Көшіп кету

Біз отбасымызбен жаңа мекенге көшіп келдік, онда мені мақтап, оң бағалайтын ешкім болмады. Бірақ мен қалалық медресеге барып жүрдім. Ол жерде менің араб тілінің грамматикасы және «Булуғул-марам» мен Нәсәи бойынша сауат ашып жүрдім. Оқудың мағынасы ұстазбен бүкіл кітапты түсініп шығу емес, тек қана «Фатиханы» имамның артынан қайталау, раф ғадайн, «әмин» сөзін дауыстап айту, намазда қолды кеудеге қою және аяқты алшайту сияқты жекелеген мәселелерге тоқталу болды. Егер сен осы нәрселерді білсең, онда еш қиындықсыз емтихандарды «үздік» деген бағаға тапсыра аласың.

Дауласуды жақсы көру

Сол уақытта менің ұстазым мазхаб ұстанбайтын Абдул-Жаббар Мұхаддис Хандалуи еді. Ол кісі мені шақырып алып, жақын арада Әнуар Шах Қамшири деген ғалымның шәкірттері келетінін және олармен пікірталас өткізу керектігін жеткізді. «Хазірет! Олар бізге не істей алады? Тіпті имам Әбу Ханифаның (рахматуллахи алейхи) өзі қабірден тұрса да, ол бізді дауда жеңіп шыға алмас еді?! (Аллаһ мені осындай қате ұғымда болғаным үшін кешірсін!). Бізде хадис бар, ал оларда жай ғана қияс (салыстыру бойынша ұғыну)».

Ұстазыма менің сөздерім ұнаған болу керек, ол мен үшін дұға етіп, қолыма «дүние жүзіндегі барлық ханафиттерді дауға шақыру. Марапат ретінде 100000 рупий» деген жазуы бар қағазды берді. Ұстаз қағазды ұстатып, жеңіс менде болатынына сендірді.

Ид Ға

Екі ханафи ұстазы Ид Ға медресесінде аялдапты. Байқауымша, Абдул-Қадир Сахибтың айналасында Абдул –Ханан Сахибқа қарағанда адам аздау. Сондықтан, сірә, Абдул–Ханан, екеуінің ішіндегі ең білімдісі болар деп шештім. Мен ол кісінің қасына отырып, алдымен арқасынан, кейін басынан түрттім. Хазірат маған бірнеше рет қарады да үндемеді. Төртінші рет түрткенімде ғана, хазірат менен не істеп отырғанымды сұрады. Ал мен жай ғана сөйлесудің амалын іздедім. Сол кезде лезде қағазымды алып шығып: «Хазірет! Әхлул-хадис мазамызды алды. Олар 100000 рупий береміз деп уәделеген, бірақ бізде бұндай хадис жоқ. Өтінемін, бізге көмектесіңізші, олардың он бір сұрақтарына жауап болатын хадистерді жазып береңізші»- дедім. Хазірет: «Мен көп уақыттан бері урду тілінде сабақ бермедім, сондықтан ол тілде нашар сөйлеймін. Ал Абдул-Қадир урду тілін жақсы біледі, оған сенің сұрақтарын қызық болады. Сол кісіден барып сұра» — деді. Мен тұрып Абдул-Қадирға бардым, ал хазірет болса, «бұл бала өте ақылды екен, мына сұрақтарына жауап берші. Аллаһтың қалауымен, бүкіл бәле-жала жуып тазарады»- десті. Ол кісі қағазды алып оқи бастады, ал мен оның бет-әлпетін бақылаумен болдым. Кей-кезде оның түрі сәл жимығандай болса, кейде түрі ашулы көрінді. Не дегенмен, ол қағаздағы жазуды түгелімен оқып шықты.

Ниет

Хазірет: «Балам, алдымен ниетінді түзуле. Егер де сұрақ діндегі қандай да бір амалды түсініп, амалға арттыру үшін қойылса, онда ол сұрағы үшін жеке және жасалған амалы үшін жеке сауап алады. Ал егер де сұрақ бүлік орнату үшін қойылса, қойылған сұрағы мен орнатқан бүлігі үшін де күнә артады. Мен саған дін жарлықтарын тек қана бір ниетпен — Аллаһ разылығы үшін түсіндіремін»-деді. «Мен де Аллаһ разылығы үшін бұл сұрақтарға жауап алғым келеді»- деп жауап қайтардым.

Дәлелдерді кім беру керек?

Хазірет: «Бұл парақшада көп өтірік нәрселер жазылған әрі оны көбісі көре алмайды. Тек ғалым адам ғана екінші бір ғалымның жалған сөздерін көрсетіп бере алады»-деп айтты. «Осы жазбаның авторы өзін әхлул-хадис деп атағанымен, шын мәнінде, ол басқа хадистерді жоққа шығарған. Себебі, әйгілі хадистердің бірінде; «Дәлелді наразылық білдіріп отырған жақ көрсету керек»- делінген. (Тирмизи, 1-т, 249 с.) Зайырлы сотта да алдымен наразылық білдіргеннен дәлелдер талап етіледі. Осы он бір сұрақтың барлығында наразылық мазхабсызшылар тарапынан болып тұр. Яғни, дәлелді алдымен өздері ұсынуы тиіс. Бірақ өздерінің әлсіз жақтарын жасыру үшін, олар керісінше әрекет етеді: сұрақты бізге қоюдан бастайды. Қазір мысалмен түсіндіріп берем. Рафидиттер азанға кейбір жаңа сөздер қосты (намазға шақыруда),мысалы: «Әли –Аллаһтың әулиесі екенін растаймын». Олардан Әли (оған Аллаһ разы болсын) осы сөздерді азанға қосқандығын растайтын аят немесе хадис, ол болмаса басқа бір дәлел талап етуге біздің толықтай құқығымыз бар. Бірақ олар ешқашан, тіпті Қиямет күніне дейін дәлел келтіре алмайды. Сонда да, олар өзінің ақымақ ерушілерін алдау үшін, жаңағы мазхабсызшыларға ұқсас сұрақтар қояды. Өзін елестетіп көрші, олар сендерге келіп: «Бүкіл мазхаб ұстанбайтындар жиналып, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) азанда сондай сөздерді айтуды тыйып кеткен жалғыз болсын хадис көрсетіңдер, мейлі ол сахих, сарих, марфуғғ әлсіз хадис болса да. Егер тапсаңдар, 100000 рупий береміз» — десе қайтесің? Енді сенің ұстазын сондай хадис көрсету керек немесе шиіттердің сөзі рас екенін қабылдау керек. Демек, олардікі — дұрыс, сендердікі — бұрыс болғаны, өйткені дүние жүзінің ешқай мазхабсызшысы мұндай хадисті көктен іздесе де таба алмайды». Мен: «Бізге ондай хадисті тауып не қажеті бар? Азанға жаңа сөздер қосу керек дегеннің өзі дәлел тауып берсің. Оған тыйым салатын хадисті іздеудің қажеті неде? Бұл жай ғана айла- тәсіл, қулық қой», — дедім.

Ол: «Бірақ сендер де, дәл солай раф ғадайн жасап, кейін тыйым салынғанын растауға дәлел сұрайсындар. Бұл да қулыққа жатады ғой»-деді.

«Қара, Құранның бірінші сүресі–«Фатиха»- деп жалғастырды ол сөзін, — «оны басқаша «Умм әл-Құран» деп атайды және онда көптеген сұрақтарға жауап тапса болады. Біреулер «Фатиханы» тамақ алдында оқу керек пе, енді біреулер имамнан кейін оқу керек пе деп дауласып жатады. Осының бәрі, «Фатихада» негізгі екі қағида– таухид (бірқұдайшылық) пен тақлид (еру) болғанына қарамастан. Бірақ «Фатиханы» тамақтан кейін оқитындар таухидті ұнатпайды, ал «Фатиханы» имамнан кейін оқитындар тақлидті ұнатпайды. Айтайын дегенім, аталған екі жақ та «Фатиха» сүресінің мағынасын толығымен түсінбейді».

«Сендер «Фатиханы» тамаққа қарап оқитындармен сөз таластырғанда, олардан «Фатиханы» сауапты марқұмдарға жеткізу ниетімен тамаққа оқуға болады деген хадис көрсетулерін талап етесіңдер. Олай болатын болса, оларға Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) марқұмдарға сауап жинау ниетімен «Фатиһаны» тамаққа қарап оқуға тыйым салғандығын дәлелдейтін сахих, сарих, марфуғ хадис болса да тауып беріңдер. Олар да хадис тауып бергенін үшін марапаттауға дайын. Қане, оларға сондай хадисті көрсетіп жібере ғой»- деді.

