Құран Кәрімді ақшаға оқудың үкімі

Ислам ғалымдарының рұқсат па, рұқсат емес пе деп, пікір таластырған сұрақтарының бірі — ол белгілі бір адамды жалдап, діни рәсімдерді орындауы үшін, қызметіне ақы төлеу болып табылады. Мысалы, мешіт имамы, азаншысы, медресе ұстазын жалдап, оған ақша төлегені сияқты. Осыған, Құран оқып беруі үшін біреуді жалдау немесе біреудің оқығаны үшін ақы төлеу мәселесін де жатқызса болады. Араб тілінде бұл «الاستئجار على الطاعات» деп аталады.

Ханафи мазхабының Имам Әбу Ханифа, Имам Әбу Юсуф, Имам Мұхаммед (Алла баршасынан разы болсын!) сынды мүжтәһид ғалымдарының бастапқы ұстанымы бұның тиым салынған әрекет екендігін білдіреді.
Сәлаф (алдыңғы буын) ғалымдары, атап айтсақ, Ата, әд Даххак, әл Хасан, ибн Сирин, ән Нахағи, әш Шағби сияқтылар да осы көзқараста.(1)

Имам Мұхаммед, “әл Асыл” 4/15 кітабында былай деген:

‎وكذلك إجارة المصاحف يستأجرها الرجل يقرأ  فيها فإنه فاسد لا يجوز. وإن سمى لذلك يوما معلوما أو شهرا معلوما فإنه لا يجوز، ولا أجر له إن قرأ

Ақысын төлеп, жалға Мұсхафтар (Құран) алуға, бұны (Мұсхафты) оқуы үшін (ақшаға) адам жалдауға болмайды. Бұндай иджара (аренда) фасид ( тиым салынған) болып табылады. Тіпті әлгі адам бұл іс үшін арнайы күн немесе ай тағайындаса дағы, рұқсат етілмейді. Оқыса, сауап алмайды.

‎وقال أبو حنيفة: لا يجوز أن يستأجر الرجل رجلا ليعلم له ولده القرآن أو يستأجر الرجل الرجل يؤمهم في رمضان. وكذلك لا تجوز الإجارة على الأذان ولا على تعليم القرآن ولا على الصلاة

Имам Әбу Ханифа айтқан:

“ Балаларға Құран үйрету үшін (ақылы) адам жалдауға болмайды. Немесе Рамазанда имам болсын деп, ақыға адам жалдауға болмайды. Әрі азан айту, Құран үйрету, намаз оқуға (ақылы) адам жалдауға да болмайды.

Имам Әбу Ханифаның тікелей айтқан сөзінен байқағанымыздай, Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед те ғибадат жасауы үшін ақылы адам жалдауға тиым салған. (2)
Имам Тахауи сынды (хиджра бойынша 321 ж қайтыс болған) Ханафи мазхабының кейнгі ерте мүжтәһидтерінің көзқарасы да осындай. Ол “Мұхтасар ихтиляф уляма” — сында былай деген:

‎“ قال أصحابنا لا تجوز الإجارة على تعليم القرآن والأذان والصلاة ولا على تعليم الفرائض والفقه

Біздің ғалымдарымыз: Құран, азан, намаз немесе парыздар мен фиқһты үйреткені үшін ақы алуға болмайды”-деп айтқан.
Имам әл Қудури (хиджра бойынша 428 жылы қайтыс болған) өзінің атақты “Мұхтасарында” былай деп жазады:

‎ولا يجوز الاستئجار على الأذان والإقامة والحج وتعليم القرآن

Азан, қамат, қажылықты орындауы үшін, Құран үйретуі үшін ақылы адам жалдауға болмайды.
Бұған қоса, имам әл Қудури өзінің “ әт Тәжрид” атты басқа бір кітабында, бұл көзқарасты, мазхабтың ортақ ұстанымы ретінде келтіреді:

‎— قال أصحابنا: لا يجوز الاستئجار على تعليم القرآن ولا تعليم شيء من الأشياء ولا على الإمامة.

