Аса Қамқор, ерекше Мейрімді Алланың атымен
بسم الله الرحمن الرحيم
Қеңес одағы құлағаннан соң сол аймақтағы мұсылмандар дін мәселесінде жік-жік болып кетті. Діннің атын жамылған ұстанушылар аяттар мен хадистерді өз қөзқарастарына салып, үмметті шайқалтып жіберді. Олар өздерінің ұстанымдарымен келіспеген адамды имансыздықпен айыптап, мұсылмандардың бастарн қатырды. Алайда кеңестік езгіден кейін естерін жинай алмай жатқан мұсылмандар бұған дайын емес еді.
Алайда әлемге «харижилер» деген атпен танымал бұл топ соңғы жылдарда ғана пайда болған жоқ. Олар сахабалар кезеңінде-ақ ортаға шыға бастап, оларды да имансыздықпен айыптап келген. Бұл кімді де болсын ойландыратын жайт!
Исламды тұншықтырып жатқан бұл келеңсіздікке тойтарыс беру үшін харижилердің заңсыз әрекеттерін әшкерелеп, оларға сенім мәселесінде терең адасқандықтарын дәлелмен көрсетіп беретіндей сахабалардың жолынан жиған тәжірибе болу керек.
Ибн Касир өзінің «Әл-Бидая» еңбегінде Сыффин соғысынан соң хазірет Әли мен Мағауяның жақтастары мұсылмандардың қаны нақақтан-нақақ төгіліп жатқандығын көрген соң мәмілеге келмек болады. Екі жақ та ортаға қақтығысты тоқтатып, мұсылмандарға игілікпен шешім қабылдайтын адамдарын шығармақ болып келіседі. Мағауия тарапынан сахаба Амр бин Ас шықса, ал хазірет Әли жақтан сахаба Әбу Мұса әл-Әшғари шығады. Нәтижеде екі жақ та келісімге келуі керек болатын. Түсініспеушілік болып қалмас үшін келісім шарт жазбаша түрде бекітілмек болды.
Келісім шарт мына сөзбен басталған:
هذا ما قاضى عليه علي بن أبي طالب أمير المؤمنين
«Бұл келісім шарт мұсылмандардың әміршісі – Әли Ибн Әбу Талибтің қолымен бекітілді»
Мағауияның жақтастары Амр ибн Ас бұл жолдарды көріп, былай деді: «Оның тек аты мен әкесінің атын қалдырыңдар. Ол біздің емес, сендердің әміршілерің». Оның бұл шартына Әли (оған Алла разы болсын) келісіп, тек аты-жөнін ғана қалдыртады.
Осыдан соң хазірет Әли (оған Алла разы болсын) жақтастарымен Куфаға қарай бет алады. Оның жанында еріп жүрген шамамен 12 000 адам аралық соттың құрылғанына келіспей, олардан бөлініп, Харура елді мекенінде қалып қояды.
[Әл-Бидая уә Нихая, 7 том, 265-267 бет, «Дарул кутубил-ъилм баспасы»]
Олар хазірет Әлиден (оған Алла разы болсын) тәубеге келіп, аралық соттан бас тартуын талап етеді. Әрі барлық үкімдер жазылып қойған Құран тұрғанда Әлидің шығарған үкімін қабылдай алмайтындықтарын айтады. Өздерінің сөздерін растау үшін «Юсуф» сүресінің «Үкім шығару Аллаға тән» деген мағынадағы 40-шы аятын келтіреді.
Хауариждердің ішінде, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірде бір сахабасы болмаған. Олардың сандары шөлдегі бәдәуилердің қосылуымен арта түседі. Адамдардың бұл тобы «харуриттер» деп аталды. Асылында олардың негізгі аттары «хауариждер» болатын.
Олардың шығуы мен пайда болуы жайлы айтар болсақ, ең алдымен қасиетті Құран сөзіне жеңіл қараған шөлдегі бәдәуилердің надандығы туралы айтуымыз қажет. Олар өздері ойлап тапқан шешімдерімен мұсылмандар арасында көптеген бәле мен қантөгіс әкелді.
Имам әл-Байхақи «Сунанул Кубрасында» Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ілімінен сусындаған сахаба Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) пен харижилердің арасындағы болған пікірталасты келтіреді. Ибн Хажар әл-Хайтами өзінің «Мужмаъу әз-Зауаид» еңбегінде бұл пікірталасты имам әт-Табарани мен Ахмадтың «Мусандында» келгендігін әрі оның рауилерінің сенімділігін деп айтқан.
