ﺑﺴﻢﺍﻟﻠﻪ ﺍﻟﺮّﺣﻤﻦ ﺍﻟﺮّﺣﻴﻢ

ﺍﻟﺤﻤﺪﻟﻠﻪ ﺭﺏﺍﻟﻌﺎﻟﻤﻴﻦ ﻭﺍﻟﺼﻼﺓﻭﺍﻟﺴﻼﻡﻋﻠﻲ ﺭﺳﻮﻟﻨﺎ ﻣﺤﻤﺪ ﻭﻋﻠﻲﺍﻟﻪ ﻭﺻﺤﺒﻪ ﺍﺟﻤﻌﻴﻦ

Рамазан айының басталуымен мұсылмандар арасында бұрын ізгі сәләф-салихтар жауап беріп кеткен мәселе бойынша талас-тартыстар қайта басталады, солардың бірі:

«Тарауих намазы неше рәкәт оқылады, 20 рәкәт па әлде 8 бе?»

Әлбетте, әһлу суннаның үлкен имамдары тарауих намазы 20 рәкәт оқылады деген пікірді ұстанып, көптеген еңбектер қалдырған. Соған қарамастан арамыздағы мәзхаб ұстанбайтын бауырларымыз намаздың 8 рәкәт екенін дәлелдегілері келеді.

Алдымен, бұл мәселені талқыламас бұрын, тарауих намазы не екенін түсінуіміз қажет. Тарауих намазы — Рамазан айында құптан және үтір уәжіп намаздары арасында жамағатпен оқылатын намаз. Бұл намаз жамағатпен оқылады.

Мауләна Жәмил Ахмад Сакрадуи «Ашрафул-Хидайя шарх ал-Хидайя» ( 2 том, 202 бет) атты еңбегінде бұл намазды түсіндіре келе айтады:

«Тарауих намазы- бұл ер адамға да,әйел адамға да сүннет муаккад (бекітілген сүннет) болып саналады және бұл дұрыс пікір. Имам Әбу Ханифа да (рахимахуллаһ) тарауих намазын сүннет муаккад деп есептеген».

Тарауих намазы 20 рәкәт екендігіне дәлелдер

Көпшілік ғұламалар бұған қатысты Абдулла ибн Аббастан رضي الله عنه келетін хадисті келтіреді:

«Рамазан айының уақытында Алла елшісі ﷺ үтір намазымен қатар жамағатсыз 20 рәкәт намаз оқыған».

Бұл хадисті келесі ғалымдар келтіреді:

— Ибн Аби Шәйба «Мусаннаф»-та;
— Имам Байһақи «Сунан»-да;
— Табарани «Кабир»-де;
— Ибн Ади «Муснад»-та;
— Бағауи «Маджма Сахаба»-да.

Хадисті талдау

Мәзхаб ұстанбайтын бауырларымыз бұл хадисті сенімді емес деп есептейді. Олар бұл хадистің иснадындағы (жеткізуші тізбегінде) Ибраһим ибн Усман атты адамның сенімділігіне күмән келтіреді. Мауләна Мухаммад Әли «Шарх Муатта Имам Мухаммад»-та (1 том, 303 бет) түсіндіреді:

«Имам Байһақи бұл хадисті дағиф (әлсіз), бірақ маудуғ (жалған,ойдан құрастырылған) емес деген. Сонымен қатар Ибраһим ибн Усманның әлсіз жеткізуші екендігі жайында ғалымдар бір ауыздан келіскен емес. «Тахзиб ат-Тахзиб» (1 том, 145 бет): Аббас Дури Яхьи ибн Муинадан Язид ибн Харунның сөзін келтіреді: «Біздің заманымызда Ибраһим ибн Усманнан асқан әділ адам болмаған еді»

Маулана Мухаммад Әли ол кісіні Ибраһим ибн Хайямен салыстыра келе «Лисан ал-Мизан» (1 том, 53 бет) атты еңбегінде жазады:

«Усман ибн Саид ад- Дарими Яхия ибн Муинадан Ибраһим ибн Хайяның шыншыл адам, ұлы шейх екенін келтіреді».

