Рукуғқа, сәждеге бару және рукуғтан тұру үшін тәкбір аитқан кезде, қол көтеру қажет пе, жоқ па?

 

«Рукуғқа деиін және рукуғтан кеиін қол көтеру» (рафғуль ядәин) (Имам Тахауидің (р.а) » Шарх Мағанил Әсәр » кітабынан алынған).

 

Бүкіл намаз бойы қол көтеруді жөн санаитындардың дәлелі :

1) Хз. Әлиден:

عن علي بن أبي طالب رضي الله عنه ، عن رسول الله صلى الله عليه وسلم أنه كان إذا قام إلى الصلاة المكتوبة كبر ورفع يديه حذو منكبيه ، ويصنع مثل ذلك إذا قضى قراءته إذا أراد أن يركع ، ويصنعه إذا فرغ ورفع من الركوع ، ولا يرفع يديه في شيء من صلاته وهو قاعد ، وإذا قام من السجدتين رفع يديه كذلك كبر

Бізге Рабиғ әл Муәззин, ол Уәхбтан, ол Әбдуррахман ибн Әби Зинадтан, ол Мұса ибн Уқбадан, ол Абдолла ибн Фадлдан, ол
Әбдурахман әль Әғрадждан, ол Убайдолла ибн Рафиғтан, ол Хз. Әли ибн Әбутәліптен, ал ол өз кезегінде: «Алланың Елшісі (ﷺ)
парыз намазға тұрған кезде, тәкбір алып, қолдарын иық тұсына дейін көтеретін. Намаздағы қырағатты аяқтап, рукуғқа баратын кезде де дәл солай жасайтын. Рукуғтан көтерілгеннен кейін де дәл солай қылатын. Бірақ намаздағы отырыста ешуақытта қолдарын көтермейтін. Екі сәждеден кейін, тұрған кезде де тәкбір айтып, қолдарын көтеретін»,- деп жеткізген.

2) Әбу Сәлімнен:

عن سالم ، عن أبيه قال : رأيت النبي صلى الله عليه وسلم إذا افتتح الصلاة يرفع يديه ، حتى يحاذي بهما منكبيه ، وإذا أراد أن يركع وبعد ما يرفع ولا يرفع بين السجدتين

Бізге Юнус жеткізді, ол Суфьяннан, ол Зухриден, ол Сәлімнен, ол әкесінің мына сөзін жеткізеді: «Алла Елшісі (ﷺ) намазды бастаған кезде де, рукуғ үшін тәкбір айтқан кезде де қолдарын иыққа деиін көтеретін.

Сол сияқты рукуғтан тұрған кезде де қолдарын көтеріп, » Самиғаллаху лимән хамидах», «Раббана ләкәл хамд» сөздерін айтатын. Тек екі сәжденің арасында ғана қол көтермейтін.

4) Дәл сол сияқты:

ثنا مالك رضي الله عنه فذكر بإسناده مثله

Ибн Марзуқ, ол Бишр ибн Омардан, ол имам Мәліктен осы шынжырмен жеткізеді.

5) Ибн Омардан:

عن جابر قال : رأيت سالم بن عبد الله رفع يديه حذاء منكبيه في الصلاة ثلاث مرار حين افتتح الصلاة وحين ركع ، وحين رفع رأسه . قال : جابر فسألت سالما عن ذلك فقال : سالم ( رأيت ابن عمر رضي الله عنهما يفعل ذلك ) وقال : ابن عمر رضي الله عنهما ( رأيت رسول الله صلى الله عليه وسلم يفعل ذلك )

Бізге Фахд былай деп жеткізді, ол Әли ибн Мағбаттың сөзін, ол Убайдолла ибн Әмірдің сөзін, ол Зәйдтің сөзін, ол Жәбирдің былай дегенін жеткізеді:

Мен Сәлім бин Абдолланың намаз оқып жатқан кезде қолдарын үш рет көтергенін көрдім: Ол намазды бастаған кезде, рукуғқа иілер кезде және басын көтергенде (рукуғтан тұрғанда) . Жәбир айтты: Мен Сәлімнен сұрадым, ол Ибн Омар(رضي الله عنه) солай жасағанын, ал Ибн Омар(رضي الله عنه) Пайғамбарымыздың (ﷺ) солай істегенін айтты.

