Аса Қамқор, Ерекше мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын. Барлық мақтау Әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән.  Сондай-ақ, Оның сүйікті Елшісі Мұхаммадқа, оның сахабалары мен соңынан ергендерге Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!

Содан соң,

Қияметтің жақындауы себебінен жер бетінде бүліншіліктер белең алып, шайтанның  соңынан ергендердің қатары күннен күнге көбеюде.

Аллаһ Тағала Өз кітабында ескертеді:

«Әй, мүміндер, шайтанның ізіне ермеңдер. Кім шайтанның іздеріне ерсе күдіксіз ол ұятсыздықты, жамандықты меңзейді». (Нұр сүресі, 21-аят)

Жақын күнде, азғындық пен жамандықтың сауыты сөгіліп, көптеген адамдар күнәға белшесінен батар, күнтізбеде «қызыл түспен» боялған Жаңа Жыл мейрамы келе жатыр.

Өкініштісі, бұл мейрамның  имансыз қауымдарда пайда болғанына қарамастан, оны тойлаушы мұсылмандардың да саны артып келеді. Тіпті, кейбір дін таратушы кісілерден «бұл күнді тойлауға болады» деген қатерлі сөзді құлағымыз шалғаннан соң, бұл мәселеде қалам тартуды жөн көрдік.

Әсілінде, мұсылмандар үшін тойлауға рұқсат етілген екі-ақ мейрам бар. Оның біріншісі – Ораза айт, екіншісі Құрбан айт.  Сондай-ақ, халаф ғалымдары пайғамбарымыз ﷺ келген айды тойлауға шариғатта рұқсат барын айтқан.  Әрі жұма күні де бұлардың қатарына кіреді. Бұлардан өзгесіне шариғат тыйым салады, әрі оларды тойлауға, өзара құттықтауға, сыйлық таратуға қатаң түрде қайтарылған.

Енді кезекте, шариғат тұрғысынан бұл күнді тойлауға неліктен тыйым салынғанына тоқталсақ:

Алғашқы зиян, бұл күнде Аллаһ Тағала серік қосу бар! Ширк бұл күнәлардың үлкені, адамды сөзсіз тозаққа сүйрейтін, Аллаһтың кешірімінен үмітті болудан айқын түрде айыратын амал. Аллаһ Тағала Құранда ескертеді:

«Аллаһқа серік қоспа! Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық»  (Лұқман сүресі, 13-аят.)

«Аллаһ Тағала өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаһқа ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болады» (Ниса сүресі, 48-аят)

Көптеген адамдар бұл күні ширктің түрлі амалдарын жасайды, Аллаһтан өзгеден сұрайды, Аллаһтан өзгеден дұға тілеп, тілегім орындалады деп күтеді, шыршаларды Қағбаны тауап еткендей айналады және мүшріктер пұттарға құрмет көрсеткендей, сол шыршаларды төрге қойып, оларды безендіреді, сондай-ақ, өмірде Аяз ата мен Ақшақар деген жандардың бар екеніне сенеді және оларды ұлықтап әр түрлі өлеңдер мен әндер шығарады. Сондай-ақ, «бұл жылды қалай қарсы алсаң жылды солай өткізесің» деген жалған ырымдары арқылы ширкке кіреді, мұның жанына сол жылды әртүрлі жануарлардың есімімен атап, соған байланысты сан алуан жұлдыз жорамалдар жасау, болжамдар айту арқылы ғайып іліміне араласуды қосыңыз, сөзсіз бұлардың бәрі — Аллаһқа серік қосу.