Ол айтады:

«Осыдан байқайтынымыз, Яхия ибн Муин Ибраһим ибн Усманды ұлы және шыншыл адам деп және Ибраһим ибн Хайяны шыншыл және сенімді шейх деп атаған. Ибн Ади Ибраһим ибн Усманды Ибраһим ибн Хайядан абзал деп атап өтеді.Бұл сөздерді «Камил фи дағифа ар-риджал» (1 том,241 бет)-да келтіреді».

Маулана Мухаммад Әли қорытындай келе айтады:

Бұл хадис Ибраһим ибн Усманның әлсіздігінен әлсіз болып есептелмейді. Керісінше, жоғарыда дәлелдегендей мықты және шыншыл хабар болып табылады.

Хадиске қатысты оқшаулықтың болуы хадиске еш әсер етпейді

Бұл хадисті сенімді емес дегеннің өзінде де тарауих намазы 20 рәкәт емес екенін дәлелдемейді.

Маулана Әзиз ар-Рахман «Азиз ал-Фатауа» (1 том, 262 бет) атты еңбегінде:

«Бұл хадисті әлсіз деп алсақ та ешнәрсе өзгермейді.Себебі хадистің мәтіні көптеген сахабалардың сөздерімен дәлелденген. Бұл хадисті алмағанның өзінде, сахабалардың сөздері мен амалдары Пайғамбарымыздың ﷺ тарауихты 20 рәкағат оқығандығына дәлел бола алады.»

Муфтий Абдуррахим Ладжпури «Фатауа Рахимийя» (2 том, 253 бет)-де:

«Егер ғалымдардың арасында бір сұрақта қарама-қайшылықтар болса ғана,жеткізуші тізбегінде сенімді адам болуының қажеттілігі туындайды.Фақиһтар,мухаддистер және бүкіл үммет ғасырлар бойы тарауих намазын 20 рәкағат оқығандығы өз-өзімен мықты дәлел бола алады».

Барлық уақытта үммет тарауих намазын 20 рәкағат қылып оқығандығына дәлелдер

Муфтий Абдуррахим Ладжпури «Фатауа Рахимийя» (2 том, 253 бет) атты еңбегінде тарауих намазы 20 рәкәт екендігін бүкіл үмметпен қабылдағандығына сенімді дәлелдер келтіреді:

1. Имам Тирмизи (хиджраның 279-шы жылы дүниеден өтті) :

«Омар رضي الله عنه, Әли رضي الله عنه, Суфьян Саури және Имам Шафиғи – барлығы да тарауих намазын 20 рәкәт оқыған. Ол Имам Шафиғидің Мекке тұрғындарының тарауих намазын 20 рәкәт қылып оқығанын көргеніндігін айтады. (Тирмизи, 1 том, 99 бет).»

2. Әйгілі хадистер жинағы «Канзул-Уммал» (2 том, 284 бет)-да :

«Омар رضي الله عنه Убай ибн Кағбқа رضي الله عنه тарауих намазын 20 рәкәт қылып оқуына бұйырғанын келтіреді.»

3. Байһақи (1 том, 492 бет; Насбур-Райя, 1 том, 294 бет) : Саиб ибн Язид رضي الله عنه айтады:

«Біз Омардың رضي الله عنه , Османның رضي الله عنه, Әлидің رضي الله عنه халифалық кезінде тарауих намазын 20 рәкәт оқитынбыз.»

4. Язид ибн Руманرضي الله عنه басқа бір риуаятта имам Маликтің «Муатта» атты еңбегінде айтады:

«Oмардыңرضي الله عنهхалифалық кезінде адамдар таруих намазын үтір намазымен бірге 23 рәкәт қылып оқитын.»

