Чтение Корана во время намаза таравих в умеренном темпе и с надлежащим соблюдением правил таджвида является обязанностью, в то время как поспешное чтение – когда трудно даже понять, что конкретно читает имам, без соблюдения правил таджвида, греховно. Кроме того, вдумчивое размеренное чтение заслуживает большей награды, чем чтение без размышления. Как таковое, это очень важно для имамов и всех нас — быть уверенными в том, что мы читаем и слушаем Коран в намазе таравих и совершаем сам намаз в истинном духе молитвы – со смирением, спокойствием, размышляя над его (Корана) содержанием. Мы не должны воспринимать намаз таравих и чтение Корана как бремя, от которого мы хотим поскорее избавиться. Наслаждайтесь каждым мгновением таравих намаза и чтением Корана, как возможностью установить связь с Единым Творцом, Слово которого вы читаете или слушаете. Следует также отметить, что прочитать целиком весь Коран в течение Рамадана в намазе таравих – всего лишь желательное действие, в то время как чтение его с надлежащей скоростью, с соблюдением правил таджвида является обязанностью. В идеале весь Коран следует прочитать во время Рамадана, но если это невозможно из-за нехватки времени и других ограничений, то будет более правильным уменьшить количество прочитанных отрывков из Корана, чем идти на компромисс в вопросах качества чтения и качества молитвы таравих в целом. А Аллах знает лучше.
P.S. И я бы даже сказал, что уменьшение количества ракаатов таравиха лучше, чем поспешное чтение Корана
*****
Тарауық намазында Құранды тәжуид ережелерін сақтап, бір қалыпты оқу парыз болып табылады, ал, тәжуид ережелерін сақтамастан, айналаңдағылар не оқып жатқаныңды түсінбейтіндей асығып оқу – күнә. Оның үстіне, жай ғана судыратып оқып шыққаннан гөрі аяттарға ой жүгіртіп, бір қалыпты оқудың сауабы әлдеқайда молырақ. Негізінде, тарауық намазында Құранды шын ықыласпен оқудың және тыңдаудың, намаздың өзін бойсұнушылықпен, сабырмен, асықпай, Құранның мағынасына ой жүгіртіп, шын жүректен оқудың имамдар үшін де,жалпы баршамыз үшін де маңызы зор. Біз тарауық намазы мен Құран оқуға ауыртпалық сияқты қарап, тезірек құтылуға асықпауымыз керек. Жалғыз Жаратушының сөздерін оқып немесе тыңдап тұрғанда бұған Онымен тілдесудің мүмкіндігі деп қарап, тарауық намазы мен Құран оқудың әрбір сәтінен ләззат алыңыз. Сондай-ақ, бір айта кетерлік жайт, Рамазан кезінде тарауық намазында Құранды түгелдей оқып шығу ‒ жай ғана абзал амал, ал, Құранды асықпай, баппен, тәжуид ережелерін сақтап оқу – парыз. Ең абзалы, Рамазан кезінде Құранды түгелдей оқып шығу керек. Бірақ, уақыттың жетіспеушілігінен немесе басқа да шектеулерге бола бұл мүмкін болмаса, Құран мен жалпы тарауық намазын оқу сапасын нашарлатқаннан гөрі, Құраннан оқылатын аяттардың санын қысқартқан анағұрлым дұрыс болар. Ең дұрысын Алла біледі.
P.S. Маған салса, Құранды асығыс оқығаннан гөрі тарауықтың рәкағаттарын қысқартқан дұрыс дер едім.
_______________________________
Azan.kz
P.S. Авторские права на статьи и осуществленные переводы статей из других источников принадлежат сайту Azan.kz.
Рамадан – это месяц, когда мы более чем когда-либо должны проявлять сочувствие к людям, и в первую очередь, к членам нашей семьи, которые больше всех нуждаются в нашем внимании. Так что в эти долгие летние дни поста старайтесь быть внимательными к своим женам и не обременять их домашними делами, и не заставляйте их много времени тратить на приготовление пищи. Действительно, приготовление пищи для семьи заслуживает большой награды, но помните, что они также устают, и у них может быть мало сил. Не требуйте и не ожидайте от них слишком многого. Да примет Аллах от нас всех. Амин.
*****
Біз Рамазан айында адамдарға бұрынғыдан да асқан жанашырлықпен қарауға тиіспіз. Ең бірінші кезекте: біздің ыстық ықыласымызға зәру отбасымыздың мүшелеріне. Сондықтан, осы жаздың ұзақ күндерінде жұбайларыңызға түсіністікпен қарап, үй шаруаларының салмағын арта бермеңіздер, оларға ұзақ уақыт бойы тамақ пісіртіп қойып, қинамаңыздар. Отбасың үшін тамақ әзірлеу де үлкен сауапқа лайық іс. Десе де, олардың да шаршайтындарын, күштері сарқылып, әлсірейтіндерін естеріңізден шығармаңыздар. Олардан көп нәрсені күтіп, талап ете бермеңіздер. Алла баршамыздан қабыл алғай. Әмин.
_______________________________
Azan.kz
P.S. Авторские права на статьи и осуществленные переводы статей из других источников принадлежат сайту Azan.kz.