Екіншісі, бұл мейрам бидғат болып табылады, яғни, дінге енген жаңалық.  Ал, бидғат бұл адамдардың амалын жоюшы, оларды қабыл етпеуші үлкен күнә. Ол хақында, Айша анамыздан жеткен (радиаллаһу әнһә) хадиисте, Аллаһ Елшісі ﷺ айтады:

«Кімде-кім біздің бұл ісімізге (дінге), онда жоқ нәрсе енгізсе, оның ісі кері қайтарылады (қабыл болмайды)».(әл-Бухари 2697, Муслим 1718)

Сондай-ақ, бұл тозаққа жетелеуші үлкен күнәлардың бірі. Ол жайында, Жәбирден (радиаллаһу әнһ) жеткен хадисте, Аллаһ Елшісі ﷺ айтады:  «Ең жаман амалдар – бұл дінге енгізілген жаңалықтар, ал әрбір дінге енгізілген жаңалық – бұл бидғат, ал әрбір бидғат – бұл адасушылық, ал әрбір адасушылық Тозақта!» (ән-Нәсаи 3/188.).

Келесі апаттардың бірі, харам нәрселерге бой ұру. Яғни, дінде тыйым салынған үлкен күнәларды жүзеге асыру. Атап айтар болсақ:

А) Арақ ішу, спиртті ішімдіктер ішу, құмар ойнау. Осы мейрамды тойлаймыз деп қаншама қаражат харамға жұмсалады? Араққа сылқия тойған жандардың себеінен қанша отбасыда ұрыс-жанжал орын алады. Қанша қаракөз қыздар есінен айырылған қалыпта нәпсісінің құлы болған зинақор еркектердің төсегінде түнейді. Аллаһ Тағала Құранда айтады:

«Расында, шайтан мас қылатын нәрсемен, құмар ойындармен араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Аллаһты еске алудан және намаздан тоқтатуды қалайды. Сонда да тыйылмайсыңдар ма?» («әл-Мәида», 91 аят)

Ә) Зина жасау. Бұл түнде ең көп жасалатын ең үлкен күнәлардың бірі болып табылады. Және сол сансыз зиналардың себебінен талай қыздар жүкті болып, өкінішке ұрынса, соңы аборт секілді қатерлі амалдармен аяқталуда, Сондай-ақ, бұл түнде пәктігінен айырылған, зорланған қыздардың да саны артады. Аллаһ Тағала Құранда құлдарына зинадан сақтануды ескертіп айтады :

«Зинаға жақындамаңдар. Өйткені ол — анық арсыздық және жаман жол» (Исра сүресі, 32 аят)

Б) Әйелдердің жалаңаштануы, жын ойнақтардың көбеюі, шектен тыс ысыраптың орын алуы.  Аллаһ Тағала құлдарына былай деп бұйырады:

 «Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап қылмаңдар, шындығында Алла Тағала ысырап қылушыларды сүймейді»(Ағраф сүресі, 31 аят)

В) Сонымен бірге, бұл күнді тойлауға атсалысу, сылйықтар дайындау, тойланған жерлерге бару да қайтарылған амалдардан. Аллаһ Тағала қасиетті Құран аятында:

«Бір-бірлеріңе жақсылыққа және тақуалыққа көмектесіңдер, бірақ бір-бірлеріңе күнәлі істерге және дұшпандыққа көмектеспеңдер» (Маида сүресі, 2 аят)

Бұл, әрине, біздің назарымызға іліккен күнәлардың кейбірі ғана. Ал, оның сыртында қаншама үлкен-кішілі күнәлар жатыр. Аллаһ Тағаладан бізді шайтанның азғыруынан сақтауын тілеп, пана сұраймыз!

 

Бұл мейрамды тойлауды харам ететін себептердің тағы бірі – кәпірлерге ұқсау. Негізінде, бұл мейрамның мұсылмандарда болмағаны, оларға өзге дін өкілдерінен өткендігі мәлім. Сүйікті пайғамбарымыз айтады:

«Кімде-кім бір қауымға еліктесе, онда, ол солардан» (Ахмад 2/50, Әбу Дауд 4031, әт-Тахауи 231, әл-Байхақи 1199)

Ендеше, бұл мейрамды тойлау адамды кәпірлерге ұқсауға алып келсе, одан әлбетте тыйылу керек. Себебі, амалдардың орындалуы жүректің келісімімен жасалады.