6) Әбу Хумаид әс Сағидиден:

محمد بن عمرو بن عطاء قال : سمعت أبا حميد الساعدي في عشرة من أصحاب النبي صلى الله عليه وسلم ، أحدهم أبو قتادة قال : { قال أبو حميد أنا أعلمكم بصلاة النبي صلى الله عليه وسلم .قالوا لم ؟ فوالله ما كنت أكثرنا له تبعة ، ولا أقدمنا له صحبة فقال : بلى ، فقالوا فاعرض .قال كان رسول الله صلى الله عليه وسلم إذا قام إلى الصلاة ، رفع يديه ، حتى يحاذي بهما منكبيه ، ثم يكبر ، ثم يقرأ ، ثم يكبر فيرفع يديه ، حتى يحاذي بهما منكبيه ، ثم يركع ، ثم يرفع رأسه فيقول سمع الله لمن حمده ثم يرفع يديه حتى يحاذي بهما منكبيه ثم يقول الله أكبر يهوي إلى الأرض ، فإذا قام من الركعتين كبر ، ورفع يديه ، حتى يحاذي بهما منكبيه ، ثم صنع مثل ذلك في بقية صلاته .قال : فقالوا جميعا صدقت ، هكذا كان يصلي

Бізге Әбу Бәкір аитты, оған Әбу Асым, оған Әбдуль Хамид ибн Жағфар, оған Мұхаммед ибн Амр ибн Ата былай деген: Мен, Әбу Қатада қатысқан он сахабаның арасында

Әбу Хумаид әс Саидидің былай дегенін естідім:

«Мен Пайғамбарымыздың (ﷺ) қалай намаз қылғанын сендерден артық білемін. Сонда қалай?! деп, қарсылық білдірді басқалары.
Алламен ант етеміз, сен Пайғамбардың (ﷺ) артынан бізден көбірек ілеспедің, әрі сахабалығың да бізден қарағанда ұзағырақ емес. Ия. Ол солай (сонда да)…

Онда сен бізге оның намазын сипаттап берші, сенің қаншалықты дұрыс екеніңді көрейік!

Ол былай деп сипаттай бастады: «Алланың Елшісі (ﷺ) намазға тұрған кезде, екі қолын иық тұсына жететіндей дәрежеде көтеріп, тәкбір айтатын. Кейін қырағат жасап, кейін тәкбір айтып, екі қолын иық тұсына деиін көтеріп, рукуғқа баратын. Рукуғтан көтеріліп, самиғаллаху лимән хамидах деп айтатын. Кейін қайтадан екі қолын иық тұсына дейін көтеріп, тәкбір айтып, сәждеге баратын. Екінші ракағаттан (үшіншіге)тұрып бара жатқанда да тәкбір айтып, қолдарын иық тұсына дейін көтеретін. Қалған намазын дәл осылай орындайтын. Жеткізуші адам, бүкіл сахабалар оның сөзін мақұлдап, сен дұрыс айтасың, ол намазды тура осылай оқыған деп айтты дейді.

7) Әбу Хумаид әс Саидиден:

فقال أبو حميد : أنا أعلمكم بصلاة رسول الله صلى الله عليه وسلم ، إن رسول الله صلى الله عليه وسلم كان إذا قام رفع يديه ، ثم رفع يديه حين يكبر للركوع ، فإذا رفع رأسه من الركوع ، رفع يديه

Бізге Ибн Марзуқ айтты, оған Әбу Амир әл Ақади, оған Фуляйдж ибн Сүлеймен Аббас ибн Сахляның мына бір сөзін жеткізді:
(Бір күні) Әбу Хумаид, Әбу Усайд және Сәхл ибн Сағд кездесіп, Алла Елшісі (ﷺ) қайтіп намаз оқығанын естеріне түсіре бастады. Әбу Хумайд айтты: Мен араларыңда Алла Елшісінің (ﷺ) намазын ең жақсы білетін адаммын. Алла Елшісі (ﷺ) намазға тұрайын деп жатқанда, екі қолын көтеретін. Кейін ол руқуғқа бару үшін, тәкбір айтқан кезде де қолдарын көтеретін. Рукуғтан тұрған кезде де қолдарын көтеретін.

8) Уәил ибн Худжрдан:

عن وائل بن حجر قال رأيت رسول الله صلى الله عليه وسلم حين يكبر للصلاة وحين يرفع رأسه من الركوع يرفع يديه حيال أذنيه

Бізге Әбу Бәкір айтты: оған Мұғаммал ибн Исмаил, оған Суфьян Асиа ибн Куляйбаның сөзін жеткізді, ол өз кезегінде әкесінен, ал ол болса, Уәил ибн Худжрдың былай дегенін айтты:

Мен Пайғамбарымыздың(ﷺ) намазды бастау үшін тәкбір айтқанда және рукуғтан басын көтерген кезде екі қолын құлақ тұсына дейін көтергенін көрдім.

9) Дәл солай:

عن عاصم فذكر بإسناده مثله

Бізге Салих ибн Абдур-Рахман айтты: Оған Юсуф ибн Адий айтты : Оған Абуль Ахвас Асымның сөзін дәл осындай тізбекпен жеткізеді

10) Мәлік ибн Хувайристан:

عن مالك بن الحويرث ، قال { رأيت رسول الله صلى الله عليه وسلم إذا ركع ، وإذا رفع رأسه من ركوعه ، يرفع يديه ، حتى يحاذي بهما فوق أذنيه

Бізге Мухаммад ибн Амр айтты: оған Абдуллах ибн Нумайр, Саид ибн аби Арубаның сөзін, ол Катаданың сөзін, ол Наср ибн Асғиманың сөзін, ал ол Малик ибн Хувайристің былай дегенін жеткізді: Мен Алла Елшісінің (ﷺ) рукуғқа иілгенде және рукуғтан басын көтергенде екі қолын құлақтарының жоғарғы жағына дейін көтергенін көрдім.

11) Әбу Хурайрадан:

عن أبي هريرة رضي الله عنه { أن رسول الله صلى الله عليه وسلم ، كان يرفع يديه إذا افتتح الصلاة ، وحين يركع ، وحين يسجد

Бізге Ибн әби Дәуіт , Саид ибн Мансурдың сөзін , ол өз кезегінде Исмаил ибн Айяштың сөзін, ол Салих ибн Кейсананың сөзін, ал ол Ағраджтың сөзін, ал ол Әбу Хурайраның (رضي الله عنه) мына бір сөзін жеткізеді: Алла Елшісі (ﷺ) намазды бастаған кезде, рукуғқа барар кезде және сәждеге барар кезде қолдарын көтеретін. Әбу Джағфар былай дейді: Кейбір ғалымдар аталмыш риуаяттарды негізге ала отырып, бүкіл намаз бойы, рукуғқа барар кезде, рукуғтан көтерілген кезде, отырыстан тұрған кезде қолдарын көтеру заңдастырылған деп пікір айтқан. Басқа бір ғалымдар бұған қарсылық білдіріп, қолдарын көтеру тек қана алғашқы тәкбірде заңдастырылған деген. Әрі оған төмендегі дәлелдерді келтірген.

 

Алғашқы тәкбірде ғана қолдарын көтеру қажет деп санайтындардың дәлелдері:

 

12) Бара ибн Азибтан:

عن البراء بن عازب رضي الله عنه قال كان النبي صلى الله عليه وسلم إذا كبر لافتتاح الصلاة ، رفع يديه حتى يكون إبهاماه قريبا من شحمتي أذنيه ، ثم لا يعود.

Бізге Әбу Бәкір айтты: ал оған Муәммәл , ал оған Суфьян , ал оған Язид ибн әби Зияд, Ибн әби Ләйләнің сөзін , ал ол өз кезегінде Бара ибн Азибтың (رضي الله عنه) былай дегенін жеткізеді: Пайғамбарымыз (ﷺ) намазды бастау үшін тәкбір айтқан кезде, бас бармақтары құлақтарының жұмсағына жететіндей дәрежеде екі қолын көтеретін. Кейін ол мүлдем қол көтермейтін.

