Қадір түні – ең жақсы түн! Аллаһ Тағала оны берекелі етті, ол түні Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі.

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен!

Қадір түнінің ұлықтығы мен артықшылығы жайында

Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік. Ал саған Қадір түнінің не екенін не білдіреді? Қадір түні мың айдан да артық. Ол кезде Раббыларының қалауымен Оның әрбір әмірлері үшін періштелер мен Рұх (Жәбрәйіл) түседі. Ол (түн) – таң атқанша сәлем (салям)!» (Ләйләтул-Қадр 1-5).

Аллаһ Тағала былай деді: «Анық Кітаппен ант етемін! Біз оны берекелі түнде түсірдік, әрі Біз ескертеміз. Бұл түні Біздің әмірімізбен барлық дана істер шешіледі» (Духан, 2-5).

Қатада: «Бұл түнде алдағы жыл істерінің тағдыры жазылады», – деді (“Тафсир әт-Табари” 25/65).

Ибн `Аббас (оған Аллаһ разы болсын) былай айтқан: «Аллаһ Тағала Қадір түні Құранды толығымен және бірден “сақтаулы тақтадан” (ләухул-махфуз) “Ұлылық үйі” деп аталатын көктің астыңғы қабатындағы орынға түсірді. Ол жұлдыздар бататын жерде орналасқан. Ал бұдан кейін Аллаһ Құранды Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Жәбрейіл періште арқылы бөлек-бөлек (түрлі жағдайларға байланысты) жиырма үш жыл бойы түсірді» (Қараңыз: “Тафсир әт-Табари” 2/144, “әл-Мустадрак” әл-Хаким 2/530 және “Тафсир Ибн Касир” 4/685. Хабардың сенімділігін имам әл-Хаким, хафиз Ибн Хаджар, шейх әл-Әлбани мен шейх `Абдул-Қадир әл-Арнаут растаған).

Шейх әл-Әлбани былай деді: «Ғалымдардың айтуынша, Ибн `Аббас бұл сөздерді өз атынан айтуы мүмкін емес. Ол мұны Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) естіген, өйткені сахабалар ғайып (көмес, жасырын) істер жайында өз атынан айтпаған» (Тындаңыз: “Сильсилятуль-һуда уә-ннур” № 410).

Анас ибн Малик былай айтқан: «Рамазан келгенде, Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): “Расында, сендерге бұл ай келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Сонда кім ол түннен мақрұм қалса, оның барлық игілігінен мақрұм қалады. Ал оның барлық игілігінен тек нағыз мақрұм адам ғана айырылып қалады!”, – деп айтты» (Ибн Маджаһ 1/289. Сенімділігін хафиз әл-Мунзири және шейх әл-Әлбани растаған. Қараңыз “әс-Сильсиля әс-сахиха” 1307).

Қадір түні Ұлы Аллаһтың алдындағы алатын ұлы орны мен басқа күндер мен түндердің алдындағы артықшылығына бола, сонымен қатар бұл түні адамдардың өмір ұзақтығы мен несібелері, жыл бойы болатын нәрселер де тағдырға жазылатындықтан, өзінің осындай атауын алды. (Қараңыз: “Тайсируль-Карими-Ррахман” 1017).

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Шын мәнінде, Қадір түні жер бетінде періштелер ұсақ тастардан да көп болады» (әт-Таялиси 2545, Ибн Хузайма 2/223. Шейх әл-Әлбани хадисті хасан деген. Қараңыз: “әс-Сильсиля әс-сахиха” 2205).

Қадір түні – ең жақсы түн! Аллаһ Тағала оны берекелі етті, ол түні Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ, ол түнді мың айдан да артық (қайырлы) етті. Ал мың ай сексен үш жылға тең келеді екен!

Хафиз Ибн Ражаб: «Ей, өзінің өмірін еш пайдасыз өткізген адам! Жіберіп алғандарымды қайта толықтыру үшін, Қадір түнін қолданамын. Расында, бұл түн бүкіл өмірге тең келеді ғой!», – деп айтқан (Қараңыз: “Лятаифуль-ма’ариф” 191).

Қадір түні құлшылық етуде бар ынта-жігерін салу жайында (Қадір түні бар ынтамен құлшылық ету жайында)

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Кім Қадір түнін иман келтірген және сауапқа үміт еткен күйде намаз оқып өткізсе, алдыңғы күнәларының барлығы кешіріледі» (әл-Бухари 38, Муслим 760).

Айша Пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай сұрағаны хабарланады: «Я, Аллаһтың елшісі, егер мен Қадір түнінің келгені туралы білсем, не айтуым керегін айтшы». Ол: «”Ей, Аллаһ, расында Сен –Кешірушісің, кешіруді жақсы көресің. Мені керіше гөр!”, – деп айт», – деді (әт-Тирмизи, Ибн Маджаһ, әл-Хаким. Имам Әбу `Иса әт-Тирмизи, әл-Хаким және шейх әл-Әлбани хадисті сахих деген. Қараңыз: «Сахих әл-джами’» 4423).

/Аллаһуммә иннәкә ‘афуун, тухиббуль-‘афуа фа‘фу‘анни/

Осы хадистерді атап болған соң, хафиз Ибн Ражаб былай айтты: «Суфьян әс-Саури: “Қадір түні дұға ету мен үшін намаз оқудан да сүйіктірек”, – дейтін. Суфьянның айтпақшы болғаны: көп дұға ету дұғасы жиі айтылмайтын намаздан артық. Алайда егер адам Құранды оқып, дұға ететін болса, онда әрине бұл жақсырақ. Рамазан айында түнгі намаздарды оқығанда, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Құранды ырғақтап оқыған және мейірім туралы аят оқығанда, оны тілейтін, азап туралы аят оқыса, одан пана сұрайтын. Осылайша ол намаз бен Құранды, дұға мен зікірді бірге жинаған! Бұл Рамазан айының соңғы он түнінде және басқа түндері жасалатын ең жақсы әрі ең кемел іс болып табылады» (“Лятаифул-ма’ариф” 204).

Қадір түні қашан болады?

Қадір түнінің нақты датасы жөнінде ғалымдар арасында келіспеушіліктер болған, алайда олардың барлығы Қадір түнінің Рамазанның соңғы он түндерінің бірінде екендігіне бірауыздан келіскен. Ол туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп хабарлаған: «Қадір түнін Рамазанның соңғы он тақ түндерінің бірінде күтіңдер!» (әл-Бухари 2017, Муслим 1169).

Имам Әбу `Иса әт-Тирмизи: «Қадір түні жиырма бірінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма жетінші және Рамазанның соңғы түніне сай келіп жүргені Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен» (Қараңыз “Сунан әт-Тирмизи” 1/372).

Әл-Музани және Ибн Хузайма деген имамдар осы тақырыптағы хабарлардың барлығын жинап: «Қадір түні әр жыл сайын ауысып тұрады!», – деген (Қараңыз: “Сахих Ибн Хузайма” 3/329).

Осы пікірді хафиз Ибн Хаджар да таңдаған. Ол былай деді: «Ең дұрыс пікір бойынша, ол (Қадір түні) Рамазанның соңғы он түндерінің бірі болып табылады, әрі тақ түнге сай келеді. Оның үстіне бұл тараудағы хадистерден анық болып отырғандай, ол жыл сайын әртүрлі күндерге сай келеді» (Қараңыз: “Фатхул-Бари” 4/326).

Ғалымдардың айтуынша, Қадір түнінің нақты датасы белгісіз болуының даналығы, мүмкін, мұсылмандардың Рамазан айының, тек сол түнгі құлшылыққа ғана сенбей, түгелдей соңғы он түнде бар ықыластарымен құлшылық қылсын дегенде шығар.

Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі соңғы он түннің бәрінде де құлшылықтарында бар ынтасымен құлшылық ететін. Бұл туралы `Айша: «Рамазанның соңғы он күндері келгенде, Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түндерін намазбен өткізген, отбасы мүшелерін оятқан және құлшылықтарында ерекше ынта танытқан», – деп айтатын (әл-Бухари 2024, Муслим 1174).

Қадір түнінің белгілері жайында

Убада ибн Самиттен Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Қадір түнінің белгілері туралы былай деп айтқаны жеткен: «Қадір түнінің белгісі – оның таза әрі жарық, ал айдың ол түні бейне бір жарқырап тұрғандай болатыны. Бұл түні таң атпайынша, жұлдыздардың лақтырылуына рұсат берілмейді. Оның тағы бір белгісі: таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады, әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді» (Ахмад 5/324. Хафиз әл-Хайсами “Маджма’у-ззауаидте” бұл хадистің барлық жеткізушілері сенімге ие екенін айтқан, ал хафиз Ибн Касир иснадын хасан деп атаған.Қараңыз: “Тафсир Ибн Касир” 4/255).

Шейх Ибн ‘Усәймин: «Ал осы түні иттер мүлдем үрмейді немесе аз үреді деген хабарларға келер болсақ, онда олар шыңдыққа сай емес» , – деп айтқан (Қараңыз: «Шархул-мумти’» 6/499).

Бірақ Рамазанның соңғы он түндерінде Аллаһқа шынайы ықыласпен және дұрыс құлшылық еткен әрбір мұсылман Қадір түні жасалған құлшылық үшін уәде етілген ұлы сыйын алады, тіпті егер ол оның дәл қай түні өтіп кеткенін білмей қалған болса да!

Әрі соңында әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтаулар мен мадақтар болсын!

http://www.ekb-meshiti.kz