Осы кезекте, кәпірлердің мейрамын тойлаудың шариғаттағы үкімі қандай, ол жайлы үммет ғалымдары қандай пікір айтты, соған тоқталсақ:

Имам, хафиз Джалалуддин ас-Суюти (849-911 х/ 1445-1505 м) діндегі жағымсыз жаңалықтар жайында жазған кітабында:

«Жаман жаңалықтардың бірі – надан мұсылмандардың христиан дініненде үлкен құрметпен атқарылатын Иусус  Христос деген атпен тойланатын қарғыс атқан мерекелерінің тойлаулары.

Кейбір  мұсылмандардың қыс мезгілінде Иса пайғамбардың туған күні деп тойлайтындары және бұл түнде жасалатын амалдардардың барлығы жек көрілген амалдардан болып есептеледі. Бұл амалдарға мысалы: от жағу, арнайы тамақтар дайындау, шырақтар сатып алу және соған ұқсас дайындықтар. Бұл күнді тойлап өту христиан дінінен өткен амал және мұсылманшылықта негізі болмаған мерекелерден. Ислам дінінің алғашқы мұсылмандарында бұл мереке кездеспеген және ол христиан дінінен алынған мереке.

Бұндай жағдай иудейлерде, кәпірлерде, Ислам діні келмей тұрған арабтарда және араб еместерде кездеседі. Мұсылман адам олардың бірде бір амалдарына еліктеп, қолдамауы керек. Аллаһ Тағала  өз Пайғамбарына ﷺ айтты:

«Сосын (Мұхаммед ) сені шариғат ісіне қойдық. Енді сонымен жүр. Білмегендердің ойларына ілеспе. Өйткені олар сені Аллаһтан еш қорғай алмайды. Шынында залымдар бір-бірінің досы. Сондай-ақ Аллаһ тақуалардың досы. (Жасия сүресі, 18-19аят)

«(Мұхаммед ) ол кітап берілгендерге әр түрлі мұғжизаны келтірсең де олар сенің қыблаңа ілеспейді (қосылмайды). Ал, сен де олардың құбыласына қосылушы емессің. Сондай-ақ олар да бір-біреулерінің құбылаларыңа ілеспейді. Өзіңе мұншалық мәлімет келгеннен кейін, олардың ойларына еліктесең, әлбетте сен анық залымдардан боласың.» (Бақара сүресі, 145 аят)

Егер Пайғамбарымызға ﷺ осылай бұйырып тұрса, кәпірлерге еліктеген, оларды қолдаған мұсылмандар жайында не айтуға болады? Кәпірлердің дінің бір бөлшегі болған мерекелерді тойлаған мұсылмандар жайында не айтуға болады?! Қазіргі уақытта ғұламаларымыздың мұсылмандарға діннің сыртқы амалдарын үйретіп, өздері діннің негіздерінен ауытқып, кәпірлердің тойларын тойлау арқылы оларға  еліктеуде.

Пайғамбарымыз ﷺ айтады: «Қиямет күні ең қатты азапқа тартылатын адам — ол білімінен адамдар пайда көрмеген ғалым кісі».

Кәпірлердің қойған мақсаттарына қосылмасада оларға еліктеуге болмайды. Бұған дәлел Ибн Умардан (радиаллаһу әнһ) келген хадис: «Кімде-кім қай қауымға еліктесе, ол солардан» (Әбу Дауд). Бұл хадис ең кем дегенде оларға еліктеуден қайтарады.

Умар ибн Шағб әкесінен, ол атасынан: жеткізеді: «Ақиқатында Пайғамбарымыз айтты: Мұсылман қауымынан болмағандарға еліктеген адам бізден емес. Христиан мен Иудейлерге еліктемендер».

Омар ибн Хаттаб (радиаллаһу әнһ) айтады: «Араб еместердің сөздерін қолданбандар және көпқұдайшылардың ғибадатханаларына кірмендер!»

