بسم الله الرحمن الرحيم

Қазіргі уақытта біздің діни қоғамда лайықты жауабы беріле қоймаған, нәтижесінде, көптеген адамдар адасу мен күдіктің қармағына ілінген бірнеше мәселе бар. Солардың бірі, намаз оқымаған адамның жағдайы. Бұл жайында көптеген ғұламаларымыз бірауыздан күпірлік болмайды деп айтқанның өзінде де, бұл тақырыпты сондай күрделі қылып көрсетіп, адамдарды күпірлікке шығаруда көптеген надандар қалар емес, әрі олардың арасында адамдарға тәкфир жасап, кәпірге шығаратын «қызуқанды» білгішсымақтар да жетерлік. .Олардың уәжі бойынша, намаз тастаған адам кәпір болатыны жайлы сахих хадистер келген, ал күпірлік емес деп есептеген ғалымдарға бұл хадистер жетпей қалған. Әрине, надандардың сөздеріне ешқандай да мән бермейміз және олардың такфирлеріне де үйреніпте қалдық. Бірақ, ізгі сәләфтар мен әһлу сунна ғалымдары бұл жайында қандай пікірде болған және соған сай немесе басқа да пікірлеріне қандай дәлел ұстанған екенің білуіміз қажет болады. Сонымен мәселеге оралсақ,

«Сахих Муслимде» келген хадисте Алла Елшісі айтады:

«Адамды ширк және күпірден айырып тұратын – намаз».

Мухииддин ән-Науауи (631-676 х/1233-1277 м) «Сахих Муслимге» жасаған әйгілі шарх кітабында бұл хадиске мынадай түсініктеме берген:

«Егер намаз тастаған адам намаздың парыз екенің мойындамаса кәпір болатынына ғұламалар бір ауыздан келіскен. Тек егер ол адам мұсылмандықты жаңадан қабылдап, намаздың парыз екені оған жетпесе бұл үкім оған жүрмейді .«

Бірақ егер намаз тастаған адам оның парыздығына сеніп, еріншектік, жалқаулықпен тастаған болса, қазіргі адамдардың көпшілігі секілді (хижраның 7-ғасырында)ол жайында ғалымдардың арасында бірнеше көзқарастар бар.

Имам Малик, Имам Шафиғи (рахимахуллаһ) және сәләфтар мен хәләфтардың көпшілігі ондай адамды кәпір емес, пасық болады деген. Ол адамнан тәубе жасауын сұралады. Тәубесіне келеді немесе жаза ретінде өлтіріледі, алайда, бұл өлтіру күпірлігі үші болмайды. Бұл бейнебір, некедегі ер адам зина жасағаны үшін өлтірілгені секілді, бірақ өлтіру қылышпен жүзеге асады, (яғни, тасборан етілмейді.)

Сәләфтардың бір бөлігі ол амалды күпір болады деген. Бұл пікірде Әли бин әбу Толиб (радиаллаһу әнһ) болған. Сондай-ақ, бұл пікір Ахмад бин Ханбалдан (рахимахуллаһ) келген бір риуаятта келеді. Сонымен қатар, бұл ұстаным Абдуллаһ бин Мубарак, Исхақ бин Рахауаих және имам Шафиғидің (рахимахуллаһ) соңынан ерушілердің кейбірінде болған.

Әбу Ханифа, Куффалық ғалымдардың бір тобы, Шафиидің сахабасы әл-Музани – ол адам кәпір болмайды және оны өлтірудің қажеті жоқ деген. Намазын тастаған адамды намазына қайта келгенше дейін түрмеге қамау қажет.

Ал күпірлікке шығарумен айналасушы адамдар хадистің сыртқы мағынасын алып күпірлік дегенді өздерінің қиясымен таухидке қарсы мағынасын алған.

Имам Науауидің сөзінің жалғасы:

Намазды тастаған адамды өлтірудің қажеті жоқ деушілер келесі хадисті дәлелге алған:

“Мұсылман адамның тек үш жағдайда ғана төгуге болады….”

Соның ішінде намаз тастаған адамның деп айтылмады.

