Сұрақ: Миғраж түні Ережептің 27-дәл не келуінің дәлелі бар ма?
Жауап:
Ережептің 27-ші жұлдызы Миғраж түніне анағұрлым жақынырақ болып табылады және кейбір ғалымдар бұл туралы осы оқиғаның түні болғаны пікірді ұстанған. Алайда, жалпылама алғанда, осы күн жөнінде ғалымдардың пікірлері екіге бөлінгендіктен, Миғраждың дәл осы түні орын алғандығын сеніммен бекітіп айтуға болмайды.
Әсқаләни Хафиз Ибн Хаджар (рахимахуллах) өзіне Миғраж күні туралы оннанастам пікірлер белгілі екенін жазған. (Фатхул Бари, 7 т, б 254-255, 3887 хадис).
Муфассирлердің бірі (Құранға берушілер түсінік) Әл-Қуртуби (рахимахуллах) Миғраж Рабиүл-ахир оқиғасы айында орын алған деген пікірді дұрысырақ көрген. (Қуртуби Тафсир, 5 т, 551 б.).
Мұхаммад Шафи (рахимахуллах) оның пікірімен келісіп, былай айтқан: «Мұхаддистер (Миғраждың) нақты орын алған күніне тоқталмаған, дегенмен Ережептің 27-і күні және деген пікір кең таралған танымал» (Ма’арифул Құран, 5 т, 443 б, сондай-ақ, Сырат-и-Мустафаны қараңыздар, 1 т, 288 б).
Хафиз ибн Абдул Барр (рахимахуллах) мұның Ережеп айында орын алғанына келіскен және имам Нәуәуи «Ар-Раудта» оның пікірімен келіскен.
Айтылғандардан Жоғарыда анық болғандай, ғалымдар әлдебір нақты күнге келісе қоймаған. Мұны мүфти Мұхаммад Таки Усмани «Ислам айлары» кітабында растаған.
Менің ұстазым шейх, мухаддис Фадлюл Рахман Азами (хафизахуллах) Миғраж тақырыбына арналған қысқа мақаласында былай жазған:
«Істің мәні — Миғраж түнінің кесімді күнін тұжырымдау мүмкін еместігінде».
Ал жақсы Алла біледі.
Жауап берген: Мұхаммад Мүфти Әбусұмар
_____________________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz