Имамға ұйыған адам (муқтади) «Сәнә», «тәшәһ-һуд» сынды дұғаларды ғана іштей айтып, «Фатиха» және қосымша сүре оқымайды. Бұған Ханафи мәзһабынан өзге мәзһәб ғалымдары да келіседі. Айталық, Абдуллаһ ибн Уәһәб, Мәлики мәзһабы ғалымы Әшһәб және табиғин Ибн Мусәйяб, т.б.[1]. Бұл мәселе төменде келтірілген Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінде де айтылған.

«Сахих Мүслимде» риуаят етілген №577 хадисте сахаба Саид ибн Сәбиттен имамның артында қосылып қырағат ету жайында сұрағанда, Ол (р.а.):

سَأَلَ زَيْد بْن ثَابِت — رَضِيَ اللَّه عَنْهُ — عَنْ الْقِرَاءَة مَعَ الْإِمَام فَقَالَ : لَا قِرَاءَة مَعَ الْإِمَام فِي شَيْء. رواه مسلم

«Еш жерде имамның артында қырағат ету деген жоқ», – деп, жауап берді[2].

Сондай-ақ, «Сахих Мүслимде» келтірілген деректе Сахаба Имран ибн Хусайн былай дейді:

عن عِمْرَانَ بْنِ حُصَيْنٍ قَالَ صَلَّى بِنَا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ صَلَاةَ الظُّهْرِ أَوْ الْعَصْرِ فَقَالَ أَيُّكُمْ قَرَأَ خَلْفِي بِسَبِّحِ اسْمَ رَبِّكَ الْأَعْلَى فَقَالَ رَجُلٌ أَنَا وَلَمْ أُرِدْ بِهَا إِلَّا الْخَيْرَ قَالَ قَدْ عَلِمْتُ أَنَّ بَعْضَكُمْ خَالَجَنِيهَا. رواه مسلم.

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) бізге бесінде ме, жоқ екінді де ме, имам болып, намаз оқыды. Намаздан кейін бізге қарап: «Қайсысың артымда тұрып «Сәббихисма Раббикәл әълә» деген?» – деп, сұрады. Ұюшылардың бірі: «Мен едім, бірақ, жаман ойым болған жоқ», – деп, жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз: «Қайсысы менімен жарысып тұрған, деп, ойлап қалдым»,[3] – дейді өзгелердің имаммен қоса жармасып оқып тұруын дұрыс көрмей.

Хадисші Тирмизиде «сахих жолмен» жеткен бір риуаятта сахаба Жәбир ибн Абдулланың мына сөзі келтірілген. Ол (р.а.) былай дейді:

عن أبي نُعيم وهبٍ بن كَيسانَ أنّه سمع جابر بن عبد الله يقول: مَن صَلَى رَكَعَةً لَم يَقرَأ فِيهَا بِأُمِّ القُرَانِ، فَلَم يُصَلِّ إلاَّ أن يَكُونَ وَرَاءَ الإمامِ» رواه ترمذي (حديث حسن صحيح)

«Кім де кім бір рәкәғатта болсын, Фатиха сүресін оқымаса, намазы жоққа есеп. Тек Имамның артында тұрса, оның жөні басқа». (Хадис Хасан және Сахих)[4].

Дарақұтнидің «Сүнәнындағы» сахаба Әбу Дәрданың мына сөзі риуаят етіледі:

عن أَبِي الدَّرْدَاءِ (فقيه الشام) سَمِعَهُ يَقُولُ سُئِلَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَفِي كُلِّ صَلَاةٍ قِرَاءَةٌ قَالَ نَعَمْ قَالَ رَجُلٌ مِنْ الْأَنْصَارِ وَجَبَتْ هَذِهِ فَالْتَفَتَ إِلَيَّ وَكُنْتُ أَقْرَبَ الْقَوْمِ مِنْهُ فَقَالَ مَا أَرَى الْإِمَامَ إِذَا أَمَّ الْقَوْمَ إِلَّا قَدْ كَفَاهُمْ

«Бір кісі Пайғамбарымыздан: – Барлық намазда қырағат етіле ме? – деп сұрағанда, «Иә» деген жауап естіді. Сонда жаңағы кісі: «бұл маған міндет болды» дейді. (Әбу Дарда) Сол кезде жұртқа қарағанда, мен Пайғамбарымызға ең жақынырақ тұр едім, Ол кісі (с.а.у.) маған бұрылып: – Алайда қашан жамағат имаммен бірге оқыса, оның оқығаны жеткілікті», – деген еді[5].

Имам Мәліктің «Әл-Муатта» атты хадис кітабындағы риуаятта сахаба Абдулла ибн Омардан (р.ғ.):

حَدَّثَنِي يَحْيَى، عَنْ مَالِكٍ، عَنْ نَافِعٍ، أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ، كَانَ إِذَا سُئِلَ هَلْ يَقْرَأُ أَحَدٌ خَلْفَ الإِمَامِ قَالَ إِذَا صَلَّى أَحَدُكُمْ خَلْفَ الإِمَامِ فَحَسْبُهُ قِرَاءَةُ الإِمَامِ وَإِذَا صَلَّى وَحْدَهُ فَلْيَقْرَأْ ‏.‏ قَالَ وَكَانَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ عُمَرَ لاَ يَقْرَأُ خَلْفَ الإِمَامِ «. رواه مالك بن أنس

«Имамның артында тұрған адам қырағат[6] ете ме?», – деп сұрағанда Ол (р.а.): «Кім де кім имамға ұйып, намаз оқыса, имамның қырағат етуі жеткілікті. Ал, оңаша оқыған кезде қырағат етсін»[7],– деп, жауап берген. Сахаба Абдулла ибн Омар имамның артында тұрғанда қырағат етпейтін.

Жоғарыда келтірілген хадистердің барлығы имамға ұйыған кісі іштей «Фатиха» және қосымша сүрені оқымайтындығына дәлел бола алады.

Кей ғалымдар сахаба Әбу Һұрайра мен Айша (Оларға Алла разы болсын) анамыздан риуаят етілген: «Фатиха» сүресі оқылмаған намаз толық емес» деген хадиске сүйеніп, имамның артындағы жамағат та оқуы керек дегенді алға тартады. Алайда, аталмыш хадис оған дәлел бола алмайды. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл өсиетін намазды оңаша оқитындарға қаратып айтуы мүмкін. Бұлай деуімізге Ақиық сардардың (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын!) өзге хадисінде:

عن جابر عن أبي الزبير عن جابر قال قال رسول الله صلى الله عليه و سلم: » مَنْ كَانَ لَهُ إمَامٌ فَقِرَاءَةُ الْإِمَامِ لَهُ قِرَاءَةٌ «. رواه ابن ماجه (حسن)

Сахаба Жәбирдің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кім имамға ұйыған болса, имамның қырағат етуі – оның да қырағаты болып есептеледі»[8], – деген[9].

و أنس بن سيرين قال: قال عمر بن الخطاب: » تَكْفِيكَ قِرَاءَةُ الْإِمَامِ». رواه ابن أبي شيبة في «المصنف».

Әнас ибн Сириннің риуаяты бойынша, Омар ибн Хаттаб: «Саған имамның оқуы жеткілікті», – деген.

«Фатиха» оқымаған адамның намазы жоқ» деген хадиске Имам Ахмад ибн Ханбал: «Бұл хадис өз бетінше оңаша оқитындарға қатысты айтылған», – деп, түсіндірме берген.[10]

Кешігіп келіп, имамға ұйыған адам (мәсбуқ) имам сәлем бергеннен кейін орнынан тұрып, оқылмай қалған рәкәғаттарында «Фатиха» және зәм (қосымша) сүрені оқиды. Өйткені, ол өз бетінше оқитындардың қатарынан саналады.

[1] Бәдруддин Айни, Нухабүл-әфкәр – 4/88-бет.
[2] Мүслім, №577 хадис.
[3] Мүслім, №398 хадис; Нәсәи-387-баб/991-хадис.
[4] Тирмизи – 1/317бет, №313 хадис.
[5] Дарақұтни сүнәні, 2/125-бет, №1262 хадис.
[6] Фатиха мен қосымша сүре оқу
[7] әл-Муатта Имам Мәлік – 1/86-бет: 10-баб, 43-хадис.
[8] Ибн Мажә, 376-бет/ 850-хадис; Зәуәиду Сүнән Дарақұтни, №563 хадис.

[9] Имам Тахауи, Шарху Мағанил Әсәр, Имамның артында қирағат ету бабы. 4/89-бет.

[10] Ибн Әби Шәйбә, «ман раххаса филь қираәтә халфәл имам», №9 хадис.

Абдусамат Қасым

Дереккөз: muslim.kz