Мен қалай ханафит болдым?

I — бөлім

Барлық мадақ Әлемдердің Иесі Аллаһқа тән. Сондай-ақ, сүйікті пайғамбарымызға және оның соңынан ілесушілерге Аллаһтың игілігі мен тыныштығы болсын!

Мен балалық шағымда ауылдық жерде тұрушы едім. Сол кезде ата анамызда Құран үйренуге мені қайда жіберсек дұрыс деген сұрақ туындады. Ауылымда әр жұма сайын имамдыққа талас болатын бір ғана мешіт бар еді. Барельвилер (діни ағым) өзінің адамын, ал мазхабсыздар өзінікін қоюды қалайтын. Ол жақта тек жалғыз деобанди отбасы бартұғын, бірақ олар өз ойларын бізге айтпады. Тартыстар өтіп жатқанына алты ай өтіп кетсе де, имам әлі де тағайындалмаған еді. Кей-кездерде мешітте екі жамағат орнайтын. Бұл жайт әкемді қатты мазалаған. Ақыр соңында әкем мазхабсыздар таухидті бидағатшыларға қарағанда дұрыс түсінеді деп, мені солардан ілім алғанымды жөн санады. Сөйтіп, мені мазхабсыздар хафизіне жіберді.

Мені қайтіп оқытты?

Мектепте оқығанымда араб әліпбиін үйреніп алғандықтан, алғашқы сабағымды бірінші парадан бастадым. Ұстаз бізге аяттарды қайталатып, жаттатқызатын. Содан кейін ұстазымыз ханафи мазхабының муфтиының аузын жауып, қандай да бір ханафи ғалымын пікірталаста жеңгенін әңгімелеп беретін. Әлемде бізбен салыстыруға келетін ханафи мазхабын ұстанушы (деобанди немесе барельви болсын) жоқ екен. Сосын ұстаз бізге хабарландыруды көрсетіп: «Қараңдар! Бұл хабарландыру осыдан жиырма жыл бұрын басылып шығарылған. Бұл әлемдегі барлық ханафилерге арналған қарсы шығу әрекеті, яғни бұл жерде айтылғандай, ханафилер Аллаһ елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен «намазда қол көтеру амалын» (раф ғадайн) жоятындығы жайлы хадисті баяндап, ғасырлар өте келе пайғамбар жеткізген дінді өзгертіп, Аллаһ Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орнына Әбу Ханифаның артынан еріп, тақлид жасауға қай хадисті дәлел ететіндерін көрсетуі тиіс. Тіпті, бұл сұрақтарға жауап берген адамға бірнеше мың рупи беруге уәделестік, бірақ та олардың бір де біреуі ондай хадисті көрсетіп бере алмады»,-деді. Ұстаздың осыншама өтірікке толы сөздері шәкірттеріне үлкен әсер қалдырған еді.

Сондай- ақ, ұстаз Делиге барар жолда Деобандта тұрақтап қалғандығын баяндап берді. «Намаз уақыты кіргенде, бүкіл ұстаздар мен оқушылар жиналды. Мен оларға біздің медресеге мұндай қағаздар жыл сайын жеткізілетінін айттым. Оларға хабарландыруды көрсетіп, неліктен бізге хадисті жібермегендігін сұрастырдым»,- деді ол. Бірақ ол жақтың ұстаздары ұялып, бұл хабарландыруды ешқашан көрмегендіктерін айтты және «Неліктен біздерден бұл хадисті әркез сұрап соншама басынасыңдар?- деп сұрады деді.. Ұстазымызды тыңдай отырып, біз ешқандай үміт жоқ екендігін түсіндік, себебі біздің естуімізше, Деобандтағы медресе үлкен, ал ұстазымыз осы жердегі мұғалімдердің барлығын сөз таластарда жеңіп шыққан болса, сондай хадисті табу мүмкін бе?

Ихтиляф деген не?

Әрине, ұстазымыздан біздің сүнетті ұстанушылардан қандай айырмашылығымыз бар екендігін сұрайтын едік. Ұстазымыз: «Ұлым, олар да, біз де Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзіне сенеміз. Осы тұрғыдан ойымыз бір жақтан шығып, бірауыздан келісімге келеді. Бірақ біз кімнің сөзіне сенетінімізді атап кетеміз. Айтулары бойынша олар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) иман етеді, бірақ имам ағзам Әбу Ханифа артынан ереді екен»,-деп жауап беретін. Сонда біз айтушы едік: «Ұстаз, бірақ имам Әбу Ханифа (рахматуллахи алейхи) исламның ірі ғалымы болмап па еді, және ол мұсылмандарға Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін жеткізуге тырысқан болар, себебі ғалымның хадис сөздеріне қарама- қайшы сөйлеуі мүмкін емес». Сонда ұстазымыз: «шынында, имам ағзам Әбу Ханифа (рахматуллахи алейхи)тақуа адам еді, бірақ ол кісінің заманында барлық хадистер жиналып үлгермеді. Сондықтан да, Әбу Ханифа (рахматуллахи алейхи)көп мәселелерді ұқсастығы бойынша (қыяс) орнатып кеткен, сонымен қатар ол: «егер де менің сөздерім хадистерге қарама-қайшы келсе, айтқан сөздерімді қалдыру керек»- деген. Бірақ бұл ханафиттер өте қырсық адамдар»,-дейтін. Сол кезде неліктен үмметке біріншіден фиқхты, сосын барып хадистерді үйрену керек екендігін сұрау ойымызға келмепті. Еш күдіксіз, «Сахих Ситта» атты еңбекті құрастырушылар төрт имамнан кейін келсе де, олардың ешбіреуі кітаптарының бөлімдерін ханафи мен шафии мазхабтарын жоққа шығаруға арнаған емес.

Хадисты білу

Ұстазымыз айтатын: «Матаны тек маталар дүкенінен, ал қантты тек қант сататын дүкеннен табуға болатындай, хадистерді тек хадис ілімін жетік меңгерген адамдардан (ахлул-хадис) ғана іздестіруге болады. Басқа ешқандай медреселерде хадис ілімін үйрейтпейді. Егер бізден біржолата кетсеңіз, кейін бүкіл жер-көкті араласыңыз да, хадис білуге деген құштарлығынызды қандыра алмайсыз. Хадистерді тек біз ғана үйрете аламыз». Сол кезде біз аңқаулау едік: ахлул-хадиспен қатар, ахлул-Құран (Құранды жетік білетін адамдар) атты бауырларымыз бар екенін білмедік, олар да дәл осылай дейтін. Бірақ әрине бізге ұстазымыз: «Құранды тек ахлул-Құран үйрену керек, өйткені біз Құранды білеміз бе?»- деп сөйлеген емес. Бізді әркез шынайы мұсылмандар санаулы ғана, ал қалғандары тек хадисті теріс шығаратын адамдар деп сендіретін.

Сенім үшін жүз шәһидтің сыйы

Нәпіл намаздарды оқымай, керісінше, күлкі ететініміз есімізде. Сондай-ақ біз оларға дұрыс мән-жай бермейтін де едік, өйткені нәпіл намаздар мен басқа да сүннет амалдарға ханафи мазхабын ұстанушылар ғана көңіл бөлетін. Иә! Осыған қарамастан, біз ұмытылып кеткен сүннет амалдарын жандыруға тырысатынбыз. Мысалы, жамағатпен оқылатын намаздарда қасында тұрған адаммен тобықтарымызды қабыстырушы едік, себебі бұл – «ұмытылып бара жатқан сүннет» амалға жатады және де осы іс үшін жүз шәһидтің сауабы жазылған. «Әмин» сөзін дауыстап айту да дәл солай. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім «әмин» сөзін естігенде тітіркенетін болса, онда ол үмметімнің яхудилері»,-деген, сондықтан «әмин» сөзін барынша қатты айтуға тырысу керек. Себебі, сені қаншалықты көп ханафи мәзхабындағылар естісе, соншалықты көп жүз шәһидтің сауабындай сауап жинайсың. Соған қоса, осы яхудилерді ашуландырғаның үшін де сауап аласың.

Шын мәнінде фиқһ қандай?

Біздің ұстазымызда Мұхаммед Юсуф Жайпури мәуләуидің «Хақиқатүл-фиқһ», Мұхаммед Рафиқ Пасрури мәуләуидің «Шамшер Мұхаммедия бар ақаид Ханафия» және Мұхаммед Жанағри мәуләуидің «Шәмәил Мұхаммеди» атты кітаптары бар еді. Ұстазбен бірге ол кітаптарды отырып оқушы едік, бес минут те өтпей, басымызды ұстап, тәубе ететінбіз: «Бұндай сұмдық заттар тіпті индуистер мен сиқх дініндегілерде жоқ. О Аллаһ! Егер де индуистер, сиқх пен христиан дінін ұстанушылар бұл масқараны оқыса, олар мұсылмандарды төмен дәрежеге түскендер деп ойлаушы еді».

Бір сөзбен айтқанда, осының бәрінен кейін бізде, ханафи мазхабы – сиқх, яхуди, индуистер мен отқа табынушылардың өзі араласуды қаламайтын өте лас мазхаб деген ой қалыптасты.

Әдістеме

Негіздерді ұғып алғаннан кейін, ұстазымыз қарапайым ханафи мазхабын ұстанушы адамдарға барып, бізді мазхаб ұстанушыға айналдыратын қандай хадистер бар екенін көрсету үшін ұстаздарына апаруды сұрандар деп бұйыратын. Қарапайым ханафишілер бізді расымен ұстаздарына ертіп апаратын, ал біз болсақ олардан Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қай хадисте өзінің орнына Әбу Ханифа сөздеріне еру керек екендігін көрсетуді талап ететінбіз. Сұрақты қойып алып, олардың жауабын ешқашан мұқият тындап көрген емеспіз. Екі минут өтсе болды, жаңағы адамдарға ұстазының ешбір хадис келтіре алмағандығын мойындауға шақырдық. Әрине, осындайдан кейін ұстаздары бізге ренжитін, сосын біз кетіп қалып отырдық. Ал біздің ұстаз болса бізге риза еді. Ол өз шәкірттерімен: «Мына бала өзінің бірде-бір сұрағына жауап бере алғызбай ханафи ұстазын жеңіп шықты. Ал ол болса бірде- бір хадис келтіре алмады”,- деп көп ауылдарда мақтанатын. Оған бәрі былай жауап беруші еді: «Ақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады” (Исра,81)

Алты тармақ

Біздің ұстаз осы саланың жетік сарапшысы еді. Оның айтуы бойынша, ханафи мазхабшыларын жеңу үшін бізге Құранның да, хадис пен фиқхтың да қажеті жоқ. Оқымаған адамның өзі ханафишілерге тиісіп мазаларын алса, жүз шәһидтің сауабына сай сауап жинай алады екен.

1. Абу Ханифа мазхабын ұстанушыны көрсең, қолындағы сағатына дәлел келтіретін хадис бар ма екендігін сұра. Бұндай сұрақтар қою үшін ешқандай білім қажет те емес. Мысалы, алты жастағы баланы дәріхана жіберіп, кез келген дәрі- дәрмек жайында: «Бұл дәрі хадистерде атап өтіле ме?»,-деп сұратқызуға болады. Сұрақты қойып болған соң, мешітке барып: «Мен ханафиден хадис сұрап едім, ол жауап бере алмады»- деп жар салу керек. Ендігі кез келген мазхаб ұстанбайтынның міндеті- ханафи ұстазының бірде-бір хадис білмейтіндігі жайлы қауесет тарату.

2. Сенің айланды түсініп, жазып жатқан қаламың кездесетін хадисті көрсет дейтін болса- саспа. Сол сәтте-ақ жауап бер: «Қай хадисте мына үлгідегі қаламға тыйым салынады?» Енді қатты дауыстап: «Сен бұл қаламға тыйым салынатын хадисті көрсете алмайсын, сен өзінді қорғап қалу үшін хадис көрсете алмайсын, сен мына заттарға тыйым салынатын хадистерді білмейсің»- деп айту керек. Ендігі барлық мазхабсыздар бір-біріне: «Ол бейшаралар қайдан ғана хадис білсін? Олар бүкіл өмірін фиқһ оқуға кетірді ғой!»,- десетін болады.

3. Ханафиші хадистер жинағын алып: «Сен ахлул-хадистенсің ғой! Сен қолданбайтын бүкіл хадистерге қарашы»,- десе, қорықпа, бұл дүрлігетін уақыт емес. Бетіне күліп тұрып: «Керемет! Сонда бұл қандай кітап? Біз Бұхари мен Мүслим хадистеріне ғана, ал ол болмай жатса «Сахих Ситта» (алты негізгі хадистер жинағы) атты кітапқа ереміз». Жай ғана хадис кітаптарын жоққа шығарма, оларды кекетіп, үстерінен күл — кітапты әкелген адам ұялып, жинағын тығып тастасын. Осылай сен өзіңді қауіп-қатерден сақтап қаласың.

4. Алты хадис жинағынан саған қарсы дәлел көрсетілсе, жағдайға сай нақты анықтама болуын талап ет. Сондай хадис тапсаң, 10000 рупий берем деп уәде беріп қой. Қардианиттер дәл осылай жасайды, олар Иса пайғамбар(Аллаһтың сәлемі болсын) аспанға тірідей және өз денесімен көтерілгендігі жайлы нақты хадисті тауып беруді сұрайды. Және де бұл хадис сахих, сарих, марфу, болуы тиіс. Мазхабсызшылар болса, бұл хадисті«мансух» (жойылған) және «раф ғадайн» (қол көтеру) сөздерімен сұрайды. Көбірек ашулаңыңыз, қарсыласыңыз, сіздің қысымыңыз астында айтарға сөз таппай қалсын.

5. Егер де, сіз сұраған хадисті тауып беріп: «Қарашы! Сен сұраған сөз осында жазылған!»- десе болды, сен: «Бұл ӘЛСІЗ хадис, әлсіз, әлсіз, әлсіз!(әлсіз сөзін үш реттен қайталау керек)»,-де. Енді саған бұл хадисті қарастырудың қажеті жоқ, себебі сен қарсыласыңның бұл хадис жайлы ештеңе білмейтіндігін дәлелдеп бердің. Бұл надан хадистің әлсіз екендігін біліп алсын.

6. Намаз оқымайтын адамды көрсен, намаз оқы деп айту қажет емес, бірақ намаз оқитын адамды көрсен, сенің намазын қабыл болмайды деуің, саған міндет.

Бұл біздің алты негізіміз болды.

Менің әкем ораза мен намаздарда, сонымен қоса тахаджудте ыждаһаттылық танытатын. Мен күнде оған: «сенің намаздарың қабыл болмайды, сенің сенімің рас емес, тахаджудімен қоса, ешқандай құлшылығың қабыл болмайды», -деп онымен дауласатынмын. Әкем болса, дауласудың қажеті жоқ, екеуміздің де намаздарымыз қабыл болады деуші еді. Мен болсам: «Неткен масқара! Біздің Жаратушымыз екі ғибадат жіберген бе? Бірі — Мадинада, екіншісі — Куфада? Біздің намаз — бізді жәннатқа жетелейтін Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) намазы»,-дейтінмін. Әкем болса: «ақылсыз сөйлеуді доғар»,- дейтін. Бұл бізге ұлы жеңіс ретінде көрінетін. Соған қоса, әкеме оны өте қатты сыйлайтынымды айтатынмын, әйтпесе, фиқһтың бүкіл лас сұмдықтарын ашып берсем, оның басы өзінің мүңкіген сасығынан шыдай алмай жарылып кетуші еді.

Дәл осылай бірнеше жыл өтті…
Жалғасы бар…

Дереккөз: hanafi.kz