Сұрақ: Адам күнәларының салдарынан рызықтан айырылады деген хадис бар ма?


Жауап:
Иә, ондай сөз ұзақ бір хадистің үзіндісі ретінде көптеген хадис жинақтарында Сәубан атты сахабаға (оған Алла разы болсын) сілтеп келтірілген. Имам Ибн Хиббан, имам Хәкім және Зәһәби ғұлама (рахимахумуллаһ) бұл хадисті сахих деп белгілеген.
(Сунан Ибн Маджаһ, 4022 хадис, Сахих Ибн Хиббан; Әл-Ихсан, 876 хадис  және Мұстадрак Хәкім, 1 том, 493 бет. Тарғиб, 3 том, 313 және 317 беттер)
Ал Алла жақсыбіледі.


Жауапберген: мүфти Сұхайл  Мотала
Тексерген: мүфти Мұхаммад Әбусұмар

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz