Әбу Мансұр әл-Матуриди (Алла оны рақым етсін) Дүниеден озған жылы 333ж.һ./944ж.м.

Мухаммад бин Мухаммад бин Махмуд, Әбу Мансұр әл-Матуриди. Ол әһли сүнна уал жамағаттың сенім (ақида) тұрғысындағы екі мектептің бірінің негізін қалаушы – «Матуридия» мазхабы. Имам жобамен 235-һ.ж. санауы бойынша дүниеге келген. Үш алтын ғасырдың, яғни сәләф-ус-салихиндерден [1] кейін, бірінші өкілдер қатарынан болған. Имам өзінің мынадай атауларымен танымал болған: «Имамуль Худа / Тура жолдың имамы», «Әляматуль Худа / Тура жолдың жалауы», және «Имамуль Мутакаллимин / Калямшылардың имамы».

[1] — “Сәләф” бұрынғылар, өткендер, алғашқылар деген мағыналарды береді. Яғни дінімізде сахабаларға, табиғиндерге (сахабаларды көрген ұрпақ) және таби-табеинге (Табеғинді көрген ұрпақ) берілген есім. Дінімізде осы үш ұрпаққа “сәләф” немесе “сәләф-ус-салихин” деген термин қолданылады. Бұның мағынасы «Өткен салих адамдар» дегенді білдіреді. Сәләф-ус-салихин жолында жүрген мұсылмандар, әһлу сүнна уал жамағат деп аталады. Әһли сүннет болмаған және әһли сүннет ғұламаларының ашық білдірілмеген, астарлы мағынадағы аяттардан шығарған үкімдерін, ижтиһадтарын менсінбей, қабылдамай мұндай аяттарға өз (пікірлерімен) ақылдарымен жаңаша мағына беріп, шығарған үкімдерімен ашқан жолдарын “міне Сәләф-ус-салихиннің жолы осы” деп атайтын азғындар “Сәләфиттер (уахабилер)” деп аталады, яғни қазіргі 21-ғасырдың адамдары!

Кейбір Ислам тарихшылары айтады, ол сахаба Әбу Әюб Халид бин Зайд Әл Ансаридің (оған Алла разы болсын) тұқымынан дейді. Ол, сол кездің орталық Азия аумағында, кең тараған ағымдардың бірі муғтазилялармен және басқада адасқан ағымдардың жетекшілерімен пікір талас жүргізген. Ол әһлу сүнна ақидасын (яғни сенімін) қорғады, әрі жазбаша түрде (оларға қарсы кітап жазған) әр-түрлі топтарды зындықтармен (Исламдағы жойылып кеткен ағымның бір атауы!) және Исламнан шығып кеткендерді, жоққа шығарып терістеді.

Имамның білім алған тізбегі (иснад).

Имам Матуридидің өте маңызды ілім алған тізбектері (иснад) бар, олар көрнекті сәләф ғұламалар имам Әбу Ханифа, Әбу Юсуф Әл Ансари, Мухаммад Аш Шайбани (Алла оларды рақым етсін). Оның ұстазының ұстаздары Әбу Юсуф пен имам Мухаммад Аш Шайбанидің шәкірттері болған. Ал басқа тізбекте оның ұстазының ұстазы тікелей имам Әбу Ханифадан алған және оның ақидасын жеткізген. Сондайақ имамның ақида әдісі, негізін имам Әбу Ханифаның ақидасынан алынған. Имам Әбу Ханифаның атақты бес сенім тұрғысындағы кітабын, дұрыс бағытта топ-топқа бөліп түсіндіріп берді, әрі уақытқа байланысты үйлесімділікпен және ең жақсы түрде сақтады.

Имам Матуридидің білім алған тізбегі:

  • Бірінші жол: Имам Әбу Мансұр Әл Матруди → Әбу Наср Әл Ийяди және Әбу Бакр Ахмад Әл Джурджани → Әбу Сүлейман Әл Джурджани → Имам Мухаммад Аш Шайбани және қъади Әбу Юсуф → Имам Әбу Ханифа → Хаммад Әби Сүлейман → Ибрахим Ан Наха’и → Алқама бин Қъайс → Абдуллаһ бин Масғуд [Алла Тағала олардың баршасына разы болсын].
  • Екінші жол: Имам Әбу Мансұр Әл Матруди → Нусайр бин Яһия Әл Балхи және Мухаммад бин Муқатиль Ар Рази → Әбул Мути Әл Хаким бин Абдильях Әл Балхи және Әбу Муқатиль Хафс бин Салям Ас Самарқанди → Имам Әбу Ханифа → Хаммад Әби Сүлейман → Ибрахим Ан Нахаи → Әльқама бин Қъайс → Абдуллаһ бин Масғуд.

