«Әминді» іштей айту абзал дейтіндердің дәлелдері

Бұл пікір негізінде Ханафи мазһабы жағынан айтылғандығын алдында атап көрсеткен едік. Енді Ханафи ғұламаларының дәлелдеріне тоқталайық. Әуелі бір нәрсені ескертіп қойғанымыз абзал болар. Ханафи ғұламалары кейбіріміз аузымызға не келсе соны айтып жүргеніміздей, адамдарды тек қана өз пікірімен жүруге үндемейді. Олар әрбір үкімге Құран мен сүннеттен дәлел келтіруге тырысқан. Дәлірек айтқанда Құран мен сүннеттен алынған үкімдерді қарапайым кісілерге жеткізуге тырысқан. Бұл жөнінде төменде келтірілетін хадистерден біліп алсақ болады.

Бірінші дәлел:

«Әмин» сөзі -дұға болып саналады. Оның мағынасы дұғаны қабыл ет!- дегені. Дұғаны қалай қылу жөнінде Құранда Алла Тағала былай дейді:

ادْعُوا رَبَّكُمْ تَضَرُّعًا وَخُفْيَةً ۚ إِنَّهُ لَا يُحِبُّ الْمُعْتَدِينَ ٥٥

«Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді»

«Ағраф» сүресі, 55 аят.

Осы аятқа қарағанда «әминді» іштен айтудың қажеттігі шығады.

Екінші дәлел:

«Әмин» сөзі Құран аяты емес екені барлығымызға белгілі. Оның үстіне арабша да емес. Ал «Әғузу билләһи минәш шәйтонир ражим» – деген Құраннан және оны Құран оқығанда айту уәжіп қылынған. Солай бола тұрса да «Әғузу билләһи минәш шәйтонир ражимді» намазда ішімізден айтамыз. Олай болса, не үшін «әминді» дауыстап айтуымыз керек?!

Үшінші дәлел:

Хасаннан (р.а) риуаят еткен хадисте:

َأ ّن َس ُمَرَة ْب َن ُجْن ُد ٍب َو ِع ْمرا َن ْب َن ُح َصْي ٍن َت َذا َكَرا َف َح ّد َث َس ُمَرُة ْب ُن

ُجْن ُد ٍب َأّنُه َحِف َظ َع ْن َرس ُو ِل ا ِل َ س ْكَتَتْي ِن َس ْكَتًة ِإَذا َكّبَر َو َس ْكَتًة ِإَذا َفَر َغ ِم ْن

ِقَراَءِة ( َغْيِر اْل َم ْغ ُضو ِب َعَلْي ِه ْم َو َل ال ّضاّل َي) َف َحِف َظ َذِل َك َس ُمَرُة َو َأْن َكققَر َعَلْيققِه

ِع ْمَرا ُن ْب ُن ُح َصْي ٍن َف َكَتَبا ِفي َذِل َك َإل ُأَب ّي ْب ِن َكَع ٍب َف َكا َن ِفي ِكَتاِبِه ِإَلْي ِه َمقا -َأ ْو

ِفي َرّدِه َعَلْي ِه َما -َأ ّن َس ُمَرَة َق ْد َحِف َظ.

«Самура ибн Жундуб және Имран ибн Хусайн (р.а) өткенді еске алып отырды. Самура ибн Жүндуб (р.а) Пайғамбарымыздың (ﷺ)

екі сәктаны (бір шама үнсіз тұруды) тәкбир тахриманы айтқанда және «ғайрил мағдуби ғалайһим уаладдоллин» қырағатынан соң қолданатынын есіне сақтап қалғандығын айтты. Имран ибн Хусайн бұл кісінің сөзіне иланбады. Кейін екеуі Убай ибн Кағбке (р.а) хат жазды. Екеуіне қайтарған жауап хатында: «Тап солай, мұны Самур ибн Жүндуб жадында жақсы сақтап қалыпты,делінген екен» Имам Әбу Дауд және басқа да хадис ғұламалары риуаят еткен. Демек, Пайғамбарымыз (ﷺ) намаз бастағандағы тәкбір айтудан кейін де, «Фатиха» сүресін оқып болғаннан кейін де біршама үнсіз тұруды әдет қылған. Міне, осы амалдарды атқару үстінде сахабалар да тап осылай істеген екен. Ханафи ғұламалары өз дәлелдерін бекемдей түсу үшін осы мағынаға жақын тағы бірнеше риуаяттарды келтірген.

Төртінші дәлел:

Әбу Уайл (р.а) риуаят етеді:

َكا َن َعِل ٌي َو َعْب ُد ا ِل َل َي ْج َهَران ِبِب ْس ِم ا ِل الّر ْح َم ِن الّر ِحي ِم

َو َل ِبالّتْأِم ِي.

«Али және Абдуллаһ Бисмилләһир рахманир рахимды да, әғузуды да, «әминді» де дауыстап айтпайтын еді» деген.Табаранидың риуаяты.

Хазреті Али мен Абдуллаһ ибн Масғуд (р.а) сияқты Пайғамбарымызбен (ﷺ) әр уақыт бірге жүрген, өте ілімді сахабалардың «әминді» іштерінен айтулары да күшті дәлел болып саналады. Басқа бір риуаятта Омардың да (р.а) «әминді» ішінен айтып намаз оқығаны мәлімделеді. Ханафи ғұламалары тап осы мағынадағы басқа да аты мәшһүр сахабалардың риуаяттарын келтіреді.

Бесінші дәлел:

Намаз өте маңызды (танымал) ғибадат болып саналады. Пайғамбарымыз (ﷺ) намаз парыз болған күннен бастап әр күні намазды жамағатпен оқыған. Ол кісінің қалай намаз оқығанын барлық сахабалар көріп байқап отырған. Егер «әминді» дауыстап айту абзалырақ болғанда Пайғамбарымыз (ﷺ) оның ара жігін ажыратып берген болып және бұған еш күмән да қалмас еді. Аллаһ Елшісінің өзі имам болып, кейде үйрету үшін бірінші саптағылар еститіндей қылып «әмин» дегенінен басқа ешбір дәлел жоқ, әсіресе, имамға ұйыған

кісілердің «әминді» дауыстап айтқандары жөнінде ешбір риуаят жоқ.

Құрметті оқушылар! Біз «әминді» намазда іштей айту абзал ма, әлде сырттай айту абзалырақ па? деген мәселе бойынша бұрынғы ғұламаларымыздың сөздерін барынша қысқаша түрде ғана келтірдік. Сондай-ақ, бұрынғы ғұламаларымыздан екі тараптың да дәлелдерін келтірдік. Ендеше, бұрыннан-ақ қарастырылған нәрсені қайта қозғаудың не керегі бар?- деген сауалдың туындауы өз-өзінен түсінікті. Иә, әуелі

бір нәрсені жақсылап зерттеп алмай тұрып, көпшілікке айтылатын болса, оның арты қолайсыз жағдай туғызатындығы күмәнсіз.

«Ихтиләфтар» — Шейх Мухаммад Садық Мухаммад Юсуф

 

 

Дереккөз:   agzam.net