Ұстаздары

Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф көптеген ұстаздардан жеке-дара дәріс алған. Бұхарадағы медресенің оқу бағдарламасынан тыс ол мұнда қари Шахабиддиннен қырағат бойынша, ұстаз Мұхтаржаннан Әлфие бойынша дәріс үйренеді. Сонымен қатар, белгілі ғалымдар ұстаз Османжан, ұстаз Қасымжан, ұстаз Абдулатифтен де сабақ алады. Ташкентте институттың оқыту бағдарламасымен бірге бірқатар танымал ғалым кісілерден, атап айтқанда, Исмаил Махдум, Юсуфхан Шакировтан жеке сабақ алып оқиды. Дәл сол сияқты Ливиядағы оқуы кезінде де жергілікті дінтанушы-ғалымдардан оқудан тыс дәріс үйренген. Кейіннен ол ислам әлемінің белгілі қайраткерлері Мұхаммед ибн Әләуи Мәлики, Әбу Хасан Надауи, Салих Ахмад ибн Мұхаммед Идрис Араканиден ілім-білім үйреніп, (куәлік етуге) рұқсат алады.

Шәкірттері

Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф 1981-1989 жылдар аралығында Имам Бұхари атындағы Ташкент Ислам Институтында еңбек етеді және бірнеше пәннен сабақ береді. Сол жылдары институтта оқыған барлық студенттер оның шәкірттері болатын. Мысалы, бүгінгі бірқатар діни қайраткерлер осы кісіден дәріс алып, оған шәкірт атанған. Соның ішінде, Кавказдың Бас мүфтиі Исмаил Бердиев, Ресей Федерациясының Жоғарғы Мүфтиі Равил Ғайнуддин, Шешен Республикасының Мүфтиі әрі бірінші Президент Ахмад Қадыров, дагестандық имам Мұхаммед Расул, әзірбайжандық ғалым Мулкадор. Бұған қоса ол сонау Ливияда жүргенде де бірқатар өзбек ұлтты студенттерге ұстаздық еткен, яғни олар – Ануар Ахмад, Хайруллах Хабибуллах, Мұхаммед Омар, Мұхаммед Құрбан, Ризыққұлбек және басқалар.

2000 жылы Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф Өзбекстанға оралған кезде әлемнің көптеген білім иелері оның жанына жиылып, бірігеді. Олардың басым көпшілігі оған шәкірт болады.

Шейхтың ұстаздарынан алған рұқсатнамалары

Салих Ахмад ибн Мұхаммед Идрис әл-Арақани әл-Маккиден алған рұқсатнамасы. Онда былай делінеді: «Бұл (яғни, сәнәд – осы ілімдердің берілу тізбегі) – исламға тән сипаттардың бірі. Және исламда ол Әһли сүннетке тән. Сәйкесінше, шейх Мұхаммед Садық ибн Мұхаммед Юсуф өзінің үлкен ыждаһаттылығымен менен хадис және өзге де салалар бойынша рұқсат сұрады. Мен былай деп айтамын: «Мен оған, — оның да, біздің де алар сауаптарымызды арттырсын, — өзімнің риуаяттарым, сәнәдтарым мен жазбаларым, өзге рұқсатнамаларым, сонымен қатар, 150-ден аса еңбектерім бойынша толық рұқсатнамамды бердім. Маған да өзге елдердің жүзден аса шейхтары өз рұқсатнамаларын берген болатын. Ал бұл ендігі хадис пен өзге де еңбектер бойынша ғалымдардың көзқарасында маңызды деп табылған жағдаяттарға негізделеді».

Хадис жинақтары бойынша Әбу Хасан Надауиден рұқсатнама алған, ал оның ілім жеткізу тізбегі Имам Хафиз ибн Хәджарға дейінгі мухаддистердің тізбегімен байланысқан.

Имам Әбу Бәракат Абдулла ибн Ахмад ән-Насауи әл-Ханафидің «Мадарикут-танзил уә хакаикут-тағуил» атты еңбегі бойынша алған рұқсатнамасы. Рұқсатнама Әбу Бәкір ибн Ахмад әл-Малийбариден авторға дейінгі тізбек бойынша беріледі.

Шейхтың өз шәкірттеріне берген рұқсатнамалары

Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф – бұл біздің өлкеміздегі мүлдем ұмытылудың сәл-ақ алдында қалған – ұстаздардың ислами ғылыми еңбектер бойынша шәкірттеріне рұқсатнама (білімді толық пайдалануға және оны белгілі бір бағыт бойынша оқытуға берілетін рұқсат) беру дәстүрін қайта жаңғыртқан адам. Ол Имам Әбу Бәракат Абдулла ибн Ахмад ән-Насауи әл-Ханафидің «Мадарикут-танзил уә хакаикут-тағуил» атты атақты тәпсір кітабы, сондай-ақ, өте жақсы белгілі әрі сенімділігі жағынан Қасиетті Құраннан кейінгі орында тұратын Имам Бұхаридің «Әл-Жамиғус Сахих» жинағы бойынша өзінің көптеген шәкірттеріне рұқсатнама берген болатын.

Ғылыми қызметі

Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуфтың мақалалары алғаш рет 1975 жылдан бастап, яғни «Кеңес шығысының мұсылмандары» журналында жұмыс жасаған кезінен бері жариялана бастады.

1991-1993 жылдар аралығында оның бірқатар еңбектері жарық көреді, соның ішінде, «Хиләл Тәпсірлері» деген атаумен Қасиетті Құранның 28-30-жүздерінің тәпсірі, «Иман тазалығы» атты кітабы. Сонымен қатар, «Иман» және «Тақуа болайық» (1992 ж.), «Ислам тазалығының жолында» (1997 ж.) атты кітаптары да басып шығарылады.

1993-2001 жылдар аралығында Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф мемлекеттен тыс өзге шет елдерде тұрады. Алғашқы бір жарым жыл Қасиетті Меккеде болып, кейін 1994 қарашасынан бастап 2001 жылға дейін Ливияда тұрады. Бұл уақыт шейхтың ғылыми ізденісі мен шығармашылығы үшін өте өнімді де сәтті жылдар болады. Дәл осы уақыт аралығында ол алты томдық «Тәпсір Хиләл» атты кітабын, сонымен қатар, адам өмірінің әрбір сәтін қамтитын хадистер талданған, бірнеше кітаптан тұратын «Хадистер және өмір» атты үлкен еңбегін жазып шығады. «Тәпсір Хиләл» кітабының қалған 27 бөлігін Қасиетті Құран аяттары алғаш рет түсіріліп басталған жер — берекелі Меккедегі әл-Харам мешітінің маңында жазып бітіреді. Ал «Хадистер және өмір» еңбегін Нұрлы Мәдинадағы пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) раузасында (пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жерленген жер) жазып бастайды, ал қалған бөлігін Ливияда жазып тәмамдайды.

Бұдан басқа ол өзге елдерде болған көптеген халықаралық конференциялар мен ғылыми форумдарға белсенді түрде қатысады. Ислам әлемінің көптеген көрнекті ғалымдарымен жиі кездесіп, шығармашылық қарым-қатынас жасап тұрады.

Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф Өзбекстанға 2001 жылы ғана оралады. Өзбекстан халқы оны зор қуанышпен қарсы алады. 2001-2015 жылдар аралығында Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф ғылыми қызметте өте қарқынды әрі кең көлемде көптеген жұмыстар атқарады. Ол көптеген кітаптары, видео және аудиоуағыздары, ғылыми әңгіме, сұхбаттары, кездесулері мен баяндамалары, бірқатар дәрістер топтамасы, одан өзге әр түрлі жекелей ұйымдастырылған іс-шаралар мен рәсімдерде айтқан насихаттары арқылы мұсылмандардың діни сауатын арттырып, олардың таза да шынайы Исламға қол жеткізуіне өзінің үлкен де сүбелі үлесін қосады. Сондай-ақ, халықтан түскен әр түрлі тақырыптағы сауалдарға берген 25 000-нан аса жауаптары ғаламтор беттеріне жарияланып, мұсылмандарға көп пайдасын тигізеді.

Оның еңбектерінің арқасында халық арасындағы түрлі келіспеушіліктер мен пікір-таластар жойылып, көптеген жат ағымға желігіп адасқан адамдар тура жолға түседі. Исламнан мүлдем бейхабар болған адамдар діндеріне қайта оралып, олардың арасында бейбітшілік, сабырлық пен достық рухы қалыптасады.

Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуфтың жетекшілігімен ең алғаш рет ғаламтор желісінде өзбек тіліндегі ислами сайттың негізі қаланады. Бұл islom.uz сайты өзбек тіліндегі ең белсенді жұмыс жасайтын әрі қолданушылар саны да өте көп сайттардың бірі. Кейінірек islom.uz порталының негізінде белгілі бір тақырып аясында жұмыс жасайтын жиырмадан аса жеке сайттар ашылады және аз ғана уақыттың ішінде олардың әрқайсысы өз міндет-бағыты бойынша мықты қарқын алған әрі қоры да өте қомақты сайтқа айналады. Шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф бірқатар үлкен жобалардың да негізін қалаған адам. Атап айтқанда, өте танымал тоғыз хадистер жинағының бәрін топтастырған «Хадистердің алтын қазынасы» атты кітаптар топтамасы мен «Ислам сөздігі» атты энциклопедиялық сөздік.

Өзінің белсенді де жемісті қызметі арқылы шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф Орта Азиядағы ислам ғылымдарының дамуын қайта жолға қояды. Оның еңбектері мен айтқан насихаттары көптеген дін мамандары мен ғалымдарды, білім ізденушілерін одан әрі білімге талпындырады. Ол өзінің кез-келген кітабының мұқаба ішіндегі алғашқы бетіне жазылатын және біз жоғарыда келтіріп кеткен ұран сөзіне сай амал етіп, соған ілесіп отырды. Ол таза да шынайы исламға үйрететін жаңа мектеп іспеттес дүниенің іргесін қалап, сол мектептің негізінде жүздеген шәкірттерді тәрбиелеп шығарды. Шейхтың өздерін одан сырттай ілім алдық деп санайтындарды есепке алмағандағы шәкірттерінің саны осы. Оның бірқатар еңбектері орыс тіліне аударылып, шейхтың бұған бастамашы болып, ыждаһаттылық танытуының арқасында оның көптеген туындылары орыс тілді халықтарға да ендігі кеңінен тарап үлгерді. Әрі бұл, яғни еңбектерін орыс тіліне аудару ісі әлі де тоқтаусыз жүріп жатады. Оған қоса, шейхтың жазған туындылары ұйғыр, қарақалпақ, қырғыз және қазақ тілдеріне де аударылды және аударылуы үстінде. Орта Азияның көрнекті ғалымдарының ішінде соңғы үш жүз жыл ішінде осыншалықты жемісті де салмақты, әсерлі шығармашылығымен ерекшелене алатын адамды тауып айту қиын.

Шейхтың еңбектері

Басып шығарылған кітаптары:

  1. Қасиетті Құранның мағынауи аудармасы
  2. «Тәпсір Хиләл». Қасиетті Құранның мағынауи аудармасы мен аяттарының тәпсірі. Алғашқы шығарылымы (өзбек тілінде) 22 томнан тұрады. Кейінгі шығарымдары үлкен көлемді алты томнан тұрады.

«Хадистер және өмір» атты топтамасы. Атақты шейх Мансұр Әли Насифтің 37 томнан тұратын (39 бөлім) «Әт-Тәджул жамиғ лил усул фии ахадисур расул» атты іргелі еңбегіне талдау. Еңбектің мазмұны төмендегідей:

  1. «Кіріспе»
  2. «Иман мен ислам туралы кітап»
  3. «Ниет, ықылас және ілім туралы кітап»
  4. «Тазалық кітабы»
  5. «Намаз туралы кітап» 1-бөлім
  6. «Намаз туралы кітап» 2-бөлім
  7. «Намаз туралы кітап» 3-бөлім
  8. «Зекет туралы кітап»
  9. «Ораза туралы кітап»
  10. «Қажылық пен умра туралы кітап»
  11. «Сауда, егін шаруашылығы және уақф туралы кітап»
  12. «Фараиз туралы кітап» (мұрагерлік пен өсиетнама хақындағы сұрақтар)
  13. «Неке (никях), талақ пен идда туралы кітап»

14-15. «Ант ішу, серт беру аңшылық туралы кітап»

16-17. «Ас, ішімдік пен киім-кешек туралы кітап»

  1. 18. «Ем-дом мен руқия туралы кітап»
  2. «Әлемге мейірім ретінде жіберілген Пайғамбар»
  3. «Пайғамбарлар тарихы»
  4. «Сахабалардың адами қасиеттері (артықшылықтары). Әбу Бәкір мен Омар радиаллаху анхума».
  5. «Сахабалардың адами қасиеттері (артықшылықтары). Осман және Әли радиаллаху анхума»
  6. «Ашаратул мубашшара және Әһлүл Байт» (Жәннат уәде етілген сахабалар және пайғамбардың үйінің адамдары)
  7. «Келімсектердің артықшылықтары»
  8. «Пайғамбардың үйіндегі әйелдері»
  9. «Ансарлардың артықшылықтары»
  10. «Мемлекеттер мен тақуалық иелерінің артықшылықтары туралы кітап»
  11. «Тәпсір кітабы»
  12. «Тәпсір, түс жору және үлгілер туралы кітап»
  13. «Құранның қасиеттері»
  14. «Тарих пен жорықтар туралы кітап»
  15. «Фитналар (бүліктер) және Қиямет сағатының белгілері туралы кітап»
  16. «Жақсы амалдар және көркем мінез-құлық туралы кітап»
  17. «Зікір, дұға, истиғфар және тәубе»
  18. «Зухда мен ракаик туралы кітап»
  19. «Әдеп кітабы»
  20. «Худуд туралы кітап» (шариғаттағы жазалар)
  21. «Әмірлік пен төрелік туралы кітап»

Тағы басқа кітаптары

«Сунниттік сенім» (Ислам дінінің негіздері)

«Ақидатут Тахауия» (кітаптың аудармасы және мәтініне жасау)

«Ақоид ғылымы және осыған байланысты сауалдар»

«Усулул фиқһ» (Фиқһ әдіснамасы, фиқһ негіздері мен оның әдіснамасына арналған іргелі еңбек)

«Кифая» («Мухтасарул Уиқаяға» талдау, үш том)

«Бағыттар және фиқһ кітаптары»

«Мәзһабтар – бірліктің белгісі»

«Талас-тартыстар: себептері мен шешімі»

«Улумул Құран» (Құран ғылымдары, құрани ғылымдар бойынша іргелі еңбек)

«Мусталахул хадис». Хадистану бойынша толық трактат

«Тасаууф жайындағы түсінік»

«Жан (рух) тәрбиесі» (үш томдық: І – «Тазару», ІІ – «Жаңару», ІІІ – «Көркем мінез-құлыққа ие болу»)

«Даналық ақиқаттарына талдау» (Ибн Атауллаһ Скандаридің «Хикамул Атоийя» кітабында баяндалған даналық сөздерінің аудармасы және толық талдау, бес томдық)

«Бұл — Расулулла» (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын). Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) 1124 хадисі

«Адамдардан зікір сұраңыз» (сұрақ-жауаптар жинақшасы, төрт томдық)

«Әдептіліктің қайнар көзі»

«Жақсы амалдар мен туыстық қарым-қатынастарды сақтау туралы кітап» (Имам Маруазидің «Китабул бирри уәс сила» кітабына аударма және талдау, екі томдық)

«Амалдар ниетке байланысты» («Хадисы, подпитывающие силой Ислам» кітаптарының топтамасынан)

«Иман»

«Исламдағы адам құқығы»

«Исламдағы экология»

«Уәсәтыя – өмір жолы»

«Шынай бақытқа апарар жол» (Ислами оқу мен мұсылмандардың өмір сүру салтына жалпылама шолу)

«Отбасы – бақыт сарайы»

«Бақытты отбасы» (Отбасылық бақыт, отбасылық мәселелер туралы кітап. Кітапта ислам тұрғысындағы отбасы мәселелері сөз болады)

«Әлеуметтік әдептер» (Ислам мәдениеті, этикеті және әдебіне арналған үлкен жинақ)

«Исламға қош келдіңіздер» (Сәййид Мубашшир Таразидің кітабының аудармасы және талдау)

«Дін – бұл насихат»

«Нарық және оған қатысты сұрақтар»

«Қарыз және оған қатысты сұрақтар»

«Балгерлік, сиқыр, жынды шығару, қашыру және дәстүрлі емес ем-дом әдістерінің мәнісі туралы ақиқат»

«Ислам өтірік сөзге қарсы»

«Ысырапшылдық»

«Тақуа болайық»

«Иман келтірген адамның миғражы» (Дәрет пен намаз бабы туралы егжей-тегжейлі)

«Рамазанды қарсы алып…»

«Насихат жетекшісі – Имам Әбу Мансұр Матуриди»

«Самарқандтың көрнекті ғұламалары»

«Ашық баян (жолдау)»

«Үлкендерге құрмет»

«Дені сау сәби»

«Исламның тазалығы жолында»

«Ислам адами қылмыстарға қарсы»

«Тарих — аманат»