Оның атақты ұстаздары:

Әбу Бакр Ахмад Әл Джурджани.
Мухаммад бин Муқатиль Ар Рази (248ж.һ./862ж.м. д.о.)
Әбу Наср Ахмад бин Аббас Әл Ийяди (268ж.һ./881ж.м. д.о.)
Нусайр бин Яһия Әл Балхи (268ж.һ./881ж.м. д.о.)
Оның атақты шәкірттері:
Әбул Қасим Хаким Ас Самарқанди (342ж.һ./953ж.м. д.о.)
Әбу Бакр Мухаммад бин Наср Әл Ийяди (361ж.һ./971ж.м. д.о.)
Әбу Ахмад бин Әби Наср Әл Ийяди
Әбу Мухаммад бин Муса Әл Баздауи (390ж.һ./1000ж.м. д.о.)
Әбул Лайс Әл Бұхари (373ж.һ./984ж.м. д.о.)
Әбул Хасан Әли бин Саид Ар Рустуғфани (345ж.һ./956ж.м. д.о.)

Оның атақты кітаптары:

Китабут Таухид.
Ақидату Имам Әби Мансур Әл Матуриди (Таджуддин Ас Субки бұл кітапқа түсініктеме (шарх) жазған «Ас Сайфул Машхур фи Шархи Ақидати Әби Мансур», Стамбұл қаласында басылған арабша және түрікше тілде. Ішінде кейбір мәселелерде күмәндар бар!
Ар Радд әля Ауаилиль Адилля лиль Каби.
Радду Тахзибиль Джадаль лиль Каби.
Радду Уаидиль Фуссақъ лиль Каби.
Ар Радд аляль Къарамита.
Китабуль Джадаль.
Баяну Уахмиль Муғтазиля.
Таъуилятуль Қъуран (Таъуиляту Әһли Сүнна).
Шарху Фиқъхиль Әкбар.
Маахизуш Шараи.
Радду Китабиль Имама ли Бадир Рауафида.
Китабуль Мақъалят филь Калям.
Радду Усулиль Хамса ли Әби Мухаммад Әл Бахили.
Рисаля филь Иман.
Рисаля фима ля Яджузуль Вақъфу ӘляйҺи филь Қъуран.
Китабуль Усуль.

Ислам ғұламаларының имам Матуридиге айтқан мақтау сөздері өте көп, әрі бұл жерде олардың барлығын жазып шығару мүмкін емес. Әһли Сүнна ғалымдарының имам туралы, өздерінің пікірін айтулары:

Имам Әбдул Қадыр әл-Қураиши әл-Ханафи (Алла оны рақым етсін) 696-775һ./1297-1373м., Әбу Мансұр әл-Матуриди туралы өзінің ғұмырнамасында былай деп жазады:

مُحَمَّد بن مُحَمَّد بن مَحْمُود أَبُو مَنْصُور الماتريدي من كبار الْعلمَاء تخرج بِأبي نصر العياضي كَانَ يُقَال لَهُ إِمَام الْهدى لَهُ كتاب التَّوْحِيد وَكتاب المقالات وَكتاب رد أهل الْأَدِلَّة للكعبي وَكتاب بَيَان أَوْهَام الْمُعْتَزلَة وَكتاب تأويلات الْقُرْآن وَهُوَ كتاب لَا يوازيه فِيهِ كتاب بل لَا يدانيه شيئ من تصانيف من سبقه فى ذَلِك الْفَنّ وَله كتب شَتَّى مَاتَ سنة ثَلَاث وَثَلَاثِينَ وَثَلَاث مائَة بعد وَفَاة أبي الْحسن الْأَشْعَرِيّ بِقَلِيل وقبره بسمرقند كَذَا وجدته بِخَط شَيخنَا أبي الْحسن عَليّ الْحَنَفِيّ وَرَأَيْت بِخَط شَيخنَا قطب الدّين عبد الْكَرِيم سنة ثَلَاث وَثَلَاثِينَ وَثَلَاث مائَة رَحمَه الله تَعَالَى

