Бірде Дәуіт Тайи былай баяндайды:
«Жиырма жыл Хазіреті Әбу Ханифамен бірге болдым. Осы уақыт ішінде байқағаным, ол жалғыз кезінде де, тіпті қасында біреу болғанда да жалаң бас отырғанын және дем алу үшін көсіліп отырғанын көрмедім.
Оған бір күні:
«Жалғыз болғанда көсіліп отыруыңа қандай кедергі бар?» — дедім.
Ол маған:
«Алла Тағала алдында әдеп болған абзал» — деді.