Омар ибн Хаттаб (радиаллаһу әнһ) көпқұдайшыларға мұсылман қалаларында өз мерекелерін ашық түрде тойламауларына шарт қойған. Егер оларға өз мейрамдарын мұсылман қалаларында тойлауларына тыйым салынса, олардың мерекелерін мұсылман адам қалайша тойламақ?! Оларға тыйым  салынуларының себебі олардың мерекелері күпірлікке немесе ауыр күнәға алып барады. Ал мұсылман адамға екеуі де харам істерден.

Омар ибн Хаттаб (радиаллаһу әнһ) айтты: «Алла дұшпандарының мейрамдарының кезінде олардан алыс болындар, ақиқатында сол уақытта оларға Алланың қаһары түсіп тұрады.» (Бухари)

Кәпірлерге еліктеу харам болғандай, мұсылмандардың кәпірлерге еліктеуге көмектесудің өзі де харам болып табылады. Егер сол мерекелерге шақырылса, оған бармауы керек. Егер мұсылман сол күні басқа мұсылманға сыйлық берсе оны алмауы қажет.

Біл, кәпірлерге еліктемеу — ол Аллаһтың бұйрығы. Кәпірлерге еліктеу жүректердің ауруларынан. Ал жүрегінде ауру болған адамның басқа дене мүшелері жасаған амалдары қабыл болмайды. Мұсылман адамның жүрегі кәпірлерге еш нәрседе еліктемеуі керек, өйткені олардың жасап жатқан амалдары не күпірлік, не болмаса қандай да бір кемшілік. Аллаһқа сансыз мадақтар болсын, бізге игіліктің ең жақсысы және жақсылықтың анасы болған Ислам дінің түсіргеніне!

Шариғатымыз қайтарған амалдарды жасау жиіркенішті нәрсе. Ал, одан жиіркеніштісі мұсылмандардың басқа дін өкілдерінің ойлап шығарған құлшылықтарын жасауы .Егер мұсылмандар дінге жаңалық енгізуі жаман амалдардан болса, ал Алла Елшісі ﷺ көрсетпеген керісінше кәпірлер жасаған амалдар жайында не айтуға болады?! Кәпірлерге ұқсау ең ауыр күнәлаардан. Мұсылманның кәпірлерге қандай да бір амалдарына еліктеуі бидғат немесе жек көрілген істерден болады. Алла Тағала олардың мерекелеріне қатыспайтын мұсылмандар жайында мақтаған :

«Олар өтірікке айғақ болмайды да, бос (пайдасыз) сөздерге кездессе, маңғазданып өтеді.» (Фұрқан сүресі,72-ші аят)

Муджахид, ад-Даххак, ар-Раби ибн Анас айтты: «Бұл көпқұдайшылардың мерекесі».

Жоғарыда, біз Пайғмбарымыз ﷺ: «Мүшріктерден толықтай өзгеше болындар» және  «Кімде-кім қай қауымға еліктесе ол солардан», — деген сөздерін келтіргенбіз.

Біл, сәләф-салихтардың уақытында кәпірлердің мерекелерінде бірге қатысқан мұсылман адам болған емес. Шынайы мұсылман, ол сәләф-салихтардың, Пайғамбарымыз ﷺ хадистерімен, шыншылдардың, шәһидтердің жолымен жүретін адам. Аллаһ баршамызды соларға ерушілерден қылсын! Көптеген надандардың және Аллаһты ұмытқан ғалымдардың кәпірлерге ұқсауда беріліп кеткеніне мұсылман адам мән бермеуі керек.

Фудайл ибн Ияд айтқан: «Тура жолға ер, әрі саған құтылғандардың санының аздығы зиян тигізбесін. Адасқан жолдардан аулақ бол, әрі опат болғандардың санының көптігімен алданба!»

Иә Аллаһым! Өзіңнің мейріміңмен біздерді тура жолды жүрушілердің қатарынан, Пайғмбарымыз ﷺ хадистеріне ерушілерден қыл! Құрдымға ұшырағандардың қатарынан, кәпірлердің жолымен жүрушілерден емес…

[әс-Суюти, «Әмру бил-иттибағ уә нәхиу ән ибтидағ», 67-69 бет]

 

«әл-Кувейтия» атты энциклопедиялық жинақта айтылған:

Кәпірлердің мерекелерінде оларға еліктеу

« «Кім қай қауымға еліктесе ол солардан» деп хадисте айтылғандай, оларға еліктеуге қатан тыйым салынған. Бұл хадистің мағынасы — мұсылмандарды кәпірлердің барлық істерінен қайтару үшін айтылған. Аллаһ Тағала айтты:

«(Мұхаммед! ) Сен олардың діндеріне ермейінше, яһуди де Ххристиан да, сірә, сенен разы болмайды. Оларға: «Әрине Алланһтың жолы сол тура» де. Өзіңе мәлімет келгеннен кейін егер олардың көңілдері тартқанына еліктесең, Аллаһ тарапынан саған не дос не жәрдемші болмас.» (Бақара сүресі, 120 аят)

Имам Байхақи сахаба Омар ибн Хаттабтан (радиаллаһу әнһ) жеткізеді: «Араб еместердің сөздерін қолданбандар және көпқұдайшылардың ғибадатханаларына кірмендер, ақиқатында сол уақытта оларға Алланың қаһары түсіп тұрады».

Ибн Қасим әл-Малики мұсылман адамның христиандарының мерекелерінде оларға сыйлық беруден қайтарған. Өйткені мұндай істер олардың мерекелерін жоғары құрметтеген, олардың күпірліктерінде ортақтасқан болады. Олардың мерекелерінде еліктемегендей олардың мерекелерін атап өтуге көмектесуде де бірдей үкімде болады. Егер мұсылман адамды өз мерекелеріне шақырса мұсылман адам одан бас тартады .Сондай-ақ, егер бір мұсылман екінші мұсылманға басқа дін өкілдерінің мерекелерінің уақытында сыйлықтар сыйласа, оны қабылдамайды. Әсіресе, егер ол сыйлықтар шам (свеча) секілді сыйлықтар болса. Және кәпірлердің мерекелеріне еліктейтін мұсылман міндетті түрде жазалануы керек.

[«әл-Маусуатул Фиқһиятул-Кувейтия», 7/12]

 

Имам Ибн Хадж аль-Малики ( 737 х.) айтты:

«Мұсылмандардың арасында қалыптасып кеткен басқа дін өкілдерінің (христиан, иудей) мерекелері жайында сөзімізді жалғастырамыз. Арамыздағы кейбір адамдар олардың мерекелерін жоғары құрметтеп, оларға еліктеуде. Егер бұндай істерді қарапайым халық жасаса бір сәрі. Бірақ мұндай істерді білім иелерінің арасындада көптеп кездесіп жатады. Онымен қоса, сол адамдар үй ішіндегі адамдарға үлкені-кішісіне сыйлықтар сыйлап, тек жәй ғана «қуаныш сыйлап жатырмын» деп алдануда. Кейбір адамдар шындығына келгенде, христиан, иудейлермен солардың мерекелерінде сыйлықтармен алмасып, оларға мерекелерін атап өтуге сыйлықтар беріп жатады. Осындай амалдарымен мұсылмандар христиан, иудейлердің күпірліктерін одан сайын күшейтуде. Кейбіреулер сиырдың етін, ал басқалары жасыл қауын, құрма немесе жыл мезгіліне сай жемістер сыйлайды.Жоғарыда айтылғанның барлығыда шариғатқа қайшы келеді.

