«Зейнул-Ъабидин» атанған Әли ибн әл-Хусейн (оған Алланың рақымы болсын) бір дорба ұнды иығына салып алып, жан адамның көзіне түспей, қараңғы түнде кедей-кепшіктердің үйін аралап шығатын. Ол өз уағыздарында «Түннің қараңғысында берілген садақа Раббының ашуын өшіреді» дейді екен.
Қаладағы кедейлер өздерінің күнделікті жейтін қорегін кім әкеліп тастайтынын біле алмай дал болатын. Осындай түндердің бірінде табалдырықтарға нан қойып кететін белгісіз кісі келмей қалады. Өйткені, Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немересі Әли ибн әл-Хусейн (оған Алланың рақымы болсын) қайтыс болған еді.
Оның өлі денесін көргенде өмір бойы арқалап өткен қаптың ізі иығын қиып тастаған екен. Түн қараңғылығын жамылып, қаладағы жүз кедей отбасына жасырын қорек тастап кететін белгісіз жанның кім екенін адамдар ол өмірден өткен соң бірақ біліпті.