Дұға жасайтын кезде екі қолды көтеру, дұғаның соңынан бет сипау – мұстахаб. Оған мына төмендегі хадистер дәлел:

Тирмизи риуаят еткен «сахих» хадисте хазірет Омар (р.а.) былай деді:

كانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا رَفَعَ يَدَيْهِ فِي الدُّعَاءِ لَمْ يَحُطَّهُمَا حَتَّى يَمْسَحَ بِهِمَا وَجْهَهُ. رواه الترمذي: هذا حديث صحيح غريب.

«Дұға етерде Пайғамбарымыз қолдарын көтерер болса, ол екеуін бет сипамай түсірмейтін»[1].

Мұхаддис Хаким өзінің «Мұстадрак» атты Бұхари мен Мүслімнің хадис қабылдау талаптарына сай жинақтаған хадис кітабында Ибн Аббастан мына хадисті риуаят етті. Ибн Аббас былай деді:

عن ابن عباس رضي الله عنهما قال: قال رسول الله صلى الله عليه و سلم: » إِذَا سَأَلْتُمُ اللَّهَ فَاسْأَلُوهُ بِبُطُونِ أَكُفِّكُمْ وَلَا تَسْأَلُوهُ بِظُهُورِهَا وَامْسَحُوا بِهَا وُجُوهَكُمْ «. رواه الحاكم في المستدرك على الصحيحين.

«Пайғамбарымыз (с.а.у.): Алла тағаладан тілеген кезде алақан жайып тілеңдер, қолдарыңның сыртымен сұрамаңдар. (алақан жайғанда) бет сипаңдар!», – деді»[2].

Хадисші Хакимнің «әл-Мүстадрак» атты хадис жинағында келтірілген тағы бір хадисте Әзірет Омар былай дейді:

حنظلة بن ابي سفيان قال: سمِعتُ سَالِمَ بنَ عَبدِ اللهِ يُحَدِّثُ عَن اَبِيهِ عَبدِ اللهِ بنِ عُمرَ عن عُمَرَ رضي الله عنه: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ إِذَا مَدَّ يَدَيْهِ فِي الدُّعَاءِ لَمْ يَرُدَّهُمَا حَتَّى يَمْسَحَ بِهِمَا وَجْهَهُ «. رواه الحاكم في المستدرك

«Шындығында, Пайғамбарымыз (с.а.у.) дұға ету үшін қолын көтеретін болса, екі алақанымен бетін сипамайынша, (көтерген қолын) түсірмейтін»[3].

[1] Тирмизи, Дағуат 4/368-бет. №3386 хадис;
[2] Мұстадрак алас-сахихайн, Суал би батнил-Кітап, №2011 хадис
[3] Мүстадрак, масхул уажһ бил ядайн фид дуга – 2010-хадис.

Абдусамат Қасым