«Мухаммад ибн Мухаммад ибн Махмуд Әбу Мансұр әл-Матуриди, үлкен ғұламалардан болған, ол Ислам ілімін Әбу Наср әл-Иядидан алды. Оны “тура жолдың имамы” [имам әл-худа] деп атайды. Оның кітаптары «ат-Таухид», «әл-Мақаләт», «Радд ауаил адилла лил Ка’би», «Баян уа хум Му’тазиля», «Тауиләт әл-Кұран», осы кітаптар негізінен ілімнің інжу-маржанындай болып табылады, осы ғылымдарда [яғни Ислами ілімдерді меңзеп тұр] сол дәуірде теңдесі жоқ еңбектер. Және имамның «Шатта» деген атақты кітабы бар. Имам һиджра жыл санауы бойынша 333 жылы дүниеден озды, Әбул-Хасан әл-Аш’ари дүние салған соң көз жұмды, зияраты Самарқандта. Осындай сипаттауды мен шейх Әбул Хасан Әли әл-Ханафий және шейх Қутубуддин Әбдул-Каримнің қол жазбаларынан көрдім»
[Дерекнама: Әл-Қурайши, «әл-Джауахиру әл-Муддийат фи табақати әл-Ханафийя», 2/130.]

Имам Әбдул-Хай әл-Лякнауи әл-Ханафи (Алла оны рақым етсін) 1264-1304һ/1848-1888м., былай деп айтты:

محمد بن محمد بن محمود أبو منصور الماتريدي إمام المتكلمين ومصحّح عقائد المسلمين صنف التصانيف الجليلة وردّ على أكاذيب أقوال أصحاب العقائد الباطلة

«Мухаммад ибн Мухаммад ибн Махмуд Әбу Мансұр әл-Матуриди, муттакалимдердің имамы және мұсылмандардың ақидасын (сенімін) қорғаушы. Тамаша кітаптары бар және ақидасы (сенімдері) дұрыс емес адамдарды теріске шығарды.
[Дерекнама: «Әл-Фауаид бахия фи тараджим әл-Ханафия», 195-бет.]

Шейх хафиза әс-Сахауи, хафиз Қасим ибн Кутлувбаға ас-Сувдувни әл-Ханафий (Алла оны рақым етсін) 802-879һ./1399-1474м., «Тадж ат-тараджим фи табақат әл-Ханафия» атты кітабында былай деп жазады:

محمد بن محمد بن محمود أبو منصور الماتريدي إمام الهدى له كتاب التوحيد وكتاب المقالات وكتاب رد أوائل الأدلة للكعبي وكتاب بيان وهم المعتزلة وكتاب تأويلات القرآن مات بسمرقند سنة ثلث وثلثين وثلثمائة قلت تخرج بأبي نصر العياضي وله كتاب رد تهذيب الجدل للكعبي ورد كتاب وعيد الفساق للكعبي ورد الأصول الخمسة لأبي ورد كتاب الإمامة لبعض الروافض وكتاب الرد على القرامطة وكتاب مأخذ الشرائع في أصول الفقه وكتاب الجدل في أصول الفقه والله أعلم

«Мухаммад ибн Мухаммад ибн Махмуд Әбу Мансұр әл-Матуриди – тура жолдың имамы / имам әл-худа. Оның мынадай кітаптары бар «ат-Таухид», «әл-Мақалят», «Радд ауаил адилла лиль Ка’би», «Баян уа хум Муғтазиля», «Таъуилят әл-Қъуран». Самарқанд қаласында һижра жыл санауы бойынша 333 жылы дүниеден өтті. Мен былай деп айтамын: ода тағы да мынадай кітаптар бар «Радд тазхиб әл-джадль лиль ка’би», «Радд китаб уа’ид әл-фасак лиль ка’би», «Радд усуль әл-хамса ли Әбу Мухаммад әл-Бахили», «Радд китаб имамат» кейбір Рафидилерге қарсы, сондай-ақ Карамиттерге де қарсы, теріске шығару кітабы, және «Маъхуз шараи’» және «Джадль» кітаптары бар, және усулюль фиқһ жайында кітаптары бар. Алла Тағала дұрысын білуші».
[Дерекнама: Хафиз Қасим ибн Кутлувбаға ас-Сувдувни әл-Ханафий, «Тадж ат-тараджим фи табақат әл-Ханафия»]

Имам Таджуддин ас-Субки (Алла оны рақым етсін) 717-771һ./1318-1370м., былай деп айтады:

اعلم أن أهل السنة والجماعة كلهم قد اتفقوا على مُعتقد واحد فيما يجب ويجوز ويستحيل وإن اختلفوا في الطرق والمبادئ المُوصِلة لذلك أو في لمِّيَّة ما هنالك، وبالجملة فهم بالاستقراء ثلاث طوائف:
الثانية: أهل النَّظر العقلي والصناعة الفكرية، وهم الأشعرية والحنفية، وشيخ الأشعرية: أبو الحسن الأشعري، وشيخ الحنفية: أبو منصور الماتريدي، وهم متفقون في المبادئ العقلية في كل مطلب يتوقف السمع عليه، وفي المبادئ السمعية فيما يُدرك العقل جوازه فقط ، والعقلية والسمعية في غيرها، واتفـقوا في جميع المطالب الاعتقادية إلا في مسألة التكوين ومسألة التقليد.

«Біліп қой, әһли сүнна уал жамағат олардың барлығы бір сенімде болды, және Алла Тағалаға не міндетті не міндетті еместігі жайында.»

Егер санайтын болсақ, олар Әһли Сүнна үш топ:
……
2) Ақыл-оймен пайымдаудың адамдары, және оймен әрекет етушілер. Олар Әшғарилер мен Ханафилер. Әшарилердің шейхы – Әбул Хасан әл-Әшари, және Ханафилердің шейхы – Әбу Мансұр әл-Матуриди. Және олар логикалық қағидасында бір көзқараста, есту қабілетіне қатысты сұрақтарда. Ал есту қабілетінің қағидасы, ақыл-ой бұны тек қана қабылдау мүмкіншілігінде. Сенім турасында, олардың көз қарастары бір, тек қана Болмыс пен Тақлид мәселесінде, әр-түрлі көз қараста.
[Дерекнама: Әз-Забиди, «Итхаф ас-Садат әл-Муттакин», 2/6.]

Имам Әбдул Уаххаб ибн Ахмад әш-Ша’рани (Алла оны рақым етсін) 898-973һ./1493-1566м., Әһли Сүнна туралы былай деп жазған:

ثم لايخفى عليك ياأخي أن مدار جميع عقائد أهل السنة والجماعة يدور على كلام قطبين : أحدهما الشيخ الإمام أبو منصور الماتريدي والثاني الشيخ الإمام أبو الحسن الأشعري فكل من تبعهما أو أحدهما إهتدى وسلم من الزيغ والفساد في عقيدته وقد ظهرت أتباع الماتريدي فيما وراء نهر سيحون فقط وظهرت أتباع أبي الحسن في أكثر البلاد كخرسان والعراق والشام ومصر والمغرب وغير ذلك من البلاد الإسلامية فلذلك صار غالب الناس يقولون إذا مدحوا عالما : فلان عقيدته أشعرية صحيحة وليس مرادهم نفي صحة عقيدة غير الأشعري من الماتريدية وغيرهم من أئمة الكلام السابقين على الأشعري كما أشار إلى ذلك في [شرح المقاصد ] بقوله : وأعلم أنه ليس بين المحققين من كل الأشعرية و الماتريدية إختلاف محقق بحيث ينسب كل واحد من الفريقين إلى الآخر البدعة والضلال وإنما ذلك إختلاف في بعض المسائل إنتهى

«Біле жүр менің баурым, саған бұл құпия болмайды, әһли сүнна уал жамағаттың негізі, екі қутуб имамның сөздерінің қасында:

Олардың біріншісі имам Әбу Мансұр әл-Матуриди, ал екіншісі Әбул Хасан әл-Әшари. Кімде-кім олардың біреуіне ілесіп ерсе, онда ол солардың өсиетінде және қорғалған болады, әрі ол тұрақсызданбайды әрі өзін қате сенімнен құтқарады.

