Лотерея ойнау күнә ма?

Жауап:

Біріншіден, лотерея ойындары көпшіліктің қаржысы есебінен бір немесе бірнеше адамды ғана байыту болғандықтан, бұл анық әділетсіздік. Екіншіден, ұтамын деген үмітпен кейде соңғы ақшасына дейін жұмсаған көпшілік аяғында жер сипап өкініште қалады. Нәтижесінде шаңырағы шайқалып, қарызға батып, өмірден түңілген жандар да баршылық. Осының бәрін назарға ала отырып Ислам діні барлық құмар ойындарды тыйған  [ Майда сүресі : 90-91 аят].

Лоторея да құмар ойындардың санатына жататындықтан шариғатта харам деп саналады[Абдунасыр Али, Мәйсир — 21 бет.].