5. «Маарифату-с-Ситта»-да имам Байһақидан сенімді хабар келеді (1 том, 477бет; Сунан Кубра, 2 том, 496 бет):

«Әли رضي الله عنه Рамазан айында Қурраны (Құранды жетік меңгергендер) шақырып 20 рәкәт тарауих намазын өткізуіне бұйрық береді. Сосын Әли رضي الله عنه үтір намазын өткізді.»

6.Мухаддис Ибн Қудама «Ал-Муғни» атты еңбегінде (1 том, 803 бет):

«Сахабалар тарауих намазы 20 рәкәт оқылатына бір ауыздан келіскен.»

7. Мухаддис Ибн Хаджар Хайтамидің зерттеуі бойынша сахабалар тарауих намазын 20 рәк2т оқыған. (Тухфатуль-Ахьяр, 197 бет).

8.Әйгілі хадис ғалымы аллама Абдуль-Бирр (Миркат, 2 том, 174 бет):

«Омар رضي الله عنه уақытында сахабалар тарауих намазын 20 рәкәт оқыған.»

9. Ибн Таймийя (Фатауа Ибн Таймийя, 1 том, 148 бет) жазады:

«Убай ибн Кағб رضي الله عنه Омарرضي الله عنه халифалық кезінде сахабалармен 20 рәкәт тарауихты басқарған.»

«Убай ибн Кағб رضي الله عنه Рамазан айында сахабалармен 20 рәкәт тарауих және 3 рәкәт үтір намазын оқығандықтан, көпшілік ғұламалар бұл амалды сүннет деп есептеген. Себебі оның артынан оқыған мухажирлер мен ансарлар ешқандай қарсылық білдірмеген1. (1 том, 191 бет)

10. Имам Шаарани рахимахуллаһ айтады (Кашфул-Ғумма, 1 том, 167 бет):

«Oмар 23 рәкәт оқуға бұйрық берді.Соның 3-еуі үтір намазы. Сосын бұл амал бүкіл қалаларда орындалатын еді.»

11. Әйгілі әһлул-хадис ғұламасы Нағаб Сиддиқ Хасан Омар رضي الله عنه уақытында оқылған 20 рәкәт тарауихты иджма деп есептеген. (Аунул-Бари, 4 том,307 бет).

12. Ғалым Бахрул-Улум рахимахуллаһ айтады: «20 рәкәт тарауих намазы бір ауыздан келіскен пікір (иджма) болып табылады. (Расаил ал-Аркан, 138 бет).»

13. Ғалым Ибн ал-Хумам рахимахуллаһ: «Тарауих намазы 20 рәкәт екендігіне бір ауыздан келісілген және бұл амал ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. (Фатхул-Қадир, 1 том, 407 бет).»

14. Ғалым Айни рахимахулаһ: «Oмардың رضي الله عنه халифалық кезінде тарауих намазы 20 рәкәт оқылатын және бұл амал Осман رضي الله عنه, Әлиرضي الله عنه халифалығындада орындалатын. (Айнидің Сахих Бухариге берген тәпсірі, 7 том, 178 бет)»

15. Имам Әбу Юсуф рахимахуллаһ Имам Әбу Ханифадан рахимахуллаһ:

«Омар رضي الله عنه тарауих намазын 20 рәкағат оқуы Алла елшісінің ﷺ жолына сай келе ме?-деп сұрақ қойғанда, Әбу Ханифа : «Oмар رضي الله عنه ешқашан дінге қандай да бір бидғат (жаңалық) енгізбеген еді» -деп жауап берді. (Файзул-Бари, 2 том, 420бет; Маракил-Фаләх, 81 бет; Бахрур-Рағиқ, 2том, 66 бет).»