«әл-Утбиййя» кітабында: «Имам Маликтің жақсын серігі болған ибн Абдул-Азиз әл-Каиси (203х, Каир) айтты:«Имам Маликтен бір кісі сұрады: «Егер көршісі (кәпір адам) мұсылманға сыйлық беріп, мұсылман адамның оған сыйлық қайтарғанға не дейсіз?» Имам Малик жауап берді: «Мен мүлдем келіспеймін. Өйткені Алла Тағала Құранда былай деген:

«Әй мүміндер! Менің дұшпандарымды да өз дұшпандарыңды да дос тұтпаңдар. Олар, сендерге келген шындыққа қарсы келсе де оларға сүйіспеншілік көрсетесіңдер». (Мумтәхинә сүресі,1 аят)

Ибн Рушд (520 х) (рахимахуллаһ) айтады: «Сұрақ қоюшу адамның «сыйлыққа сыйлық қайтаруы» ол адамды ұнатып оған деген махаббаттын бар екендігін білдіреді, өйткені Пайғамбарымыз «бір біріңізге сыйлық сыйлаңдар, сонда бір біріңді жақсы көріп,араларыңдағы жек көрініш кетеді» деген. Ал мұсылман адамда кәпір адамға махаббат болмайды. Егер мұсылман адам қателікпен христиан адамнан сыйлық алып қойса оған міндеті түрде қайтаруы қажет.».

Имам Маликтен христиан адаммен бір табақтан тамақтану жайында сұрағанда: «Ол жерден кетіп қалып, христианмен достаспау мен үшін жақсырақ» деген екен.

Ибн Рушд бұл сөзді түсіндіріп айтады: «Христианмен достаспаудың себебі түсінікті, себебі Алла Тағала айтқан :

«Аллаға, ақырет күніне иман келтірген бір елдің  Аллаға, Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің» (Муджәдәлә сүресі,22 аят)

Сондықтан мұсылман адам Аллаға қарсы шыққан, Оған серік қосатын, Пайғамбарымызды адасқанға шығаратын адамды Аллаһ разылығы үшін жек көруі керек. Мұсылман адамның христиан адаммен бір табақтан тамақтануы олардың арасында жылы сезімнің пайда болуын алып келеді. Христиан адамның қолы таза болып есептелсе де бұлай жасауы дұрыс болмайды».

«Мухтасар әль-уәдиха» кітабында  Имам Маликтің ең үздік шәкірті ибн әл-Қасимнан: «Христиан дінінің мерекесінде олармен бірге қайықтан жарысқа қатыссам бола ма?- деп сұралғанда: «Жоқ, болмайды. Мен кәпір адаммен бір жерде жиналғаны үшін Аллаһың азабы оғанда түсе ме деп қорқамын…» деп жауап берген екен.

Фадл ибн Сәләма айтты: «Ибн Қасим христиандардың мерекесіне орай оларға сыйлық беруді ұнатпаған. Ол бұл іспен мұсылман адам кәпірдің мерекесін құрметтеп, күпірлігін арттыратының айтқан. Мұсылман адамға христиан адамға олардың мерекесіне пайда беретін заттарды бермеуі де, сатпауы да қажет: ет,дәмдеуіш (приправа), киімді, мінетін аттар секілді малдарды және оларға көмектеспеуі керек. Өйткені бұл істерімен мұсылман адам олардың ширктерін құрметтеп, күпірліктерін арттырған болады. Шындығында басшылар мұсылмандарға мұндай амалдарды жасаудан қайтарудары міндетті және осы пікірді Имам Малик және басқалары ұстанған. Мен бұл пікірге қарсы болған бірде бір ғалымды кездестірмедім.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей «Кімде кім қай қауымға еліктесе ол солардан» деген хадистен түсінетіміз, мұсылман адам кәпірлерге әрбір ісінде ұқсамауы керек. Пайғамбарымыздың басқа кітап иелеріне ұқсауды жек көргені соншалық иудейлер айтқан екен «:Шындығында Мұхаммед біздердің істеріміздің біреуінде қалуын қаламайды, тек ол іспен қарсы келмесе».

