Мазхаб ұстанбайтындарға жауап

Ары қарай мазхаб ұстанбайтындардың дәлелдерін талқылайтын боламыз. Олардың дәлелге қолданатыны 2-3-ақ қана хадис. Оның өзі де қате тәпсірленіп, бұрмаланған.

Айша анамыздан رضي الله عنها тарауих 11 рәкағат деп келетін хадис

Мазхабқа ермейтін имам Мухаммад ибн Салих ал-Усаймин өзінің «Фатауа Арканул-Ислам» атты еңбегінде (2 том, 509 бет):

«Тарауих намазы сүннет амал. Екі Сахих жинағында Айша анамыздан رضي الله عنها келгендей рәкағат саны 11 болып табылады. Айша анамыздан رضي الله عنها Аллаһ елшісі ﷺ Рамазан айында намазды қалай оқиды деп сұрағанда: «Рамазан айында және басқа айларда Аллаһ елшісі ﷺ намазды 11 рәкағаттан артық оқымайтын.» (Бухариде «Тахажуд кітабында» «Пайғамбарымыздың ﷺ түнгі намазы» атты бөлімінде) (1147) және Сахих Муслимде «Жолаушылар намазы»кітабы, «Түнгі намаз»атты бөлімінде (125))».

Бұл хадисті Усеймин тарауих намазына қатысты деп айтқанмен, хадистің толық мәтіні тахажуд намазы жайында айтқанын байқаймыз:

Хадисті Муфтий Таки Усмани «Инамул-Бари» атты еңбегінде (4 том, 283 бет) Сахих Бухариде келген толық мәтінді келтіріп, кейін оны түсіндіре келе айтады:

Бұл хадисте тарауих намазы емес,тахажуд намазы жайында сөз қозғалып отыр. Себебі хадисте Айша анамыз رضي الله عنها Аллаһ елшісінен ﷺ: Сіз үтір намазынан бұрын ұйықтайсызба?-деп сұрап отыр. Бұдан байқайтынымыз, Айша анамыз رضي الله عنها Аллаһ елшісінің ﷺ намазды түннің соңғы бөлігінде оқитынын көрген.

Аллаһ елшісіﷺ тарауих намазды түннің алғышқы бөлігінде оқуға бұйыратын. Сахабалар да солай оқитын.

Аллаһ елшісіﷺ үш күн қатарынан жамағат намазын оқығанда, намазды түннің алдыңғы бөлігінде оқытатын. Егер тарауих намазы түннің алдыңғы уақытында оқылса, ал хадисте айтылған намаз түннің соңғы бөлігінде оқылғанын меңзеп тұр. Яғни хадистегі намаз тарауих емес,тахажуд намазы екенін байқаймыз.»

Шах Абдул-Хақ Мухаддис Дахләуи (Ашиғатул Ламат, 2 том, 544 бет) және Шах Абдуль-Азиз Мухаддис Дахләуи (Фатауа-Азизи, 1 том, 125 бет) Аллаһ елшісінің 11 рәкағат оқыған намазын тахажуд намазы деген.

Мауләна Зафар Ахмад Усамани «Имдад ал-Ахкам»-да (1 том, 639-640 бет) хадисті зерттей келе айтады:

«Мазхабқа ермейтіндер Сахих Бухариде,Сахих Муслимде және төрт Сахих жинағында Айша анамыздан رضي الله عنهاкелетін хадистерді ескерулері қажет. Егер олар барлық хадисті зерттегенде, бұл хадисті дәлел ретінде алмас еді. Өйткені бұл хадисте 11 рәкағат деп келетін болса, Бухаридегі хадисте 13 рәкағат, Муслимдегі хадисте екі ракағат үтір намазын отырып оқыды, яғни барлығы 15 рәкағат. Ал басқа риуаяттарда 17 рәкағат деп келеді. Имам Қуртуби Муслимге берген шархында: «Көпшілік білім иелері Айша анамыздан رضي الله عنها келген бұл хадистің сенімділігіне күмәнмен қарайды,ал кейбір ғұламалар бұл хадисті «мудтариб» деген.» (Фатхуль-Бари, 3 том, 17 бет).