Имам әл-Матуридидің соңынан ерушілер Мауренахрда айқындалды (яғни, бұл қазіргі Қазақстан, Өзбекстан және Тәжкістан,), ал имам Әбул Хасан әл-Әшаридің соңынан ерушілер Хоросан, Ирак, Шам, Мысыр, Мағриб және тағы басқа мұсылман елдерінде айқындалды. Сондықтан, көпшілік адамдар бір ғұламаны мақтайтын кезде: “әлдекім шынайы имам Әшаридің сенімінде (ақидасында)” деп айтатын болса, онда олардың мақсаты Әшарилер мен Матуридилерден басқа біреудің шынайы сенімін жоққа шығару емес және де басқа да әл-Әшариге дейін өмір сүрген Кәләм ғылымының имамдарын жоққа шығару мақсатында айтылмаған болатын. Бұл туралы имам Садуаддин ат-Тафтазанидің (Алла оны рақым етсін) 712-793һ./1312-1390м., “Шарх әл-Мақасид” кітабында көрсетілген: “Біле жүр, мухаққиқтер Әшарилер мен Матуридилер арасында келіспеушілік жоқ бірін-бірі адасушылқпен бидғатта айыптамайды. Келіспеушілік тек қана кейбір сұрақтардағана.”»
[Дерекнама: «Қауаид әл-кашфийя мауазиххату лима’ани сифати Иляхийя», 90-92 беттер, Даруль кутубуль ильмияның бірінші баспасы 1427/2006.]

Имам Ибн Хаджар әл-Хайтами әл-Макки (Алла оны рақым етсін) 909-974һ./1504-1567м., былай деп айтады:

والمراد بأصحاب البدع فيه من كان على خلاف ما عليه أهل السنة والجماعة ، والمراد بهم أتباع الشيخ أبي الحسن الأشعري وأبي منصور المتريدي إمامي أهل السنة

«Асхаб әл-бидғат жақтаушылары, бұлар әһлу сүнна уал жамағаның дұрыс сеніміне қарсы келгендер. Ал әһлу сүнна уал жамағат – бұлар Әбу Мансұр әл-Матуриди, ал екіншісі Әбул Хасан әл-Әшаридің мирасқорлары (яғни, соңынан ерушілер), олар Ақида ғылымының екі имамы болып табылады».
[Дерекнама: Ибн Хаджар әл-Хайтами, «әл-Фатауа әл-Хадисийя», 516-б. Дамаск: Дар ат-Такуа: 2008.]

Қади Әбдул Хайр Ташкубра Задэ әл-Ханафи (Алла оны рақым етсін) 901-968һ./1495-1561м., былай деп айтады:

ثم اعلم أن رئيس أهل السنة والجماعة في علم الكلام — يعني العقائد — رجلان، أحدهما حنفي والآخر شافعي، أما الحنفي فهو أبو منصور محمد بن محمود الماتريدي، إمام الهدى… وأما الآخر الشافعي فهو شيخ السنة ورئيس الجماعة إمام المتكلمين وناصر سنة سيد المرسلين والذاب عن الدين والساعي في حفظ عقائد المسلمين، أبو الحسن الأشعري البصري.. حامي جناب الشرع الشريـف من الحديـث المفترى، الذي قـام في نصرة ملـة الإسـلام فنصرها نصراً مؤزراً

«Сен біле жүр, әһлу сүнна уал жамағаның ильмуль кәләм ғылымының басшылары екі адам, оның біреуі Ханафилерден, ал екіншісі Шафиғи мазхабынан. Ханафилерге келетін болсақ ол Әбу Мансұр Мухаммад әл-Матуриди тура жолдың имамы, ал екіншісі Шафиғилерден болған, ол Сүннетің шейхы, жамағаттың басшысы, Мутакалимминдердің имамы, Пайғамбарлардың оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне көмектесуші, дінімізден әр-түрлі ағымдарды қорғаушы, мұсылмандардың сенімін (ақидасын) сақтап қалу үшін барлық ынта жігерін салған, Әбул Хасан әл-Әшари әл-Басри, барлық іждағат күшін салған дінімізді жалған хадистерден сақтап қалу үшін, дінімізге қолдау көрсетіп барынша оған көмектесті».
[Дерекнама: Ташкубра Зада, «Мифтах ас-саадат», 2/33.]

