? ДЕОБАНД ҒАЛЫМДАРЫ МӘУЛІТТІ ТОЙЛАУҒА ҚАРСЫ МА?
… Ендігі кезекте, соңғы ғасырлардағы ислам әлеміндегі ең үлкен ғалымдар мен білім иелері жетіліп шыққан Деобанд өлкесі ғалымдары мәуліт жайында қандай көзқараста болған, соған тоқталсақ, себебі бұл өлкенің ғалымдары фиқһта ханафи, ақидада матуриди сенімінде болған.
Деобанд ғұламаларының мәулітті тойлап өтудегі көзқарасы жай ғана рұқсат демейді, керісінше үлкен сауапты деп есептейді, егер төмендегі амалдардан сақтанса: әйел еркектердің араласып отыруы,ысырапшылдыққа берілу,міндетті түрде арнайы бір күнді белгілеп өткізу және т.б.» Сондай-ақ, мәулітке қатысу діни міндет ретінде қарап,қатыспағандарды айыптауға болмайды.
Деобандтағы көпшілік ғұламалырының көзқарасы осындай және барлығы мәулітті өткізуге қарсы болды деп айту қате болады. Олардың мәулітке қарсы сөздердің айтулары индиялық субконтинентта Мәуліттің тойлап өту барысында жасалынатын кейбір қайтарылған амалдарының себебінен.
Мәулана Рашид Ахмад Гангохидің шәкірті Шейх Халил Ахмад жазады:
«Пайғамбарымыздың туылған күнің тойлап өтуді біз теріске шығармаймыз. Бірақ тойлау барысында индиялық субконтинентте жасалатын мынадай ұнамсыз істерден қайтарамыз: «Жалған тоқыма хадистерді айту, әйел ер кісілердің араласып отырулары,сахнаны әшекейлеуде тым қатты ысыраптану, және бұндай шараларға қатысу міндет деп есептегені соншалық оған қатыспағандарды балағаттап,оларға күпір үкімін шығаратын болған.Егер мәулітті өткізу барысында бұндай амалдардан сақтанса Мәулітті тойлап өтуде қарс пікір айтпаймыз.»
[әл-Муханнад ғалаәл-муфаннад, 80]
Көптеген даудың пайда болуына себеп болған шейх муфтий Таки Усманидің (хафизахуллаһу Тағала) пәтуасын қарастырайық. Шейх айтады:
«Өзімнің Ид-Милад-ан-Набиге (мәуліт) арнаған мақаламда айтып өткендей Пайғамбарымыздың ﷺ өмірбаяның айту — ол өте мақтаулы іс және мұсылмандарды осыған қатты ынталы болуларына шақырамын. Бірақ тек Алла Елшісінің ﷺ туылғанына қатысты әңгіме айтылу, бұндай мәжілістерге арнайы бір күнді белгілеу және мәулітті барлық мұсылмандарға парыз деп айту бидғат амалдардан. Қазіргі уақыттағы мәуліттердің жағдайы осындай. Сол үшінде Деобанд ғалымдары мәулітке бидъат деген үкім берген. Егерде бұндай мәжілістерде Пайғамбарымыздың ﷺ өмірбаяны айтылып, жоғардағы амалдар жасалмаса мәулітті ешкім жек көрілген бидғат деп айта алмайды.Сондықтан алдынғы ғасырдағы ғұламалырыымыз мәулітті рұқсат еткен.»
[үзінді www.albalagh.net сайтынан алынған]
Сонымен пәтуада үш нәрсеге ескерту жасалған:
1) Тек қана Пайғамбарымыздың туылғаны жайында айту
2)Мәулітке арнайы бір күнді белгілеу
3) Мәулітті парыз деп есептеу
Шейхтың басқа пәтуасында егер мәуліт шариғатымызға сай келсе өткізудің жақсы екені айтылады:
«Мәуліт белгілі ережелерге сай келуі керек. Жылдың кез келген күнінде өткізуге болады. Мәуліттің әр амалы Шариғатымызға сай келуі керек.Мысалы, Пайғамбарымыздың ﷺ өмірбаяны сенімді кітаптардан айтылуы керек немесе ғалымдарымыздың уағыздарынан. Мұндай мәуліттер мақталған істерден. Бірақ келесі істерден сақ болуымыз керек:
«Арнайы бір күнді белгілеу (тек қана рабиул-аууальдың 12-ші күні өткізу), адамдар көрсін деп жасау(рия), мәулітке қатыспаған адамдарды кемсіту, тәтті тағамдарды тарату мәуліттің шарттарынан деп есептеу, мәулітті өткізуге адамдардан ақша жинау, хадиске сүйенетін болсақ адам өзі рұқсат бермейінше ақшасын алуға болмайды, ер мен әйелдердің араласып отыруы, адамдардың тым кешке дейін отырып тан намазын өткізіп алмау, Пайғамбарымыздың ﷺ тек туылған оқиғасымен сол кезде болған кереметтерді айтумен шектелу.»
«Осы амалдардың кеңінен таралуынан көптеген мәуліттерден бас тартуға тура келеді. Ал егер мәуліт бұндай істерден аулақ болып, шариғатымыз рұқсат еткен амалдардан болса және тек Аллаһ разылығы үшін жасалса Аллаһ қаласа мұндай мәжілістерде береке бар, Аллаһ жақсы білуші.»
Пәтуаның соңы.
Жазған: Мухаммад Абдул-Мунтаким Силхети.
Рұқсат берген: Муфтий Таки Усмани, муфтий Рафии Усмани, муфтий Абдур-Рауф Сакхарауи және т.б.
[ www.albalagh.net сайтынан алынған]
«МӘУЛІТТІҢ ШАРИҒАТТАҒЫ ОРНЫ НЕМЕСЕ МӘУЛІТТІ ӨТКІЗУ БИДҒАТ ПА?» мақаласынан үзінді