«Қоғам жүрегіндегі улы қанжар»

«Қажылық ғибадаты»

«Тазалық — иманнан»

Орыс тілінде жарық көрген кітаптар:

«Тәпсір Хиләл», 30-жүз

«Тәпсір Хиләл», І, ІІ томдары

«Иман, Ислам, Құран»

«Сунниттік Сенім»

«Уәсәтыя – өмір жолы»

«Балгерлік, сиқыр, жынды шығару, қашыру және дәстүрлі емес ем-дом әдістерінің мәнісі туралы ақиқат»

«Талас-тартыстар: себептері мен шешімі»

«Хадистер және өмір» — жоғарыда аталған кітаптар топтамасының аудармасы: «Кіріспе» 1-том, «Ислам мен иман туралы кітап» 2-том, «Ниет, ықылас және ілім туралы кітап» 3-том, «Тазалық кітабы» 4-том, «Ем-дом мен руқия туралы кітап» 18-том, «Әлемге мейірім ретінде жіберілген Пайғамбар» 19-том.

Видеоматериалдар

«Әлеуметтік әдептер» — Рамазанға насихат 2012 жыл (жеті дискіде)

«Рамазанның тартуы» – Рамазанға насихат, 2013 жыл (алты дискіде)

«Жүректер Алланы зікір етумен тыныштық табады» – Рамазанға насихат, 2014 жыл (бес дискіде)

«Бақытты отбасы» (екі дискіде)

Ғибратты ғұмыр

«Әдептіліктің қайнар көзі» (екі дискіде)

«Адамдардан зікір сұраңыз» (екі дискіде)

«Даналықтың әлемі» (бес дискіде)

«Жан тәрбиесі» (1-Кіріспе, 2-Әдептілік, 3-Білім)

«Жан тәрбиесі» (4-Жүректердің тазаруы, 5-Намаз, 6-Зекет)

«Жан тәрбиесі» (7-Ораза, 8-Қажылық)

«Жан тәрбиесі» (9-Құран тіләуәті, 10-Зікір, 11-Күн тәртібі (І)

«Жан тәрбиесі» (12-Күн тәртібі (ІІ), 13-Ойлау)

«Жан тәрбиесі» (14-Муратаба, 15-Нәпсіні тазалау, 16-Әдептілік (І)

«Жан тәрбиесі» (17-Әдептілік (ІІ), 18-Тілдің апаттары)

«Жан тәрбиесі» (19-Өтірік туралы, 20-Ғайбат туралы, 21-Кедейлік туралы)

«Жан тәрбиесі» (22-Панегирик (әсіре мақтау), 23-Күпірлік туралы)

«Жан тәрбиесі» (24-Ширк, 25-Арсыздық, 26-Бидағат)

«Жан тәрбиесі» (27-Рия, 28-Хасад)

Аудиокітаптар

«Қасиетті Құранның мағынауи аудармасы»

«Тәпсір Хиләл» (23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30-жүздер)

«Хадистер және өмір». 2-21, 23-27, 30, 34-36-жүздер.

«Жан тәрбиесі» (үш дискіде, 88 тақырып)

«Даналық әлемі», 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-шығарылымдар

«Хадистер дәрістері» (2 дискі)

«Сүнниттік сенімдер», (Ислам дінінің негіздері)

«Иман»

«Қажылық туралы кітап»

«Талас-тартыстар: себептері мен шешімі

«Жақсы амалдар және туыстық қарым-қатынастарды сақтау туралы кітап»

«Әл-Әдабул муфрад» (1-3-томдар)

«Кемел бақытқа кенелдіретін жол»

«Васатыя»

«Бақытты отбасы»

«Улумул Құран»

«Адамдардан зікір сұраңыз» (1, 2, 3-томдар)

Бұған қоса шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуф әлем елдері ұйымдастырған әр түрлі іс-шаралар мен жиындарға жиі қатысып, онда діни-ағартушылық бағытта сұхбаттар құратын, мінберге шығып насихат айтып, сөз сөйлеп, осылайша тыңдармандарын шынайы Исламға шақыратын. Ол қатынасқан мұндай игі де үлкен іс-шаралардың шамаға жуық санын айтудың өзі ауырлық тудырады. Ал Рамазан айы кезінде мешіт жамағатымен арнайы ғылыми сұхбаттар өткізілетін.

Islam.uz сайтынан қазақ тіліне аударған Tamshy.kz