Имам әл-Муртаза аз-Забиди (Алла оны рақым етсін) 1145-1205һ./1732-1790м., былай деп айтады:

وليعلم أنّ كلاًّ من الإمامين أبي الحسن وأبي منصور — رضي الله عنهما — وجزاهما عن الإسلام خيراً لم يبدعا من عندهما رأياً ولم يشتقا مذهباً إنما هما مقرران لمذاهب السلف مناضلان عما كانت عليه أصحاب رسول الله وناظَرَ كلٌّ منهما ذوي البدع والضلالات حتى انقطعوا وولوا منهزمين

«Біле жүр, бұл екі имам [Әбул Хасан әл-Әшари және Әбу Мансұр әл-Матуриди] ешқандай жаңа ой-пікір және сенім айтпады, керсінше олар сәлифу солихиндердің мазхабын қорғады, сенімдерді бөле отырып сахабалардың ұстанған жолын қорғады және адасқандарды терістеп жоққа шығарды».
[Дерекнама: Әз-Забиди, «Итхаф ас-саадат әл-муттақин», 2/7.]

Ханафий мазхабының көрнекті ғалымы Ибн Әбидин (Алла оны рақым етсін) 1198-1252һ./1784-1836м., өзінің жазбасында «Ад-Дуруль Мухтар Шарху Танвириль Абсар» кітабында, былай деп жазған:

قوله: عن معتقدنا أي عما نعتقد من غير المسائل الفرعية مما يجب اعتقاده على كل مكلف بلا تقليد لأحد، وهو ما عليه أهل السنة والجماعة وهم الأشاعرة والماتريدية، وهم متوافقون إلا في مسائل يسيرة أرجعها بعضهم إلى
الخلاف اللفظي كما بين في محله

«[Оның сөздері: Біздің сеніміміз] яғни, біздердің нық сеніміміз (екінші жақтағы сұрақтарды санамағанда), әр-бір мүкәлләф міндетті түрде дұрыс сенімде болу керек, әрі тақлидтсіз. Бұл әһлу сүнна уал жамағаның жолы, ал әһлу сүнна уал жамаға олар Әшарилер мен Матуридилер. Олар барлық нәрседе бірауыздан мақұлдаған, тек қана ұсақ сұрақтардағана айырмашылықтар бар, олар оны сөздің мәнінен қарай түсіндіріп өзінің орнымен бекітті».
[Дерекнама: «Раддуль Мухтар әля д-Дурриль Мухтар», 1/49.]

Ханбалий мазхабының ғалымы Ибн Шатты әл-Ханбали (Алла оны рақым етсін) 1248-1307һ./1832-1890м., өзінің пікірінде «Әл-Ақидату ас-Саффариния» кітабына, былай деп айтты:

قال بعض العلماء هم — يعني الفرقة الناجية — أهل الحديث يعني الأثرية والأشعرية والماتريدية ثم قال بعد ذلك بأسطر:
فائدة: أهل السنة والجماعة ثلاث فرق، الأثرية وإمامهم الإمام أحمد رضي الله عنه.
والأشعرية وإمامهم أبو الحسن الأشعري رحمه الله تعالى.والماتريدية وإمامهم أبو منصور الماتريدي رحمه الله تعالى

«Кейбір Ислам ғұламалары айтты, аман қалып құтқарылған қауым бұл – Әһлю әл-хадис, яғни Асарилер, Әшарилер және Матуридилер.

Кейін сөздің жалғасындағы келесі тармақта былай деп айтты: әһлу сүнна уал жамаға үш топтан тұрады:

Асарилер – олардың имамы Ахмад ибн Ханбал (Алла оны рақым етсін).
Әшарилер – олардың имамы Әбул Хасан әл-Әшари (Алла оны рақым етсін).
Матуридилер – олардың имамы Әбу Мансұр әл-Матуриди (Алла оны рақым етсін).»
[Дерекнама: «Шарх Әл-Ақидату ас-Саффариния», 73-б.]

Имам Әбдул Бақи әл-Баъли әл-Ханбали (Алла оны рақым етсін) 1005-1071һ./1596-1661м., «әл-Әйн уаль-асар» кітабында, былай деп айтты:

وللكلام على المقصد الثاني تقدمة،وهي أن طوائف أهل السنة ثلاثة:أشاعرة وحنابلة وماتريدية

«… бұлар, әһлу сүнна уал жамағат үш топ: Әшарилер, Ханбалилер (Асарилер), Матуридилер».
[Дерекнама: Әбдул Бақи әл-Баъли әл-Ханбали, «әл-Айн уаль-асар фи ақаиду әһлю әл-асар», 59-б.]

