Сахаба Ғубада ибн Сәбит (радиаллаһу әнһ) Рамазан айы жақындағанда Алла Елшісінің ﷺ сахабаларына мына дұғаны оқуды үйреткендігі жайлы жеткізеді:

اَللّٰهُمَّ سَلّمْنِيْ لِرَمَضانَ وَسَلّمْ رَمَضانَ لِيْ وَسَلّمْه لِي مُتَقَبَّلا

«Аллаһумма сәллимнии ли Рамәдаана уә сәллим Рамадаана лии уә сәллимһу лии мутәқаббәлә»

Мағынасы: «Иә, Алла! Мені Рамазанға аман-сау жеткіз! Рамаданды маған қорған қыл! Әрі оны менен қабыл ет!»

(имам Табарани «Китабу дуʼа», № 912хадис; сондай-ақ, «Хаятус-сахаба» (3/182), «Канзул-ʼуммаль» (8/584))

Хадистің дәрежесі

Шейх Мухаммад Аууама (хафизахуллаһ) Омар ибн Абдул Азиздің «Муснадына» жасаған ескертпелерінде (280 бетте) бұл хадистің иснады әлсіз екендігін келтірген.

Соған қарамастан, алдыңғы өткен ізгі сәләфтардың берген анықтамасы әртүрлі бола тұра, олардың тәжірибеде жүзеге асырғанымен қуатталатын бұл хадиске амал етуге болады.

Сәләфтардың заманындағы әдет

1.Имам Табарани (рахимахуллаһ) жеткізеді, белгілі табиғин Макхул (рахимахуллаһ) Рамазан айының басында осы дұғаны оқитын еді. (Китабу дуа ли Табарани, № 913 хадис)

2. Және де ол Абдул Азиз ибн әби Раууадтан (х. 159 өл.), сол уақыттағы мұсылмандар жоғарыда келтірілген дұға тектес дұға түрлерін Рамазан айы басталар тұста оқығандығын жеткізеді (№ 914 хадис)

3.Имам Мухаммад ибн Насар әл Мәруәзи «Қииәмул ләйл» еңбегінде сахабалар мен табиғиндердің (оларға Алла разы болсын) Рамазан айы жақындаған тұста осы дұғаны оқуы — олардың әдеттерінен болғандығын келтіреді. (Мухтасар Қииямул-ләйл, 98)

4.Хафиз Ибн Ражаб (рахимахуллаһ) сенімді табиғиннің: «Яхия ибн әби Касир (рахимахуллаһ): «Бұл дұғаны оқу — олардың (сахабалар мен табиғиндардың) әдеттері еді …»,- дегенін жеткізеді. (Латаифул-Маъариф, 280)

Имам Суюти (рахимахуллаһ) бұл хадисті хасан дәрежесіне көтерген, яғни, сенімді деген (Канзул-Уммал, 8/584).

Бұл дұға қашан оқылады?

Соңғы риуаяттан өзге хабарларда, бұл дұғаны Рамазан айы жақындағанда немесе басталған уақытта оқылғандығын көреміз. Яхия ибн әби Касир (рахимахуллаһ) жеткізген нұсқада мынадай дұға келеді:

ﻥﺎﻀﻣﺭﻰﻟﺇﻲﻨﻤﻠﺳﻢﻬﻠﻟﺍ

«Я, Алла, мені Рамазанға дейін сақта»

Демек, бұл нұсқада аталмыш дұғаны Рамазан айы басталмай тұрып оқылатындығы меңзелген.

Алла жақсырақ білуші.

Шейх Мухаммад Харун Абас Умаар

Дереккөз:

hadithanswers.com

hanafi.kz