Усулул-хадисті үйренген адам хадисте сәйкессіздік болғанда, дәлел ретінде мудтариб хадис алынбайтының біледі. Басқа хадистерде Айша анамыздың رضي الله عنها айтуы бойынша Аллаһ елшісі ﷺ Рамазан айында басқа айларға қарағанда көп құлшылық ететін. Олай болса,неге Рамазан айында басқа айлардағыдай намазды 11 рәкағат оқыған?!

Муфтий Абдуррахим Ладжпури «Фатауа Рахимийя»-да (2 том, 278-279 бет) айтады:

«Айтылып отырған хадис тарауих намаз 8 рәкағат екендігі ретінде дәлел бола алмайды. Керісінше, Абдуллаһ ибн Аббастан رضي الله عنه тарауих намазы 20 рәкағат екені жеткен және бұл хадиске бүкіл үммет амал жасаған. Имадарымыздың сөздеріне назар аударайық:

1. Имам Малик рахимукуллах айтты:

«Егер Аллаһ елшісінен ﷺ мағынасы бір-біріне қарсы болған екі хадис келсе, біздер Әбу Бакр رضي الله عنه, Омар رضي الله عنهсол хадистің қайсына амал еткен болса соны аламыз. Өйткені олардың жолы-тура жол.» (Таликул-Мумаджжад, 44 бет).

2. Имам Әбу Дауд Сиджистани рахимахуллаһ айтады:

«Егер бізге Аллаһ елшісінің ﷺ бір-біріне мағынасы қарама-қайшы келген хадис жетсе, біздер сахабалардың амалдарына қарауымыз қажет.» (Әбу Дауд, 1 том, 263 бет).

3. Имам Әбу Бакр Джасас рахимахуллаһ айтады:

«Егер Аллаһ елшісінен ﷺ мағынасы бір-біріне қарсы болған екі хадис келсе,әуелгі ғасырдағы саляф-солихтардың қайсына амал жасағанына қарауымыз қажет.» (Ахкамул-Қуран, 1 том,17 бет).

4. Имам Байһақи рахимахуллаһ Усман Дармидің сөзін келтіреді:

«Аллаһ елшісінің ﷺбір-біріне мағынасы қарсы келген хадистен сенімдісін тандау қиындық туғызса, ізгі саләф-салихтардың қай хадиске амал жасағанына қарауымыз керек.» (Фатхул-Бари, 2 том, 269 бет).

5. Имам Ибн Хумам рахимахуллаһ айтады: «Егер ғұламаларымыз қандай да бір хадиске амал етсе, бұл сол хадистің сенімділігін растайды.» (Фатхул-Қадир, 3 том, 349 бет).

«Алғашқы ғасырдағы имамдарымыздың бір сұрақта бірауыздан келісуі, ғасырлар бойы амалда қолдануы фиқх саласында мықты дәлел бола алады.» (Изалатул-Хифа, 2 том, 85 бет).

6. Шах Абдул-Азиз Мухаддис Дахләуи рахимукуллах айтады:

«Сахабалар мен табиғиндардың түсінігі бізге дұрыс және дұрыс еместі ажыратуға өлшеуіш бола алады. Олардың Аллаһ елшісіненﷺ түсінгендерің бізге қабылдау уәжіп болады.» (Фатауа Азизи, 1 том, 157 бет).

Тарауих және тахажуд намазы бір деп қателесулері

Мухаммад ибн Салих ал-Усаймин «Фатауа Арканул-Ислам»-да (2 том, 509 бет):

«Кімде-кім намазды 13 рәкағат оқыса, оған ешқандай қарсылығымыз болмайды, себебі бұл амал Абдуллаһ ибн Аббастан رضي الله عنهкелген хадиске сай келеді: «Пайғамбарымыздың ﷺ намазы 13 рәкағаттан тұрады. Бұл түнгі намаз.» (Бухариде «Тахажуд кітабы» 1138 және Сахих Муслимде «Жолаушылар намазы кітабында» 194)

Бұл жерде Усеймин тарауих намазын 8 рәкағат екенін дәлелдеу үшін,тахажуд намазының рәкағат санын сипаттайтын хадисті дәлелге алды.

Мазхабқа ермейтін басқа имам Махмуд Ахмад Мирпури «Фатауа Сират-и-Мустакым»-да (180 бет):

«Тахаджудпен тарауих намазы бір намаз екені сахих хадиспен дәлелденген. Тирмизи Абу Заррдан хадис келтіреді:

«Рамазан айында Аллаһ елшісімен ﷺораза тұтатынбыз және ол ﷺбізбен бірге намаз оқымайтын. Рамазанның соңғы 7-ші күнінде Пайғамбарымыз ﷺ бізбен бірге түннің үштен бір бөлігін намаз оқыды. 25-ші түнде түннің жартысын Пайғамбарымызбен ﷺ намазда өткіздік. Біз Пайғамбарымыздан ﷺ түнді толығымен намазда өткізуін сұрағанда Аллаһ елшісі ﷺ: Кімде-кім имаммен бірге намаз оқып, үйіне қайтса, түнді толығымен намазда өткізгенмен тең болады. Рамазанның 27-ші түні намазда отбасымызға қосылып, сухурдың уақытына дейін оқитын едік.»

Бұл хадисте Пайғамбарымыз ﷺ сахабалырымен бірге түнді толығымен намазда өткізгендерің байқаймыз.Сонда тахажуд намазды қай уақытта орындады?

Бұл жерде екі сұрақты қарастыруымыз қажет. Бірінші – тарауих пен тахажуд намазы бір намаз ба? Екінші — тахажуд намазы Пайғамбарымызға ﷺ парыз болды ма?

Бұл екі сұрақты қарастыру арқылы мазхаб ұстанбаушы имамдардың тарауих саны бойынша ұстанған дәлелдері түкке тұрмайтының байқаймыз.

Тарауих және тахажуд намазы-бір намаз емес

Тарауих және тахажуд намазы – екі түрлі намаз.Жоғарыда айтылғандай тарауих — түннің алғашқы бөлігінде орындалады, тахажуд — түннің соңғы бөлігінде оқылады және адам ұйықтап тұрғаны абзал болады.Ал тарауих адам ұйықтамай тұрып оқылады.

Муфтий Мухаммад Шарифул-Хақ Амджади «Нузхатул-Кари»-де (2 том,687-688 бет):

«Мазхаб ұстанбайтындардың пікірі бойынша Пайғамбарымыз ﷺ Рамазан айында тек тахажуд намазын оқитын, ал біздер Рамазан айында тарауих және тахажуд намазын оқу сүннет амал деген пікірді ұстанамыз. Оған дәлел Омар رضي الله عنهсөзі: «Ұйықтап тұрып оқылған намаз, ұйықтамай оқылған намаздан абзалырақ.» (Сахих Бухари ”Тарауих кітабы”)

Бір намаз екінші намаздан абзал дегені бұл жерде екі түрлі намаз екендігі және тахажуд намазын оқу үшін ұйықтау керектігін байқаймыз. Табарани «Кабир» және «Аусат» атты еңбектерінде Хажаж ибн Умрадан сөз келтіреді: «Түнімен намаз оқу арқылы тахажуд намазын орындадым деп ойлайсындар ма? Олай дұрыс емес. Тахажуд намазы ұйықтап тұрған соң ғана оқылады. Бұл тахажуд сөзінің мағынасынан да белгілі.»

Аллаһ тағала Исра сүресінде айтады (17:79):

«Түннен оянып (Құранмен) өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі.»

Ибн Касир жоғарыдағы аяттың тәпсірінде:

«Аллаһ Тағала түнгі намазды парыз намаздарынан кейін оқуын бұйыруда және тахажуд деген сөздің мағынасы ұйқыдан соң оқылатын намаз дегенді білдіреді. Алқама, ал-Асуад, Ибраһима ан-Нахаи және т.б. ғұламалар осы көзқарасты ұстанған. Бұл араб тілінен де белгілі.Ибн Аббастан رضي الله عنه, Айша анамыздан رضي الله عنها және т.б. риуаяттарда Пайғамбарымыз ﷺ тахажуд намазын ұйықтағаннан соң оқығаны келеді.»

Муфтий Мухаммад «Шарифул-Хақ Амджади» кітабы 689 бетте жазады:

«Тарауих намазының алдында ешкім ұйықтаған емес. Тахажуд және тарауих намаз бір намаз деп айту өте қате болады.»

Тахаджуд намазын оқу Пайғамбарымызға ﷺ парызба?

Мазхаб ұстанбайтын Мауләна Мирпури «Фатауа Сират-и-Мустакым» атты еңбегінде (180 бет):

«Муззамил» сүресінде келгендей тахажуд намазы Пайғамбарымызға ﷺ парыз болып табылады:

«Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта. Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт. Не оған біраз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп тұруда еріктісің.) Сондай-ақ Құранды өте анықтап оқы.»

Бұл сұрақтың шешімін «Сахих Муслимде» келетін хадистен табуға болады. Бұл хадисте Сағд ибн Хишам رضي الله عنه Айша анамыздан رضي الله عنها Пайғамбарымыздың ﷺ тахажуд намазы жайында сұрайды. Сонда Айша анамыз رضي الله عنها сұрайды: «Әй жамылушы» деген сүрені оқыдың ба? Ол: «Ия»-деп жауап береді. Айша анамыз رضي الله عنها: «Аллаһ сүренің басында түнгі намазды парыз етті» -деді.

Сондай-ақ, Аллаһ елшісі ﷺ және сахабалары парыз етілген түнгі намазды бір жыл уақытында оқиды. Аллаһ осы сүренің соңғы аятын 12 айдан соң түсіреді. Сүренің соңында Аллаһ Тағала түнгі намазды парыздан нәпілге ауыстырды.

Бұл хадис түнгі намазды Пайғамбарымызға ﷺ парыз еместігін көрсетеді. Аллаһ елшісіне ﷺ тек белгілі уақытта ғана түнгі намаз парыз болған. Сонан соң нәпілге ауыстырылған.

Имам Науауи рахимахуллаһ «Сахих Муслимге» берген шархында (3 том, 2240 бет):

«Пайғамбарымызға ﷺ және оның үмметіне тахажуд намазы нәпіл екендігі ең дұрыс көзқарас болып есептеледі. Пайғамбарымызға ﷺ тахажуд намазы парыз еместігіне ғұламалар арасында қарама-қайшылықтар бар. Жоғарыдағы хадисте келтірілгендей біздің көзқарасызымыз бойынша түнгі намаздың парыз үкімі жойылған.»

Ғалым Ғуләм Расул Саиди «Тибян ал-Қуран»-да (12 том, 337 бет) имам Әбул-Аббаса Ахмада ибн Умар ибн Ибраһим Малики Қуртубидің сөзін келтіреді:

«Айша анамыздың رضي الله عنها сөзі Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ және оның мұсылман үмметіне түнгі намаз парыз үкімінен нәпілге ауыстырылғанын дәлелдейді. Мүззамил сүресінің басында Аллаһ Тағала: «Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта.Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт.» Бұл сөздер намаздың парыздығын емес, мустахаб(нәпіл) екенін көрсетеді.»»

Муфтий Шафи Усмани рахимахуллһ «Мағрифул-Қуран»-да (5 том, 535 бет):

«Бұл аяттарда түнгі намаз Пайғамбарымызға ﷺ нәпілге ауысқанында ғұламалар арасында таластар бар. Аятағы «нафиләтан ләка» — «тахажуд намазы саған қосымша парыз» дегенді білдіреді.

Бұл тәпсір Қуртубидің тәпсірі бойынша бірнеше себептермен дұрыс емес болып есептеледі. Біріншіден, нәпіл намаздың парыз болуына ешқандай негіз жоқ. Екіншіден, сахих хадистермен бекітілгендей парыз деп тек бес уақыт намазды ғана айтамыз. Басқа хадистерде миғраж түнінде парыз намазды 50 ден 5 ке азайғаны келеді. Бірақ берілетін сауабы өзгермеді. Өйткені, Аллаһ Тағала Құранда «Менің алдымда сөз ауыстырылмайды» (50:29) деген.

«Нафилә» сөзінің сонында «ләк» (сіздерге) сөзі келгендіктен,түнгі намаздың нәпілдігін көрсетеді.Өйткені парыз болу үшін „әләйк» (сіздер үшін) болып келу керек еді.»

Имам Рази рахимахуллаһ «Тафсир Кабир»-да (10 том, 682 бет):

«Ашура күнінде парыз болған ораза Рамазан айына ауыстырылғандай, тахаджуд намазының парыздығы бес уақыт намазға ауыстырылды.»

Ибн Хаджар Асқаләни рахимахуллаһ «Фатхул-Бари»-де (3 том, 24 бет):

«Тахаджуд намазының парыздығы бес уақыт намазға ауыстырылды.»

Сонымен, Пайғамбарымызға ﷺ тахажуд намазы парыз еместігі дәлелденді. Кімде-кім тахажуд намазын қаза қылып алдым десе де, парыз намазын қаза еткенмен тең болмайды.

Хадисті қайта келтіретін болсақ:

«Рамазан айында Аллаһ елшісімен ﷺораза тұтатынбыз және ол ﷺбізбен бірге намаз оқымайтын.Рамазанның соңғы 7-ші күнінде Пайғамбарымыз ﷺ бізбен бірге түннің үштен бір бөлігін намаз оқыды.25-ші түнде түннің жартысын Пайғамбарымызбен ﷺ намазда өткіздік.Біз Пайғамбарымыздан ﷺ түнді толығымен намазда өткізуін сұрағанда Аллаһ елшісі ﷺ:Кімде-кім имаммен бірге намаз оқып,үйіне қайтса,түнді толығымен намазда өткізгенмен тең болады.Рамазанның 27-ші түні намазда отбасымызға қосылып,сухурдың уақытына дейін оқитын едік.»

Бұл хадисті алғанның өзінде де Махмуд Ахмад Пайғамбарымызды ﷺ тахаджуд намазын ешқашан қаза қылмаған деп айтып өтті.

«Мағрифул-хадис»-те (2 том, 253 бет) «Сахих Муслимде» жазылған Айша анамыздан رضي الله عنها келетін хадис ұсынылады:

«Ауыру немесе басқа себептермен Пайғамбарымыз ﷺ кейде тахажуд намазын қаза қылып,1 күнде 12 рәкағат намаз оқитын.»

Екіншіден, хадисте сахабалардың сухурды өткізіп алмайын деген уайымы болған.Бірақ бұл нәрсе олардың сухурды өткізіп алды дегені емес. Керісінше Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларды тастап,өзі тахажуд намазын оқыды деген ықтималдығы бар.

Сахих Муслимде және Имам Ахмадтың Муснадында: «Пайғамбарымыз ﷺ үйіне кіріп, бізбен мүлдем оқымаған намаз оқитын. Сахих Муслимде келген хадис «Китаб ас-Саум» (баб ан-нахи ал-уисал фи ас-саум)-да келеді.Ол хадис:

«Анас айтты: «Пайғамбарымыз ﷺРамазан айында намаз оқып тұрды. Мен оған қосылдым. Басқа бірнеше адам қосылып, кішігірім жамағат болды. Аллаһ елшісі ﷺ біздерді намазға қосылғанымызды байқап, намазды жеңілдете бастады. Сосын үйіне кірді де бұрын сонды бізбен оқымағандай намаз оқыды. Таң атысымен біз одан ﷺсұрадық: «Сіз бізді байқадыңыз ба?» -деп, Ол ﷺ айтты: Ия. Намазды жеңілдетуімнің себебі сол еді. Хадис жеткізуші айтты: Аллаһ елшісі ﷺайдың соңында үздіксіз ораза ұстады және сахабалардың кейбірі сол амалды орындады. Аллаһ елшісі ﷺсұрады: Үздіксіз ораза ұстаушылар жайында не деуге болады? Сіз мен сияқты емессіңдер. Аллаһпен ант етемін, егер Аллаһ айды ұзақ қылғанның өзінде де мен оразамды үзбес едім.Ал араларыңызда әдеттен тыс ораза ұстаушылар оразаларын міндетті түрде бұзар еді.

Бұл хадистен байқағанымыз Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларынан тыс оқыған намазы тахажуд намазы болатын.

Хазірет Омардың رضي الله عنه тарауих намазын 11 рәкағат қылып оқуға бұйыратын хадис

«Фатауа Арканул-Ислам»-да (2 том, 511 бет) мазхаб ұстанбайтын имам Мухаммад Салих ибн ал-Усаймин жазады:

«Сахаба Омарға رضي الله عنه келетін болсақ, ол тарауих намазын Убай ибн Кағб رضي الله عنه және Тамим ад Дариге رضي الله عنه бұйырғандай 11 ракағат оқитын.» (Имам Маликтің «Намаз кітабы» «Рамазан айындағы түнгі намаз» бабында, 280)»

Бұл хадис Имам Маликте жазылған. Хадисті жеткізуші Саид ибн Язид. Бұл Саид ибн Язидтен Байһақиде мына хадис келеді (2 том, 496 бет):

«Омардың رضي الله عنه халифалық кезінде Рамазан айында намазды 20 рәкағат оқитын. Намазды басқарған адам 100 аяттан тұратын сүре оқитын. Усманның رضي الله عنه халифалық кезінде намазды ұзақ оқығандықтан, адамдар намазда таяққа сүйеніп тұратын.»

Оған қоса, Хафиз Абдуль Барр ”әт*Тамхид” атты еңбегінде айтады:

«Имам Малик бұл хадисті Имам Әбу Юсуфтан, Әбу Юсуф Саид Ибн Язидтен естіген. Бұл хадисте тарауих намазы 11 рәкағат екені айтылады. Басқа мухаддистер сол тізбекпен келген хадистер 21 рәкағат деп келгенін айтады (20 тарауих,1 үтір намазы). Харис ибн Абдуррахман ибн Аби аз-Забаб Саид ибн Язидтің сөзін келтіреді: «Біз Умардың رضي الله عنه халифалық кезінде тарауих намазын күн шыға бастағанға дейін оқитын едік.Сол кезде тарауих намазы 23 рәкағат болатын. ( 3рәкағат үтір намазымен).»

Имам Малик 11 рәкағат туралы хадистен кейін, «Муатта»–да (1 том, 98 бет) келесі хадисті келтіреді:

«Язид ибн Руман айтады: «Омардың رضي الله عنه халифалық кезінде Рамазан айында тарауих намазы 23 рәкағат оқылатын (3 рәкағат үтір намазымен).

Ғуләм Расул Саиди «Шарх Муслим»-де (2 том, 498 бет) айтады:

«Имам Малик Мухаммад ибн Юсуф және Саид ибн Язидтен 11 рәкағат жайында хадис келтіреді. Хафиз Абдураззақ, Ибн Наср және басқа ғұламалар Мухаммад ибн Юсуф және Саид ибн Язидтен 20 рәкағат жайында хадис келтіреді. Бұдан байқайтынымыз Имам Маликтен келген хадис дұрыс емес.

Имам Маликтен 11 раәкағат деген хадисті сахих дегеннің өзінде, сахабалар бастапқыда 11 рәкағат,сосын 20 рәкағат оқыды деп түсінеміз.

Имам Байһақи «Ас-Сунан аль-Кубра»-да(2 том, 496 бет):

«Бұл хадистерден шығатын нәтиже: «Сахабалар басында 11 рәкағат тарауих оқыды, бірақ, кейіннен 20 рәкағат тарауих және 3 рәкағат үтір намазын оқыған.»

Бұған Осман رضي الله عنه және Әлидің رضي الله عنه амалдары дәлел бола алады.Жоғарыда, 20 рәкағат жайында келген дәлелдерді қараңыз.

Мулла Али Қари «Миркат Шарх аль-Мишкат» (3 том, 123 бет) айтады:

«11 рәкағат тарауих намазы тек бастапқыда оқылған, себебі Абдул Барр айтқандай: «11 рәкағат жайында келген риуаят күдікті. Омардың رضي الله عنه халифалық кезінде 20 рәкағат оқылды деген риуаят сахих болып табылады.»

Саид ибн Язидтен тарауих намазы 11 рәкағат деп келген хадис дәлел ретінде қабылданбайды,себебі бір тізбекпен келген хадисте 11,20 және 23 рәкағат деп келеді.

