Ережеп айы. Сұрақтар мен жауаптар: 1. Басында Ережеп айының оқылатын дұға

Сұрақ: Ережеп айының басындағы үш күндік ораза туралы келесі хадис сенімді ме: «Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқан:“Ережеп айының күніндегі ораза үш жылдық күнәні өтейді бірінші, екінші күнгі ораза екі жылдық күнәні өтейді, ал үшінші күнгі ораза бір жылдық күнәні өтейді, одан әрі әрбір оразаның күнінде бір айдың күнәсі өтеледі”?


Жауап:

Әбу Мұхаммед Әл-Халля бұл өте әлсіз иснадпен келтірген хадисті, сондықтан бұл хадисті дәйексөз ретінде келтіруге болмайды.

(Джамиу с-Сағыр, 5051 хадис, Файдул Кадир мен Ат-Тайсир би шархиль Джами ас-Сагырды қараңыз. Сондай-ақ, Сиддик Ахмад әл-Гумаридің «Әл-Мугырын» қараңыз).

Алайда, Молда Әли Қари (рахимахуллах) жалпы айтқанда Ережеп айында бізге мүмкіндігінше қосымша (нәпіл) ораза ұстау қажет деп жазады.

(Әл-Адаб фи Раджаб, 30 б.)
Ал жақсы Алла біледі.
 
Жауап берген: Мұхаммад Мүфти Әбусұмар

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz