Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ұрпағынан болған, он екінші ғасырдың муджадиді, имам Абдулла ибн Әляуи әл-Хаддад әл-Хусайни (оған Алланың рақымы болсын) 1044-1132һ.ж., былай деп айтқан:

اعلم أن مذهب الأشاعرة في الاعتقاد هو ما كان عليه جماهير أمة الإسلام علماؤها ودهماؤها، إذ المنتسبون إليهم والسالكون طريقهم كانوا أئمة أهل العلوم قاطبة على مرّ الأيام والسنين، وهم أئمة علم التوحيد والكلام والتفسير والقراءة والفقه وأصوله والحديث وفنونه والتصوف واللغة والتاريخ

«Біліп ал, ақиқатында ақидадағы Әшғари [Матуриди] мәзхабы, бұл Ислам үмметінің көпшілігі жәнеде олардың ғұламаларының жолы. Өйткені өздерін Әшғарилерден санап сол жолға тұрғандар, күндер жылдар бойы ілім иелері болған Имамдар еді. Олар [Әшғарилер мен Матуридилер] осындай Ислам ғылымдарында имам болған еді: таухид, кәлям, тәпсір, қыраат, фиқһ, усул әл-фиқһ, хадис, тасаууф, тіл, тарих ғылымдарында».[Дерекнама: Абдулла ибн Әляуи әл-Хаддад әл-Хусайни  «Наилйул марам шарх ақидатул Ислам», 8.]

Алла Тағаланың көмегімен әрбір ғасырда болған, есімдері ілім талап етушілер мен ғалымдардың тілдерінен кетпейтін және олар қалдырған еңбектері ғасырлар бойы ілім қайнары болған, Әшғарилер мен Матуридилер ғұламаларының аттарын атап өткен жөн.

Сонда сіздер исламның әрбір ғылымының жетекшілері Әшғарилер мен Матуридилер болғанына көз жеткізе аласыздар [яғни сенім (ақида) турасында]. Расында олар өздерінің еңбектерімен ислам ғылымын толтырып, адасқандарға орын қалдырмады. Қалдырып кеткен еңбектері жазылған кезден бастап бүгінгі күнге дейін сұраныста. Олардың барлығы ақиқатында Әһлү Сүнна ақидасында болған.

«Әшғари» термині кең мағынада түсінген дұрыс, себебі ілім иелері “Матуриди [ханафи]” немесе “Асари [ханбали]” болсада олар бір ұстанымда. Өйткені ең маңызды нәрсе бұл дұрыс ақидада болу. Әһлү Сүнна, Алла Тағаланы жаратылыстарға ұқсатудан пәктеу сенімінде, Жаратушыға – мекен, орын, қимыл, дене-мүшемен сипаттау сияқты адасушылықтардан пәк ақидасында болған ғұламалар. Ендеше олардың аттарын атап өтейік. 

Фиқһ және  Усул әл-Фиқһ

Бізге Шариғатты түсіндіріп берген Фақиһ-ғұламалардың қалдырған еңбектерін, бағалау мүмкін емес. Олардың [Фақиһтердің] жазған еңбектерін, арнайы Ислами оқу орындарына білім талап етушілер оқып өтпеулері мүмкін емес, әтпесе олар [білім талап етушілер] өз аттарына лайық болмайды.

Ханафи мәзхабының ғұламалары

Әс-Сарахаси (483 һ.ж.), Әбул-Йуср әл-Баздауи (421-493 һ. ж), әл-Қасани (587 һ.ж.), әл-Марғинани (530-593 һ.ж.), Зайнуддин әл-Кирмани (597 һ.ж.), әл-Маусили (599-683 һ.ж.), әз-Зайля’й (743 һ.ж.), Сираджуддин әл-Ғазанауи (704-773 һ.ж.), Әляуддин әл-Бұхари (790 һ.ж.), Бахауддин Ибн әз-Зия (789-854 һ.ж.), Камалуддин ибн Хумам әс-Сиуаси (790-861 һ.ж.), Ибн Әмир әл-Хадж (825-879 һ.ж.), Рахматулла әс-Синди (993 һ.ж.), Ибн Нуджейм (970 һ.ж.), Низамуддин әл-Балхи (1036 һ.ж.), әш-Шурунбуляли (994-1069 һ.ж.), әл-Хасқафи (1025-1088 һ.ж.), әл-Хадими (1113-1176 һ.ж.), әз-Забиди (1205 һ.ж.), әт-Тахтауи (1231 һ.ж.), Ибн Абидин (1198-1252 һ.ж.), Әбдул-Ғани әл-Майдани (1298 һ.ж.) және тағы басқалары, Алла Субхану Тағала олардың баршасын өзінің рақымына бөлесін.

Мәлики мәзхабының ғұламалары

Әбдул-Уаххаб әл-Бағдади (362-442 һ.ж.), Әбул-Уалид әл-Баджи (419-478 һ.ж.), Ибн Рушд (450-520 һ.ж.), Әбу Бәкір әт-Тартуши (451-520 һ.ж.), Әбу Бәкір ибн әл-Араби (468-543 һ.ж.), Қади Ийяд (476-544 һ.ж.), Әбул-Хасан Ибн әл-Қаттан (562-628 һ.ж.), Ибн әл-Хаджиб (646 һ.ж.), Әбул-Хасан әш-Шәзәли (593-657 һ.ж.), әл-Қуртуби (600-671 һ.ж.), әл-Қарафи (684 һ.ж.), Таджуддин әл-Фақихани (654-734 һ.ж.), Ибн әл-Хадж әл-Әбдари (737 һ.ж.), әл-Мукри (759 һ.ж.), әш-Шариф әт-Тилимсани (771 һ.ж.), әш-Шатыби (790 һ.ж.), Халил ибн Исхақ әл-Джунди (776 һ.ж.), Бурхануддин Ибн Фархун (799 һ.ж.) Ибн Халдун (732-808 һ.ж.), Мұхаммед ибн Сулейман әл-Қафиджи (788-879 һ.ж.), Мұхаммед ибн Юсуф әс-Сануси (895 һ.ж.), Яһия әл-Хаттаб әр-Руяни (902-995 һ.ж.), Ибн Ашир (990-1040 һ.ж.), әл-Ляккани (971-1078 һ.ж.), әз-Зарқани (1055-1122 һ.ж.), ән-Нафрауи (1126 һ.ж.), әл-‘Әдауи (1112-1189 һ.ж.), Ахмад әд-Дардир (1127-1201 һ.ж.), әд-Дусуки (1230 һ.ж.), Ахмад ибн Башир әш-Шанқыти (1276 һ.ж.) және тағы басқалары, Алла Субхану Тағала олардың баршасын өзінің рақымына бөлесін.

