Ережеп айы. Сұрақтар мен жауаптар: 2. Ережеп айының басындағы үш күндік ораза
Сұрақ:
Жақында мен Ережеп пен Шағбан кезінде оқылатын нақты истиғфар туралы хабарлама алдым. Сол хадистің негізі бар ма: «Егер кімде-кім Ережеп пен Шағбан айларында күніне жеті рет келесі истиғфарды оқыса, Алла оның амалдарын жазып отыратын періштелерге оның күнәлар жазылған кітабын жыртып тастауды бұйырады: Астағфируллах азыми лләзи лә иләха иллә хууәл хаййюл қаййюму уә әтубу иләйхи тәубатан ъабдин залими линәфсихи лә йәмлики ли нәфсихи маутан бәлә хайтан уә лә нушур»?Жауап:
Сіз сұрап отырған хабарлама кейбір кітаптарда иснадсыз келтіріледі, сондықтан мен оның сенімділігіне түсініктеме бере алмаймын (Әл-адаб фи Раджаб, 39 б. қараңыз).
Ережеп айыИслам күнтізбесіндегі төрт қасиетті айдың бірі болып табылады (аш-шухур хурум), сондықтан да осы айда адам құлшылықтың барлық түрлерін көбейтуі керек, соның ішіне неғұрлым көп истиғфар айту да кіреді.
Әли Молда Кари (рахимахуллах) Ережепте оның ұстаздарының истиғфарды көп рет айтқандарын жазады (Әл-Адаб фи Раджаб, 38 б.).
Ал жақсы Алла біледі.
Жауап берген: Мұхаммад Мүфти Әбусұмар
_____________________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz