Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:
«(Мұхаммед ﷺ) көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді: Көркем сөз, тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді» («Ибрахим» сүресі, 24-аят)
1. Адам пайғамбардан бастап пайғамбарымыз Мұхаммедке ((ﷺ)) дейінгі барлық пайғамбарлар шақырған Аллаһты бірлеу сөзі.
Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:
«(Мұхаммед ﷺ) сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: “Күдіксіз Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда Маған ғана құлшылық қылыңдар” деп қана уахи етіп, жібердік» («Әнбия» сүресі 25-аят)
2. Тақуалық сөзі:
Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:
«Кәпірлер, жүректеріндегі надандық қасарысуымен сірескен кезде, Алла, Елшісіне әрі мүміндерге тоқтау салды да оларға тақуа сөзін жүктеді. Олар бұған лайығырақ және қабілетті еді. Алла әр нәрсені толық білуші» ( «Фәтих» сүресі, 26-аят)
Ибн Джарир ат-Табаридің «Фәтих» сүресінің 26-аятын талқылау тәпсірінде «оларға тақуа сөзін жүктеді» дегенді былай түсіндірген:
«Әлиден (радиаллаһу әнһ), ибн Аббастан (радиаллаһу әнһ) жеткенді Әли, абу Салих және Мұғауия былай деп әңгімелейді: Ол Құрандағы Аллаһ Тағаланың «оларға тақуа сөзін жүктеді» деген сөзі Аллаһтан басқа жоқ тәңір куәлігі екендігін, және бұл сөз тақуалық сөзі, сонымен қатар тақуалық негізі екендігін білдіреді.
[Ибн Джарир әт-Тәбәри, «Джами` уль-байан фи тағуиль әл-Кұран», 22/254]
Му`аз ибн Жәбәл (радиаллаһу әнһ) Аллаһ Елшісінің (ﷺ) былай дегенін жеткізген:
«Кімде-кімнің бұл дүниедегі соңғы сөзі «Аллаһтан басқа жоқ тәңір» (Лә иләhә иллә Ллаh) болса, сол адам Жәннатқа кіреді» (Әбу Дауд 3116).
Жәбир ибн Абдуллаһ (радиаллаһу әнһ) Аллаһ Елшісінің (ﷺ) былай дегенін жеткізген:
«Ең жақсы зікір— Лә иләhә иллә Ллаh, ал ең жақсы дұға — Әлхамдулилләh» (Тирмизи 3383; Насаи 6/208; ибн Хиббан 3/126)
Имам Науаи (Аллаһ оған мейірімін төксін) былай дейді:
« «Лә иләһә иллә Ллаһ» сөзі еске алудың ең жақсы сөзі, сондықтан да мұсылман қауымының ең беделді өкілдері бұл сөзді салихтердің жолындағы, муридтердің ақиқатын білгісі келетін және уақыттарын жалғыздықта өткізетіндер қатарындағыларды дайындау мен тәрбиелеуде қолданған. Оларға әрдайым бұл сөздерді қайталап отыру бұйырылған және «Шайтанның азғыруынан ең жақсы қорғайтын құрал Аллаһ Тағаланы көп еске алу болып табылады» деген.
[Имам Науаи «әл-Әзкар»128-бет]
«Лә иләhә иллә Ллаh» сөзінің құндылығы өте көп, бірақ мен осы мысалдармен ғана шектелдім.
Бұл ұлы сөз- Таухид сөзі, мұсылман оны әрбір намазында күнде айтады, және оны муазиннен (азаншы) жиі естиді, бірақ олар бұл сөздің мағынасын біле ме, және ол сөздің астарында қандай мағына жатқанымен хабардар ма?
Бұл мақаланың мақсаты –мұсылман таухид сөзінің мағынасын біліп, осы білімге амал етіп және осыған басқаларды да шақыру үшін «Лә иләhә иллә Ллаh» сөзінің дұрыс мағынасын түсіндіру.
«إله» «илләһ» сөзінің
Ибн Фарис (Аллаһ оған мейірімін төксін) былай дейді:
«Хамза, Ләм и hә («иләһ» сөзін құраушы жеке араб әріптері)– бір түбір болып табылады, мағынасы – ғибадат. Осыған орай «иләһ» сөзінің мағынасы – бұл Аллаһ Тағала, себебі, Оған құлщылық қылынады. Және Оны Оған ғибадат жасалынатындықтан солай атайды. Сондықтан да ғибадат жасаушы адамды «құдайшыл» деп атайды.
[Ибн Фарис, «Макаййисул-Луға» 1/127]
Ибн Мансур (Оған Аллаһ мейірімін төксін) былай дейді:
«Әл-Иләh Құдірет– Ол Аллаһ Тағала. әл-Иләh сөзі көпқұдайшылардан алынған, Аллаһ Тағаладан басқаларға да (мүсін мен басқа да заттарға) сыйынған. Олардың ойынша мүсіндер сыйынуға тұрарлықтай еді»
[Ибн Мансур, «Лисанул-`Араб»]
Және Аллаһ Тағаланың:
«Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір» («Зухруф» сүресі, 84-аят) деген сөзін нұсқап, Аллаһ барлық жерде деушілерді қателікке шығарады.
Алайда, дұрыс мағынасы -Аллаһ Тағалаға аспанда да, жерде де оған құлшылық қылынатындығы.
Осы аятқа қатысты ғалымдардың пікірі:
Ибн Жәрир ат-Тәбәри (Аллаһ оған мейірімін төксін) былай дейді:
«Аллаh Тағала айтады: «Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір, және Оған Көкте де Жерде де құлшылық етеді. Құлшылыққа лайықты текАллаһ». Аллаһ Тағала айтады: «Аллаһтан басқаға құлшылық етпеңдер де, Оған серік қоспаңдар».
[Ибн Джарир ат-Табари, «Джами`уль-байан фи таъвиль ал-Қуран», 21/652]
Ибн Аби Заманин (оған Аллаһ мейірімін төксін) былай дейді:
«Аспандағылар да, жердегілер де Оның Жалғыздығына сенеді»
[Ибн Аби Заманин, «Тафсирул-Қуранул-`Азиз» 4/196]
Абу-ль Музаффар Ас-Сам`ани (оған Аллаһ мейірімін төксін) былай дейді:
«Яғни, аспанда және жерде Оған құлшылық қылады»
[Абу-ль Музаффар Ас-Сам`ани, «Тафсирул-Қуран» 5/119]
Ибн Касир (оған Аллаһ мейірімін төксін):
«Аллаһ Тағаланың «Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір. Және Ол, аса дана толық білуші» ,-деген сөзін муфассирлер осы аяттың мағынасын ашуда әр түрлі көзқарас ұстанды, дегенмен олардың барлығы джахмиттердің Аллаһ барлық жерде деген көзқарастарына бірауыз қарсы болды. Ең дұрыс мағынасы – Аллаһ Тағалаға аспанда да, жерде де құлшылық етеді. Аспан мен жерде Оның Ұлылығын мойындап, таухидті ұстанып, Оған сыйынады. Олар Оны Аллаһ деп атайды және адасқан жындар мен адамдардандан басқалары Оған қорқыныш пен үмітте сыйынады. Басқа бір аятта Құдіретті Аллаһ айтады:
«Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір» («Зухруф» сүресі, 84-аят), яғни Ол аспанда да, жерде де Тәңір».
[Ибн Касир, «Тафсир уль-Қуранул-`Азым» 3/239-240]
«Лә иләhа иллә Ллаh» сөзінің мағынасы
«Лә иләhа иллә Ллаh» сөзінің мағынасы туралы ғалымдардың айтқан сөздері:
Имам әл-Байһақи (Аллаһ оған мейірімін төксін) айтады:
«әл-Иләh» сөзінің мағынасы — Тәңір. Және бірқұдайшылардың «Аллаһтан басқа жоқ Тәңір» деген сөздерінің мағынасы: Аллаһтан басқа құлшылық объектісі жоқ.»