Шафиғи мәзхабының ғұламалары

Әбу Абдулла Хусейн ибн Хасан әл-Халими (403 һ.ж.), Әбу Исхақ әл-Исфарайини (418 һ.ж.), Әбу Мұхаммед әл-Джувейни (438 һ.ж.), Әбу Усман әс-Сабуни (449 һ.ж.), Әл-Байхақи (384-458 һ.ж.), Әбул-Қасим әл-Қушейри (376-465 һ.ж.), Әбу Исхақ әш-Ширази (393-476 һ.ж.), Әбул-Маали әл-Джувейни (419-478 һ.ж.), Әбу Саид әл-Мутауали (426-478 һ.ж.), Әбу Хамид әл-Ғазали (450-505 һ.ж.), Фахруддин ар-Рази (544-606 һ.ж.), Иззуддин ибн Абдуссалям (577-660 һ.ж.), ар-Рафии (555-623 һ.ж.), Мухиддин ән-Нәуәуи (631-676 һ.ж.), Тақыюддин әс-Субки (683-756 һ.ж.) және оның ұлы Таджуддин әс-Субки (727-771 һ.ж.), Тақыюддин әл-Хисни (752-829 һ.ж.), әл-Махалли (790-863 һ.ж.), Джалалуддин әс-Сүюти (849-911 һ.ж.), Зәкария әл-Ансари (823-926 һ.ж.), Ибн Хаджар әл-Хайтами (909-974 һ.ж.), Шихабуддин ар-Рамли (957 һ.ж.) және оның ұлы Шамсуддин ар-Рамли (919-1004 һ.ж.), Хатыб әш-Ширбини (977 һ.ж.), әл-Буджайрими (1131-1221 һ.ж.), әл-Байджури (1198-1276 һ.ж.), Абдул-Хамид әш-Шируани (1301 һ.ж.), Мұхаммед ибн Абдулла әл-Джурдани (1331 һ.ж.), Мұстафа әл-Буға (дүниеге келген жылы 1357 һ./1938 м.), Вахба аз-Зухайли (дүниеге келген жылы 1351 һ./1932 ж.), Мухаммад аз-Зухайли (дүниеге келген жылы 1360 һ./1941 м.), Хасан Хиту (дүниеге келген жылы 1362 һ./1943 ж.) және тағы басқалары, Алла Субхану Тағала олардың баршасын өзінің рақымына бөлесін.

Ханбали мәзхабының ғұламалары

Әбул-Хасан Әбдул-Азиз ибн Харис әт-Тамими (371 һ.ж.), Әбул-Фадл Әбдул-Уахид ибн Әбдул-Азиз ат-Тамими (341-410 һ.ж.), Әбу Мұхаммед Ризқулла ибн Әбдул-Уаххаб әт-Тамими (401-488 һ.ж.), Әбул-Хаттаб әл-Калуазани әл-Бағдади (432-510 һ.ж.), Әбул-Уафа ибн Ақил (431-513 һ.ж.), Ахмад ибн Ма’али ибн Баракат әл-Харби (554 һ.ж.), Әбдул-Қадир әл-Джиляни (470-561 һ.ж.), Әбул-Фарадж ибн әл-Джаузи (508-597 һ.ж.), Ибн Қуддама әл-Мақдиси (541-620 һ.ж.), Әбдур-Раззақ әр-Рас’ани (589-661 һ.ж.), Ахмад ибн Хамдан әл-Харрани (603-685 һ.ж.), Наджмуддин әт-Туфи әс-Сарсари (657-716 һ.ж.), Шамсуддин ибн Муфлих әл-Мақдиси (708-763 һ.ж.), Бурхануддин Ибн Муфлих (816-884 һ.ж.), Әляуддин әл-Мардауи (817-885 һ.ж.), Әбдул-Бақи әл-Мауахиби әл-Ханбали (1071 һ.ж.), Ибн әл-Имад (1032-1089 һ.ж.), Ахмад ибн ‘Ауд әл-Мардауи (1102 һ.ж.), Мұхаммед әс-Саффарини (1189 һ.ж.), Ибн Шатты әл-Ханбали (1307 һ.ж.), әл-Лябади (1319 һ.ж.), Абдулла ибн Сауфан әл-Қуддуми (1331 һ.ж.) және тағы басқалары, Алла Субхану Тағала олардың баршасын өзінің рақымына бөлесін.

Хадис ілімінің ғұламалары

Хадис ілімінің ғұламалары, хафиздер, хадис ғылымы жайлы көптеген еңбек иелері, және хадис жинақтарының тәпсірі мен түсініктемелерін жазып қалдырып кеткен ғұламалар.

Әбу Хатим Ибн Хиббан әл-Бусти (270-354 һ.ж.), Әбу Мұхаммед ар-Рамахурмузи (360 һ.ж.), Әл-Хаким ан-Нишапури (341-405 һ.ж.), әл-Байхақи (384-458 һ.ж.), Әбу Бәкір әл-Исмаили (277-371 һ.ж.), Әбу Сүлеймен әл-Хаттаби (319-388 һ.ж.), Әбу Нуайм әл-Асбахани (336-430 һ.ж.), Әбу Зарр әл-Харауи (355-435 һ.ж.), ибн Баттал (449 һ.ж.), әл-Хатыб әл-Бағдади (392-463 һ.ж.), Әбул-Ғафир ибн Исмаил әл-Фариси (451-529 һ.ж.), әл-Мазури (453-536 һ.ж.), Әбу Тахир әс-Силяфи (478-576 һ.ж.), Ибн Асакир (499-571 һ.ж.), Әбу Са’д әс-Сам’ани (506-562 һ.ж.), Қади Ийяд (476-544 һ.ж.), Ибн әс-Салях (577-643 һ.ж.), Әбдул-Азым әл-Мунзири (581-656 һ.ж.), Әбул-Аббас әл-Қуртуби (578-656 һ.ж.), ән-Нәуәуи (631-676 һ.ж.), Ибн Әби Джамра әл-Андалуси (695 һ.ж.), Ибн ибн Дақиқ әл-Ид (625-702 һ.ж.), Ибн Джама’а (639-733 һ.ж.), Әбул-Хаджадж әл-Миззи (654-742 һ.ж.), Салахуддин әл-‘Аләи (694-761 һ.ж.), Ибн Касир (701-774 һ.ж.), әл-Кирмани (717-786 һ.ж.), аз-Заркаши (745-794 һ.ж.), әл-Мулаккан (723-804 һ.ж.), Нуруддин әл-Хайсами (735-807 һ.ж.), Абдурахим әл-Ирақи (725-806 һ.ж.) және оның ұлы Әбу Зурра әл-Ирақи (762-826 һ.ж.), Джалалуддин әл-Булкини (762-824 һ.ж.), әл-Әби (827 һ.ж.), Ибн Хаджар әл-Асқаляни (773-852 һ.ж.), Бадруддин әл-Айни (762-855 һ.ж.), Джалалуддин әс-Сүюти (849-911 һ.ж.), әс-Сахауи (831-902 һ.ж.), әл-Қасталяни (851-923 һ.ж.), Мулла Әли әл-Қари (1014 һ.ж.), Абдурауф әл-Манауи (952-1031 һ.ж.), Ибн Аллян (996-1057 һ.ж.), әл-Байкуни (1080 һ.ж.), Мұхаммед ибн Әбдул-Бақы әз-Заркани (1122 һ.ж.), әл-Аджхури (1190 һ.ж.), әл-‘Аджлуни (1162 һ.ж.), Шах Уалиулла әд-Дахляуи (1114-1176 һ.ж.), Муртаза әз-Зәбиди (1145-1205 һ.ж.), әл-Лякнәуи (1264-1304 һ.ж.), Ахмад әс-Сахаранфури (1269-1346 һ.ж.), Мұхаммед Ануар Шах әл-Кашмири (1292-1352 һ.ж.), Бадруддин әл-Хасани (1267-1354 һ.ж.), Мұхаммед Захид әл-Каусари (1296-1371 һ.ж.), Юсуф әл-Бинури (1326-1397 һ.ж.), Мұхаммед Закари әл-Кандахләуи (1315-1402 һ.ж.), Абдулла  әл-Ғумари (1328-1413 һ.ж.), Әбдул-Фаттах Әбу Ғудда (1336-1417 һ.ж.), Абдулла  Сиражуддин (1342-1422 һ.ж.), Мұхаммед Аууама (туған жылы 1358 һ.), Нуруддин Итр (туған жылы 1356 һ.), Алла Субхану Тағала олардың баршасын өзінің рақымына бөлесін.

Ақида мен кәләм ғұламалары

Ақида мен таухид ілімінде болған маман ғұламалар, мұсылмандардың сенімін әртүрлі адасушылықтардан, дінсіздерден, философтардан қорғап, Әһлү Сүнна Уәл Жамаға ақидасын жазып баяндаған еңбек иелірі.