Біздің ғалымдарымыз (яғни Ханафилер) айтқан: “ Құран үйрету үшін де, басқа нәрсе үйрету үшін де, имамдық жұмысқа да ақша төлеп, адам жалдауға болмайды.”

Имам әс Суғдидің “ ән Нутаф филь фатауа”-сында да солай жазылған. (Хиджра бойынша 461 ж қайтыс болған) [5]:

‎الاجارة على الطاعات لاتجوز مثل تعليم القرآن والسنة والصوم والصلاة والزكاة والحج والعمرة وغيرها فى قول ابي حنيفة واصحابه

Әбу Ханифа мен оның ізбасарларының көзқарасы бойынша, Құран, сүннет, ораза, зекет, қажылық, умра, және басқа да құлшылық түрлерін үйретуі үшін ақшаға адам жалдауға болмайды.
Әрі бұл алғашқы ұстанымды былай түсіндіруге болады: аталмыш нәрселердің барлығы Алла үшін жасалатын құлшылықтар. Егер олар ақша үшін жасалса, сауаптан айырылады.
Мұсылман адамның жеке дара орындайтын кез келген құлшылығын, ақша төлеуге болатындай қызмет ретінде қабылдау дұрыс емес.[7]

Бертін Имам әс Сарахси ( хиджра бойынша 483 ж қайтыс болған) өзінің “әл Мабсут” атты кітабында айтады:

‎“فأما في زماننا فقد انعدم المعنيان جميعا فنقول يجوز الاستئجار لئلا يتعطل هذا الباب

“ Біздің заманымызда бұл аталмыш екі мағына да жоқ. Сондықтан бұл істер түбегейлі жоғалып кетпеуі үшін, бұлар үшін ақша алуға болады деп айтамыз.
Басқаша айтқанда, мазхабтың ұстанымы Имам Сарахсидің заманында күрт өзгерген. Мемлекет ғалымдарға тиісті қолдау көрсетпегені үшін, ақша төленбесе, мешіт медреселер имамсыз, азаншысыз, ұстазсыз қалар еді. Сол себептен Сарахси сынды мазхабымыздың мүжтәһид ғалымдары бұл мәселе бойынша ұстанымдарын өзгертті. Алайда Имам Сарахсиден кейін де бұл істер үшін ақы алуға болмайды деп жазған ғалымдар болған.
Мысалы Сираджуддин әл Уши (хиджра боиынша 569 ж қайтыс болған) өзінің “әл Фатауа әс Сираджиясында” былай деп жазады:

‎الاستئجار على الطاعات كالإمامة و الأذان و تعليم الفقه لا يجوز

Имамдық, азан айту, Фиқһ үйрету сияқты істер үшін ақылы адам жалдауға тиым салынған.
Тиым салынғандығы жайлы, “әл Бадаи” кітәбінда Имам Касани де (хиджра бойынша 587 ж қайтыс болған) айтқан. [8]
Алайда Сарахсидың көзқарасы, өзінен кейінгі, мазхаб мүжтәһиттері тарапынан қолдау тапқан. “Кадыхан” атымен белгілі Имам Фахруддин әл Фарғани (хиджра бойынша 592 ж қайтыс болған) имам Сарахсидің көзқарасын келтіріп, онымен толық келіскен. Имам Бурхануддин әл Марғинани бұл ұстанымды мазхабымыздың ең мықты көзқарасы деп жазған. Пәтуә осы көзқарасқа сай берілген, әрі бұл таржихтың ең жоғары формасы болып табылады. [11]

Мазхабтың, Абдолла әл Маусалидың (хиджра бойынша 683 ж қайтыс болған) “әл Мұхтар” , Әбул Баракат ән Насафидің (хиджра бойынша 710 ж қайтыс болған) “Кәнз әд Дақаиқ”[12], Садру әш Шариға әл Махбубидің “Шар әл Уиқая” [13] сияқты , кейінгі негізгі мәтіндерінде де мықты көзқарас ретінде көрсетілген. Пәтуә тиымнан рұқсатқа ауысқан соң, барлық діни рәсімдерге төлемақы алуға болады ма, жоқ әлде кейбіріне ғана ма, ол жағын ажыратып алған жөн сияқты. Ол үшін “Хидаядан” бастап, негізгі кітаптардың мәтіндеріне үңілу керек.

Имам Марғинани “Хидаяда” былай деп жазады:

‎“ وبعض مشايخنا استحسنوا الاستئجار على تعليم القرآن اليوم؛ لأنه ظهر التواني في الأمور الدينية. ففي الامتناع تضييع حفظ القرآن وعليه الفتوى

Күнімізде кейбір шейхтарымыз Құран үйрету үшін ақы алуды мүмкін деп санаған (истахсану). Себебі дінге деген немқұрайлылық пайда болған. Бұл өз кезегінде, Құран үйренбей қоюға жол ашады. Пәтуә осы көзқарасқа сай шығарылған.

Имам әл Марғинани тек Құран үйрету мәселесін ғана жалпы тиымнан айырған.

Имам әл Маусали “әл Мұхтарда” жазады:

‎“ لا يجوز الإجارة على الطاعات كالحج و الأذان و الإمامة و تعليم القرآن و الفقه  بعض أصحابنا المتأخرين قال: يجوز على التعليم و الإمامة في زماننا و عليه الفتوى

Қажылық, азан айту, имамдық, Құран, фиқһ үйрету сияқты істерге ақшаға адам жалдауға болмайды. Алайда біздің кейінгі ғалымдарымыз айтқан: Күнімізде имамдық пен білім тарату үшін ақы алса болады -деген. Пәтуә осы.
Осылайша Имам әл Маусали білім алғаны үшін әрі мешітте имам болғаны үшін ақы беруге болатын осы екі жерді бөліп шығарған.
Имам ән Нәсәфи “әл Кәнзде” жазады:

‎“لا أجرة] الأذان و الحج و الإمامة و تعليم القرآن و الفقه و الفتوى الْيَوْمَ على جواز الاستئجار لتعليم القرآن

«Азан айту, қажылық, имамдық , Құран мен фиқһ үйреткені үшін ақы алуға болмайды. Бірақ күнімізде Құран үйрету үшін ақы алуға болатындығына пәтуә бар».
Жалпы тізімнен Құран үйретуді бөліп шығарған.

Садру әш Шариға “ әл Уиқаяда”:

‎لا يجوز الاجارة على الطاعات و المعاصي لكن لما وقع الفتور في الأمور الدينية يُفتى بصحتها لتعليم القرآن و الفقه تحرّزا عن الاندراس

Біреуді ғибадат немесе күнә жасауы үшін ақылы түрде жалдауға болмайды. Бірақ дін істерінің құлдырауына байланысты,бұл ілімдер жоғалмасын деп, Құран мен фиқһті үйрету үшін рұқсат деген пәтуә берілген.
Байқағанымыздай, мазхаб имамдары, мазхабтың алғашқы ұстанымын өзгерткен жоқ, олар тек заман талабына сай, ақы алуға тиым салынған құлшылықтардың арасынан кейбірін бөліп шығарған. Құран мен шариғат ілімдерін үйреткені үшін ақы алса болады, сол сияқты имам, азаншы қызметтерін атқарғаны үшін де ақша алса болады. “Әл Мұхит әл Бурханиде” [14] келгеніндей:

‎يفتى بجواز الاستئجار على تعليم الفقه في زماننا والاستئجار على الإمامة والأذان

Күнімізде фиқһ ілімін үйреткені үшін, имам, азаншы қызметтерін атқарғаны үшін ақша алуға болады деп пәтуә беріледі.
Алайда мазхабымызда құлшылық үшін ақша алуға тиым салынады деген үкім күшінде.
Ибн Абидин[15]:

‎وقد اتفقت كلمتهم جميعا على التصريح بأصل المذهب من عدم الجواز، ثم استثنوا بعده ما علمته، فهذا دليل قاطع وبرهان ساطع على أن المفتى به ليس هو جواز الاستئجار على كل طاعة بل على ما ذكروه فقط مما فيه ضرورة ظاهرة تبيح الخروج عن أصل المذهب

“(Ханафи фиқһшы ғалымд)ардың айтқаны бір, мазхабтың негізгі пікірі-құлшылық үшін ақша алуға рұқсат жоқ. Кейін саған мағлұм болған нәрселерді бөліп шығарды. Пәтуә барлық құлшылық түрлері үшін ақы алуға рұқсат бермейді, тек олар айтқан нәрселер үшін ғана рұқсат бар. Оның өзі, мазхабтың негізгі ұстанымынан ауытқуға себепші болған қатты зәруліктен(дарура) себеп. “
-деп айтқан.
Ары қарай Ибн Абидин «Әл Жәуһара ән найййра” [16] кітабындағы көзқарасты теріске шығарған. (Ол жерде кез келген құлшылық үшін ақы алуға болады делінген, алайда Қудури мәтініне шарх жазған автор мазхаб имамдарының пікірін теріс түсінген). Құран оқығаны үшін ғана ақы алуға болады, басқасына емес.
Тәж аш Шариға өзінің Хидая кітабына жазған шархында былай дейді:

‎قال تاج الشريعة في شرح الهداية: إن القرآن بالأجرة لا يستحق الثواب لا للميت ولا للقارئ

“Ақшаға оқылған Құран үшін, оқығанға да, мәйітке де ешқандай сауап жоқ.”[17]
Мешітке келіп, жәшікке садақа тастап, кейін имамның Құран оқып, сауабын марқұмдарға бағыштауы сияқты кең тараған іске келетін болсақ, берілген ақша, сауабы марқұмға баратын, садақа деп есептеледі. Бұл оқылған Құранның төлемақысы емес.
Егер ол ақша тікелей Құран оқыған адамға ақы ретінде берілсе, онда ол рұқсат емес. Егер берген адам ол оқылған Құранның ақысы емес, жалпылама садақа деп берсе, онда рұқсат етіледі.
Егер имамды Құран оқып, қайтыс болған туыстарыма бағыштап беріңіз деп шақырса, алайда ондай имам әлгі мәжілісте Құран оқыса да, оқымаса да ақша алатын болса, онда ол ақшаны бөлген уақытына немесе берген дәрісі үшін төлемақы ретінде қарастырса болады. Егер Құран оқымаған жағдайда оған ақша берілмейтін болса, онда оны арнайы оқылған Құранға ақша төлеу үшін шақырды, ал бұл Ханафи мазхабы бойынша тиым салынған.
Жын кіріп, не болмаса тіл көзден оқылған рұқия үшін ақы төлеуге болады. Себебі бұл жеке толық бір ғибадат емес, емдеу түрі болып табылады.

Ибн Абидин رحمه الله айтады: ‎“جوزوا الرقية بالأجرة ولو بالقرآن كما ذكره الطحاوي؛ لأنها ليست عبادة محضة بل من التداوي.

Ғалымдар ақшаға рұқия оқуға рұқсат берген. Тіпті Құранмен, болса дағы. Имам Тахауиден солай жеткен. Бұл толық бір ғибадат түрі емес, бәлкім ем түрі.[18]
Ибн Абидиннен жеткен Имам Тахауидің бұл сөзін “Мұхтасар Ихтиляф әл Ғұлама” кітабынан таба аласыз.

‎قال أبو جعفر إنما ذكر في ذلك أخذا لجعل على الرقية والرقية ليست بواجبة والأذان والصلاة واجبة وكذلك تعليم القرآن

Бұл тақырыпты толықтай зерттегісі келгендер, Алляма Ибн Абидиннің жазғандарына жүгінсе болады. Мәтін сілтемеде көрсетілген [19]

Қорытынды

Ханафи мазхабы бойынша, мешітте имамдық қызмет үшін, азаншы, Құран, фиқһ, басқа да шариғат ілімдерін оқытатын ұстаздық қызмет үшін ақы алса болады.
Құран оқып, сауабын өліге бағыштағаны үшін ақы алуға болмайды. Ондай кезде оқыған адам сауап ала алмайды. “Мен өлген соң белгілі бір ақшаға маған Құран хатм оқыңдар!” деп өсиет қалдыруға болмайды. Медресе шәкірттеріне марқұмдарға сауабын бағыштап, Құранды бастан аяқ оқып шық деп, ақша беруге болмайды. Алайда бұл Құран оқып, марқұмдарға сауабын бағыштауға болмайды дегенді білдірмейді. Егер сіз, ақшасыз ешкім Құран оқымай қояды деп қорықсаңыз, онда өзіңіз бір рет Фатиха сүресін, үш рет Ықылас сүресін оқып, сауабын марқұмдарға бағыштасаңыз болады.

Кез келген жақсы істің сауабын (мысалы, садақа, намаз, умра тб) марқұмдарға бағыштап, Алладан олардың күнәларын кешуін сұраса болады. Оны мешіт имамы ғана жасауы керек деген шарт жоқ. Дұрысынан түсінгеніміз жөн. Ислам дінінде, мен өзім Құдайға тікелей жалбарына алмаймын, арада міндетті түрде дәнекер болатын “дін қызметкерлері кастасы” болу керек деген қағида жоқ. Ұлы Алла-Бәрін Білуші, Бәрін Көруші, Бәрін Естуші. Құлдарының дұғасына ижабат қылады. Ақшаға қажылық жасату мәселесіне келетін болсақ, бұл шығынға төленетін ақша. Мысалы бір адам қайтыс болған немесе ауруынан себеп өздігімен қажылыққа бара алмайтын туысы үшін, қажылық жасату ниетімен біреуге жолдама алып берсе, бұл жерде ешқандай бұрыстық жоқ.

Алайда біреудің атынан қажылық жасайтын адам, Мекке тұрғыны болса, сәйкесінше шығынданбаса, ондай адамға ақша беруге тиым салынады. Қажылық жаса деп жіберген адамыңның, қалталай шығындарын да көтерсең болады. Мысалы тамақ алуы үшін.( егер ол жолдамада қарастырылмаса). Егер бір адам қажылықта гид қызметін атқарып, ол үшін ақы алатын болса, бұған да тосқауыл жоқ. Себебі ол оқытқаны, үйреткені үшін ақша алған болады.

Басқа мазхабтардың көзқарасы

Шафи мазхабының көзқарасы

Ниет шарт болған (намаз)[21] сияқты құлшылықтар үшін ақы алуға болмайды. Ал ниетсіз де жасалуы сахих болатын (азан, Құран оқыту) сияқты рәсімдерге ақы алса болады.[22]

Мәлики мазхабының көзқарасы

Мәлики мазхабы бойынша, мешіт қазынасынан төленетін болса, имамдық қызмет үшін ақша алса болады. Егер жамағат төлесе, онда алмағаны дұрыс. Бірақ өткізген намазы дұрыс болады. [23]. Құран оқытқаны үшін де ақы алуға болады.[24]

Ханбали мазхабының көзқарасы
Ешбір (азан, қажылық, Құран үйрету) діни құлшылық үшін адам жалдап, ақша төлеуге болмайды!!!

1] әл-Биная, 10/277.

[2] Имам Мұхаммед, «әл-Асыл» (1/5) атты кітабының басында, “егер бір тақырып қарсылықсыз талқыланса, онда бұл үш имамның көзқарасы” деп айтқан.

