Сұрақ: Ассалаумағалейкум! Осы битва экстрасенсов деген телебағдарлама болып жүр гой сол жайлы айтсаңыздар… Көруге бола ма? Дархан.

Жауап:
Уа алейкум ассалам!

Сиқырды тамашалаудың соңы – оны растап әрі құптауға септігін тигізетіні сөзсіз. Хадисте: «Кімде-кім көріпкелге немесе балгерге барып, оның айтқанын растайтын болса, Мұхаммедке түскен (Құранды) мойындамағаны[1]», – деп айтылған. Ал, сиқырды тамашалау өзге адамдарды да осы күнәға итермелеу болып табылады.

Сондықтан, иманын қорғап, мұндай зиянкестен сақтану үшін әлгіндей бағдарламаларды көрмеу керек. Құран Кәрімде: «Әрі олар – өтірік нәрселерге қатыспайды және бос нәрселердің (пайдасыз бос сөздер мен істердің) жанынан өткенде, өз қадір-абыройын сақтап өтеді[2]», – деп мұсылмандардың мәртебесін биіктеткен.

[1] Ахмед
[2] Фұрқан сүресі, 72-аят

Дереккөз: muslim.kz