Ибн Муджахид ат-Таи әл-Басри (370 һ.ж.), Әбул-Хасан Әли әт-Табари (360 һ.ж.), Әбул-Хасан әл-Бахили (375 һ.ж.), Әбу Бәкір әл-Исмаили (277-371 һ.ж.), Әбу Сулейман әл-Хаттаби (319-388 һ.ж.), Әбу Бәкір әл-Бақилләни (338-403 һ.ж.), Әбу Исхақ әл-Исфарайини (418 һ.ж.), Әбу Бәкір ибн Фурақ (406 һ.ж.), Әбу Абдулла әл-Халими әш-Шафиғи (403 һ.ж.), Әбу Мансур әл-Бағдади (429 һ.ж.), Әбу Усман ас-Сабуни (449 һ.ж.), Әбу Бакр әл-Байхақи (384-458 һ.ж.), Әбу Музаффар әл-Исфарайини (471 һ.ж.), Әбул-Уалид әл-Баджи (403-474 һ.ж.), Әбул-Мъали әл-Джувейни (419-478 һ.ж.), Әбу Хамид әл-Ғазали (450-505 һ.ж.), Әбу Наср әл-Қушейри (434-514 һ.ж.), Әбул-Муин ән-Насафи (418-508 һ.ж.), Әбу Хафс ән-Насафи (461-537 һ.ж.), Әбу Бәкір ибн әл-Араби (468-543 һ.ж.), Әбул-Фатх әш-Шахристани (479-548 һ.ж.), әл-Мазури (453-536 һ.ж.), Әбул Фарадж ибн әл-Джаузи (508-597 һ.ж.), Фахруддин ар-Рази (544-606 һ.ж.), Ибн Хумайр әс-Сабти (550-614 һ.ж.), Фахруддин ибн Асакир (620 һ.ж.), Исмаил әш-Шайбани (544- 629 һ.ж.), Сайфуддин әл-Амиди (551-631 һ.ж.), Иззуддин ибн Абдуссаләм (577-660 һ.ж.), Джамалуддин әл-Хусейри (546-636 һ.ж.), Ибн әл-Хаджиб (646 һ.ж.), Шихабуддин әл-Карафи (684 һ.ж.), әл-Байдауи (685 һ.ж.), Сафийуддин әл-Хинди (715 һ.ж.), Ибн Джахбал әл-Халәби (733 һ.ж.), Бадруддин ибн Джама’а (639-733 һ.ж.), Әбу Хайиән әл-Андалуси (654-745 һ.ж.), Тақиюддин әс-Сүбки (683-756 һ.ж.), Адудуддин әл-Ииджи (680-756 һ.ж.), Акмалуддин әл-Баберти (714-786 һ.ж.), Садуддин әт-Тафтазани (712-793 һ.ж.), әш-Шариф әл-Джурджани (740-816 һ.ж.), Тақйуддин әл-Хисни (752-829 һ.ж.), Мұхаммед ибн Юсуф әс-Сануси (832-895 һ.ж.), Джалалуддин әс-Сүюти (849-911 һ.ж.), Мулла Әли әл-Қари (1014 һ.ж.), Ибрахим әл-Ләккани (971-1078 һ.ж.), Ахмад ад-Дардир (1127-1201 һ.ж.), Ахмад әс-Сәуи (1175-1241 һ.ж.), әл-Байджури (1198-1276 һ.ж.), Әбдул-Ғони әл-Майдани (1222-1298 һ.ж.), Ибрахим ибн Ахмад әл-Мариғни (1278-1349 һ.ж.), Мұхаммед Хидр әш-Шанқыти (1290-1354 һ.ж.), Мұхаммед Захид әл-Каусари (1296-1371 һ.ж.), Мұстафа Сабри (1286-1373 һ.ж.), Мұхаммед әл-‘Араби әт-Таббани (1315-1390 һ.ж.), шейх Саид Фуда (туған жылы 1387 һ.ж./1967 м.ж.) және тағы басқалары, Алла Субхану Тағала олардың баршасын өзінің рақымына бөлесін.

