Имамға ұйыған кісі (муқтади), «Сәнә», «тәшәһһуд» сынды дұғаларды ғана іштей айтып, «Фатиха» және қосымша сүрені оқымайды. Бұған Ханафи мәзһабынан өзге мәзһаб ғалымдары да келіседі. Айталық, Абдуллаһ ибн Уәһәб, Мәлики мәзһабы ғалымы Әшһәб және табиғин Ибн Мусәйяб т.б.[1]. Ал бұл мәселе төменде келтірілген Пайғамбарымыздың  () асыл сөздерінде айтылған. «Сахих Мүслимде» риуаят етілген №577 хадисте сахаба Саид ибн Сәбиттен имамның артында қосылып қырағат ету жайында сұрағанда, ол:

سَأَلَ زَيْد بْن ثَابِت — رَضِيَ اهللَ عَنْهُ — عَنْ الْقِرَاءَة مَعَ الِمَام فَقَالَ : الَ قِرَاءَة مَعَ الِمَام فِي شَيْء. رواه مسلم

«Еш жерде имамның артында қырағат ету деген жоқ», – деп жауап берді[2]. Сондай-ақ, «Сахих Мүслимде» Сахаба Имран ибн Хусайн былай дейді:

عن عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ قَالَ صَلّى بِنَا رَسُولُ اهللِّ صَلّى اهللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ صَالَةَ الظّهْرِ أَوْ الْعَصْرِ فَقَالَ أَيّكُمْ قَرَأَ خَلْفِي بِسَبِّحِ اسْمَ رَبِّكَ األَْعْلَى فَقَالَ رَجُلٌ أَنَا وَلَمْ أُرِدْ بِهَا إِالّ الْخَيْرَ قَالَ قَدْ عَلِمْتُ أَنّ بَعْضَكُمْ خَالَجَنِيهَا. رواه مسلم.

«Пайғамбарымыз () бізге бесінде ме, жоқ екіндіде ме, имамдыққа шығып, намаз оқыды. Намаздан кейін бізге қарап: «Қайсың артымда тұрып «Сәббихисма Раббикәл әълә» деген?» – деп сұрады. Ұюшылардың бірі: «Мен едім, бірақ жаман ойым болған жоқ», – деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз: «Қайсысы менімен жарысып тұрған деп ойлап қалдым»[3] – дейді өзгелердің имаммен таласып оқып тұруын дұрыс көрмей. Хадисші Тирмизиде «сахих жолмен» жеткен бір риуаятта сахаба Жәбир ибн Абдулланың мына сөзі келген. Ол (р.а.) былай дейді:

عن أبي نُعيم وهبٍ بن كَيسانَ أنّه سمع جابر بن عبد الله يقول: من صلى ركعةً لم يقرأ فيها بأمّ القران، فلم يصلّ إلاّ أن يكونَ وراءَ المام» رواه ترمذي (حديث حسن صحيح)

«Кімде-кім бір рәкағатта болсын, Фатиха сүресін оқымаса, намазы жоққа есеп. Тек Имамның артында тұрса ол басқа» (Хадис Хасан және сахих)[4]. Дарақұтнидің «Сүнәнындағы» сахаба Әбу Дәрданың мына сөзі риуаят етіледі:

عن أَبِي الدّرْدَاءِ (فقيه الشام) سَمِعَهُ يَقُولُ سُئِلَ رَسُولُ اهللِّ صَلّى اهللُّ عَلَيْهِ وَسَلّمَ أَفِي كُلِّ صَالَةٍ قِرَاءَةٌ قَالَ نَعَمْ قَالَ رَجُلٌ مِنْ األَْنْصَارِ ْوَجَبَتْ هَذِهِ فَالْتَفَتَ إِلَيّ وَكُنْتُ أَقْرَبَ الْقَوْمِ مِنْهُ فَقَالَ مَا أَرَى الِْمَامَ إِذَا أَمّ الْقَوْمَ إِالّ قَدْ كَفَاهُم

«Бір кісі Пайғамбарымыздан: – Барлық намазда қырағат етіле ме? – деп сұрағанда: – «Иә», – деген жауап естіді. Сонда жаңағы кісі: «Бұл маған міндет болды», — дейді (Әбу Дарда). Сол кезде жұртқа қарағанда мен Пайғамбарымызға ең жақынырақ тұр едім. Ол кісі маған бұрылып: – Алайда қашан жамағат имаммен бірге оқыса, оның оқығаны жамағатқа жетеді», – деген еді[5].

