Құрметті бауырлар!
Мейірімі шексіз Алла Тағалаға ең көркем мақтаулар мен мадақтар болсын. Міне біз Раббымыздың мейірім мен кешірім есіктерінің алдына тағы да келіп отырмыз. Бұл – Қасиетті Зүл-хиджа айының басталуы. Ғұламалар барша мұсылман қауымын бұл айда құлшылықты, тәубені арттыруға, қайырлы іс-амалдар жасауға, Алланың кеңшілігінен мақрұм қалмауға көптеп шақырады. Бұл айдағы құлшылыққа неліктен қатты көңіл бөлінеді екен?
Зул-хиджа айы Кұранмен бекiтiлген төрт қасиеттi ай «әшхурул-хурумның» соңғысы.
Зул-хиджа айы бiзге iстерiмiздi реттеп, орындалмаған жоспарларымызды iске асыруға және ізгі амалдарымызды толықтыруға үлкен мүмкiншiлiк беретiн ай. Осы жылдың амал кiтабы жабылғанда, күнәларымыздан тазарып, бiраз iзгi амал жинап, тәубесi қабыл болғандардан болу үшiн, бұл айды қолымыздан келгенше толықтай пайдаланып қалуымыз керек.
Алла Тағала «Тәубә» сүресiнде былай дейдi:
إِنَّ عِدَّةَ الشُّهُورِ عِنْدَ اللَّهِ اثْنَا عَشَرَ شَهْرًا فِي كِتَابِ اللَّهِ يَوْمَ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ مِنْهَا أَرْبَعَةٌ حُرُمٌ ذَلِكَ الدِّينُ الْقَيِّمُ فَلَا تَظْلِمُوا فِيهِنَّ أَنْفُسَكُمْ…
«Расында, Алла көктер мен жерді жаратқалы Оның Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне, осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер.»
Пайғамбарымыз, оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын, аталған қасиеттi айлар Зүл-қада, Зүл-хиджа, Мұхаррам және Рәджәб деп бұл аятты тәпсірлеген.
Зүл Хиджа айының алғашқы он күні ең қасиетті деп есептеледі. Оның дәлелі Құранда айқын көрініс табады:
وَالْفَجْرِ وَلَيَالٍ عَشْرٍ وَالشَّفْعِ وَالْوَتْرِ
«Он түнімен (ант етемін), жұбымен де, тағымен де». (Фәжр» сүресі, 2-3)
وعن مسروق، ومجاهد، ومحمد بن كعب: المراد به فجر يوم النحر خاصة، وهو خاتمة الليالي العشر. والليالي العشر: المراد بها عشر ذي الحجة. كما قاله ابن عباس، وابن الزبير، ومجاهد
Ибн Аббас, Ибн аз-Зубейр, Муджахид және т.б тәпсір ғалымдары (Алла олардан разы болсын) осы он түнді Зүл-хиджа айының алғашқы он түні деп түсіндірген. (Ибн Кәсир, т.4. 3030-б)
Сондай-ақ, Жәбiр, Алла одан разы болсын, Пайғамбарымыздың, оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын, былай дегенiн жеткiзедi:
عن جابر، عن النبي صلى الله عليه وسلم قال: «إن العشر عشر الأضحى، والوتر يوم عرفة، والشفع يوم النحر».
«Фаджр сүресiнде айтылған он күн — Зүл Хиджа айының алғашқы он күнi, тақ күніне Арафа күнi, жұп күнiне деп Айт күнiн жатқызамыз»
Зүл-хиджа айының алғашқы он күнi Имам Бұхари жеткiзгендей жылдың ең қайырлы күндерi:
وقد ثبت في صحيح البخاري، عن ابن عباس مرفوعا: «ما من أيام العمل الصالح أحب إلى الله فيهن من هذه الأيام» –يعني
عشر ذي الحجة -قالوا: ولا الجهاد في سبيل الله؟ قال: «ولا الجهاد في سبيل الله، إلا رجلا خرج بنفسه وماله، ثم لم يرجع من ذلك بشيء»
Ибн Аббас, Алла одан разы болсын, жеткізген бір хадисте Пайғамбарымыз, оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын:
«Алла алдында Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде жасалған ізгі амалдардан асқан сүйікті амал жоқ», — деген. Сахабалар: «Ей Расулаллаһ, бұл айдың алғашқы күндері жасалатын амалдар Алла жолындағы жиһадтан да құнды ма?» – дегендерінде, Пайғамбарымыз «Йә, жиһадтан да құнды болады. Бірақ жанын, малын аямай соғысқа барып, кейін дымсыз қайтқан адамның жиһады өте құнды болады» — деп жауап берген.
Басқа хадите былай делінген:
ابْنِ عُمَرَ، عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «مَا مِنْ أَيَّامٍ أَعْظَمُ عِنْدَ اللَّهِ، وَلَا أَحَبُّ إِلَيْهِ مِنَ الْعَمَلِ فِيهِنَّ مِنْ هَذِهِ الْأَيَّامِ الْعَشْرِ، فَأَكْثِرُوا فِيهِنَّ مِنَ التَّهْلِيلِ، وَالتَّكْبِيرِ، وَالتَّحْمِيدِ»
Ибн Умар, Алла олардан разы болсын, Пайғамбарымыздың, оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын, былай дегенін жеткізді: «Аллаһтың алдында зүл-хиджаның алғашқы 10 күнінде жасалған ғибадаттардан асатын ізгілік жоқ және ізгі амалдың сауабы молырақ болған басқа күндер жоқ. Бұл күндері таһлилді (Лә иләһә илләллаһ), тәсбихті (Субханаллаһ), тахмидті (әлхамдулиллаһ), және тәкбірді (Аллаһу әкбар) көп айтыңдар!»
Сонымен қатар, Жәбир Ибн Абдулла да, Алла одан разы болсын, Пайғамбарымыздың, оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын, былай дегенiн жеткiзедi:
«Ең қайырлы күн — Арафа күні. Алла алдында Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде жасалған ізгі амалдардан асқан сүйікті амал жоқ және ізгі амалдың сауабы молырақ болған басқа күндер жоқ. Сондықтан, көбiрек тәсбих (Субханаллаһ), тахмид (әлхамдулиллаһ), таһлил (Лә иләһә илләллаһ) және тәкбір (Аллаһу әкбар) жасаңдар.»
Жалғасы бар…
Келесі мақаламызда «Зул-хиджа айының алғашқы онкүндігінде қандай амалдарды атқару Алла Тағалаға ұнамды» екендігі турасында баяндайтын боламыз.
P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Hanafi.kz сайтына тиесілі
Дереккөз: Hanafi.kz