Сұрақ: Неге жәннатқа баруымыз үшін міндетті түрде қиындықтардан өтіуіміз керек? Неліктен ол тегін емес? АЛЛАһ оған мұқтаж емес, сонда қиындықтардың мағынасы неде? Және адам ойлардың періштеден, не шайтаннан, не АЛЛАһтан екенін қалай біле алады?

Жауап:

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен бастаймын.

Ас-сәләму ъәләйкум уа рахмәтуЛлаһи уа бәракәтуһ.

Сұрағыңызға жауап берудің алдында, біз Құдіреті Ұлы Аллаһтың жай ғана жаратылысы екенін түсініп мойындауымыз – өте маңызды. Яғни, бұл әлемді жаратудың иләһи даналығы мен шынайы ақиқатына жете алмаймыз, біз тек Оның сүйікті елшісінен (ъәләйһимус-сәләм) келген білімді ғана жеткіземіз.

Бүкіл адамзат пен олардың атасы Адамның (ъәләйһис-сәләм) жаратылуына дейін, Құреті Ұлы Аллаһ пен Оның періштелерінің арасында мынадай әңгіме орын алды:

وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلَائِكَةِ إِنِّي جَاعِلٌ فِي الْأَرْضِ خَلِيفَةً قَالُوا أَتَجْعَلُ فِيهَا مَنْ يُفْسِدُ فِيهَا وَيَسْفِكُ الدِّمَاءَ وَنَحْنُ نُسَبِّحُ بِحَمْدِكَ وَنُقَدِّسُ لَكَ قَالَ إِنِّي أَعْلَمُ مَا لَا تَعْلَمُونَ

«(Мұхаммед ﷺ) сол уақытта Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,- деген еді. (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Аллаһ: «Мен сендердің білмегеңдеріңді жақсы білемін!»,- деді. (Аллаһ, Адамды топырақтан жаратып оған жан салды.» [1]

Аллаһтың алғашқы жаратылыстарының бірі болған, аспанның жоғарғы қабаттарында өмір сүретін періштелер – жалғыз Аллаһ Тағалаға ғана құлшылық ету мақсатында жаратылды. Бірақ Құдіреті Ұлы Аллаһ періштелердің дәрежесінен де асатын мүмкіншіліктері бар жаратылысты, яғни адамды, жаратуды қалады. Ол періштелерді «Өзіңе мүлтіксіз құлшылық ету» сипатымен жаратса, адамдарға таңдау ерігін берді де, жерге түсіпріп тексеру мен сынаққа салды. Яғни, адамға бұл дүниеде Аллаһ Тағалаға қарсы келу мүмкіндігі берілген. Соған қарамастан, адам өзінің туа біткен тәклиф сипатының арқасында, Раббысына қайтып бойынұсынса, дәрежесі періштелердің дәрежесінен асып, өзі әшраф әл-мәқлюқат (ең игі жаратылыс) деген атаққа ие болады. [2]

Түйіндеп келгенде, «дүниені Аллаһ Тағаланың сынағы ретінде қабылдап, қиындықтарға төтеп беру» – адамды басқалардан ерекшелендіретін, әрі Аллаһ Тағаланың алдында айрықша қылатын қасиет. Ешбір тексерусіз жәннәтқа тегін кіру – адамдардың жаратылу мақсатына қарсы келеді. Егер бізге ондай мүмкіндік берілсе, біз мүлдем жаратылмас едік. Өйткені «сынақсыз жәннәтқа тегін кіру» мүмкіндігі адамдардан бұрын жаратылып қойған періштелерде бар.

Сонымен қатар, ешбір шектеусіз, яғни, жақсыны жаманнан айырмай, барлығын жәннәтқа кіргізу Аллаһтың `Адал (әділдік) сипатына қарама қайшы. «Өмірін ұрлықпен, қылмыс жасаумен өткізген» адам мен «шыншыл болып, өзін-өзі бақылап, басқа адамдардың мүддесіне қолын сұқпаған» адамды бірдей жәннәтқа кіргізу әділ ме? Сондай-ақ Аллаһқа бойынұсынбай, дүниеде жаманшылықтар істеп өмір сүрген, жәннәтқа мүлдем лайық болмаған адамды тегін жәннәтқа кіргізу әділдікке жатады ма?

Аллаһ Тағала Қасиетті Құранда айтады:

أَحَسِبَ النَّاسُ أَنْ يُتْرَكُوا أَنْ يَقُولُوا آمَنَّا وَهُمْ لَا يُفْتَنُونَ، وَلَقَدْ فَتَنَّا الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَلَيَعْلَمَنَّ اللَّهُ الَّذِينَ صَدَقُوا وَلَيَعْلَمَنَّ الْكَاذِبِينَ، أَمْ حَسِبَ الَّذِينَ يَعْمَلُونَ السَّيِّئَاتِ أَنْ يَسْبِقُونَا سَاءَ مَا يَحْكُمُونَ، مَنْ كَانَ يَرْجُو لِقَاءَ اللَّهِ فَإِنَّ أَجَلَ اللَّهِ لَآتٍ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ،وَمَنْ جَاهَدَ فَإِنَّمَا يُجَاهِدُ لِنَفْسِهِ إِنَّ اللَّهَ لَغَنِيٌّ عَنِ الْعَالَمِينَ