[3] С. 157.

[4] 7/3696.

[5] 2/574.

[6] әт-Тәжрид, 7/3697.

[7] әл-Биная, 10/278.

[8] 4/191.

[9] Фатауа Кодихан, 2/226-227.

[10] 3/455.

[11] Пікір таңдаудың бірнеше түрі бар: Мысалы, бұл пікір сахих немесе, бұдан да асқан асахх немесе захир ар риуая делінсе. Алайда таңдаудың ең мықты түрі- осы пікірге сүйеніп пәтуә берілген десе.

[12] С. 550.

[13] 3/285.

[14] 7/480.

[15] «Хашия» Ибн Абидин, 9/94.

[16] 3/362.

[17] «Хашия» Ибн Абидин, 9/95.

[18] Ибн Абидин, 6/57.

[19] مطلب في الاستئجار على الطاعات] ١ (قوله ولا لأجل الطاعات) الأصل أن كل طاعة يختص بها المسلم لا يجوز الاستئجار عليها عندنا لقوله — عليه الصلاة والسلام — «اقرءوا القرآن ولا تأكلوا به» وفي آخر ما عهد رسول الله — صلى الله عليه وسلم — إلى عمرو بن العاص «وإن اتخذت مؤذنا فلا تأخذ على الأذان أجرا» ولأن القربة متى حصلت وقعت على العامل ولهذا تتعين أهليته، فلا يجوز له أخذ الأجرة من غيره كما في الصوم والصلاة هداية. مطلب تحرير مهم في عدم جواز الاستئجار على التلاوة والتهليل ونحوه مما لا ضرورة إليه (قوله ويفتى اليوم بصحتها لتعليم القرآن إلخ) قال في الهداية: وبعض مشايخنا — رحمهم الله تعالى — استحسنوا الاستئجار على تعليم القرآن اليوم لظهور التواني في الأمور الدينية، ففي الامتناع تضييع حفظ القرآن وعليه الفتوى اهـ، وقد اقتصر على استثناء تعليم القرآن أيضا في متن الكنز ومتن مواهب الرحمن وكثير من الكتب، وزاد في مختصر الوقاية ومتن الإصلاح تعليم الفقه، وزاد في متن المجمع الإمامة، ومثله في متن الملتقى ودرر البحار. وزاد بعضهم الأذان والإقامة والوعظ، وذكر المصنف معظمها، ولكن الذي في أكثر الكتب الاقتصار على ما في الهداية، فهذا مجموع ما أفتى به المتأخرون من مشايخنا وهم البلخيون على خلاف في بعضه مخالفين ما ذهب إليه الإمام وصاحباه، وقد اتفقت كلمتهم جميعا في الشروح والفتاوى على التعليل بالضرورة وهي خشية ضياع القرآن كما في الهداية، وقد نقلت لك ما في مشاهير متون المذهب الموضوعة للفتوى فلا حاجة إلى نقل ما في الشروح والفتاوى، وقد اتفقت كلمتهم جميعا على التصريح بأصل المذهب من عدم الجواز، ثم استثنوا بعده ما علمته، فهذا دليل قاطع وبرهان ساطع على أن المفتى به ليس هو جواز الاستئجار على كل طاعة بل على ما ذكروه فقط مما فيه ضرورة ظاهرة تبيح الخروج عن أصل المذهب من طرو المنع، فإن مفاهيم الكتب حجة ولو مفهوم لقب على ما صرح به الأصوليون بل هو منطوق، فإن الاستثناء من أدوات العموم كما صرحوا به أيضا. وأجمعوا على أن الحج عن الغير بطريق النيابة لا الاستئجار، ولهذا لو فضل مع النائب شيء من النفقة يجب عليه رده للأصيل أو ورثته، ولو كان أجرة لما وجب رده، فظهر لك بهذا عدم صحة ما في الجوهرة من قوله واختلفوا في الاستئجار على قراءة القرآن مدة معلومة. قال بعضهم: لا يجوز: وقال بعضهم: يجوز وهو المختار اهـ والصواب أن يقال على تعليم القرآن، فإن الخلاف فيه كما علمت لا في القراءة المجردة فإنه لا ضرورة فيها، فإن كان ما في الجوهرة سبق قلم فلا كلام، وإن كان عن عمد فهو مخالف لكلامهم قاطبة فلا يقبل. وقد أطنب في رده صاحب تبيين المحارم مستندا إلى النقول الصريحة، فمن جملة كلامه قال تاج الشريعة في شرح الهداية: إن القرآن بالأجرة لا يستحق الثواب لا للميت ولا للقارئ. وقال العيني في شرح الهداية: ويمنع القارئ للدنيا، والآخذ والمعطي آثمان. فالحاصل أن ما شاع في زماننا من قراءة الأجزاء بالأجرة لا يجوز؛ لأن فيه الأمر بالقراءة وإعطاء الثواب للآمر والقراءة لأجل المال؛ فإذا لم يكن للقارئ ثواب لعدم النية الصحيحة فأين يصل الثواب إلى المستأجر ولولا الأجرة ما قرأ أحد لأحد في هذا الزمان بل جعلوا القرآن العظيم