-Бидая минәл-кифая фил-Хидая фии усулуд-дин» — имам Нуруддин Ахмад ибн Махмуд әл-Бухари әс-Сабуни әл-Ханафи (ө. 580 х.ж.).
48) «Рисала фии баянил-и’тиқад ғәләә мәзхәбәл-имам Ағзам әл-Муқаддам Әби Ханифа әл-Нуғмән» — шейх Мухаммад Юсуф Әтиф Паша. Қолжазба көшірмесі Каирдағы «Мәктәбә әл-Әзһар»-да сақтаулы тұр (3488 нөмір).
49) «әс-Сайф әл-Мәшһур фии шарх ақида Әби Мансур әл-Матуриди» — имам Тәжуддин әс-Субки. Қолжазба Мәдинадағы «Мәктәбә Ариф-Хикмат»-та сақтаулы.
50) «Усулуддин» — шейх Әбул-Юсур әл-Бәздауи (ө. 493 х.ж.).
51) «Тәфсир ән-Нәсәфи» («Мәдәрик әт-Тәнзил») – Әбу Бәракат ән-Нәсәфи (ө. 710 х.ж). Бұл кітап Матуриди ақидасының ережелеріне сәйкес жазылған Құран тәпсірі.
52) «Жәми әл-мутин фии хаққ әнуа’ әл-сифәтәл-иләһия уәл-ақа’ид әл-Матуридия» — шейх Ахмад Дияуддин.
53) «әл-Мусауира» — имам Камал ибн әл-Хумам ( ө. 861 х.ж.). имам өз заманындағы Ханафи мәзхабының мужтахид имамдарынан болған. Сондай-ақ, хадис саласында ибн Хажар әл-Асқаланидің шәкірті болған.
54) «әл-Мусамира шарх әл-Мусауира ли ибн әл-Хумам» — шейх Камалуддин Мухаммад, танымал есімі – ибн Әби Шариф әл-Мақдиси (ө. 905 х.ж.)
55) Әл-Хафиз Қасим ибн Қутлубуғаның (ө. 897 х.ж.) «Хашиясы». Имам Камал ибн әл-Хумамның атақты шәкірттерінің бірі.
56) Имам Әбу Хафс Нәжмуддин ән-Нәсәфидің (ө. 537 х.ж.) ақида еңбегі. Бұл еңбекке қатысты көлемі әртүрлі 70-ке жуық түсіндірме кітаптар жарық көрген. Төменде солардың негізгі 15 еңбектің аттары келтіріледі:
57) «Шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия» — имам Сағд әл-Тафтазани (ө. 791 х.ж). Бұл кітапқа қатысты мухаддис шейх Абдул-Азиз әд-Дехлауидің (Шах Уалилланың ұлы) ескертпелері бар. Бұл кітап Индияда Деобандтағы «әл-Мәктәбәл-Имдадия»-да басылып шыққан.
58) «Хашия әл-Каяли (ө. 870 х.ж) ғәләә шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия».
59) «Хашия әл-Ассам ғәләә шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия».
60) «әл-Хауашил-Бахия ғәләә әл-ақа’ид ән-Нәсәфия».
61) «Хашия ғәләә шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия» — имам Абдул-Хаким ибн Шамсуддин әл-Хинди (ө. 1067 х.ж). Қолжазба Сауд Арабиясының әр-Рияд қаласындағы «Марказ әл-Мәлик Файсал»-да сақтаулы тұр (01158 нөмір).
62) «Хашия ғәләә шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия» — имам Ибраһим ибн Мухаммад ибн Араб Шах әл-Исфараини. Қолжазба Сауд Арабиясының әр-Рияд қаласындағы «Марказ әл-Мәлик Файсал»-да сақтаулы тұр (01148 нөмір).
63) «Хашия ғәләә шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия» — шейх Абул-Хасан ибн әл-Афдал. Қолжазба Сауд Арабиясының әр-Рияд қаласындағы «Марказ әл-Мәлик Файсал»-да сақтаулы тұр (04780 нөмір).