«Адамдар: «Сендік» деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма? Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Аллаһ, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі. Немесе жамандық істегендер, Бізден қашып құтыламыз деп, ойлай ма? Олар нендей жаман үкім береді! Кім Аллаһқа жолығуды үміттенсе, әрине Аллаһтың белгілі мезгілі келеді. Ол, аса естуші, толық білуші. Біреу игілік үшін күрессе, сөзсіз өзі үшін күреседі. Әрине Аллаһ, әлемнен бай.» [3]

Бұл жерден, біздің жаратылуымыз тек бізге пайда беріп, Аллаһ Тағалаға ешбір пайда, не зиян бермейтінін түсіну керек. Ол мұндай мұқтаждықтардан пәк, өйткені Ол – Тәуелсіз, әрі Өздігінен тұрушы. Біз бұл дүниеде күресіп, соның нәтижесінде қияметте Аллаһ Тағалаға жақын боламыз. Осындай мүмкіншіліктер берген Жаратушымызға әрдайым шүкіршіліктер білдіруіміз керек.

فَمَنْ يُرِدِ اللَّهُ أَنْ يَهْدِيَهُ يَشْرَحْ صَدْرَهُ لِلْإِسْلَامِ وَمَنْ يُرِدْ أَنْ يُضِلَّهُ يَجْعَلْ صَدْرَهُ ضَيِّقًا حَرَجًا كَأَنَّمَا يَصَّعَّدُ فِي السَّمَاءِ كَذَلِكَ يَجْعَلُ اللَّهُ الرِّجْسَ عَلَى الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ، وَهَذَا صِرَاطُ رَبِّكَ مُسْتَقِيمًا قَدْ فَصَّلْنَا الْآيَاتِ لِقَوْمٍ يَذَّكَّرُونَ، لَهُمْ دَارُ السَّلَامِ عِنْدَ رَبِّهِمْ وَهُوَ وَلِيُّهُمْ بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ

«Сонда Аллаһ, кімді тура жолға салуды қаласа, Ислам үшін оның көңілін кеңітеді. Және біреуді адастырғысы келсе, оның көңілін көкке шығарып бара жатқандай өте тарайтады. Өстіп Аллаһ, иман келтірмегендерді қорлайды. (Мұхаммед Ғ.С.): Міне осы Раббыңның тура жолы. Расында үгіт алатын елге аяттарымызды ашық білдірдік. Оларға Раббыларының қасында бейбіттік жұрты бар. Істегендері себепті Аллаһ, олардың досы.» [4]

Келесі сұрағыңызға келсек, Шариғатпен үйлеспейтін немесе оған қайшы келетін кез келген ой, Аллаһтан немесе Оның періштелерінен емес. Сізге көп жағдайда тіпті иләһи ұғымдарға күдіктер тудыратын ойлар келуі мүмкін. Мұндай ойлар шынында Шайтаннан екенін, яғни сізді Діннен ауытқытып, Тозақ отына кіргізу мақсатындағы салып жатқан ойлары екенін түсінуңіз керек.

Аллаһ Тағала біздерді Шайтанның жамандығынан сақтасын. Әмин.

Ал Аллаһ жақсырақ білуші

Біләл Мұхаммед

Даруль Ифта-ның оқушысы

Нью Джерси, АҚШ

Тексеріп, мақұлдаған:

Муфтий Ибраһим Десай

Дереккөз: askimam.org

[1] Құран, 2:30

[2] (وأفضل) جميع (الخلق) أي المخلوقات (علي الإطلاق) المراد منه العموم الشامل للعلوية والسفلية من البشر والجن والمكل في الدنيا والآخرة…(نبينا) محمد صلي الله عليه وسلم…(والأنبياء) عليهم الصلاة والسلام…(يلونه) أي يتبعون نبينا محمد صلي الله عليه وسلم (في الفضل) فمرتبهم بعد مرتبه…(وبعدهم ملائكة ذو الفضل) فمرتبهم تلي مرتبة الأنبياء عليهم السلام في الجملة، فالملائكة ولو غير رسل أفضل من غير الأنبياء من البشر ولو كان وليا كأبي بكر و عمر رضي الله عنهما…وأبو عبد الله الحليمي في آخرين كالمعتزلة إلي أن الملائكة أفضل من الأبنياء….

قوله (الملائكة أفضل) قيل: لتجردهم عن الشهوات رد بأن وجودها مع قمعها أتم من باب أفضل العبادة أحمزها بحاء مهملة فزاي أي أشقها ألا تري أن الأقسام ثلاثة: شهوة محضة وهو البهائم، وعقل محض وهو الملائكة، والإنسان مركب منهما فكما أن غلبة الشهوة تنزله عن البهائم لعذرها بالعدم…كذلك غلبة العقل ترفعه عن الملائكة. قال السعد: ولا قاطع في هذه المقامات.

(إتحاف المريد شرح جوهرة التوحيد مع حاشية ابن الأمير، ص ٢٢١-٢٢٥، دار الكتب العلمية)

[3] Құран,29:2-6

[4] Құран,6:125-127

Дереккөз: hanafi.kz