Ғұламалардың көпшілігі кәпір болмайтына Алланың келесі сөздерін дәлелге келтірген:

«Алла тағала Өзіне ортақ (серік) қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды”. (Ниса сүресі, 48-аят)

Және Пайғамбарымыздың хадистерін келтірген:

“Кім Лә иләһә иллаЛлаһ деп айтса жәннәтқа кіреді. Кімде кім Алладан басқа Тәңір жоқ екендігіне сеніп дүниеден өтсе ол жәннаттық. Егер Алланың құлы күмәнсіз екі куәлік сөзімен кездессе ол жәннаттан алыстатылмайды. Алла лә иләһә иллаллаһ деп айтқан адамға отты арам еткен” және тағы басқа да хадистер.

Ал, ол адамды өлтіруге қатысты дәлелге Тәубә сүресінің 5-аятын келтірген:

“Сонда егер олар, тәубе қылса, намазды толық орындап, зекет берсе, онда олардың жолын бос қойыңдар”.

Және Пайғамбарымыз хадисін келтірген:

“Мен адамдармен лә иләһә иллаллаһ деп айтқанша, намаз оқып, зекет бермейінше күресуге бұйырылдым,ал егер оны орындаса сол арқылы ол менен өзінің қанымен мүлкін қорғаған болады”.

Ал Пайғамбарымыз «Адамды ширк және күпірден айырып тұратын – намаз» деген хадисін былай түсінеміз:

«Намаз тастаушы адам кәпірдің жазасын алады.Оның жазасы – өлім.Немесе хадисті намаз тастауды рұқсат деп есептеген адам күпірлікке түсуіне себеп болады немесе намаз тастау кәпірлердің амалдарынан деп түсінуге болады. Алла жақсы білуші».

Мухииддин ән-Нәуәуи: «Сахиху Муслим би шархин-Науауи»: 2/70
Египет: 1347/1929

Әлләмә Әбу Умар ибн Абдил-Барр (368-463 х/978-1071 м) «әт-Тамхид» кітабында намазды парыз деп мойындап,бірақ жалқаулықпен орындамаған адам жайында:

«Намазды парыз деп мойындап,бірақ жалқаулықпен орындамаған адам жайында ғұламаларымыз бірнеше пікірге бөлінген. Кейбіреулері кәпірге шығарған. Оларды «Зайд бин Аслам от Бушр бин Михджан» атты бапта келтірген болатынмын. Бірақ жумхур/көпшілігі кәпірге шығармаған. Тек намаздың парыздығын мойындамаған адамнан басқасын (яғни намаздың парыздығын мойындап,бірақ оқымаған адамды күпірлікке шығармаған). Қабыл алмау және жоққа шығару растау мен мойындаудың қарама қарсы мағынасы болып табылады».

Ибн Абдил-Барр: әт-Тамхид: 9/251: Дарул-хадисил-хасания: 1387/ 1967

Ханбали мазһабының фақиһы Ибн Қудама әл-Мақдиси (541-620 х/ 1146-1223 м) айтады:

«Намаз оқымаған адам кәпір болмайтынына мұсылмандар арасында иджмағ/бір ауыздан келіскен. Себебі біз қай ғасырда болмасын намаз оқымаған адамды өлгеннен кейін жуындырмағанын, жаназа намазын оқымағанын, кәпірлердің мазарына көмгенін көрмеппіз. Және қалған мұрасын мұрагерлеріне таратуды тыйым салғанды көрмеппіз. Сондай-ақ, ермен әйелдің қайсы біреуі намазын тастағанына оларды ажырастырмаған. Намаздарын тастаушылар көп болса да. Егер намаз тастаушы адам кәпір болғанында бұл үкімдер іске асар еді. Намаз тастаушы адам намазының қазасын өтейді деген мәселеде ғалымдар арасында таластар болғаның көрмеппін. Егер намазын тастаған адам кәпір болғанында оған намазының қазаларын өтеуі парыз болмас еді.

Ал, жоғарыда айтылған хадистер қорқыту мақсатында күшейтіліп айтылған, кәпірлерге ұқсаған болады деген мағынада, сыртқы тікелей мағынасында емес».

Ибн Қудама: әл-Муғни: 3/357-358
Рияд: Дару әләмил-Қутуб: 1417/1997

Шафиғилік шейхул-Ислам, имам ән-Науауи (631-676 х/1233-1277 м):

«Көпшілік ғалымдардан қалған пікір бойынша намаз тастаған адам кәпір болмайды егер намаздың парыздығын жоққа шығармаса».

«Фатауа ән-Науауи»,119 бет. Даруль Башаир Исламиия

Шафиилік фақих және мухаддис, хафиз Зайнуддин әл-Ирақи (725-806 х/1325-1404 м) «Тархут-Тасриб фи шархит-Тақриб» атты еңбегінде айтқан:

“Көпшілік ғұламалар намаз тастаған адам кәпір болмайды деген, егер ол адам намаздың парыздығын жоққа шығармаса және бұл Абу Ханифаның, Маликтің,Шафиғидің соңғы сөздері. Сондай-ақ, бұндай сөздер Ахмад ибн Ханбалдан да келген”.

Зайнуддин әл-Ирақи: Тархут-Тасриб: 2/147
Бейрут: Дар Ихиар әт-Турасил-Араби

‘Убада ибн Самит Алла Елшісінің былай дегенін жеткізеді:

«Алла Тағала құлдарына бес намазды парыз етіп жазды. Кім олардың қақыларына жеңіл қарамай, ешбіреуін жоймаған түрде келсе, Аллаһтың қасында оны жәннатқа кіргізетін серт бар. Ал кім оларды атқарусыз келсе, Аллаһтың қасында оны құтқаратын ешқандай серт жоқ. Қаласа, оны азаптайды. Қаласа, оны жәннатқа кіргізеді» деп айтқаның келтірген.

[Әбу Дауд 425, Ибн Мажа 1401, ән-Насаи ”әл-Кубра” 314, әд-Дарими 1577, имам Малик 270;]

Ибн Абдул-Барр (368-463 х/978-1071 м) Имам Маликтің келтірген хадисіне қатысты айтқан сөзі:

«Бұл хадис егер адам таухидті ұстанып, Пайғамбарымыз алып келгеніне иман келтірген болса және ешқандай амалы болмаса да оның кәпір болмайтынына дәлел болады. Бұл муғтазилиттер мен хауаридждердің ұстанымдарын түбімен жоққа шығарады. Адам намаз оқымай, Рамазанда ораза ұстамай тұрып иман келтіргені және ниеті себепті мұсылман болатынын көрмейсің бе? Сол үшін де адам мұсылман болуына себеп болған нәрсені тастамайынша кәпір болмайды. Ал ол — иман келтіру керек болғанды теріске шығару. Алла жақсы білуші”.

Қазіргі уақытта намаз тасатаған адамға күпір үкімін шығару мақсатында “уахабилердің” кейбіреулері имам Шафиғидің мына сөзін жиі таратуда:

Имам аш-Шафиғидің шәкірті имам Музани айтады:

«Намазды әдейілеп тастаған адамның үкімі» атты бап:

Имам Шафиғи айтты: Егер адам намазды ешбір себепсіз тастаған болса, оған айтамыз: «Сен үшін намазды ешкім оқымайды, егер оқысаң өте жақсы, оқымасаң тәубе етуінді талап етеміз. Егер тәубе етсең (намаз оқысаң) жақсы ,болмаса кәпірді өлтіргендей сені де өлтіреміз. Сосын біз оған айтамыз: Иман келтіргенің жақсы, болмаса сені өлтіреміз.Одан тәубе етуі үш рет ұсынылады. Егер намаз оқыса жақсы. Оқымаса оны өлтіреміз.Бұл да жақсы Алла қаласа».

Әл-Музани айтты: Ақиқатында бұл сөздерді имам Шафиғи діннен шыққан адамға қатысты айтқан. Егер ол тәубе етпесе оның үш рет тәубе жасауын күтпей-ақ өлтіріледі. Бұл ұстанымды Пайғамбарымыз “Дінің тастаған адамның мойынынан қылышпен ұрындар” деген хадистен алған. Яғни, Имам Шафиғи себепсіз намаз тастаған адамды иманын/сенімін тастаған адаммен теңеген және оның үкімі діннен шыққан адамдікі секілді үш рет тәубе жасауы ұсынылмай өлтіріледі ”.