13)

 عن البراء بن عازب ، عن النبي صلى الله عليه وسلم مثله.

Ибн әби Дәуіт, Амр ибн Ауннан, ал ол Халидтан, ол Ибн әби Ләйләның сөзін, ал ол Иса ибн Абдур-Рахманның сөзін, ол әкесінің сөзін, ол Бара ибн Азибтан (رضي الله عنه), ол Пайғамбарымыздан (ﷺ) дәл осы тізбекті жеткізеді.

14) Бара ибн Азибтан дәл сондай риуаят жеткен:

عن البراء عن النبي صلى الله عليه وسلم مثله.

Бізге Мұхаммед ибн Нұғман айтты: оған Яхия ибн Яхия айтты: оған Уакиғ Ибн әби Ләйланың сөзін жеткізді, ол ағасынан, ал ағасы әль-Хакамадан, ол Ибн әби Ләйладан, ол Бара ибн Азибтан (رضي الله عنه) Пайғамбарымыздың (ﷺ) сөзін жеткізеді.

15) Абдолла ибн Масғұдтан:

عن عبد الله ، عن النبي صلى الله عليه وسلم أنه كان يرفع يديه في أول تكبيرة ، ثم لا يعود

Бізге Ибн әби Дәуіт айтты, ол Нуайм ибн Хаммадтан , ол Уакиғтан, ол Суфьяннан, ол Асғима ибн Куляйбадан, ол Абдур-Рахман ибн әл-Әсуадтан, ол Әлқамадан, ол Абдолладан, ол Пайғамбарымыздың (ﷺ) алғашқы тәкбірде ғана екі қолын көтеріп, кейін бұл әрекетін қайталамағанын жеткізеді.

16) Дәл сондай риуаятты:

عن سفيان ، فذكر مثله بإسناده

Бізге Мұхаммед ибн Нұғман , Яхия ибн Яхиядан , ол Уакиғдан, ол Суфьяннан жеткізеді.

17) Ибн Масғұдтан, Ибрахимның сөзінен:

عن المغيرة قال : قلت لإبراهيم: حديث وائل أنه رأى النبي صلى الله عليه وسلم ، يرفع يديه إذا افتتح الصلاة ، وإذا ركع ، وإذا رفع رأسه من الركوع ؟ فقال إن كان وائل رآه مرة يفعل ذلك ، فقد رآه عبد الله خمسين مرة ، لا يفعل ذلك

Бізге Әбу Бәкір айтты: оған Муаммаль, оған Суфьян Мұғираның сөзін жеткізді: Мен Ибрахимге айттым: Уәил (ибн Худжраның) хадисы ше , ол Пайғамбарымыздың (ﷺ), намазды бастаған кезде, рукуғқа иілген кезде, рукуғтан басын көтерген кезде екі қолын көтергенін көрмеді ме? Ибрахим: Егер Уәил, Алла Елшісінің (ﷺ) бұны бір рет жасағанын көрсе, Абдолла елу рет бұны жасамағанын көрген, — деп жауап қайтарды.

18) Ибн Масғұдтан, Ибрахимның айтуы бойынша:

علقمة بن وائل يحدث ، عن أبيه ، أن رسول الله صلى الله عليه وسلم كان يرفع يديه قبل الركوع ، وبعده. فذكرت ذلك لإبراهيم فغضب وقال رآه هو ولم يره ابن مسعود رضي الله عنه ولا أصحابه .

Бізге Ахмед ибн Дәуіт айтты: оған Мусаддад, оған Халид ибн Абдолла, оған Хусайн, Амра ибн Мурраның былай дегенін жеткізеді: Бір күні Хадрамауттағы мешітке кірсем, ол жерде Әлқама ибн Уәил әкесінің Алла Елшісі (ﷺ) рукуғқа дейін және рукуғтан кейін екі қолын көтерген деген сөзін жеткізген. Мен бұны Ибрахимге айтқанымда, ол ашуланып былай деді: Ол көрсе, сонда Ибн Масғұд және оның достары көрмей қалған ба?

Аталмыш риуаяттар осындай (намаздың басында ғана қолдарын көтеру керек дейтін) көзқараста болған (ханафи ғалым) дарға дәлел болып саналады.

Ал олардың қарсыластары (негізінде шафии мен ханбалий жолындағылар) оларға былай деп жауап береді: «Біздің бұл тақырыпта, (рукуғқа дейін және рукуғтан кейін қол көтерілетіні жайлы) келтірген риуаяттарымыздың шынайы тізбегі, нақты мәтіндері бар, әрі олар тауатур дәрежесіне жеткен. Сол себептен біздің көзқарасымыз сендердікінен абзалырақ».

Біздің де оларға айтар жауабымыз бар, ин шаа Алла. (Әуелі олардікін жеке-жеке бір талқылап көрелік).

Қарсыластардың келтірген дәлелдеріне қарсы пікір!

 

1) Әлиден رضي الله عنه жеткен хадисті талқылау

عن علي بن أبي طالب رضي الله عنه ، عن رسول الله صلى الله عليه وسلم أنه كان إذا قام إلى الصلاة المكتوبة كبر ورفع يديه حذو منكبيه ، ويصنع مثل ذلك إذا قضى قراءته إذا أراد أن يركع ، ويصنعه إذا فرغ ورفع من الركوع ، ولا يرفع يديه في شيء من صلاته وهو قاعد ، وإذا قام من السجدتين رفع يديه كذلك كبر

Бізге әл-Муаззин айтты, оған Уахб, оған Абдур-Рахман ибн әбиз-Зинад, Муса ибн Уқбаның сөзін, ол Абдолла ибн Фадляның сөзін, ол Абдур-Рахман әл-Ағраджтың сөзін, ол Убайдолла ибн әби Рафиғтың сөзін, ал ол Әли ибн әби Тәліптің (رضي الله عنه) Алланың Елшісі (ﷺ) жайлы былай дегенін жеткізеді: Ол парыз намаз қылған кезде, тәкбір айтып, екі қолын иық тұсына дейін көтеретін. Намаздағы қырағаттан кейін, рукуғқа бармастан алдын, рукуғтан көтерілген кезде де дәл солай жасайтын. Бірақ намазда отырған күйде қолдарын көтерген емес. Екі сәждеден кейін тұрған кезде де тәкбір айтып қолдарын көтеретін. Бұған қоса, ең бірінші Ибн Әби Зинад жеткізген, Хз. Әлидің Пайғамбарымыз(ﷺ) туралы айтқанын да алатын болсақ! (Хз.Әлиден бұл пікірге қарсы келген риуаяттар да бар:)

19) Хз. Әлиден رضي الله عنه

عاصم بن كليب ، عن أبيه أن عليا رضي الله عنه كان يرفع يديه في أول تكبيرة من الصلاة ، ثم لا يرفع بعد

Бізге Әбу Бәкір айтты, оған Әбу Ахмед, оған Әбу Бәкір ән-Нахшали, оған Асғим ибн Куляйб әкесінің сөзін жеткізген: Әли (رضي الله عنه) намаздың алғашқы тәкбірінде ғана екі қолын көтеретін, ал кейін мүлдем көтермейтін.

20) Сол сияқты Әлиден  عن علي مثله

Бізге Ибн әби Дәуіт айтты, оған Ахмед ибн Юнус, оған Әбу Бәкір ән-Нахшали Асғиманың әкесінен жеткізген мына бір сөзін айтқан (ол Хз. Әлидің (رضي الله عنه) досы еді. Әрі Әлиден дәл соны келтірген) . Асғима бұл риуаятта, Ибн абиз-Зинадтың келтіргенінде сәйкессіздік бар екенін білдіреді. Бұны шешудің екі жолы бар: Я хадис шәріптің өзі нақты емес, немесе (хадистің негізі бар, бірақ) ол хадисте қол көтеру жайлы мүлдем айтылмайды. Дәл осы хадистің басқа нұсқаларында келгендей: Бізге Ибн Хузайма айтты: оған Абдолла ибн Раджа; басқа тізбекте бізге Ибн әби Дәуіт айтты, оған Абдолла ибн Салих и аль-Уахби, оған Әбдуль-Азиз ибн Саляма, оған Абдолла ибн Фадля… деп келеді де, дәл осы хадис шәріптің мәтіні келтіріледі, бірақ ешбір жерде қол көтеру жайлы сөз қозғалмайды. Егер осы (қол көтеру жайлы айтылмаған) риуаят нақты бекітілген болса, ал Ибн абиз-Зинадтың бұл риуаятында қате бар болса. Онда бұл қатесі бар риуаят сіздер үшін дәлел болып саналмайды. Ал Ибн абиз-Зинадтың нұсқасын нақты дейтін болсақ, онда қол көтеру жайлы айтылған сөз басқа нұсқаларға толықтыру болып табылады. Онда Әли халифа Пайғамбарымыздың (ﷺ) қол көтергенін көре тұра, бұл істі тастағанын аңғарамыз. Бұны, тек қана, Хз.Әли қол көтерудің үкімі жойылған деп санағаны үшін жасамады дей аламыз. Олай болса, егер Хз. Әлидің жеткізгені нақты болса, онда бұл, алғашқы тәкбірден басқа қол көтеру қажет емес дейтіндердің дәлелі болады.

2) Ибн Омардан رضي الله عنه жеткен хадисті талқылау.

عن جابر قال : رأيت سالم بن عبد الله رفع يديه حذاء منكبيه في الصلاة ثلاث مرار حين افتتح الصلاة وحين ركع ، وحين رفع رأسه . قال : جابر فسألت سالما عن ذلك فقال : سالم ( رأيت ابن عمر رضي الله عنهما يفعل ذلك ) وقال : ابن عمر رضي الله عنهما ( رأيت رسول الله صلى الله عليه وسلم يفعل ذلك )

Бізге Фахд айтты: оған Әли ибн Мағбад, оған Убайдолла ибн Әмір оған Зейд, оған Жәбир былай деді: Мен Сәлім ибн Абдолланың намаз оқыған уақытында үш рет қол көтергенін көрдім: Намазды бастағанда, рукуғқа барарда және рукуғтан басын көтергенде. Жәбир айтады: Мен Сәлімнен сұрағанымда, ол маған Ибн Омардың (رضي الله عنه) солай жасағанын өз көзіммен көрдім, ол маған Пайғамбарымыз (ﷺ) дәл осылай жасаған деп те айтқан. Енді Ибн Омардың (رضي الله عنه) Пайғамбарымыздан (ﷺ) жеткізген осы риуаятын алайық. Дәл сол сахабадан бұған қарама қайшы риуаят та жеткен:

21) Ибн Омардан:

عن مجاهد قال : صليت خلف ابن عمر رضي الله عنهما فلم يكن يرفع يديه إلا في التكبيرة الأولى من الصلاة

Бізге Ибн әби Дәуіт айтқан, оған Ахмед ибн Юнус, оған Әбу Бакр ибн Аййаш, оған Хусайн, оған Муджахид былай деді: Мен Ибн Омардың (رضي الله عنه) артынан намаз оқыдым әрі ол алғашқы тәкбірден басқа ешбір жерде қолдарын көтермеді. Демек Ибн Омар Пайғамбарымыздың (ﷺ) қолдарын көтергенін көрген, бірақ Пайғамбарымыздың (ﷺ) өлімінен кейін оны өзі де жасамай қойған. Бұл тек өзіне дәлел жетіп, аталмыш үкімнің жойылған дығы жайлы пікірде болғандығынан. Егер біреу: «Бұл – мункар хадис (қабылданбайтын)», деп қарсы келсе, онда біз оған былай деп жауап береміз: «Сен неліктен бұндай шешім қабылдадың? Сен бұл сөзге ешбір дәлел келтіре алмайсың». Егер ол: «Тавус айтты, ал ол Ибн Омардың намазын көрген десе… Біз айтамыз: Әрине, Тавустан ондай риуаят жеткен . Алайда Муджахид оның терісін айтады. Бәлкім, Тавус оны көрген кезде Ибн Омар қолдарын көтеріп жүрген, ал үкімі жойылған кезде көтермей қойған. Муджахид сол көтермей қойған кезді риуаят еткен. Риуаяттардың ешқайсысын жоққа шығармай, жеткізген адамдарды қателі демей, әр нәрсенің өз орны бар екенін мойындау керек. Алайда біздер сияқты түсініктеме жасаған жөн. Егер біз бұл деректерді жоққа шығара берсек, онда көп риуаяттарды жоққа шығаруға тура келеді (онда қолымызда дәлел ретінде ештеңе қалмайды).

