Сұрақ: Келесі хадис сахих пе:«Күнәһарға дүниеде берілген түрлі игіліктерге қызықпаңдар, себебі оның өлімнен кейінгі жазасын білмейсіңдер; оның өлтірушісі болады (жаһаннам), бірақ ол (онда) өлмейді».

 
Жауап:

Имам Табарани мен имам Байһақибұл хадисті Әбу Хурейрадан (оған Алла разы болсын) келтірген. Имам Ирақи оның иснадын әлсіз деген.
(Әл-Мүжәмүл Әусат, 4079 хадис, Әл-Муғни, Ән Хәмлил Асфар, 1980 хадис).
Дегенмен, бұндай хадис сәл өзгертіліп басқа иснадтармен де берілген. Ол риуаяттар бірін-бірі толықтырып күшейтеді, сондықтан оларды хадис ретінде келтіруге болады.
(Әл-Мұдауи, 9834/3696 хадис. Мәжмәғәз-Зәуәид, 10 том, 355 бет).
Ал Алла жақсы біледі.
 

Жауап берген: мүфти Сұхайл Мотала
Тексерген: мүфти Мұхаммад Әбусұмар

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz