Ер мен әйелдің намаз оқу үлгісінде айырмашылықтар бар ма?       

Сұрақ:

Мен Ханафи мәзһабын  ұстанамын және Сауд Арабиясында тұрамын. Жұбайым мынадай мәселелерді хадис негізінде талдап айтып беруімді өтінген еді, яғни:

1. Әйел адамдардың сәжде жасауы ер азаматтардікіне қарағанда неге өзгеше болады?

2. Біз намазда неліктен бірнеше рет тәкбір алмаймыз?

Маған Алты «Сахих» кітаптардағы хадистерге сүйене отырып жауап берсеңіздер разы болған болар едім.

Жауап:

Аса Мейірімді, Ерекше Рақымды Алланың атымен бастаймын.

Әссәляму әлейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ.

Әлхамдулиллә, біз сіздің осындай күмән тудыратын күрмеулі мәселеге тап келгенде біздің ғұламалардың ақыл-кеңесіне жүгініп, көмек сұрағаныңызға қатты қуаныштымыз. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар», — дейді.

Ең әуелі, мына мәселені ескеріңіз – сіз төменде келтірілген хадистерге мағынасы кереғар келетін көптеген хадистерді кезіктіруіңіз мүмкін. Бұл жерде әрбір хадис өзінің дәрежесіне ғана бола алына бермейтіндігін түсініңіз, мейлі ол сахих хадис болса да.

Қандай да бір хадистің амал етілу дәрежесіне көптеген факторлар әсер етуі мүмкін. Көптеген белгілі фақиһ ғалымдар қай хадистің қолданылып, қайсысының қолданыстан шығарылуы керектігін шешу үшін өлшеусіз еңбек етті, әрқайсысын мұқият ой елегінен өткізіп, аянбай тер төкті. Кез-келген хадисті бет алды қолдану беруге болмайды. Сәйкесінше, біз бұл сұрақты талқылау барысында өз мәзһабымыздан берік ұстанушы адамдардың пікірлеріне сүйенеміз. Тағы бір зер салатын мәселе, біз Ханафи мәзһабын ұстанатын болғандықтан, тек өз мәзһабымызға еріп, сәләфизм жамағатымен талас-тартысқа түсуден сақтанғанымыз жөн.

А) Әйелдердің сәждесінің ер адамдардікінен өзгешелеу екендігін дәлелдейтін хадис:

1. Имам Әбу Дәуіт (Алла оны рақым етсін) келесі хадисті жеткізеді:

عن يزيد بن أبي حبيب  أن رسول الله صلى الله عليه وسلم مر على امرأتين تصليان فقال إذا سجدتما فضما بعض اللحم إلى الأرض فإن المرأة ليست في ذلك كالرجل

«Хәзірет Язид ибн Әби Хабиб Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)  намаз оқып жатқан екі әйелдің жанынан өтіп бара жатып, былай дегенін жеткізеді: «Сендер сәжделеріңді дене мүшелерің жерге тиетіндей етіп жасаңдар, себебі бұл мәселеде (сәжде жасауда) әйелдердің іс-қимылы ерлердікінен бөлек болады», — деді».

Маросилу Әбу Дəуд, Муассасту əр-Рисəлə,118-б. Иьла əс-Сунəн Идəрату əл-Қурəн, Каротиша Бəкистəн 3-т. 26-б. Əс-Сунəнул Кубро, нəшру əс-суна, Мултəн Пəкистан

Бұл хадисті жеткізушілер сенімді, әрі қайтарылмаған.

(Иләу ӘлСунан, Идара Әл Құран, 3-том, 26-бет)  

2. Имам Байһақи (Алла оны рақым етсін) келесі хадисті жеткізеді:

عن عبد الله بن عمر قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم إذا جلست المرأة في الصلاة وضعت فخذها على فخذها الأخرى وإذا سجدت الصقت بطنها في فخذيها كأستر ما يكون لها وإن الله تعالى ينظر إليها ويقول يا ملائكتي أشهدكم أني قد غفرت لها.

«Хәзірет Абдулла ибн Омар (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізеді: «Әйел адам намазда отырғанда бір санын екінші санының үстіне қойып отыруы керек, ал сәждеге барған кезде іші санына тиіп тұратындай болсын (яғни, оның іші мен саны жанасуы керек). Әйелдің бұлай жинақы тұруы оны жасыру мақсатындағы қайырлы амал.  Расында, бұл кезде Алла Тағала оған қарайды да, періштелерге: «Куә болыңдар, мен оны кешірдім», — дейді екен».

Бұл хадис бірқатар өзге хадистермен бекітілгендігіне байланысты сенімді болып табылады.

(Иләу ӘлСунан, Идара Әл Құран, 3-том, 33-бет)

3. عن أبى سعيد الخدرى صاحب رسول الله -صلى الله عليه وسلم- عن رسول الله -صلى الله عليه وسلم- أنه قال :« خير صفوف الرجال الأول ، وخير صفوف النساء الصف المؤخروكان يأمر الرجال أن يتجافوا فى سجودهم ، ويأمر النساء ينخفضن فى سجودهن ، وكان يأمر الرجال أن يفرشوا اليسرى وينصبوا اليمنى فى التشهد ، ويأمر النساء أن يتربعن ، وقال  يا معشر النساء لا ترفعن أبصاركن فى صلاتكن ، تنظرن إلى عورات الرجال.

Хәзірет Әбу Саид Худри (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Ер кісілер үшін ең қайырлы қатар – алдыңғы қатар, ал әйелдер үшін – соңғы қатар», — деді. Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ерлерге сәждеге барған кезде дене мүшелерінің (арасы) мейлінше кең тұруын бұйырса, әйелдерге (яғни, сәждеде) керісінше барынша жинақы тұруды ескерткен. Сонымен қатар, ерлерге тәшаһһудқа отырғанда сол аяғын жатқызып, оның үстіне отырып, ал оң аяғын (тобыққа дейін, әрине) тігінен қоюды бұйыратын. Ал әйелдерге таррабу’ жасауды (яғни, аяқтарын өзара айқастырып отыруды)  бұйыра отырып, былай дейтін: «Уа, әйелдер! Намазда  ер кісілер тұрған сапқа қарау үшін көздеріңізді алақ-жұлақ көтеріп, қарамаңыздар».

Сахабалар (Алла оларға разы болсын)  мен табиғиндердің әйелдер намазына қатысты тұжырымдамалары

  1. عن علي رضي الله عنه إذا صلت المرأة فلتحتفر ولتضم فخذيهاИмам Әбу Бәкір ибн Әби Шәйба (Алла оны рақым етсін) Хәзірет Әлидің (Алла оған разы болсын) мынадай тұжырымдама айтқанын жеткізеді: «Әйел намаз оқыған кезде ихтифаз жасап, сандарын жақын ұстауға тырысуы керек».Әл-Муснаф ибн Аби Шуғба, Идаратул Құран, Каротиш Пәкистан 1-т, 270-б.
  2. عن علي رضي الله عنه قال إذا سجدت المرأة فلتحتفر ولتلتصق فخذيها ببطنهاИмам Әбдур Раззақ (Алла оны рақым етсін) өзінің Мусаннафында келесі хадисті келтірген: Хәзірет Әли (Алла оған разы болсын) айтады: «Әйел сәждеге барған кезде ихтифаз жасап, сандарын ішіне жақын ұстасын».Әл-Мұснаф Әбду Разақ, әш-Шарикатул Мутвхаддидату Таузиғ, Байрут 3-т, 138-б. Әл-Мұснаф Ибн Аби Шайба, Мужмалул Уьлама 2-т, 504-б.
  3. عن ابن عباس أنه سئل عن صلاة المرأة ؟ فقال : تجتمع وتحفرХәзірет ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) әйелдердің намазы туралы сұрағанда ол: «Әйел адам намазда барынша жинақы болуға тырысып, ихтифаз жасауы керек»,-деп жауап берген.Әл-Мұснафу ибн Аби Шайба мажлусу Уьлама 2-т, 505-б.
  4. عن خالد بن اللجلاج ، قال : كن النساء يؤمرن أن يتربعن إذا جلسن في الصلاة ، ولا يجلسن جلوس الرجال على أوراكهن.Халид бин Ладжлаадж айтады: «Әйелдер намазда отырғанда тараббу жасауға бұйырылды және олардың ер адамдарға еліктегендей жамбастарына отыруларына болмайды».Әл-Мұснафу ибн Әби Шайба Мажлусу ьлама 2-т, 506 б.
  5. عن نافع ؛ أن صفية كانت تصلي وهي متربعةХәзірет Нафи’ деген кісі Сафияның (Алла оған разы болсын) намазды тараббу жасап оқығандығын жеткізеді.Әл-Мұснафу ибн Әби Шайба Мажлусу ьлама 2-т, 506 б.
  6. عن نافع ، قال : كن نساء ابن عمر يتربعن في الصلاة

Хәзірет Нафи’ жеткізеді: «Ибн Омардың кезіндегі әйел жамағаты намаз уақытында тараббу жасайтын».

Әл-Мұснафу ибн Әби Шайба Мажлусу ьлама 2-т, 507 б.

  1. عن ابن عمر أنه سئل كيف كن النساء يصلين على عهد رسول الله صلى الله عليه وسلم قال : كن يتربعن ثم أمرن أن يحتفزن

Хәзірет Абдулла ибн Омардан: «Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) заманында әйелдер намазды қалай оқушы еді?» деп сұрағанда, ол былай деп жауап берген болатын: «Бастапқыда олар тараббу жасайтын, кейіннен олар ихтифаз жасауға бұйырылды».

Шарху мұснад Әбу Ханифа иьлмия 191-б

Жоғарыда келтірілген хадисті жеткізушілердің тізбегі сенімді.

(И’ләу Әл-Сунан, ІІІ том, 27-бет, Идара Әл-Құран)

Ескерту: Бұл хадис «Тараббу» үкімі жойылғандығын және әйелдер кейіннен олай отырудан қайтарылғандығын айқын көрсетеді.

  1. قال الشيخ رحمه الله وجماع ما يفارق المرأة فيه الرجل من احكام الصلوة راجع إلى الستر وهو انها مامورة بكل ماكان استر لها.Имам Байһақи айтады: «Әйелдер мен ерлердің намаздағы қимылдарының айырмашылықтарының барлығы – жасырыну мақсатына негізделген. Бұл әйелдердің өздерін жасыруға негізделген әрекеттердің барлығын жасауға бұйырылғандығын білдіреді». Имам Байһақи (Алла оны рақым етсін) сынды мұндай ұлы мухаддистің тұжырымдамасы әйелдер мен ерлер намазының арасында айырмашылықтар бар екендігін айқын дәлелдейді.әс-Сунән әл-Құбро Байһақи, идарату әт-Тәлиф  2-т, 222-б.
  2. المراة تخالف الرجل في افعال الصلاةШейх Абдул Хайй Лукнауи айтады: «Әйел кісінің намазы ер адамдікінен ажыратылады».Саьая, саһлу акадимия 2-т, 205-б.

В) Намазда үздіксіз қолды көтеруге қатысты Имам Әбу Ханифа (Алла оны рақым етсін) мәзһабына сай негізделген хадистер:

1.  عن علقمة قال قال عبد الله بن مسعود ألا أصلى بكم صلاة رسول الله -صلى الله عليه وسلم- فصلى فلم يرفع يديه إلا فى أول مرة

«Хәзірет Әлқама (Алла оны рақым етсін) жеткізеді: Абдулла ибн Масғуд бірде олардан сұрады: «Мен сендерге Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) намазын оқып көрсетейін бе?» деді де, кейін намаз оқыды және қолын тек намаздың басында ғана көтерді».

Жамиғу Тирмизи, Сағид 1-т, 59-б.

(Жоғарыдағы хадис – сахих хадис: Әсаар Әл-Сунан, Имдадийя, 133-бет)

Бұл хадис Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) намазда қолдарын бір-ақ рет және тек басында ғана көтергендігін айқын түсіндіріп, көрсетеді.
2. عن البراء بن عازب رضي الله عنه قال : كان النبي صلى الله عليه و سلم إذا كبر لافتتاح الصلاة رفع يديه حتى يكون إبهاماه قريبا من شحمتي أذنيه ثم لا يعود

«Хәзірет Бәраа бин ‘Әзиб (Алла оған разы болсын) жеткізеді: «Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) намаз бастар алдында тәкбір алатын және қолын бас бармақтары құлақтарының жұмсақ жеріне жететін деңгейде көтеретін, кейін бұл амалды (намазда) мүлдем қайталамайтын».

Шарху Маъани әл-Әсар, Хақания 1-т, 162-б.

(Бұл хадис дәлел есебінде қолдануға жарайтындай дәрежеде сенімді хадис  — Маариф Әл-Сунан, ІІ том, 493-бет, Х.М.Са’иид)

3. «Хәзірет Асуад (Алла оны рақым етсін) айтады: «Мен Омар ибн Хаттабтың (Алла оған разы болсын) алғашқы тәкбірде қолын көтеріп, кейінгілерде қолын көтермегендігін көрдім».

(Бұл хадис – сахих. Әасаар Әл-Сунан, Имдадийя, 136-бет)

4. عن الأسود قال : رأيت عمر بن الخطاب رضي الله عنه يرفع يديه في أول تكبيرة ثم لا يعود

«Хәзірет Аасим бин Қулайб өз әкесінен Хәзірет Әлидің (Алла оған разы болсын) намазда қолдарын тек бірінші тәкбірде көтеріп, кейінгілерінде мүлдем бұлай жасамағандығын жеткізеді».

Шарху Маъани әл-Әсар, Хақания 1-т, 164.

(Бұл хадис – сахих. Нәсб Әл-Рая, Маккийя, І том, 407-бет)

5. ثنا عاصم بن كليب عن أبيه : أن عليا رضي الله عنه كان يرفع يديه في أول تكبيرة من الصلاة ثم لا يرفع بعد

«Муджахид жеткізеді: «Мен ибн Омардың артында тұрып намаз оқыдым және ол қолын тек бірінші тәкбірде көтерді»

Шарху Маъани әл-Әсар, Хақания 1-т, 163-б.

(Бұл хадисті жеткізушілердің тізбегі – сенімді. Әасаар Әл-Сунан, Имдадийя, 138-бет) 

6.  وعن ابن عباس وابن عمر رضي الله عنهما عن النبي صلى الله عليه وسلم قال ترفع الأيدي في سبعة مواطن افتتاح الصلاة واستقبال البيت والصفا والمروة والموقفين وعند الحجر

«Хәзірет Абдулла ибн Аббас және Ибн Омар (Алла оларға разы болсын) Алла елшісінің  (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Қолды тек жеті жағдайда көтеруге болады: намаздың басында… (Мұнда, намаздың басын есепке алмағанда,  намаздың ішінде қолды көтеру керектігі айтылмаған)

Мажмағул зауаид, қудси 2 -т, 103 б.

7. عن عباد بن الزبير أن رسول الله صلى الله عليه وسلم كان إذا افتتح الصلاة رفع يديه في أول الصلاة ، ثم لم يرفعها في شيء حتى يفرغ

«Хәзірет Абаад ибн Зубайр жеткізеді: «Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) намаз оқып бастағанда қолын көтеретін және одан кейін намазды аяқтағанша мүлдем қолын көтермейтін».
Нәсбур-роя, маккия 1-т, 404 б.

Және Алла жақсырақ білуші.

Уассаламу ‘алейкум.
Муфти Ибраһим Десай

Тараббу – аяқтарын айқастырып отыру.

Ихтифаз – әйел өз денесін барынша жинақы етіп ұстауға тырысып, сол жамбасының үстіне ғана отыруы.

jamiat.org.za сайтынан қазақ тіліне аударған Tamshy.kz