Сұрақ: Ережеп айының басында оқылатын дұға біз туралы білеміз, алайда кейбір адамдар оны сенімсіз әрі оны оқу — дінге енгізілген жаңалық деп санайды. Дұрысы қалай болмақ?
 
Жауап:

Әнәс ибн Мәлік Пайғамбарымыздың, Алланың игілігі мен оған сәлемі болсын, Ережеп айы туғанда келесі дұғаны оқығанын келтірген:
اَللّٰهُمَّ بَارِكْ لَناَ فِيْ رَجَبٍَ وَشَعْبانَ وَبَلّغْنَا رَمَضَانْ
 
Аллахумма бәрик ләнә фи Раджаба уә Шаъбанә уә баллиғнә Ромадан
 
Иә, Алла, бізді Ережеп айларында Шағбан және есіркеп, Рамазанға жетуімізге жәрдемдес.

(Шу Иман’абул, 3534 хадис, Ибни Сунни, 660 хадис, Зауаид Мухтасар Баззар, хадис 662, сондай-ақ, Әл-Азхарды қараңыз, 549 хадис)
Хадис әлсіз деп саналады, алайда оны ұстануға болады. Бұл дұғаны дінге енгізілген жаңалық деп айту шектен шыққандық.

Имам Нәуауи (рахимахуллах) бұл хадисте біршама әлсіздік бар деп айтқан (Әл-Азхар, 549 хадис).

Хафиз Ибн Раджаб әл-Ханбали (рахимахуллах), бұл хадис осы амалдың (Ережептің басталарында дұғаны оқу) құндылығын дәлелдеуге жарамды деген (Латаиф, 172 б.).

Әлім Мұхаммад Тахир әл-Фатани (рахимахуллах) бұл хадис әлсіз, бірақ осы жағдайда мұны ұстануға болады деген (Тазкиратул Маудуат, 117 б.).
Бұл орайда, әлсіз хадистерде келтірілген дұғаларды қолдануға болатындығын айта кеткен жөн.

(Мустадрак Хаким, дұға туралы тараудың басы және хафиз Ибн Хаджардың «Натаиджул Афкары», 5 т, 291 б.)
Ал жақсы Алла біледі.
 

Жауап берген: Мұхаммад Мүфти Әбусұмар

_____________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz