Мәлики мәзһабы
 
Мәлики мәзһабының ғұламаларының пікірінше, теріден  жасалған немесе терімен қапталған шұлықтардан басқаларына мәсіх тартылмайды. Мәлики мәзһабының қазіргі замандағы ғұламасы Мұхаммед әл Араби әл Карауи мұның мағынасын былайша түсіндіреді: «Жәураб деген – ыңғайлылық үшін іші мақтадан немесе жүннен жасалынатын мәсі түрі (хуфф)».[1]

Ол сонымен қатар мәлики мәзһабының  талаптарын да атап көрсетті (егер осы талаптардың тіпті бірі орындалмаса, мәсіх тартуға рұқсат етілмейді):
«1. Ол (хуфф / жәураб) теріден жасалуы керек. Егер ол теріден басқа нәрседен жасалған болса, мәсіх тартуға рұқсат етілмейді.
 
2.Ол өздігінен таза болуы керек. Өздігінен өлген аңның немесе дұрыс емес сойылған жануардың терісінен жасалған болса, тері иленіп, тазартылса да, ондай шұлықтарға мәсіх тартуға тыйым салынады. [Назар аударыңыз: мәсі (хуфф) жасалатын тері өздігінен таза болғанына қоса, сонымен қатар, оның үстінде ластық болмауы шарт (мысалы, адамның зәрі, нәжісі).]
3. Ол тігу арқылы жасалынған болуы тиіс. Егер мәсі (хуфф) желім немесе скотч арқылы жапсырылып жасалынған болса, оған мәсіх тартылмайды.

4. Аяқты жуатын кезде жуылуы тиіс болған жерлерді түгелдей жауып тұруы қажет. Басқаша айтқанда, мәсілер аяқ тобықтарын толық жауып тұруы керек. Егер мәсі тобыққа жетпей немесе тобықтарды түгелдей жаппай тұрса, оған мәсіх тартуға рұқсат етілмейді.
 
5. Оны кигенде жүру ыңғайлы болу керек. Егер мәсілер киген кезде аяқтан түсіп кететіндей үлкен болса (немесе жүру мүмкін еместей тар болса, я болмаса жүргенде жыртылып кететіндей жұқа болса), оған мәсіх тартуға болмайды.
 
6. Хуфф пен аяқтың арасында кедергі болатын еш нәрсе болмауы керек (балауыз және т.б.)».[2]
Бірінші шарттың (шұлықтар теріден жасалуы керек деген талап) негізінде мәликиліктерде фиқһ қағидасы жатыр; мәликиліктердің пікірінше, рухса, (яғни, жеңілдік) арқылы жасалған ешбір нәрсені кияс (балама) ретінде алуға болмайды, рухса деп шұлыққа мәсіх тартуды айтамыз (демек хуффтарды (мәсіні) негізге ала отырып, әдеттегі шұлықтарды кияс ретінде қарастыруға болмайды).  Бұған мысал ретінде мәликиліктердің жаңа, балғын құрмаларды ескі арояхтарға қоспайтынын айтуға болады. Бұл қағиданы басқа үш мәзһаб қолданбайды.[3]

Төмендегі түсіндірмеде осы шарттар анық түрде жазылған мәлики мәзһабының кітаптарынан дәйексөздер келтірілген.[4]

[3] Шейх Мұхаммед Әмин Аш-Шанкитидің  «Азуа әл-байан» еңбегіндегі  бесінші сүренің алтыншы аятының тәпсірін қараңыз (6/18)

[4] ولا يجوز المسح على الجوربين عند أبي حنيفة والشافعي إلا أن يكونا مجلدين

وهو أحد قولي مالك ولمالك قول آخر لا يجوز المسح على الجوربين وإن كانا مجلدين (الاستذكار — (ج 1 / ص 222)أ

أ( خرز ) ابن الحاجب لا يمسح على الجورب إلا أن يكون من فوقه ومن تحته جلد مخروز (التاج والإكليل — (ج 1 / ص 320)أ

ولا يجوز المسح على «جوربين» غير مجلدين وفي المجلدين والجرموقين روايتان والمختار مسح أعلاهما وأسفلهما (التلقين — (ج 1 / ص 31)أ

فإن لم يجلد فلا يصح المسح عليه (الخلاصة الفقهية على مذهب السادة المالكية ـ للقروى — (ج 1 / ص 37)أ

والجوربان وهما على شكل الخف إلا أنهما من نحو قطنٍ أو غيره وجلدٍ ظاهرهما وباطنهما كما قدمنا (الفواكه الدواني — (ج 1 / ص 432)أ

ولا يمسح أحد على الجوربين.فإن كان الجوربان مجلدين كالخفين مسح عليهما وقد روي عن مالك: منع المسح على الجوربين وإن كانا مجلدين والأول اصح. (الكافي في فقه أهل المدينة — (ج 1 / ص 178)أ

ومثلهما الجوربان وهما على شكل الخف من نحو قطن جلد ظاهرهما وباطهنما (حاشية العدوي — (ج 1 / ص 296)أ

Авторы: Исмаил Мұса

«Мифтахүл хайр» медресесі

Мұхаррам 1431/ желтоқсан, 2009


Ин ша Алла, жалғасы бар…