Сұрақ: Әссәләму алейкум!
Пайғамбарлардың (Алланың оларға сәлемі болсын) ішінде Улул-Азм деп аталғандары кімдер? Оның мағынасы не?
Жауап: Уа алейкум ассалам!
Улул-Азм – сабыр мен табандылық иелері. Олар басқа пайғамбарлардан қарағанда Алла жолында көбірек қиыншылық көрген пайғамбарлар. Жалалайн тәпсірінде: «Мұхаммед! Жұртыңның жәбір-жапасына төзімділік таныт. Қиыншылықты қасқайып қарсы алған, табандылық пен сабыр иелері (улул-азм) секілді…[1]», — делінген.
Мұхаммед Сайд Тантауи: «Елшілер ішіндегі улул-азм – басқа пайғамбарлардан қарағанда Алла сөзінің биік болуы үшін көптеген қиыншылыққа сабырлық танытқандары[2]», — дейді.
Ибн Касир: «Риуаяттың ең машһурі бойынша ол: Нұх, Ибраһим, Мұса, Иса және пайғамбарлардың соңғысы Мұхаммед (с.ғ.с.). Алла Тағала оларды Ахзаб және Шура сүресінде атап айтқан[3]», — дейді.
Дайындаған: http://nurgasyr.kz
[1]Ахқаф сүресі, 35-аят, Тафсир Жалалайн, 672-бет
[2] Тафсир Уасыт, 11/179
[3] Тафсир Құран Кәрим, 7/282