Сонда мен былай жауап қайтардым: «Бірақ «Фатиханы» тамақ үстінен оқитын – біз емес, олар. Ендеше, дәлелді неге біз іздеуіміз керек? Неге олар бізден тамаққа қарап оқу тыйым етілгендігі жайлы хадис талап етеді?»

Ол: «Тыңда, «Фатиха» сүресін имам артынан оқитын кім – біз бе әлде сендер ме?»- деп сұрады. Мен: «Біз»-дедім. Сонда ол: «Онда неге сен хадисті бізден талап етіп тұрсың? Неліктен, дәл Шуғайб (Аллаһтың сәлемі болсын) еліне тән болғандай, сенің таразының бір жағы сатып алуға арналған да, ал екінші жағы сатуға арналғаны ма? Әлде, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): өзіңе қалаған нәрсені бауырыңа да қаламайынша, толық иман келтірген болмайсыңдар»,- деген сөзін ұмыттың ба?»

Нақты дәлел

Ол және айтты: «Дәлел сұрауға болады, бірақ нақты дәлел сұрауға тыйым салынған. Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенбегендер де дәл осылай жасаған: иман келтірмегендер өздерінің қалауларына қарай керемет нәрселер жасауын талап еткен. Керемет көрсетілмегеннен кейін, олар қалаған затымыз көрсетілмеді деп жауап қататын. Содан соң олар ешқандай керемет көрмедік деп қауесет таратты. Мысалы, саған бір кісі келіп: «Мен өте күнәлімін. Жасым алпысқа жетсе де, ешқашан намаз оқып көрген емеспін. Бүгін тәубе еткім келеді. Өтінемін, маған намаз оқуды үйретіңізші, бірақ менің қояр шартым бар –барлық рәкәттарда айтылатын мадақтаулар, ташаххуд сөздеріне мен салауатқа Құран аяттары бойынша дәлел келтіруіңіз керек. Мен басқа дәлелдерді қабылдамаймын». Осының бәрін Құраннан таба аласың ба? Егер сіз аталғандарға Құраннан дәлелдерді тауып бере алмасаңыз, ал ол кісі сізге дәлеліңіз жоқ екен десе, әрине, оныкі қате екені айдан анық. Бұл «нақты дәлел талап ету» деп аталады. Сот залында сізден айғақ сұрағанда, қандай бір нақты шарт қойылмайды. Сотта айтылған дәлелдерді тексеруге болады. Мысалы, сотқа Зейд деген адам куәгер ретінде шақырылды. Сіз Зейдті сұрастырудың орнына, ол куәгер ретінде жарамайды екен, мен тек президенттің немесе премьер-министрдің куәгерлігін қабылдаймын десеңіз? Қандай сотта осындай әдістер қолданылады? Сіз Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенесіз бе әлде ұстаздың айтқанына көзді жұма ересіз бе?»

Ол кісі сөзін жалғастырып: «Мүшріктер Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) иман келтірмей, белгілі бір шарттармен дәлелденген кереметтерге ғана сенгендей, сендер де дәл солай Пайғамбарға(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сенбейсіңдер! Өздеріңді босқа алдамаңдар! Сендер тек ұстаздарың қойған талаптарды орындаса ғана сенесіңдер,ал имансыздар болса Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһ олардың қалауларын орындаса ғана сенетіндіктерін айтқан. Сол сияқты ұстаздарың Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір нәрседе нақты айтса ғана сенім білдіретінін айтып отыр. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шын мәнінде айтқан заттарды олар қабылдамайды»-деді хазірет.

Осы кезде ішімнен хазіретпен келіскендей болдым. Тіпті бізге жүз хадис көрсетсе де, біз ұстазымыз айтқандай болмаса Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінназарға алмайтынбыз. Біз Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мынандай сөздер айту керек деп кеңес бергендей болдық, әйтпесе біз иман келтірмейміз.