Сондай-ақ, бұл жайлы Хафиз Ибн Касир «әл-Бидая уә әл-Нихая» кітабында, Ибн Асир «Камил», Ибн Аммад әл-Ханбали «Шазарат» еңбегінде де айтып өткен.
Бұл пікірталастан көптеген сабақ алуға болады. Бұл пікірталас қазіргі таңдағы мұсылмандар арасындғы болып жатқан жағдайларды түсінуге жеңілдік береді. Пікірталасты сараптай келе біз, сол бір тарихи оқиғаның – кейіпкерлері мен уақыты, жері ғана өзгеріп қайталанып жатқандығының куәсі болып отырмыз.
Ибн Аббастан (оған Алла разы болсын) жеткендей: «Харуриттер Әлиге қарсы соғысқа жиналып жатқандығын білген адамдар оған келіп хабарлай бастады. Хазірет Әли оларға: «Оларды жайына қалдырыңдар. Шайқасқа жинала берсін. Олар өздері бірінші болып ұрысты бастамайынша мен олармен соғыспаймын. Алайда олар соғысты бірінші болып бастайды».
دعهم حتى يخرجوا فإني لا أقاتلهم حتى يقاتلوني وسوف يفـعلون
«Бір күні мен Әлиге (оған Алла разы болсын) былай дедім: «Ей, мүміндердің әміршісі, мен ана адамдарға барып, олармен сөйлесмін!»
«Мен сен үшін қорқамын»,- деді Әли (оған Алла разы болсын)
«Маған бола қорқудың қажеті жоқ, Алла қаласа, барлығы да ойдағыдай болады. Мен оларға құрметпен қараймын әрі ешкімге зиянымды тигізбеймін»,- деп жауап бердім де Йемендік матадан тігілген ең жақсы киімімді киіп, соларға қарай бет алдым. Оларға түс ауғанда келіп жеттім. Мен еш жерден дәл солар секілді құлшылықта ықыласты болған адамдарды кездестірмеген едім. Оларды құлшылықты тынбай жасағандықтан қолдары түйенің тізесіндей, ал маңдайларында сәжденің ізі болды. Олардың үстерінде тап-таза жейде, ал жүздері түндерін ұйқысыз өткізгендіктен шаршаңқы болып тұрды.
Мені көрген бойда: «Қош келдің, ей, Ибн Аббас. Сені бізге алып келген не нәрсе? Үстіңдегі киімің қандай әдемі еді»,- деді. (Киімімді айтып жатқандары, мені дүниеге беріліп кетті деп ойлағандары еді).
«Менің сендерге келу себебім, сендер Әлиді (оған Алла разы болсын) кінәлап, оған разы еместіктеріңді білдіріп жатқандықтарыңнан, келуімнің себебі сол болды. Ал менің киіміме келер болсақ, мен Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұдан да әдемі киімде көргенмін. Және де Алла Тағаладан Пайғамбарына (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мынандай аят түскен:«(Мұхаммед Ғ.С.): «Алланың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін (киімін) және берген жақсы несібелерін кім арам етті?» — де»
قُلْ مَنْ حَرَّمَ زِينَةَ اللَّهِ الَتِي أَخْرَجَ لِعِبَادِهِ وَالطَّيِّبَاتِ مِنَ الرِّزْق
Ибн Аббастың айқын жауабын естіген олар тағы да: «Не үшін келдің?»,- деп сұрады.
«Мен сендерге Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасынан және Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күйеу балсынан келіп отырмын. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардың жанында болғанында уахи келген, сондықтан да аяттардың мағынасын олар жақсырақ түсінеді. Ал сендердің араларыңда олардың бірі де жоқ».
Сол мезетте араларынан біреу: «Онымен таласқа түспеңдер, ол құрайыштық. Алла Тағала олар жайлы:«Олар сөз таластыруды сүйетін халық» деп сипаттаған» [Зухруф сүресі, 58-ші аят]
بَلْ هُمْ قَوْمٌ خَصِمُونَ
(Негізінде Зухруф сүресі, 58-ші аят бұл аят ақиқатты қабылдамай, қандай дәлел келсе де таласудан таймаған Меккелік мүшріктерге қатысты түскен болатын).
Олардың арасынан бір-екеуі: «Айта берсін!», — деді. Сол кезде мен былай деп сұрадым:
«Айтыңдаршы, Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ағайынды бауырына, Оның (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күйеу баласына және де ең алғаш болып иман келтірген Пайғамбарымыздың (оған Алланың иглігі мен сәлемі болсын) сахабасына, тағар қандай кәніларың бар?»
Олар менің бұл сұрағыма: «Біздің оған тағар үш түрлі айыбымыз бар»,- деп жауап қайтарды.
«Қандай айып?»,- деп сұрадым.
- «Ол үкім шығаратын кезде халықтың пікіріне жүгінеді, яғни аралық сотқа. Алайда Алла Тағала Құранда: «Үкім Аллаға ғана тән»,- деген [Юсуф сүресі, 40-шы аят]
إِنِ الحُكْمُ إِلاَّ لِلَّهِ
Алланың осы сөздерінен соң адам шығарған үкімге қаншалықты орын бар?».
Мен: «Тағы не?»,- деп сұрадым.
- «Ол соғыс кезінде тұтқындарды әрі соғыстан түскен олжаны алмады. Ол кәпірлермен шайқасқан болса, олардың дүниелерін алуына болатын еді. Ал егер олар иман еткендер болса, олардың қанын төгуіне тиым салынған болатын».
«Тағы не?»,- деп қайталай сұрадым.
- «Ол келісім шарттағы «мүміндердің әміршісі» деген лауазымын өшірді. Ол мүміндердің әміршісі болмаса онда кәпірлердің әміршісі болғаны».
(Келісім шарт қағазындағы «мүміндердің әміршісі» деген лауазымын не себепті өшіргені жайлы жоғарыда айтып кеттік)
«Тағы да басқа айтарлырың бар ма?»,- деп сұрадым.
«Бізге осылар да жеткілікті»,- деп жауап берді олар.
«Егер мен сендердің қателіктеріңді дәлелдейтін Құран аяттарын және Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін келтірер болсам, сендер өз ойларыңнан қайтасыңдар ма?»,- деген сұрағыма
«Ия, біз өз райымыздан қайтамыз»,- деп жауап берді.
«Сендердің таққан айыптарың бойынша, Алланың дінінде Әли үкім шығару үшін халықтың пікіріне жүгінді, оған Алла Тағаланың сөзімен жауап беремін. Алла Тағала Құранда былай дейді:
«Әй иман келтіргендер! Алла, кімнің, өзін көрмей-ақ қорқатынын мәлімдеу үшін; ыхрамда, қолдарың, найзаларың жетіп тұрған арқылы әлбетте сендерді сынайды. Кім бұдан кейін шектен шықса, оған күйзелтуші азап бар». [Маида сүресі, 95-ші аят]
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لاَ تَقْتُلُوا الصَّيْدَ وَأَنْتُمْ حُرُمٌ))، إلى قوله: ((يَحْكُمُ بِهِ ذَوَا عَدْلٍ مِّنكُمْ))
Сондай- ақ ер мен әйелдің қарым- қатынасы жайлы Алла Тағала Құранда былай дейді:
«Егерде екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Алла да, екеуінің арасын үйлестіреді. Күдіксіз Алла толық білуші, анық хабар алушы». [Ниса сүресі, 35-ші аят]
وَإِنْ خِفْتُمْ شِقَاقَ بَيْنِهِمَا فَابْعَثُوا حَكَماً مِّنْ أَهْلِهِ وَحَكَماً مِّنْ أَهْلِهَا
Сендерден өтінемін, Алла үшін айтыңдаршы,адам өмірін сақтап, қан төгісті тоқтату шешімін шығарған халықтың пікірі маңызды ма әлде қоянның терісі дирхамның төрттен бір бөлігіне тең деп үкім шығарушылар ма? Жоқ әлде жанұяның келіспеушілігінде үкім шығарған адамдардың үкімі маңызды ма? Алла Тағала бұл істі адамдарға тапсырмай-ақ үкім шығара алатынын сендер жақсы білесіңдер».
Олар болса: «Алламен ант етеміз, адамның өмірін сақтау мен адамдардың арасындағы қарым-қатынасты жақсартуда үкім шығару маңызды»,- деп жауап берді.
«Ендеше сендер алғашқы таққан айпытарыңнан бас тартасыңдар ма?»,- деп сұрадым.
«Ия, бас тартамыз»,- деп жауап берді олар.
