Сіз өзіңізге: «Су неге түссіз, дәмсіз және иіссіз?»,-деген сұрақ беріп көрдіңіз бе?

Расында да, Алла Тағала неге суды түссіз, дәмсіз және иіссіз етіп жаратқан?

Адам баласы нені азық етсе, оның денесі содан құралатыны ғылыми түрде дәлелденген. Егер судың түсі болса еді, онда жандының бәрі судың түсіне боянар еді. Өйткені Алла Тағала «Әнбия» сүресінің 30-шы аятында:

وَجَعَلْنَا مِنَ الْمَاء كُلَّ شَيْءٍ حَيٍّ

«Біз барлық жан иесін судан жараттық»,-деген. Бірақ біз әрбіріміз, Құдайға шүкір, ата-анамызға ұқсаймыз.

Егер судың дәмі болса, онда барлық көкөністің дәмі бір болып, жемістер түрлі болудың мәнісі болмай қалар еді. Ал Алла Тағала айтады:

يُسْقَى بِمَاء وَاحِدٍ وَنُفَضِّلُ بَعْضَهَا عَلَى بَعْضٍ فِي الأُكُلِ

«Жер жүзінде көршілес құрылықтар, жүзім бақшалары, егіндер және ашалы, ашасыз құрманың ағаштары бар. Бәрі бір сумен суарылады да жемістерін бір-бірінен өзгеше етеміз». Барлық нәрсені бір сумен қоректендіріп, алайда дәмін түрлі еткен Алла Тағалаға ұлық!

Егер судың иісі болса еді, онда барлық жегеніміздің иісі бір болып, түрлі нәрсені жеудің мәнісі болмай қалар еді.

Жасымыз бен түкірігіміз – ол да судың бір түрі. Алайда, жасымыз тұшшы, ал түкірігіміз – дәмді. Болмаса, екеуіде сұйықтық. Сонымен қатар құлақтың да ащы суы бар. Мұның өзі Хақ Тағаланың рахметілінің белгісі!

Алла Тағала көзімізді тұшшы жаспен көзге көрінбейтін түрлі зиянды нәрседен қорғап қойды. Түкірігіміз тұшшы болса үнемі жағымсыз дәмді сезініп жүрер едік. Алайда, Алла Тағала оны дәмді етті. Мұның келесі бір хикметі – соның арқасында бір тағамның дәмін сезіне аламыз. Құлақтың ащы суына келер болсақ, Хақ Тағала сол арқылы құлағымызды түрлі шыбын-шіркей, құрт-құмырсқадан қорғап қойды.

Осыдан соң біреулердің: «Құдайың маған не беріп жатыр?»,-деген сөзіне қалай таң қалмайсың?!