Сұрақ

Мен: «Хазірет! Ал, сіз менің ұстазымнан таба алмайтын хадисті талап етіп, оған марапат беруге әзір екендігінізді айта аласыз ба? Сонда ол бұның бәрі қулық екенін мойындауға мәжбүр болады»- дедім. Мауләна күлкімен жауап берді: «ол сияқты болатындай, алдау — жақсы іске жата ма?» Мен: «Өтінемін, мен бәрін түсінетіндей маған бір сұрақ жазып беріңізші». Сонда мауләна қағаздың арғы бетіне: «Сіздер қойған талаптарға сай, өтініш, шариғат бойынша тек қана сахих, сарих, марфуғ хадистерін қолдануға болатынын дәлелдейтін жалғыз болсын хадис тауып берііңіз. Дәлел келтірсеңіз, мен сізге 50000 рупий беруге әзірмін»- деп жазды. Қағазға өз қолжазбасын қойғанда, біздің ұстаз марапат ретінде 50000-нан аз сома қойылмау керек екендігін ерекше маңызды етіп көрсеткенімен, 5 центке болсын ешқашан қолжазбасын қоймайтынын ойладым. Ал мауләна болса еш ауытқусыз 50000 рупий төлейтінін растайтын қағазға қол қойып берді.

Қайтып оралу

Қағазбен келе жатқанымда ұстаздың аулада күтіп тұрғанын байқадым. Жақындай бергенімде, ол: «Қане, айтшы, қағазымызды оқуға біреудің батылы жетті ме?»- деп сұрады. Мен: «Ұстаз! Бүгін нашар күн болды.Бір кісі қағазды оқып қана қоймай, хадисті бізден талап етті. Егер сіз оған хадис тауып берсеңіз, ол сізге 50000 рупий береді. Ол өз қолымен қол қойып берді. Ұстаз, хадисті мына жерге жазып қойыңыз, мен сізге ақшаңызбен қайтіп оралам», — дедім. Желтоқсанның суық кездері еді. Бірақ, бір тармақты оқығанның өзінен ұстазымыз маңдайын терден үш рет сүртіп шықты. Ұстаздың шиеліністі жағдайдан терлеп кеткенін көріп, сұрақтың қаншалықты қиын екенін түсіндім. Аллаһтың тура жолға салу уақыты келген еді. Ұстазым: «Балам! Бұл талаптар бізді алдау үшін қойылған». Осыны естігенде, құлап қала жаздадым. Мен: «Ұстаз! Бүгін мауләна менің Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) емес, ұстазымның өтірік талаптарына сенетінімді түсіндіріп берді. Бүгін сіз сол әрекеттерді айла-тәсіл мен қулық дедіңіз. Сонда мен не істеуім керек?»

Тағы бір сұрақ

Мен кітаптарды, мақалаларды және тағы да басқа заттарды ұстаз үстеліне орналастырумен болдым. Ол жерде екі қалың кітапша болды. Олардың біреуі, имам Бухаридің «Сахихы» бойынша Әнуар Шах Қашмиридің дәрістері (рахматуллахи алейхи), ал екіншісі – «Тирмизи бойынша арабтар мен араб-еместердің шейхі, «Дарул-улум» деобанд ұстазы Сайид Хусейн Ахмад Маданидің(рахматуллахи алейхи) дәрістері болатын. Күндердің күнінде, ұстазымнан сұраған едім: «Ұстаз! Осы көпқұдайшылардың кітаптарын не үшін сақтайсыз?» Ол кездері ханафитті «көпқұдайшыл» деп атау біз үшін жақсы амалмен тең болатын, сонымен қатар,бұл ұстазымыздың көңілінен шығатын. Ол бізге риза болып, бізді көп мақтайтын.

Сонда ұстазым маған былай жауап берді: «Балам! Біз олармен көп мәселелерде келіспейміз, бірақ Аллаһ Тағала оларға көп ілім берді. Олардың кітаптары болмаса, Бұхари немесе Тирмизи кітаптарын оқыта алмас едік».

Осы сөздер есіме түсіп сұрадым: «Ұстаз! Бұхари мен Тирмизиді, мәзхаб ұстанушылардың еңбектерінсіз оқыта алмаймын дедіңіз, енді келіп сол адамдарды адасқанға шығарып отырсыз ба?» Мұны естіген ұстазым ашуланып: «Жоғал бұл жерден! Ендігі әрі бұл жерге келуші болма!» — деді. Мен: «Ұстаз! Марапатымды алатындай хадисті жазып беріңізші»- дедім. Ұстаз бетімнен шапалақпен бір қойды да, отыруымды талап етті..