«Әлиді Мағауиямен шайқасқа түсе тұра ешқандай тұтқын я болмаса олжа алмады деген айыптарыңызға жауап бермес бұрын мына сұраққа жауап алғым келеді: «Сендер мүміндердің анасы Айшаны сөкпекшісіңдер ме? Әлде сендердің ойларыңша өзге әйелдерді тұтқындағандай оны да тұтқындап алып кету керек пе еді? Егер сендер осыны қалаған болсаңдар, сендер кәпір болдыңдар әрі иман келтірмедіңдер! Егер сендер оны да мүміндердің анасы деп мойындамайтын болсаңдар, сендер күпірлікке кірдіңдер әрі Исламнан бас тарқан боласыңдар. Өйткені Алла Тағала Құранда:
«Пайғамбар мүміндерге өзінен артық қарайды. Оның жұбайлары олардың аналары…»,- деген» [Ахзаб сүресі, 6-шы аят]
النَّبِيُّ أَوْلَى بِالْمُؤْمِنِينَ مِنْ أَنفُسِهِمْ وَأَزْوَاجُهُ أُمَّهَاتُهُمْ
Сендер адасқан екі жолдың ортасында теңселіп тұрсыңдар. Осы екеуінің қайсысын таңдайсыңдар? Енді сендер Әлиге таққан жоғарыдағы айыптарыңнан бас тартасыңдар ма?»
Олар бір-біріне қарасып: «Ия, бас тартамыз»,- деді.
« «Мүміндердің әміршісі» деген лауазымын өшіргеніне келіспеген болсаңдар, сендер келісетін нәрсені айтамын. Расында Алла Елшісі Худайбия келісімінде құрайыштықтарды келісім шартқа жазбаша түрде қол қоюға шақырды. Сол кезде Ол Әлиге қарап былай деді: «Бұл Алланың Елшісі Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шешімі» деп жаз». Құрайштықтар болса: «Егер сен Алланың Елшісі болған болсаң, біз сенімен соғыспайтын едік. Сол үшін «Мұхаммед бин Абдуллахтың шешімі» деп жаз»,- деді. Олардың бұл сөзіне Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Сендер мойндамасаңдар да Алламен ант етемін. Мен Алланың Елшісімін (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын). Ей, Әли «Бұл Мұхаммед бин Абдуллахтың шешімі» деп жаз». Алланың Расулы Әлиден де артық жан еді, алайда ол өзін «Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)» деп жазбай қалғандықтан пайғамбарлар қатарынан шығып қалған жоқ. Ал енді, өз қателіктеріңнен бас тартасыңдар ма?
Олар: «Ия, бас тартамыз»,- деп жауап берді. Сол күні Әлиге таққан айыптарынан екі мың адам бас тартты.
Ғибрат пен түйін:
Осы оқиғадан көптеген ғибрат пен сабақтар алуға болады. Барлық түйінді қамту мүмкін емес болғандықтан, оқырман қауым ақылдарына салып, өзіне қажеттісін ала жатар деген оймен бір-екеуіне ғана тоқталуды жөн көрдік.
- Аяттардың мағынасын дұрыс түсінбеу.
Ибн Аббастың (оған Алла разы болсын) диалогынан көріп отырғанымыздай, оның қарсыластарының өресіздігін әрі ой-саналарының төмендігін байқаймыз. Олардың Әлиге (оған Алла разы болсын) не себепті қарсы шыққанына назар аударыңыздаршы? Аралық сотқа жүгінгені үшін. Олар Ибн Аббасқа: «Ол үкім шығаратын кезде халықтың пікіріне жүгінеді, яғни аралық сотқа. Алайда Алла Тағала Құранда«Үкім Аллаға ғана тән»,- деген [Юсуф сүресі, 40-шы аят]
Алланың осы сөздерінен соң адам шығарған үкімге қаншалықты орын бар?»,- деп айтты. Алайда Әли сүйеніп, аралық сотқа жүгінген, бірақ хауариждер білмеген аяттар бар болып шықты.
Бүгінде сәләф атын жамылушылар-хауариждердің ұрпағы, дәл осы тәсілді қолданып отыр. Ислам жайлы тар түсініктерінің себебінен, өздерін ақтап шығу үшін Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінен өздерінше үкім шығарып алуда.
Олардың бұлай адасуларына екі түрлі себеп бар деуге болады:
- Қасиетті аяттарға ат үсті қарау, аятқа негізгі мәтінінсіз дерексөз қалдыру, яғни Құран беттеріндегі үкімдерді Алла Тағала қандай мақсатта айтқандығына зер салмау. Осындай ат үстілік Исламды қате түсінуге алып келеді.
