Мерекелік күндердегі Тәкбір Ташрик

Арапа күні деп аталатын Зүл-хиджа айының 9-шы күнінің (23-ші қыркүйек) таң намазынан бастап, құрбан шалу мейрамының 4-ші күні, яғни Зүл хиджа айының 13-ші жұлдызының (27-шi қыркүйек) екінті намазына дейін, мұсылмандар әр парыз намазынан кейін тәкбір ташрикті оқулары тиіс.

Оған Алла Тағаланың мына сөздері дәлел бола алады: «Санаулы (маъдудат) күнде Алланы зікір етіңдер». («Бақара» сүресі, 203). Құран тәпсіршілері «санаулы күндер» деп, қажылардың Мина жазығында болатын күндері жайлы айтылғанын жеткізді. Ол күндер «ташрик күндері» деп те аталады.

Әлидің (Алла оған разы болсын) Арапа күні таң намазын оқып болғаннан кейін тәкбір айтуды бастап, ташриктің соңғы күндерінің бірінде екінті намазынан кейін тәкбірді соңғы рет айтқаны жеткізіледі. (Аби Шейба мұны «Әл-Мусаннаф» кітабында риуаят еткен).

Әрбір еркек, намазды жамағатпен оқыса да, жеке өзі оқыса да, әр парыз намаздан кейін осы тәкбірді дауыстап айтуға міндетті. Әйелдер болса, іштей оқиды.

Тәкбір Ташрик сөздердінің айтылу тарнскрипциясы мен мағынасы:

«Аллаху Акбар, Аллаху Акбар, Лә иләха илләЛлаху, уаЛлаху Акбар, Аллаху Акбар уә лиЛләхиль-хәмд».

(Алла бәрінен де ұлық, Алла бәрінен де ұлық. Алладан басқа тәңір жоқ, және Алла бәрінен де ұлық. Алла бәрінен де ұлық және барлық мақтау-мадақ Аллаға ғана лайық).

Орыс тілінен аударған Azan.kz

Такбир Ташрик в праздничные дни

Начиная с фаджра намаза 9-го дня месяца Зуль-хиджа (23-го сентября), который называется днем Арафа и продолжая до аср намаза 4-го дня праздника жертвоприношения, т.е. 13-го числа (27 сентября) этого месяца, мусульманам следует читать такбир ташрика после каждой обязательной молитвы.

Доказательством этому служат слова Всевышнего: «Поминайте Аллаха в считанные (маъдудат) дни». (Корова, 203). Толкователи Корана сказали, что считанные дни — это дни в которые паломники находятся в долине Мина. Эти дни также называются днями ташрик.

Передается, что Али, да будет доволен им Аллах, начинал произносить такбир после окончания утренней молитвы (фаджр) в День ‘Арафа, последний раз произнося такбир после предвечерней молитвы (‘аср) в последний из дней ташрика. (Аби Шейба приводит это предание в «Аль-Мусаннаф»).

Каждый мужчина, независимо читает он намаз с джамаатом или один, обязан читать этот такбир вслух после каждой обязательной молитвы. Женщины же читают тихо.

Следует произносить следующие слова:

«Аллаху Акбар, Аллаху Акбар, Ля иляха илляЛлаху, уаЛлаху Акбар, Аллаху Акбар уа лиЛляхиль-хамд».

(Аллах превыше всего, Аллах превыше всего. Нет божества, кроме Аллаха, и Аллах превыше всего. Аллах превыше всего, и Аллаху принадлежит вся хвала).

Источник: azan.kz