64) «Хашия ғәләә шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия» — шейх Муслихуддин Мустафа әл-Қасталлани. Қолжазба Сауд Арабиясының әр-Рияд қаласындағы «Марказ әл-Мәлик Файсал»-да сақтаулы тұр (07363 нөмір).
65) «Хашия ғәләә шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия» — имам Ахмад ибн Мухаммад ибн Умар (ө. 785 х.ж.) . Қолжазба Ирактың Маусул қаласындағы «Мәктәбә әл-Ауқаф»-да сақтаулы тұр (202, (2, 241)).
66) «Хашия ғәләә шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия» — имам Абдур-Рахман ибн Ибрахим әл-Курди (ө. 1064 х.ж.). Қолжазба Тунистегі «Жәмиғ әл-Зайтуния»-ның «әл-Мәктәбәл-Абдалия» кітапханасында сақтаулы (3/91, 1445 нөмір)
67) «Хашия ғәләә шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия» — имам Илияс Паша (Хасан ибн Хусайн ибн Мухаммад) әл-Талиши (ө. 964 х.ж.). Қолжазба «Мәктәбә Фатих Хан»-да сақтаулы (5/236, 4 нөмір)
68) «Хашия ғәләә шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия» — имам Хасан ибн Мухаммад әл-Финари (ө. 886 х.ж.). Қолжазба Индияның Рампур қаласында «Раза» кітапханасында сақтаулы (1/284, 19 нөмір).
69) «Хашия ғәләә шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия» — имам Ахмад ибн Юнус әл-Шалаби (ө. 947 х.ж.). Қолжазба Индияның Рампур қаласында «Раза» кітапханасында сақтаулы (1/126).
70) «Хашия ғәләә шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия» — имам Хусайн ибн Хасан әл-Хуссайни әл-Калкали (ө. 1094 х.ж.). Қолжазба Мысырдың Каир қаласындағы «Дарул-кутуб Мисрия»-да сақтаулы (1/173. 1089 нөмір).
71) «Хашия ғәләә шарх әл-ақа’ид ән-Нәсәфия ли Тафтазани» — имам Мулла Әли Қари (ө. 1014 х.ж.). Қолжазба Мюнхенде (866 нөмір), Берлинде (2436 нөмір) сақтаулы. Сондай-ақ, қолжазба көшірмесі Америкадағы Перинстон университетінде бар.
72) «әл-Сауад әл-Ағзам» — шейх Абул-Қасим әл-Хаким әс-Самарқанди (ө. 342 х.ж.). Автор имам Мансур әл-Матуридидің шәкірті болған.
73) «Сәләмул-ахкам ғәләә Сауад әл-Ағзам» — шейх Ибрахим Хилми әл-Уәфи.
74) «әл-Саһа’иф әл-иләһия» — шейх Шамсуддин әс-Самарқанди.
75) «Ишратул-марам мин `ибратил имам» — ал-Қади Камалуддин Ахмад әл-Баязи (ө. 1097 х.ж.). Бұл еңбек мына 5 кітапқа негізделіп жазылған: «Фиқһул-Әкбәр», «Фиқһул-Әбсат», «әл-Уәсия», «Әлим уәл-Мута’аллим», «әр-Рисәлә иләә Усман әл-Бәтти».
76) «Китабут-Тамхид ли Қауа’ид әт-Таухид» — имам Абуз-Занағ әл-Ламиши әл-Ханафи
77) «Бәд’ул-Амали» — имам Суражуддин әл-Уши. (Төменде бұл еңбекке жазылған үш шарх кітабы көрсетілген:
78) «Дәу’әл-ма’али шарх Бәд’ул-Амали» — Мулла Әли Қари (ө. 1014 х.ж.).
79) «Мухтасар шарх әл-Бәкри ғәләә Бәд’ул-Амали»
80) «Нухбатул-ла’али ли шарх Бәд’ул-Амали» — имам Мухаммад әл-Раухауи (ө. 1228 х.ж)
Жинақтаған: Абул-Хасан Хуссайн Ахмад
Ақпан, 2015/ Раби әз-Зани, 1436
Дереккөз: www.hanafi.kz