مكسبا ووسيلة إلى جمع الدنيا — إنا لله وإنا إليه راجعون — اهـ. وقد اغتر بما في الجوهرة صاحب البحر في كتاب الوقف وتبعه الشارح في كتاب الوصايا حيث يشعر كلامها بجواز الاستئجار على كل الطاعات ومنها القراءة. وقد رده الشيخ خير الدين الرملي في حاشية البحر في كتاب الوقف حيث قال: أقول المفتى به جواز الأخذ استحسانا على تعليم القرآن لا على القراءة المجردة كما صرح به في التتارخانية حيث قال: لا معنى لهذه الوصية ولصلة القارئ بقراءته؛ لأن هذا بمنزلة الأجرة والإجارة في ذلك باطلة وهي بدعة ولم يفعلها أحد من الخلفاء، وقد ذكرنا مسألة تعليم القرآن على استحسان اهـ يعني الضرورة ولا ضرورة في الاستئجار على القراءة على القبر. وفي الزيلعي وكثير من الكتب: لو لم يفتح لهم باب التعليم بالأجر لذهب القرآن فأفتوا بجوازه ورأوه حسنا فتنبه اهـ كلام الرملي. وما في التتارخانية فيه رد على من قال: لو أوصى لقارئ يقرأ على قبره بكذا ينبغي أن يجوز على وجه الصلة دون الأجر، وممن صرح ببطلان هذه الوصية صاحب الولوالجية والمحيط والبزازية، وفيه رد أيضا على صاحب البحر حيث علل البطلان بأنه مبني على القول بكراهة القرآن على القبر وليس كذلك، بل لما فيه من شبه الاستئجار على القراءة كما علمت، وصرح به في الاختيار وغيره، ولذا قال في الولوالجية ما نصه: ولو زار قبر صديق أو قريب له وقرأ عنده شيئا من القرآن فهو حسن، أما الوصية بذلك فلا معنى لها ولا معنى أيضا لصلة القارئ؛ لأن ذلك يشبه استئجاره على قراءة القرآن وذلك باطل ولم يفعل ذلك أحد من الخلفاء اهـ إذ لو كانت العلة ما قاله لم يصح قوله هنا فهو حسن، وممن أفتى ببطلان هذه الوصية الخير الرملي كما هو مبسوط في وصايا فتاواه فراجعها. ونقل العلامة الخلوتي في حاشية المنتهى الحنبلي عن شيخ الإسلام تقي الدين ما نصه: ولا يصح الاستئجار على القراءة وإهدائها إلى الميت؛ لأنه لم ينقل عن أحد من الأئمة الإذن في ذلك. وقد قال العلماء: إن القارئ إذا قرأ لأجل المال فلا ثواب له فأي شيء يهديه إلى الميت، وإنما يصل إلى الميت العمل الصالح، والاستئجار على مجرد التلاوة لم يقل به أحد من الأئمة، وإنما تنازعوا في الاستئجار على التعليم اهـ بحروفه، وممن صرح بذلك أيضا الإمام البركوي قدس سره في آخر الطريقة المحمدية فقال: الفصل الثالث في أمور مبتدعة باطلة أكب الناس عليها على ظن أنها قرب مقصودة إلى أن قال: ومنها الوصية من الميت باتخاذ الطعام والضيافة يوم موته أو بعده وبإعطاء دراهم لمن يتلو القرآن لروحه أو يسبح أو يهلل له وكلها بدع منكرات باطلة، والمأخوذ منها حرام للآخذ، وهو عاص بالتلاوة والذكر لأجل الدنيا اهـ ملخصا. وذكر أن له فيها أربع رسائل. فإذا علمت ذلك ظهر لك حقيقة ما قلناه وأن خلافه خارج عن المذهب وعما أفتى به البلخيون وما أطبق عليه أئمتنا متونا وشروحا وفتاوى، ولا ينكر ذلك إلا غمر مكابر أو جاهل لا يفهم كلام الأكابر، وما استدل به بعض المحشين على الجواز بحديث البخاري في اللديغ فهو خطأ؛ لأن المتقدمين المانعين الاستئجار مطلقا جوزوا الرقية بالأجرة ولو بالقرآن كما ذكره الطحاوي؛ لأنها ليست عبادة محضة بل من التداوي. وما نقل عن بعض الهوامش وعزى إلى الحاوي الزاهدي من أنه لا يجوز الاستئجار على الختم بأقل من خمسة وأربعين درهما فخارج عما اتفق عليه أهل المذهب قاطبة. وحينئذ فقد ظهر لك بطلان ما أكب عليه أهل العصر من الوصية بالختمات والتهاليل مع قطع النظر عما يحصل فيها من المنكرات التي لا ينكرها إلا من طمست بصيرته، وقد جمعت فيها رسالة سميتها شفاء العليل وبل الغليل في حكم الوصية بالختمات والتهاليل وأتيت فيها بالعجب العجاب لذوي الألباب، وما ذكرته هنا بالنسبة إليها كقطرة من بحر أو شذرة من عقد نحر، وأطلعت عليها محشي هذا الكتاب فقيه عصره ووحيد دهره السيد أحمد