Тәпсір

Атақты муфассир ғұламалар, Құран ілімінің мамандары, Құран тәпсірлерінің авторлары, Ислам әлеміне кеңінен тараған және аттары тарих беттерінде қалған. Олардың тәпсір еңбектері осы күнге дейін мұсылмандармен қолдануда.

Әбу Лейс әс-Самарқанди (375 һ.ж.), Ибн Фурақ (406 һ.ж.), Әбу Исхақ әс-Са’ләби (427 һ.ж.), Әбул-Хасан әл-Уахиди (468 һ.ж.), Макки ибн Әби Талиб әл-Кайрауани әл-Мәлики (355-437 һ.ж.), Әбу Бәкір ибн әл-Араби (468-543 һ.ж.), Әбу Мұхаммед әл-Бағауи әш-Шафиғи (436-510 һ.ж.), Әбу Наср әл-Қушайри (434-514 һ.ж.), Ибн Атыйә әл-Андалуси (481-542 һ.ж.), Фахруддин әр-Рази (544-606 һ.ж.), Әбу Абдулла әл-Қуртуби әл-Мәлики (600-671 һ.ж.), Әбул-Хайр әл-Байдауи (685 һ.ж.), Әл-Хазин (678-741 һ.ж.), Әбу Хайиән әл-Андалуси (654-745 һ.ж.), Ибн Касир (701-774 һ.ж.), Хафизуддин ән-Насафи (710 һ.ж.), Ибн Арафа (803 һ.ж.), Низамуддин ән-Найсабури (850 һ.ж.), Әбу Хафс Ибн Әдил ад-Димашки әл-Ханбали (880 һ.ж.), Әбу Зейд әс-Са’алиәби (786-876 һ.ж.), Джалалуддин әл-Махалли (791-864 һ.ж.), Джалалуддин әс-Сүюти (849-911 һ.ж.), Муджийруддин әл-Мақдиси әл-Ханбали (860-928 һ.ж.), әл-Хатыб әш-Ширбини (977 һ.ж.), Ибн Аджибат әл-Фаси (1160-1224 һ.ж.), Исмаил Хақки әл-Ханафи (1127 һ.ж.), Ахмад әс-Сәуи әл-Мәлики (1175-1241 һ.ж.), Шихабуддин әл-Алйуси (1217-1270 һ.ж.), Мұхаммед Тахир ибн Әшур (1296-1393 һ.ж.), Мұхаммед Әбдул-Азым аз-Зарқани (1367 һ.ж.), Мутауалли әш-Ша’рауи (1329-1419 һ.ж.), Мұхаммед Әли әс-Сабуни (туған жылы 1349 һ.ж.), Уахба аз-Зухайли (туған жылы 1351 һ.ж.), Нуруддин Итр (1356 һ.ж.) және тағы басқалары, Алла Субхану Тағала олардың баршасын өзінің рақымына бөлесін.

Тасаууф

Осы күнге дейін үзілмеген иснад арқылы жеткен Тасаууф жолын ұстанушылар мен тариқат жетекшілер. Олар атақты фақиһ, мухаддис, муфассир және мутакаллимдердің рухани тәлімгерлері болған.

Әбу Әли ад-Дақкак, Әбу Осман әл-Мағриби, Әбул-Қасым әл-Құшайри, Әбу Абдуррахман ас-Суләми, Әбул-Хасан әш-Шәзәли, Әбул-Аббас әл-Мурси, Шихабуддин әс-Сухрауарди, Ахмад ар-Рифаи, Ахмад Заруқ, Ибн Атаилля әл-Искандари, Әбдул-Уаххаб әш-Ша’рани, имам Раббани, Бахауддин ан-Нақшабанди, Шах Уалиулла ад-Дахләуи, Халид Шах әл-Бағдади, Мұхаммед Әмин әл-Курди, Хасан әл-Қахиби, Әбдул-Халик әл-Ғидждууани, Наджмуддин әл-Кубра, Юсуф әл-Хамдани, Абдуссалам ибн Машиш, Давуд әл-Бахили, Әли ибн Уафа, Ахмад әл-Бадауи және тағы басқалары, Алла Субхану Тағала олардың баршасын өзінің рақымына бөлесін.