Қайтып оралу

Екінті намазы кіргеннен кейін қайтадан Абдул-Қадир мауләнаға барып: «Хазірет! Бұл сұрақтардың өтірік қулық екендігі енді көзіме жетті, бірақ … өтінемін, неліктен хадистерге емес, имам Әбу Ханифа (рахматуллахи алейхи)сөздеріне артықшылық беретінізді түсіндіріңізші?»-деген сұрақ қойдым. «Дұрыс айтасың»-деді хазірет. Ол маған урду тіліне аударылған «Иғлә ас-Сунан» атты кітапты берді. Ол кітаптағы хадистерді оқи отырып, күнделікті қаншама өтірік сөйлейтінімізді түсіндім.

«Ұстаз! Неліктен сіздер «Иғлә ас-Сунан» хадистерін қабылдамайсыздар? Неліктен бұл хадиске еретіндерді «әһлу рай» деп атайсыздар? Мәзхабқа ермейтін ғалымдардың біреуі осыны теріске шығарып еңбек жазса, маған оқуға беріңіз, оны да оқып көрейін»- дедім. Бірақ, мәселені зерттей келіп, бірде-бір мәзхабсыз бұл кітапты жоққа шығара алмайтынын түсіндім. Медреседе отырып «Иғлә ас-Сунанды» оқығанымда, ұстазым маған ашуланатын, тіпті, бір рет те соққан еді. Неліктен «әһлул-хадис» басқа хадистермен жау екенін түсінбейтінмін. «Неліктен маған басқа хадистерді оқуға тыйым саласыздар?»- деп сұрайтынмын. Ал, ол болса әрқашан: «Мына хадистер жинағын біздің медресеге не үшін алып келдің?»- деп ашуланатын.

Бір күні тақтаға әдемілеп былай жаздым:

Таң намазын сәл жарық болғанда оқыса, сауабы көбірек

Медреседе бәрі шулай бастады: «Бұл хадисті кім жазды? Не үшін жазды? Ұстаңдар оны! Желкелеп ұстап шығарып жіберіңдер!»

Басқа күні қабырғаға мына хадисті жаздым:

Бесін намазын салқындағанда оқы, аптап ыстық- тозақтың желі лебінен

Сонда маған мынандай сұрақ қойылды: «Не үшін фитна жасап жүрсің?»

Келесі намаздың алдында былай жаздым:

Бір фақих (Шариғатты жетік меңгерген ғалым)шайтан үшін, мың ғибадат етушілерден қорқынышты

Адамдар хадистерді бәрінен бетер жек көретінін сол кезде түсіндім.

Үшінші рет

Мауләнаға тағы бір рет келгенде, ол менен: «Тақлид шахсиді қалай атайды?»- деп сұрады. Мен оған: «Аллаһқа серік қосу (ширк)-деп жауап бердім. Ол менен былай сұрады: «Олай болса «Ханафи тәбәқаты», «Малики тәбәқаты», «Шафии тәбәқаты» мен «Ханабіл тәбәқаты» еңбектерінде аты аталған мүхаддистердің барлығының–көпқұдайшылар болғаны ма?» Мен: «еш күмәнсіз дәл солай»- дедім. Ол болса: «Онда «Сахих Ситта» еңбегі де Аллаһқа серік қосушылармен жазылған. Сен оқыған «Булугул-марам» иесі Ибн Хаджардың көпқұдайшы болғаны. Насаиды оқыдын, бірақ ол имам Шафии артынан ерген, олай болатын болса, ол да- көпқұдайшыл». Содан кейін мен ұстазыма барып сұрадым: «Егер де ешқандай мазхабқа ермейтін қандай да бір мухаддис немесе мұсылман тарихшысы жазған мүхаддистер тәбәқаты (өмірбаяны) болса, маған көрсете аласыз ба?»

Ұстазым ашуланып: «Сен тек дау-дамай енгізіп отырсың, басқа оқушыларға «Иғла ас-Сунан» хадистерін оқып бересің, медресе қабырғаларында хадистер жазасың! «Тәбәқат ғайр мукаллид» атты кітап жоқ!»-деді.