[Имам әл-Байқақи «әл-Асмау уа с-Сифат 1/58»]
Абу-ль Мұзаффар Ас-Сам`ани (Аллаһ оған мейірімін төксін) айтады:
«Аллаһ Тағала айтады: «Расында, Мен- Аллаhпын! Менен басқа Тәңір жоқ! Маған құлшылық ет, және Мені еске алу үшін намаз оқы», яғни Одан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ».
[Абу-ль Мұзаффар Ас-Сам`ани, «Тафсирул-Қуран» 3/323]
Имам әл-Куртуби (Аллаһ оған мейірімін төксін) айтады:
«Аллаһ Тағаланың «Аллаһтан басқа жоқ Тәңір» сөзі –терістеу әрі мақұлдау. Оның бір бөлігі – куфр (сенбеушілік, яғни тек «Лә Иләһә – Тәңір жоқ» деу арқылы), ал бір бөлігі – сенім (куәлікті толық айтып). Және оның мағынасы: Аллаһтан басқа құлшылық объектісі жоқ».
[Имам әл-Қуртуби, «әл-Джами`ул-Ахкамул-Қуран» 2/180]
Ибн Касир (Аллаһ оған мейірімін төксін) айтады:
«Аллаһтан басқа Тәңір жоқ, яғни Ол барлық жаратылыстың Тәңірі және оның барлығы Оның жаратылысы әрі құлдары болып табылады. Оған бәрі мұқтаж, ал Ол ешкімге мұқтаж емес».
[Ибн Касир, «Тафсирул-Қуранул-`Азым» 1/678]
Имам Жәләлюддин әс-Суюти (Аллаһ оған мейірімін төксін) айтты:
«Аллаһтан басқа Тәңір жоқ, яғни Одан басқа лайықты құлшылық объектісі жоқ».
[Имам Жәләлюддин әс-Суюти, «Тафсирул-Джаляляйн» 42-бет]
Сонымен, «Лә иләhә иллә Ллаh» сөзі Аллаһтан басқа Тәңір жоқтығын, барлық тек Оған ғана құлшылыққа лайықты екендігін білдіреді.
«Лә иләһә иллә Ллаh» сөзінің мағынасын терең ұғыну қажет, себебі ол Ислам шариғатының жанында кейбір үйлесімсіз нәрселерді түсінуге қажет.
Егер, біздер Құран және Сүннетпен бекітілген Аллаһтың сипаттарын жоққа шығарсақ, онда «Лә иләhә иллә Ллаh» сөзі шынайылығын жоғалтады. Аллаһ Тағала Өзінің барлық сипаттарымен Жалғыз, Ол өзінің жаратылыстарына ұқсамайды.
Сол себепті Аллаһ Тағала айтады:
لَيْسَ كَمِثْلِهِ شَيْءٌ وَهُوَ السَّمِيعُ البَصِير
«Еш нәрсе Ол сияқты емес. Ол Аллаһ, әр нәрсені Естуші, толық Көруші» («Шура» сүресі, 11-аят).
«Лә иләhә иллә Ллаh» сөзі – Аллаһ қалауын орындауды талап ететін дұрыс өмірлік жол және адамдардың хабар алып, барлық істегендері үшін Жаратқаннан сұралатыны туралы әркез еске салу жолы.
«Лә иләhә иллә Ллаh» сөзі Аллаһтан басқаға құлшылық етуді, Аллаһтан басқаға құрбан шалуды (мал сою) және Исламнан басқа дінді ұстануды теріске шығарады.
«Лә иләhә иллә Ллаh» сөзін айта отырып, біздер Аллаһтың Жалғыз әрі Ұлы екендігін бекітеміз, Оның күшінен артық күш жоқ екендігін және ешкімнің де Оның Шариғатына қарсы болатын бұйрық, тыйым және заң шығаруға құқығы жоқ екендігін мойындаймыз.
Бүкіл мақтау бүкіл әлемнің жалғыз Раббысы Аллаһ Тағалаға болсын!
Мақала орыс тілінен аударылып өңделді.