- Олар өзгесіне көз қырын да салмай, бір ғана дәлелді алады. Олар солайша бір ғана дәлелге сүйеніп алып аяттарды тәпсірлей бастады. Әрі бұл мәселені шешуде өзге деректердің бар екендігінен бейхабар бола тұра өз ойларынан үкім шығара бастады. Сол себептен де Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) хауариждер қарсы келе алмайтындай етіп олар білмейтін дәлелдер келтірді.
- Имам Шатыби өзінің кітабында былай деп жазады: «Адасушылықтың негізі — белгілі себептерге байланысты үкім шығаруда шариғаттың ұстанып тұрған мақсатын білмеу» (әл-Иътисам, 2/182)
- Мұсылмандардың бірлігі
Мұндай қорытындыны хазреті Әлидің (оған Алла разы болсын): «Оларды жайына қалдырыңдар. Шайқасқа жинала берсін. Олар өздері бірінші болып ұрысты бастамайынша мен олармен соғыспаймын»,- деген сөзінен шығаруға болады. Себебі хазірет Әли (оған Алла разы болсын) мұсылмандардың арасының шайқалуынан және де олардың әлсіреуінен қорықты. Сол себепті де шайқасты бастауға рұқсат бермеді.
Бірлікке ұмтылыс Ибн Аббастың ұстанымынан да аңғарылады. Өйткені ол хауариждеге ақиқатты жеткізу үшін әрі олардың жүрегіндегі күмәнді сейілту мақсатында өзі барды.
Қазіргі таңдағы мұсылмандардың бірлігін сақтау үшін дәл осылай көрініс табуы қажет. Мұсылмандарды қандай нәрсе әлсірететін болса, соған қарсы тұру – бірлікке ұмтылу. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Бүгінде әрбір мұсылманның аузында: «Біз бауырмыз, бізге бөлінуге болмайды. Бізге бірлік керек»,- деген сөз жүреді. Алайда осы сөздерді қалай амалға асырамыз? Бұл сөздердің айтылған жерде қалып қоймауы үшін не істеуіміз қажет?
Мұсылмандардың бірлігі – Шариғаттың талабы. Яғни бірлік болуы үшін шариғаттың тәсілдеріне жүгінуіміз қажет. Бұл деген сөз, Құран мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін дұрыс түсінуіміз қажет. Осы кезде ғана мұсылмандарда ауызбіршілік болады. Өйткені біздің Құранымыз да, Сүннетіміз де бір. Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) та осыған жүгінген. Ол хауариждерді тура жолға салмақ болып ниет етті де оларға былай деді: «Егер мен сендердің қателіктеріңді дәлелдейтін аяттар мен Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін келтірер болсам, таққан айыптарыңнан бас тартасыңдар ма?». Бұл сөзді айтпас бұрын ол мына бір терең мағыналы сөздерді айтты: «Мен сендерге Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасынан және Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күйеу балсынан келіп отырмын. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардың жанында болғанында уахи келген, сондықтан да аяттардың мағынасын олар жақсырақ түсінеді. Ал сендердің араларыңда олардың бірі де жоқ». Аллаху Әкбар! Ибн Аббас осы жерде мына бір өте маңызды нәрсеге меңзеген еді: Құран мен сүннетті өз түсінгеніне қарай я болмаса біреудің аудармасына қарап емес, сәләф солихтар түсінгендей түсіну.
Алла Тағала Құранда былай дейді:
«Алланың дінінен ұстаныңдар да бөлінбеңдер!»
وَاعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِيعاً وَلاَ تَفَرَّقُوا
Шатыби бұл аятты түсіндіре келе былай деп жазады: «Бұл аят егер мұсылмандар бір діннен ұстанса, бірлікте өмір сүруге болтындығын айтады. Егер әр топ өз дінінен ұстанатын болса, міндетті түрде бөлінушілік болады. Сол үшін де Алла Тағала қасиетті Құранда былай деген:
وَأَنَّ هَذَا صِرَاطِي مُسْتَقِيماً فَاتَّبِعُوهُ وَلاَ تَتَّبِعُوا السُّبُلَ فَتَفَرَّقَ بِكُمْ عَن سَبِيلِه
«Расында осы тура жол. Осы жолға ілсеңдер де, әр жолмен жүрмеңдер, әйтпесе бөлініп кетесіңдер» [Имам әш-Шатыби «әл-Иътисам», 2/92]
Ahlusunna.kz