3) Уаил ибн Худжрдан жеткен хадисті талқылау.

عن وائل بن حجر قال رأيت رسول الله صلى الله عليه وسلم حين يكبر للصلاة وحين يرفع رأسه من الركوع يرفع يديه حيال أذنيه

Бізге Әбу Бәкір айтты, оған Муәммәл ибн Исмайл айтты, оған Суфян Асиа ибн Куляйбаның сөзін жеткізген, ал ол әкесінен, әкесі болса, Уәил ибн Худжрдың мына сөзін келтірді: «Мен Алла Елшісінің (ﷺ) намазды бастау үшін тәкбір алған кезде және рукуғтан басын көтерген кезде екі қолын құлақ тұсына дейін көтергенін көрдім». Енді Уәилдің осы хадисіне көшейік. Ибрахим бұған қарсы Ибн Масғұдтан келген хадисті келтірген.Ол жерде Ибн Масғұд Пайғамбарымыздың (ﷺ) олай жасағанын көрмепті. Абдолла ибн Масғұд Уәилдан қарағанда, ертерек сахаба болған әрі Пайғамбарымыздың (ﷺ) амалдарын жақсырақ түсінген. Алла Елшісі (ﷺ) өзінің артынан алғашқы қатарларда, оның әрекеттерін жадында сақтап, басқаларға үйретуі үшін, мухаджирлердің намаз оқығанын қалаитын: Бізге ибн Мағбад айтты, оған Абдолла ибн Бәкір, оған Хумайд Әнәстің (رضي الله عنه) былай дегенін жеткізді:

عن أنس رضي الله عنه ، قال : { كان رسول الله صلى الله عليه وسلم يحب أن يليه المهاجرون والأنصار ، ليحفظوا عنه

«Алла Елшісі (ﷺ) өзінің артынан алғашқы қатарларда, оның әрекеттерін жадында сақтап, басқаларға үйретуі үшін, мухаджирлер мен ансарлардың намаз оқығанын қалайтын. Сол сияқты бізге Әбу Бәкір, оған Абдолла ибн Бәкір өз тізбегін жеткізгенін хабарлайды. Әбу Жағфар былай деген : Әрі Алла Елшісі (ﷺ): «Менің артымнан алғашқы қатарларда араларыңнан балиғатқа жеткен және ойы кемел адамдар тұрсын деген»

Бізге Ибрахим ибн Марзұқ айтты: оған Бишр ибн Омар, оған Шұғба, оған Сүлеймен, былай деді: Мен Умара ибн Умайрдың Әбу Мағмардан, ал ол Әбу Масуд аль-Ансаридан былай дегенін естідім:

عن أبي مسعود الأنصاري ، قال : كان رسول الله صلى الله عليه وسلم يقول : ليليني منكم أولوا الأحلام والنهى ، ثم الذين يلونهم ثم الذين يلونهم

Алла Елшісі(ﷺ) былай деген: «Менің артымнан алғашқы қатарларда араларыңнан балиғатқа жеткен және ойы кемел адамдар тұрсын, ал олардың артынан олардан кейінгілер тұрсын»