16. Муаттада Имам Мухаммад рахимахуллаһ: «Біз бұл пікірді ұстанамыз (яғни, тарауих намазы 20 рәкәт екендігін), себебі, бұл мәселеде сахабалар бірауыздан келіскен және бұл амалды дұрыс деп есептеген. Алла елшісі ﷺ : «Егер сахабаларым қандай да бір амалды дұрыс деп есептесе,бұл амал Алланың алдында да дұрыс болып есептеледі», — деген.» (11-12 бет)

17. «Ал-Мутақа мин Акбарил-Мустафа» (78 бет) атты кітапта: «Омардың رضي الله عنه халифалық кезінде сахабалар және басқа мұсылмандар үтір намазын қосқанда намазды 23 рәкәт қылып оқитын.»

18.Мединаның қазысы(мұсылмандардың діни соты) Яхия ибн Саид Ансари рахимахуллаһ айтты: «Oмар رضي الله عنه тарауих намазын 20 рәкәт қылып оқуға бұйрық берген еді.» Хадис мурсал болсада дәрежесі сахих. (Ибн Әби Шайба, 406 бет; Асару-с-Сунан, 2 том, 55 бет).

19. . Әбул-Хасиб рахимахуллаһ айтады: «Рамазан айында намазды Суайд ибн Ғафәлә رضي الله عنه өткізетін. Намаз 20 рәкәттан тұратын және арасында демалуға 5 үзіліс болатын.» Хадис сахих. (Байһақи, 2 том, 496 бет; Асару-с-Сунан, 2 том, 55 бет).

20. «Абдуллаһ ибн Масғудтың رضي الله عنه шәкірті Шутайр ибн Сақал рахимахуллах: «Тарауих намазын 20 рәкәт және үтір намазын 3 рәкәт оқитын.» Хадис сахих. (Байһақи, 2 том, 496 бет; Қиәмул-Ләйл, 91 бет; Миркат, 2 том, 174 бет).

21. Атақты табиғин және Меккенің муфтиі Ата ибн Әби Раба рахимахуллаһ айтады:

«Сахабалар және басқа мұсылмандардың тарауих намазын үтір намазымен қосқанда 23 рәкәт қылып оқитының көретінмін.» (Ибн Әби Шайба, 1 том ,406 бет; Қиәмул-Ләйл, 91 бет; Фатхул-Бари, 4 том, 219 бет; Асару-с-Сунан, 2 том, 55 бет).

22. Абдулла ибн Умардың رضي الله عنه шәкірті Нафи рахимахуллаһ айтады:

«Рамазан айында Ибн Муләйка рахимахуллаһ тарауих намазын 20 рәкәт қылып өткізетін.» (Асару-с-Сунна, 2 том, 56 бет).

23. Ағмаш рахимахуллаһ айтады: «Абдуллаһ Ибн Масғуд رضي الله عنه 20 рәкәт тарауих және 3 рәкәт үтір намазын оқитын.» (Умдатул-Қари, 11 том, 127 бет; Қиәмул-Ләйл, 91 бет).

24. Әбул-Бахтари рахимахуллаһ тарауих намазын оқығанда демалу үшін 5 үзіліс жасайтын және 3 рәкәт үтір намазын оқитын. (Ибн Әби Шайба, 406 бет).

25. Әбул-Хасан рахимахуллаһ айтады: «Әли رضي الله عنه тарауих намазын 20 рәкәт және 5 үзіліспен оқуға бұйыратын.» Хадис сахих. («Сунан Кубра» Байһақи, 2 том, 496 бет).

26. Мухаммад ибн Кағб Қурази رضي الله عنه айтады: «Oмар رضي الله عنهхалифалық кезінде сахабалар тарауих намазын 20 рәкәт оқитын.» (Қиәмул-Ләйл, 91 бет)

27. Саид ибн Убайд рахимахуллаһ айтады: «Рамазан айында Әли ибн Рабиға рахимахуллаһ тарауих намазын демалу үшін 5 мәрте бөлетінбіз және 3 рәкәт үтір намазын оқитынбыз.» Хадис сахих. (Асару-с-Сунан, 2 том, 56 бет).

