Мүфти Сухайл Тармахомед — 1985-жылы Оңтүстік Африка Республикасы, Дурбан қаласында дүниеге келген. Ислами ілімдерді төрт жасынан бастап ала бастаған, зайырлы мемлекетте дүнияуи білім оқуымен қатар, Құранды да жаттап, 13-жасында хафиз болды. Сонан соң, жергілікті Ислами университетке оқуға түседі, ол жерде көптеген шариғи ілімдерді меңгереді, соның ішінде – араб тілін, грамматика (нахв), риторика (баляға), Ислами құқық, тәпсір, хадистану, усуль-уль-фиқһ (Ислам құқығының қағидалары), сира (Пайғамбар сәлаллаху әлейхи уәссәлям өмір баяны), және т.б.

Ол басқа елдерде болып, ол жақта көрнекті ғұламалардан әр түрлі Ислам ілімдерін алды, хадистану, Ислам құқығы және сулуқ. Мүфти Сухайл Тармахомедке өздерінің пайдалы әсерлерін тигізген ғұламалары Шамнан (Сирия, Ливан, Иордания), нұрлы Мәдина қаласы, қасиетті Мекке және Үндістаннан болатын. Кейін осы елдерден қайтып келгеннен кейін, мүфти Ибрагим Десаидың басшылығымен, пәтуә беру саласының мамандығына дайындайды. Бұл оқу жолын ол «жақсы» деген бағамен аяқтайды.

Нәтижесінде оны Квазулу-Натал (ОАР) қаласының аймағында, ғұламалар кеңесінің мүфтиі етіп тағайындайды. Мүфти Сухайл хадис ғылымын мамандандыру саласында, шейх Мухаммад Аббаса-Омардың тәлімгерлігімен ілім алады.

Мүфти Сухайл сонымен қатар тағы мынадай ұстаздардан тәлім алған:

• Шейхуль Хадис, мәуләна Харун Аббас-Омар (хавизахуллах) – Юсуф Бинноридің (рахимахуллах) ең беделді шәкірттерінің бірі болып табылады. Шейх Харун сондай-ақ, шейх Абдур-Раззақ Искандер, мүфти Шафи, мүфти Уали Хасан, шейх Әбдуль-Фаттах Әбу Ғудда әл-Халяби, шейх Абдур-Раззақ әл-Халяби, шейх Мухаммад Аууама, шейх Әз-Зарка, шейх Ануар әл-Бадахшанидің шәкірті болған;
• Мүфти Ибрагим Десаи (хафизахуллах) – мүфти Махмуд әл-Хасан Гангохи және мүфти Ахмад Канпуридің шәкірті;
• Мәуләна Мухаммад Ильяс Патель (хафизахуллах) – шейх Фадль-ул-Рахман әл-Ағзамидің шәкірті;
• Мүфти Ибрагим Салиджи (хафизахуллах) – мүфти Махмуд әл-Хасан Гангохидің шәкірті;
• Мүфти Мухаммад Мангера (хафизахуллах) – мүфти Салиджидің шәкірті;
• Мүфти Әбдуль-Джалиль Қасими (хафизахуллах) – қари Таииба, шейх Фахр-уль-Хасана және тағы басқа Деобанд ғұламаларының шәкірті;
• Шейх Мухаммад Аббас-Омар (хафизахуллах) – шейх Мухаммад Аууаманың (хафизахуллах), және шейх Фадль-ур-Рахман әл-Ағзамидің, шейх Мухаммад ибн Мухаммад әл-Мухтар әш-Шанкитидің шәкірті;
• Шейх Мухаммад әл-Мухтар әш-Шанкити ол Нұрлы Мәдина қаласынан.

Сухайл Тармахомедке иджаза және тәлімгерлікке, хадис жеткізуге рұқсат берген ғұламалар:

• Мухаддис, әлляма Әзиз-уль-Хаққ (хафизахуллах)
• Мүфти Са’ид Паланпури (хафизахуллах)
• Шейхуль Хадис мүфти Мухаммад Таки әл-Усмани (хафизахуллах)
• Шейх Юнус Сахаранфури (хафизахуллах)
• Шейх Мухаммад Акыл Сахаранфури (хафизахуллах)
• Шейх Абудр-Раззақ Искандер (хафизахуллах)
• Шейх Фадль-ур-Рахман әл-Ағзами (хафизахуллах)
• Шейхуль Хадис Салимулла Хан (хафизахуллах)

Қазіргі кезде шейх Сухайл ғұламалар кеңесінің мүфтиі болып есептеледі (Квазулу-Натал, ОАР) және өзінің жанұясымен Исипинго-Бич, Дурбан (ОАР) қаласының жағалауында тұрады.

Ahlusunna.kz