Жабир ибн Абдуллаһтан 8 рәкағат жайында келген хадис

«Фатхул-Бари» (1 том, 597 бет)-де Жабир ибн Абдуллаһтан رضي الله عنه Пайғамбарымыз ﷺ тарауих намазын 8 рәкағат оқыды деп келеді. Мазхаб ұстанбайтындар бұл хадисті дәлел ретінде қолданады.

Муфтий Кифайятуллах «Кифайтул-Муфти»-де (3 том, 399 бет) хадисті түсіндіре келе айтады:

«Табарани, Марази, Ибн Хузайма және Ибн Хиббанда Жабирденرضي الله عنه келетін хадистің тізбегінде Иса ибн Джарийя деген адам бар. Бұл адамның хадистерін имам Әбу Дауд және Имам Насаи матрук және мункар деген (қабылданбайтын және теріске шығарылған).»

Муфтий Абдуррахим Ладжпури «Фатауа Рахимийя»-да (2 том, 280 бет) хадистің тізбегін толық зертей келе айтады:

«Жеткізуші тізбегіндегі адамдарға ешқандай сенім жоқ.Солардың бірі Ибн Хумайд Химяри.Бұл адамдар туралы жеткізуші тізбекті зерттеушілердің айтқан сөздері (Мизанул-иғтидал, 3 том, 49-50 бет):

— «Ол әлсіз» — хафиз Захаби;

— «Көптеген қабылдауға келмейтін хабарлар жеткізеді» — Яқуб ибн Шайба;

— «Оған көптеген қарсылықтар қозғалды» — имам Бухари;

— «Жалған сөйлейді» — Абу Зура;

— «Өтірікші екеніне куәлік беремін» — Исхақ Каусаж;

— «Кез келген хадисті жеткізе береді. Бұдан асқан құдайдан қорықпайтын адамды көрмеппін,себебі ол басқалардан хадис алып,бұрмалайтын еді» — Салих Джазра;

— «Аллаһпен ант етемін,ол жалғаншы» — Ибн Хараш ;

— «Сенімді адам емес»- имам Насаи;

Жеткізуші тізбегінде Яқуб ибн Абдулла Ашари Алқами деген адам бар. Ол туралы Дарақутни (Мизанул-иғтидал, т. 3, 324 бет):

— «Мүлдем сенімді адам емес» — деген.

Үшінші адам туралы имамдарымыз мынадай сөздер айтқан:

— «Ол көптеген мункар (қабылданбайтын) хабарларға жауапты» — Ибн Мағин;

— «Оның хабарлары мункар» — Имам Насаи;

— «Оның хабарлары матрук (теріске шығарылған) — Имам Насаи;

— «Оның хабарлары мункар» -Әбу Дауд;

— «Ол әлсіз риуаятшылардың қатарынан» — (Мизанул-иғтидал, 2 том, 311 бет)».

Мазхаб ұстанбайтындардың мұндай хадисті дәлелге қолдануы, негізінде, адам танғаларлық.

Қорытынды

Қорытындылай келе айтатынымыз, жоғарыда, сахабалардың уақытында тарауих намазының рәкағат саны 20 болғанын көптеген хабарлармен дәлелденді. Әрі төрт мазхаб имамдарының арасында ихтиләфтар болғанымен,олар рәкағат санын 20-дан төмен айтпаған. Сахабалардың 20 рәкағат екендігіне бірауыздан келісуі — бұл сұраққа нақты жауап бола алады. Пайғамбарымыздың ﷺ хадисінде: «Менің сүннетіме және менен кейін Хулафа-и Рашидиннің сүннетінен мықтап ұстаныңдар.» деп бұйырған. Сондықтан да қазіргі арамызда жүрген бауырларымыздың бұлайша шу шығарып, фитна тудыруы негізсіз әрі күнәлі іс. Ал,біз оларды сәләф-салихтардың түсінігі мен амалдарына еруге шақырамыз.

Сөз соңында,

Бүкіл Әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағалаға сансыз мақтаулар болсын!

Мақаланы darulfikr.ru сайтынан аударылды.

Дереккөз: hanafi.kz