Мауләнаға қайтіп келгенде ол: «Бір жерде ғайр мукаллид медресесі, ғайр муқаллид мешіті, қабірі, Құран аудармасы, хадистер аудармасы (ағылшынша аудармалар болсын) болса– маған көрсет! Оларда намаз жайлы кітап болса –оны маған алып кел!»-деген болатын. Бірақ ұстаздан соны сұрастырғанымда, «не ексең, соны орасың» мақалының түпкі мағынасын түсіндім. Ұстаз: «Сен тек қана дау-дамай енгізесің»- деп айтқан еді.

Қалжың

Насаи сабағында «Фатиха» сүресінің имам артынан оқылуын талқылаған едік. Мен де сабаққа қатыстым, бірақ кітапты қолыма алмадым. Ұстаз: «Кітабын қайда?»- деп сұрады. Мен: «Бөлмемде қалып кетті»- дедім. Ол болса: «Неге сабаққа алып келмедін?» «Бұл кітапты Алаһқа серік қосушы жазған. Имам Насаи «тауили каулихи ізза уа джал уа иза қуриал-Курану фастамджу ләһу уанситу ләғаләйкум турхамун» бөлімін жазған және «иза караа фанситу» хадисін келтірген. Бұл Аллаһ пен Оның елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) имам оқығанда үңдемендер дегеніне саяды». Бұл аят пен бұл хадис менің ұстазымның пікірін жоққа шығарды, сондықтан ол хадисті «әлсіретуді» ұйғарды. Оның айтуынша: «Әбу Хайд Ахмар мутафаррид болғандықтан, хадис ойдан шығарылған. Сондай- ақ Әбу Халидтың бірде-бір хадистер жинағында мутаби жоқ. Мен ғалым Әнуар Шах Қашмиримен сөйлестім және ол мутаби әкеле алмады. Мен көптеген пікірталастарға қатысқам, бірақ мен ешкім жеңе алған емес». Бірақ мен бұл жолы жақсы дайындалдым. Ұстаз маған қарады да, былай сұрады: «Әй, ханафиші! Әбу Халидта мутаби бар ма?» Ол уақытта мен ханафиші бола қоймасам да, сонда да жауап бердім: «сен тәкаппарлықтан мұрныңды көкке көтересін! Мутабиді аспанға қарап қалайша көруге болады? Төменге қара — Мухаммад ибн Саад Ансари мутаби дегенін дәл осы кітапта көресің». Орнымнан тұрып, атын сасағыммен нұсқап тұрып көрсеттім. Ол: «Онда не бар?»-деп сұрастырды. Мен: «Мені қанша қаласаң, сонша ұрыса бер, бірақ жауап берші, мутаби атын көз алдында жатқан кітаптан қалайша көрмедің?»- дедім.

Әрі қарай не болды десеңші! Шыбықпен соғып медреседен куып шықты. Мен «Иғлә ас-Сунан» мен Мухаммад Хасан Файзпури мауләнаның «Ситта Дарурийя», «Ад-Далил ал-мубин» және тағы басқа кітаптарын оқи бастадым. Бірақ жадыма терең енген мазхабсызшыл ойлардан құтыла алмадым. Фиқһ бойынша сұрақ кездестіргенде, лезде дәлел болатын хадис іздей бастайтынмын. Бірнеше ай өткеннен кейін әлдеңе өзгергендей болды. Енді аят немесе хадис көргенімде, алдымен: «Ойыма келген мағынасы, –дұрыс болды ма? Мирза Кадиани сияқты өзім ойлап таптым ба, әлде мұсылмандардың алдыңғы үш толқыны осы аят пен хадисті дәл мен сияқты түсінді ме екен?» Осылайша, өз бетімен түсіну ауруы мені қалдырды, ал мазхабсыз жүру ойы жүрегімнен кетті. Қазір мен Әһлу-с-Сунна уәл-Жамаға жолындамын, ханафи мазхабын ұстанушы, деобандимын.

Аллаһ Тағаладан осы тура жолда қалуымызға бізге тауфиқ беруін сұраймын. Әмин.

Дереккөз: hanafi.kz