Ханбалий мазхабының ғұламасы, имам Мухаммад ас-Саффарини (Алла оны рақым етсін) 1114-1188һ./1702-1774м., өзінің кітабында «әл-Ляуами әл-ануар», былай деп жазды:

أهل السنة والجماعة ثلاثة فرق : الأثرية ، وإمامهم أحمد بن حنبل ، والأشعرية وإمامهم أبو الحسن الأشعري ، والماتريدية وإمامهم أبو منصور الماتريدي
وقال: قال بعض العلماء : هم — يعني الفرقة الناجية — أهل الحديث يعني الأثرية والأشعرية والماتريدية

«Әһлу сүнна уал жамаға – бұл үш топ:

Асарилер – олардың имамы Ахмад ибн Ханбал (Алла оны рақым етсін).
Әшарилер – олардың имамы Әбул Хасан әл-Әшари (Алла оны рақым етсін).
Матуридилер – олардың имамы Әбу Мансұр әл-Матуриди (Алла оны рақым етсін).

Сондай-ақ ол тағы былай деп айтты: «Кейбір ғұламалар айтты: олар (жоғарыда аты аталған үш топ) құтқарылған қауым, Әһлю әл-хадис, яғни Асарилер, Әшарилер және Матуридилер».
[Дерекнама: Әс-Саффарини, «әл-Ляуами әл-ануар», 73-76 б.]

Имам Ахмад ад-Дардир әл-Мәлики (Алла оны рақым етсін) 1127-1201һ./1715-1768м., былай деп айтты:

(واتبع سبيل الناسكين العلماء) ثم شرح عبارته فقال (جمع عالم وهو العارف بالأحكام الشرعية التي عليها مدار صحة الدين اعتقادية كانت أو عملية والمراد بهم السلف الصالح ومن تبعهم بإحسان وسبيلهم منحصر في اعتقاد وعلم وعمل على طبق العلم، وافترق من جاء بعدهم من أئمة الأمة الذين يجب اتباعهم على ثلاث فرق، فرقة نصبت نفسـها لبيـان الأحكام الشرعية العملية وهم الأئمة الأربعة وغيرهم من المجتهدين، ولكن لم يستقر من المذاهب المرضية سوى مذاهب الأئمة الأربعة، وفرقة نصبت نفسها للاشتغال ببيان العقائد التي كان عليها السلف وهم الأشعري والماتريدي ومن تبعهما، وفرقة نصبت نفسها للاشتغال بالعمل والمجـاهدات على طبق ما ذهب إليه الفرقتان المتقدمتان وهم الإمام أبو القاسم الجنيد ومن تبعه، فهؤلاء الفرق الثلاثة هم خواص الأمة المحمدية ومن عداهم من جميع الفرق على ضلال وإن كان البعض منهم يحكم له بالإسلام فالناجي من كان في عقيدته على طبق ما بينه أهل السنة

«Сен бұлардың соңынан ер «уляма ан-насиқин». Кейін ол, бұл сөйлемін былай деп пікірлейді:

«Уляма – бұл «Әлим» сөзінің көпше мағынасы және олар шариғатымыздың дұрыс қортынды шешімін шығаратын адамдар, дініміздің дұрыстығы осыдан құралады, сенім тұрғысынан не ғибадат тұрғысынан болсада. Бұл жерде меңзеп тұрған ғұламалар (яғни, «уляма ан-насиқин» сөзі.) олар “сәлифу-солихтерден” болған ғұламалар, және солардың соңынан ергендер. Әрі олардың сенім тұрғысындағы біліми теориясы және амалдағы іс-тәжірибесі, ғылыми тұрғысында сәйкес келеді. Олардан (“сәлифу-солихтер” ) кейін келген, бұл үметтің имамдары үш топқа бөлінді және солардың соңынан ерді! Бұлар:
….
2. “Сәлифу-солихтердің” сенім тұрғысындағы сұрақтарды түсіндірген, бұлар – имам әл-Әшари мен имам әл-Матуриди және солардың соңынан ергендер.

… Және бұл үш топ Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үметтінің білімділері. Бұл үш топтан басқаларының барлығы адасушылықта, тіпті олардың ішінде кейбіреулері Ислам дінінен шықпады деседе. Демек, құтқарылған топ бұлар – әһлу сүнна уал жамағат сенімінде болғандар».
[Дерекнама: Ахмад ад-Дардир, «Хариидат ат-Таухид», 194-б.]

Алляма Абдуллах әл-Қуддуми әл-Ханбали (Алла оны рақым етсін) 1246-1331һ./1830-1912м., былай деп айтты:

قال الإمام القدومي الحنبلي: لأن أهل الحديث والأشعرية والماتريدية: فرقة واحدة متفقون في أصُول الدين على التوحيد، وتقد ير الخير والشر، وفي شروط النبوة والرسالة، وفي موالاة الصحابة كلهم، وما جرى مجرى ذلك: كعدم وجوب الصلاح والأصلح، وفي إثبات الكسب، وإثبات الشفاعة، وخروج عصاة المُوَحِّد ين من النار. والخلافُ بينهم في مسائل قليلة. المنهج الأحمد.

Өйткені әхлю әл-хадис (Асарилер), Әшарилер және Матуридилер бұлардың барлығы бір-ақ топ, дініміздің негіздерінен болған Таухидте, тағдыр мәселесінде жақсы мен жаман, барлық сахабалардың кезектілігі, және тағы сол сияқтылар, әрі Алла Субхану Тағала Өзінің құлдарына жақсылық жасауға және оларға көмектесуге міндетті емес, “кясыбты” кұптауы, қиямет күні шапағат ету жайында және мұсылман күнәхарлардың тозақ отында мәңгі болмай Алла Тағаланың Өзінің қалауымен оларды шығаруы тозақтан, осылардың барлығы үш топта ортақ көз қараста.
[Дерекнама: Әл-Қуддуми, «Әл-Манхадж әл-Ахмад фи тараджими асхабиль имами Ахмад».]

Имам Камалуддин әл-Баяди (Алла оны рақым етсін) 1097һ./1686м., «Ишарат әл-Марам» атты кітабында былай деп жазады:

لأن الماتريدي مفصّل لمذهب الإمام ـ يعني أبا حنيفة ـ وأصحابِه المظهرين قبل الأشعري لمذهب أهل السنة , فلم يخلُ زمان من القائمين بنصرة الدين وإظهاره وقد سبقه ـ يعني الأشعري ـ أيضاً في ذلك ـ يعني في نصرة مذهب أهل السنة ـ الإمام أبو محمد عبدالله بن سعيد القطان

«Матуридилер имам Әбу Ханифаның соңынан ерушілер еді, олар сүннет жұрты мен жамағатының сенімін имам әл-Әшариге дейін қорғады (яғни ақидаларын) . Негізінде Сүннет жұрты мен жамағатын қорғалмаған заман болмады. Ал имам әл-Әшариге дейін имам Әбу Мухаммад ибн Саид әл-Каттан болып өтті».
[Дерекнама: «Ишарат әл-Марам мин ибарат әл-Имам», 23-бет.]

Шейх имам Әбу Абдуллах Мухаммад әл-Бейрути әш-Шафии (Алла оны рақым етсін) 1209-1276һ./1794-1859м., былай деп айтты:

المالكية والشافعية أشعرية وإمامهم أبو الحسن الأشعري من ذرية أبي موسى الأشعري رضي الله عنه، والحنفية ماتريدية وإمامهم أبو منصور الماتريدي وهما إماما أهل السنة والجماعة

«Мәликилер және Шафиғилер бұлар Әшари мазхабында сенім тұрғысында яғни ақидада, олардың имамы Әбул Хасан әл-Әшари ол сахаба Әбу Мұса әл-Әшаридің (оған Алла разы болсын) ұрпағынан, ал Ханафилер олар сенім тұрғысында, яғни ақидада Матуридилер, олардың имамы Әбу Мансұр әл-Матуриди, және бұлар әһлу сүнна уал жамағаның имамдары болып табылады».
[Дерекнама: «Дурратуль уазийя фи таухидиль бария», 77-78 беттер.]

Ханафи мазхабының ғалымы Әляуддин Әли ибн Әмриллях әл-Хумайди (Алла оны рақым етсін) 979һ./1572м., өзінің Ибн әл-Ханаи деген атымен белгілі болған, былай деп жазады:

أبو منصور الماتريدي… وكان من كبار العلماء كان يقال له إمام الهدى

«Әбу Мансұр әл-Матуриди…. Ол үлкен Ислам ғұламаларынан болған. Оны былай деп атады «Имам әл-Худа» — яғни дұрыс жолдың имамы».
[Дерекнама: Ибн әл-Ханаи, «Табақат әл-Ханафийя», 2/19]

Дерекнама: al-fatava.com
Орыс тілінен аударған Ahlusunna.kz

Ahlusunna.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Ahlusunna.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.