الطحاوي مفتي مصر سابقا فكتب عليها وأثنى الثناء الجميل، فالله يجزيه الخير الجزيل، وكتب عليها غيره من فقهاء العصر [20]
Бұл бөлім мәлики мазхабын жақсы білетін студенттермен кеңескеннен кейін жазылған. (Мәлики мазхабында-Ұстаз Әбдішүкір Брукс, ханбали мазхабында — ұстаз Тимур әл Башқұрди)
Әрбір мазхаб бұл қиын бір мектеп. Сол үшін құрғақ “гуглдан” көшіре салмай, сол мазхаб мамандарының кеңесіне жүгінген дұрыс. Егер арапша білмейтін кейбір адамдар, белгілі бір тақырыпты зерттеп, “төрт мазхаб бойынша” деп жазса, бұл ілім үшін қайғыратын жәйт.

[21] Мешіт имамының жалақысына келетін болсақ, әш Шируанидің “Хашия” сында, (6/152) оған берілген ақша, қызмет ақысы (иджара) емес, бәлкім алғыстың бір түрі болып табылады

[22] Канз әр-рағибин, 2/74; Тухфа әл-мұқтаж, 6/152.

[23] Хашия әл-Адауия, 2/192.

[24] әш-Шарх әл-кәбир, 4/16.

[25] әр-Рауд әл-мурби’, 285 б.