Ислам тарихшылар

Ислам тарихы және ғұламалардың өмірбаянының авторлары, осы күнге дейін Ислами жоғарғы оқу орындарында, студенттер мен ғұламалар солардың еңбектеріне сүйенеді.

Қади Ийяд, Мухибуддин ат-Табари, Ибн Асакир, әл-Хатыб әл-Бағдади, Әбу Нуайм әл-Асбахани, Таджуддин әс-Сүбки, Ибн Қади Шухба, Наджмуддин әл-Гази, Ибн Хаджар әл-Асқалани, әл-Миззи, әс-Сухайли, әс-Салихи, әс-Сүюти, Ибн әл-Асир, Ибн Халдун, Ибн Халликан, Салахуддин әс-Сафади, әт-Тилимсани, Ибн әл-Уарди, Ибн Тағриберди, әл-Хамауи, Тақиюддин әл-Макризи, Афиф әл-Иәфи’и, ибн Насируддин әд-Димашки, Шамсуддин ас-Сахауи, Ибн әл-Имад, Бурхануддин Ибн Фархун, Хайруддин әз-Зиркили және тағы басқалары, Алла Субхану Тағала олардың баршасын өзінің рақымына бөлесін.

Араб тілінің мамандары және грамматика ғұламалары

Арап тілінің жарқын мамандары, осы күнде студенттер қолданып жүрген атақты сөздіктердің авторлары.

Әл-Джурджани, әл-Ғазуини, Ибн әл-Анбари, әс-Сүюти, Ибн Мәлик, Ибн Ақил, Ибн Хишам, Ибн Манзур, әл-Файрузабади, аз-Забиди, Ибн әл-Хаджиб, әл-Әзхари, Әбу Хайиән, Ибн әл-Асир, әл-Хамауи, Ибн Фарис, әл-Ахдал, әл-Хаттаб және тағы басқалары, Алла Субхану Тағала олардың баршасын өзінің рақымына бөлесін.

Және, мұсылмандардың атақты әміршілері мен джихад қолбасшылары да Әшғарилер мен Матуридилерден болғанын атап өткен жөн.

Әміршілер мен Муджахидтер

Нуруддин әш-Шахид, Салахуддин әл-Әйюби, әл-Музаффар Кутуз, әз-Захир Бейбарыс, Әюбилер мен Мәмлүктердің барлық сұлтандары, Сұлтан Мұхаммед әл-Фатих және Осман халифатының барлық сұлтандары, әмір Әбдулқадыр әл-Джазаири (Алжир), Имам Гази-Мұхаммед, Хамзат, Шамил (Кауказ), Омар әл-Мұхтар (Ливия), Мұхаммед Мулла Омар және тағы басқалары, Алла Субхану Тағала олардың баршасын өзінің рақымына бөлесін.

Хафиз Әбул-Қасым Ибн Асакир (оған Алланың рақымы болсын) 499-571 һ.ж., былай деп айтқан:

وأكثر العلماء في جميع الأقطار عليه وأئمة الأمصار في سائر الأعصار يدعون إليه، ومنتحلوه هم الذين عليهم مدار الأحكام، وإليهم يرجع في معرفة الحلال والحرام، وهم الذين يُفتون الناس في صعاب المسائل، ويعتمد عليهم الخلق في إيضاح المشكلات والنوازل، وهل من الفقهاء من الحنفية والمالكية والشافعية إلا موافق له أو منتسب إليه أو راضٍ بحميد سعيه في دين الله أو مُثنٍ بكثرة العلم عليه