Имам Әбул-Хасан әл-Мардауи (364 — 450 г.х./ 974 — 1058 г.м.) өз еңбегінде жоғарыдағы Музанидің сөзін келтірген соң былай деп түсініктеме айтады:

“Және бұл Шафиғидің намазды тастаушы адам екі түрлі болады:

Біріншісі, намаздың парыздығын жоққа шығарып тастаса, екіншісі парызын мойындап тұрып тастаушы. Біріншісі сөзсіз кәпір болады және оған дінін тастаған адамға қатысты үкім жүреді. Ал, егер ол парыздығын мойындап тастаса оған «Неге намаз оқымайсын?» деп сұралады. «Мен науқаспын» десе оған айтамыз намазды тұрып, отырып, жатып болсын оқы. Намазды парыз деп түсінген адамнан намаз түспейді. Ал, егер ол «Мен науқас емеспін», «мен ұмытып кеттім намазды десе», оған «қазір есіңе түсті, намазыңды оқы» деп айтамыз. Егер ол намазды «жалқаулықпен оқымай жүрмін» десе, ол адам намазды себепсіз тастаған болып есептеледі. Ол адамнан тәубесіне келуді ұсыну міндет болады. Егер ол тәубеге келіп, бойұсынса ол босатылады. Немесе, «мен намазды үйде орындап жүрмін» десе ол өзіне тапсырылып, ол дінге қайтқан болып саналады. Ал егер ол тәубе жасамай, өзінің ұстанымына, яғни намазды орындамауында қасарысса ол жайында ғалымдар үш көзқарасқа бөлінген:

Біріншісі: Шафиғи мен Маликтің көзқарасы. Олар ондай адамның қаны рұқсат және оны өлтіру керек деген. Бірақ ол адам кәпір болмайды.

Екіншісі: Әбу Ханифа мен Музанидің көзқарасы. Олар ол адамның қаны да, өлтірілуі де рұқсат емес деген. Бірақ тәрбиелеу мақсатында әр намаз сайын патшаның немесе қазының рұқсатымен жаза қолданылады деген.

Үшіншісі: Ахмад ибн Ханбал мен Исхақ ибн Рахауияның көзқарасы. Олар ондай адам кәпір болады және оларға діннен шыққан адамның үкімі қолданылады деген”.

Мауарди «Хауи әл-кабир фи фиқһ мәзхаб әл-имам аш-Шафиғи»

Имам Әбу Усман әс-Сабуни (373-449 х/983-1057 м) айтты:

«Әһлул-хадис намазды біле тұра тастаған адамға қатысты пікірлері бөлінген. Ахмад ибн Ханбал және сәләфтардың бір тобы ондай адам кәпір, діннен шығады деген. Ал, Имам Шафиғи және оған ерушілері, сәләфтардың бір тобы ондай адам кәпір болмайды деген, егер намаздың парыздығын мойындаса».

[«Иғтиқад әс-сәләф әсхабул-хадис»]

Сахабалардың «намаз оқымаған адам кәпір болады» деген сөзіне Ибн Абд-уль-Барр (368-463 х/978-1071 м) «Тәмхид» кітабындабылай деп түсініктеме берген:

“Омар ибн Хаттабтың (радиаллаһу әнһ) «Намазды тастаған адамның Исламда үлесі жоқ» деген сөзіне қатысты: Ол адамға исламның үлкен үлесі,толықтай үлесі жоқ дегені. Сондай-ақ, ибн Масғудтың сөзін солай түсіндірген».

Абдуллаһ ибн Амрдан келген хадисте Пайғамбарымыз айтады:

«Кімде-кім намазын уақытылы оқыса, бұл намаз қиямет күні нұр мен құжат болады және тозақтан құтылуына себеп болады. Намазын қорғай алмаса, қиямет күні нұр, құжат болмайды және құтыла алмайды. Қарунмен, Перғауынмен, Хаман және Убай бин Халефпен бірге болады.»

[Ахмад «Муснад» 6397, Дарими «Сунан» 2638, Ибн Хиббан «Сахих» 1497, Байхақи «Шуабул-иман», 2578]

Имам Байхақи (384-458 х/994-1066 м) бұл хадисті келтіре айтады:

«Мұндай жағдай егер Алла Өз мейіріміне алмаса болады. Мұның түсінігі Убад ибн әс-Самиттан келген хадисте келген, яғни егер адам намазды тастап жатқанын да одан ешбір күнәні көрмесе және оны орындауда ешбір сауапты көрмесе».

«Шуабул-иман», 2578

Сөз соңында, Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға мадақтар болсын!

Дереккөз:

al-fatawa.com

hanafi.kz