Шындығында, мұсылмандардың арамыздағы надандары кәпірлерге еліктеп, олардың мерекелерін құрметтеп, күпірліктерін ұлықтап кеткені соншалық,кәпірлер мұсылмандардың оларға еліктеп, көмектесіп,бірге мерекелерін тойлағаның көріп, өздерін ақиқатта жүрміз деген ойлары күшейіп кетті. Аллаһ сақтасын!»

[«Мадхаль» том 2 стр 46]

 

Әбу Сағид әл-Худриден жеткен хадисте, Пайғамбарымыз  (ﷺ): «Сендер өздеріңнен бұрынғылардың жолдарымен қарыстап, шынтақтап еретін боласыңдар. Тіпті, олар кесірткенің ініне кіріп кетсе, сендер де оған кіретін боласыңдар», – дейді. Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі ()! Олар яһудилер мен христиандар ма?» – деп сұрайды. Сонда Алланың Елшісі (): «Басқа кім болсын?» – деп жауап береді.(Бухари 3381,Муслим 6732)

Осы хадистің шархында имам Науауи айтады:

«Қарыс, шынтақ, кесірткенің ініне кіру жайлы айтылуы мұсылмандардың кәпірлерге күнәларында сондай қатты еліктейтіні айтылған. Бұл Алла Елшісінің (ﷺ) кереметі болса керек, өйткені өазіргі уақытта сол айтқандарының барлығы орынндалып жатқанын көрудеміз.»

[«Шарх сахих Муслим», хадис № 2669]

Ибн Касир әд-Димашки «Бидая уә ән-нихая» кітабында жоғардағы хадиске берген түсіндірмесінде былай дейді:

«Мұсылман адамға  басқа дін өкілдеріне, мерекелеріне, жыл мезгілі сайын болатын шараларына, құлшылықтарының рәсімдеріне еліктеуге болмайды. Өйткені Алла Тағала бізге ұлы, барлық жағынан қамтылған кәміл дінді түсірді. Егер Тәурат түсіріген Муса ибн Имран, Інжіл түскен Иса ибн Мариям қазіргі уақытта арамызда болғанда ешкімге оларға еруге болмайтын еді. Егер бүкіл пайғамбарлар арамызда болғанда барлығына да өзіміздің ұлы болған Шариғатымыздан басқа жолға еруге болмайтын еді. Егер Алла Тағала бізге Мұхаммедтің ﷺ үмметі болу нығметін нәсіп етсе, қалайша біз өздері адасқан және басқаларды да адастыратын қауымға еліктеуіміз қажет? Олар өздерінің діндерін қалағанынша талқылап, өзгерткені соншалық, әуелгіде түскен халіне мүлдем ұқсамайды. Біздің шариғат түсумен олардың діндерінің үкімі жойылды. Олардан кішіде, үлкенде амалдары қабыл болмайды. Үкімі жойылған — мүлдем болмағанмен тең. Алла кімді қаласа тура жолға бастайды.»

Куә болғандарыңыздай, үмметтің ірі ғалымдары бұл күнді тойлаудан үзілді кесілді бас тарту керектігін ескертеді. Және де, жоғары да баян етілгендей бұл мейрамда  титтей де жақсылық жоқ. Сол үшін де, әр амалы есепке тартылатын Махшар күніне азық жинаған әрбір адам бұл күнді атап өтуден бас таруы керек және адамдарды осыған шақыруы тиіс.

Аллаһ Тағала айтады:

«Сендердің араларыңда мынадай жамағат болсын, олар басқаларды игілікке шақырып, жақсылыққа үндесін. Жамандықтан тыюға тырыссын. Міне, осылар нағыз мақсатына жеткендер» (Әл-Имран» сүресі, 104-аят)

Аллаһ Тағала бәрімізге тауфиқ берсін!

Мақаланы аударып, жинақтаған HANAFI.KZ сайты