«Барлық елдердің ғұламаларының көпшілігі Әшғари [Матуриди] ақидасында. Әр заманда қалалардың имамдары сол жолға шақыратын. Шариғат үкімдерін сақтаушылар өздерін осы жолға жатқызады. Оларға халал мен харамды түсіну үшін және күрделі мәлелелерде пәтуа шығару үшін барады. Адамдар шиеленіскен мәселенің түсінігінде соларға сүйенеді. Ханафи, Шафиғи, Мәлики Фақиһ ғалымдары, олардың ұстанымымен келіседі, және олар  өздерін соларға қосады, немесе олардың Алла жолындағы зейіндерінен разы, немесе үлкен ілімдері үшін оларды мақтайды».
[Дерекнама: Әбул-Қасым Ибн Асакир «Табйин казб әл-муфтари, 410-б.»]

Имам әрі қади [шариғат сот өкілі] Таджуддин әс-Сүбки (оған Алланың рақымы болсын) 727-771һ.ж., былай деп айтады:

وهذه المذاهب الأربعة ولله الحمد والمنة في العقائد يدٌ واحدة، إلا مَـن لحق منها بأهل الاعتزال والتجسيم، وإلا فجمهورها على الحق يقرّون عقيدة أبي جعفر الطحاوي التي تلقاها العلماء سلفاً وخلفاً بالقبول ويدينون الله برأي شيخ السنة أبي الحسن الأشعري الذي لم يعارضه إلا مبتدع

«Алла Тағаланың қалауымен осы төрт мәзхабтың ақидасы бір. Олардың кейбіреулері “муғтазилә” мен “муджассим” дерге ергенімен, басым көпшілігі ақиқат жолында болған және өз сенімдерін имам Әбу Джағфар әт-Тахауи (оған Алланың рақымы болсын) баяндағандай, ізгі “сәләф” және кейінгі “хәләф” келісіп, ортақ сенімге келген ақидасына апарады, және Алланың дінінде шейх Әбул Хасан әл-Әшғаридің (оған Алланың рақымы болсын) ұстанымында болған, оған Бидғат иелерінен басқа ешкім қарсы келмейтін».
[Дерекнама: Таджуддин әс-Сүбки «Му`ид ән-Ни`ам уа мубид ән-Никам, 22-б.»

Имам Әл-Муртаза әз-Забиди әл-Ханафи (оған Алланың рақымы болсын) 1145-1205 һ.ж., былай деп айтқан:

وذكر العز بن عبد السلام أن عقيدة الأشعري أجمع عليها الشافعية والمالكية والحنفية وفضلاء الحنابلة ووافقه على ذلك من أهل عصره شيخ المالكية في زمانه أبو عمرو ابن الحاجب وشيخ الحنيفة جمال الدين الحصيري، وأقرَّهُ على ذلك التقيُّ السبكي فيما نقله عنه ولده التا

«Шейхул Ислам Иззуддин ибн Әбдуcсалям  (оған Алланың рақымы болсын) 577-660 һ.ж., былай дейді: Ханафилер, Шафиғилер, Мәликилер және Ханбалидердің көпшілігі Әшғари [Матуриди] ақидасында бірікті. Сол замандағы Мәликилердің имамы Әбу Әмр ибн әл-Хаджиб (оған Алланың рақымы болсын) 570-646 һ.ж., және Ханафилердің шейхы Джамалуддин әл-Хусейри (оған Алланың рақымы болсын) 546-636 һ.ж., осымен келісті. Және тағы шейх Такийуддин әс-Сүбки 683-756 һ.ж., оның ұлы Таджуддинде (Алла оларды рақымына бөлесін) 717-771 һ.ж., бұнымен келісті».
[Дерекнама: Әл-Муртаза әз-Забиди әл-Ханафи «Итхаф ас-садат әл-мутакин, 2/7»]

Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға сансыз мақтаулар болсын!

Дерекнама: http://asharit.livejournal.com
Орыс тілінен аударған Ahlusunna.kz