28. Ғалым әс-Субки рахимахуллаһ айтады: «Бізге сенімді хабарлармен дәлелденгендей біз тарауих намазын 20 рәкәт деп есептейміз.» (Шархул-Минхаж)

29. Абдул-Қадир Джилани рахимахуллаһ айтады: «Тарауих намазы 20 рәкәттан тұрады. Әр 2 ракәт сайын сәлем беріп намазды аяқтайды, әр 2 рәкәт сайын намазға ниет қылуы қажет болады.» (Ғуняту-т-Талибин, 2 том,10-11 бет).

30. Имам Ғазали рахимахуллаһ айтады: «Тарауих намазы 20 рәкәттан тұрады және бұл сүннет муаккад болып есептеледі. Орындалу тәсілі баршамызға белгілі.» (Ихия Улум, 1 том, 208 бет).

«Тарауих намазы 20 рәкәт екендігіне ғұламалырымыз бірауыздан келіскен, себебі Имам Маликтің «Муатта» атты еңбегінде Язид ибн Руманадан жеткен хабар бойынша Омар رضي الله عنه халифалық кезінде тарауих намазын үтір намазымен қосқанда 23 рәкәт болатын.» (Ихия Улум, 2 том, 66 бет).

31. Ахмад Руми рахимахуллаһ айтады : «Омар رضي الله عنه Убайرضي الله عنه тарауих намазын 20 рәкәт қылып оқуға бұйырғанда көптеген сахабалар қатысты. Солардың ішінде Усман رضي الله عنه, Әли رضي الله عنه, Абдуллаһ Ибн Масғуд رضي الله عنه, Аббас және оның баласы رضي الله عنه, Талха رضي الله عنه, Зубайр رضي الله عنه, Муаз رضي الله عنه және көптеген мухажирлер мен ансарлар. Солардың біреуі де Омарға رضي الله عنه қарсы шыққан емес, керісінше сол амалды құптап, мықты ұстанған. Әли رضي الله عنه Омарға رضي الله عنه дұға жасады: «Біздің мешітті нұрландырғандай, Аллада Омардың қабірін нұрға толтырсын. Алла елшісі ﷺ: «Mенің Сүннетімді және ізгі халифалардың сүннетін мықты ұстаныңдар» — деген. Тарауих намазы 20 рәкәттан тұрады.» (Маджалисул-Абрар, 187 бет).

32. Шах Уалиулла Мухаддис Дахләуи рахимахуллаһ: «Сахабалармен табиғиндердің кезінде тарауих намазы 20 рәкәт оқылатын.» (Худжатуллаһи Балиға, 2 том, 67 бет).

33. Мауләна Кутбуддин Хан Мухаддис Дахләуи рахимахуллаһ: «Тарауихтың 20 рәкәт екендігіне сахабалар бір ауыздан келіскен.» (Мазахирул-Хақ, 1 том, 493 бет).

34.Имам Науауи «Сахих Муслимге» жазған тәпсірінде айтады: «Тарауих намазының 20 рәкәт оқылуы айт намаздары секілді Ислам дінінің ерекше белгілерінен болып табылады.» (1 том, 259 бет). «Талиқат Хидайя» атты еңбегінде: «Кімде-кім тарауих намазын тек 8 рәкәт қылып оқыса, сүннетті тастағаны үшін кінәлі болады.»

Куә болғандарыңыздай, тарауих намазы 20 рәкәт екендігіне ислам үмметінде көптеген дәлелдер бар. Жоғарыда келтірілген сөздерден байқағанымыздай, сахабалардың барлығы дерлік тарауих намазын 20 рәкәт оқыған. Және бұл мәселеде барлығы бірауызды пікірде болған. Алайда, қазіргі кездегі мәзхаб ұстанбайтындар бұл мәселеде қырын кетіп, тарауих намазы 8 рәкәт деген ұстанымда. Осылайша, олар сахабаларға және соларға еруші кейінгі мұсылман үмметіне қарсы шығуда.

Жалғасы бар…

Дереккөз: darulfikr.ru
Hanafi.kz