حَدّثَنِي يَحْيَى، عَنْ مَالِكٍ، عَنْ نَافِعٍ، أَنّ عَبْدَ اهللِّ بْنَ عُمَرَ، كَانَ إِذَا سُئِلَ هَلْ يَقْرَأُ أَحَدٌ خَلْفَ الِمَامِ قَالَ إِذَا صَلّى أَحَدُكُمْ خَلْفَ الِمَامِ فَحَسْبُهُ قِرَاءَةُ الِمَامِ وَإِذَا صَلّى وَحْدَهُ فَلْيَقْرَأْ ‏.‏ قَالَ وَكَانَ عَبْدُ اهللِّ بْنُ عُمَرَ لاَ يَقْرَأُ خَلْفَ الِمَامِ «. رواه مالك بن أنس

Имам Мәликтің «әл-Муатта» атты хадис кітабындағы риуаятта сахаба Абдулла ибн Омардан (р.а.): «Имамның артында тұрған адам қырағат ете ме?» – деп сұрағанда, ол (р.а.): «Кімде-кім, имамға ұйып намаз оқыса, имамның қырағат етуі жеткілікті. Ал жеке оқығанда қырағат етсін»[6], — деп жауап берген. Абдулла ибн Омар имамның артында тұрғанда қырағат етпейтін. Жоғарыда келтірілген хадистердің барлығы имамға ұйыған кісінің іштей «Фатиха» және зәм сүрені оқымайтындығына дәлел. Кей ғалымдар сахаба Әбу Һұрайра мен Айша анамыздан риуаят етілген: «Фатиха сүресі оқылмаған намаз толық емес» деген хадиске сүйеніп, имамның артындағы жамағат та оқуы керек дегенді алға тартқан. Алайда бұл хадис оған дәлел бола алмайды. Өйткені Пайғамбарымыз () бұл хадисті намазды жеке оқитындарға арнап айтқан болуы мүмкін. Себебі, басқа хадисте:

عن جابر عن أبي الزبير عن جابر قال قال رسول الله صلى الله عليه و سلم: « مَنْ كَانَ لَهُ إمَامٌ فَقِرَاءَةُ الِْمَامِ لَهُ قِرَاءَةٌ «. رواه ابن ماجه (حسن)

Сахаба Жәбирдің (р.а.) риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (): «Кім имамға ұйыған болса, имамның қырағат етуі – оның да қырағаты болып есептеледі»[7], – деген[8].

و أنس بن سيرين قال: قال عمر بن الخطاب: « تَكْفِيكَ قِرَاءَةُ الِْمَامِ». رواه ابن أبي شيبة في «المصنف».

Әнас ибн Сириннің риуаяты бойынша Омар ибн Хаттаб: «Саған имамның оқуы жеткілікті», – деген. «Фатиха оқымағанның намазы жоқ» деген хадиске Имам Ахмад ибн Ханбал: «Бұл хадис намазды жалғыз оқитындарға арналған», — деп түсіндірме берген[9]. Имамға кешігіп келіп ұйыған адам (мәсбуқ), имам сәлем бергеннен кейін, тұрып оқылмай қалған рәкағаттарында «Фатиха» және зәм сүрені оқиды. Өйткені ол өз бетінше оқитындардың қатарынан саналады[10].

[1] Бәдруддин Айни, Нухабүл-әфкәр – 4/88 бет.
[2] Мүслим, №577 хадис.
[3] Мүслим, №398 хадис.; Нәсәи-387баб/991 хадис.
[4] Тирмизи – 1/317бет, №313-хадис.
[5] Дарақұтни сүнәні, 2/125 бет, №1262 хадис.
[6] әл-Муатта Имам Мәлик – 1/86 бет: 10 баб, 43-хадис.
[7] Ибн Мажә, 376 бет/ 850 хадис.; Зәуәиду Сүнән Дарақұтни, №563 хадис.
[8] Имам Тахауи, Шарху Мағаниль Әсәр, Имамның артында қирағат ету бабы. 4/89 бет.
[9] Ибн Әби Шәйбә, «ман раххаса филь қираәтә халфәль имам», №9-хадис..
[10] А. Қасымов, Дәлел-дәйектерімен намаз оқудың үлгісі, 45 — 51 бетер. «Дәуір» баспасы, Алматы, 2013 ж.

Источник: islam.kz