Сол сияқты бізге Әбу Бәкір мен Ибн Марзуқ айтты, оларға Уахб ибн Джарир айтты, оған Шуғба, оған Әбу Хамза, оған Ийяс ибн Қатада, оған Қайс ибн Аббад, оған Убай ибн Қағб Алла Елшісінің (ﷺ) былай дегенін жеткізді: » Намазда бірден менің арқамда бірінші қатарға тұрыңдар». Әбу Жағфардың айтуы бойынша, Абдолла ибн Масғұд Пайғамбарымызға (ﷺ) жақын сахабалардың бірі еді. Осылайша оның амалдарын зерттеп, басқаларға да үйрететін. Сондықтан оның жеткізген риуаяттары, намазда Пайғамбарымыздан (ﷺ) ұзақтау тұрған сахабалардікіне қарағанда артықтау болады. Егер олар «Сендердің Ибрахимнан жеткізген тізбектерің үзік» деп қарсылық білдірсе ( яғни Ибрахим тікелей Ибн Масғұдтан жеткізді, арадағы адамдар айтылмаған деп) біз бұған былай деп жауап қайтарамыз: Ибрахим Ибн Масғұдтың сөзін, ол сөз өзіне тауатур жолымен жетсе ғана, яғни оның ақиқат екендігіне көз жеткізіп барып келтіретін. Ағмаш Ибрахимнан: «Сен маған хадис айтып жатқан кезде, рауилердің тізбегін айтып отыр» деп өтініш білдіргенде, Ибрахим оған: Егер мен (тізбекті келтіріп) : «Маған пәленше Абдолла деген кісі жеткізді десем», онда маған аталмыш адам ғана жеткізді деген сөз. Ал егер мен (тізбегін келтірместен) саған: «Абдолла айтты» десем, онда мен бұны, Абдолладан бір топ адам жеткізгені үшін, айтты деп білерсің.Бұл жайлы бізге Ибрахим ибн Марзуқ айтты, оған Әбу Жағфар (бұл жерде күмәнданып тұр. Сол үшін) немесе Уахб немесе Бишр ибн Омар, оған Шұғба, ал оған Ағмаш.

Әбу Жағфар былай деді: Осылайша Ибрахим, Ибн Масғұдтан тікелей жеткізген риуаяттың, белгілі бір адамнан жеткізгенінен қарағанда, әлдеқайда сенімді, әрі нақтырақ екенін түсіндірген болды. Біз бұны Әбдур-Рахман ибн әль-Әсуәдтан да үздіксіз тізбекпен келтірдік.

Сол сияқты Абдолла ибн Масғұд намаздың басқа бөліктерінде де осылай жасайтын:

22) Бізге Ибн әби Дәуіт айтты, оған Ахмад ибн Юнус, оған Әбул-Ахуас, оған Хусайн, оған Ибрахим былай деді: Абдолла намаздың басқа ешбір жерінде, басындағы дай қолдарын көтермейтін.

4) Дәл осылай Омар ибн аль-Хаттабтан(رضي الله عنه) да келген:

23)

عن الأسود ، قال : رأيت عمر بن الخطاب رضي الله عنه يرفع يديه في أول تكبيرة ، ثم لا يعود ، قال : ورأيت إبراهيم ، والشعبي يفعلان ذلك.

Бізге Ибн әби Дәуіт, оған әл-Химани, оған Яхия ибн Адам, оған әл-Хасан ибн Айяш, оған Әбдул-Малик ибн Абжар, оған Зубейр ибн Адий, оған Ибрахим, әл-Асуадтың былай дегенін жеткізген: Мен Омар ибн әл-Хаттабтың (رضي الله عنه) алғашқы тәкбірде екі қолын көтергенін көрдім, одан кейін оны қайталамайтын. (Зубейр айтады:) Мен Ибрахим мен аш-Шағбидің де солай қылғанын көрдім. Әбу Жағфар айтады: Қараңызшы, осы хадистен Омардың (رضي الله عنه) алғашқы тәкбірден басқа жерлерде қолдарын көтермегенін байқаймыз. Бұл шынайы хадис. Бұл хадис Хасан ибн Айяшпен байланысты болса да, ол сенімді жеткізуші.Оның сөзі дәлел ретінде қабылданады. Яхия ибн Мағин және басқалары да дәл осылай айтқан.Енді сен Омар ибн Хаттаб рукуғ пен сәжделерде қол көтеру керек екенін білмей, өзінен дәрежесі төмен болғандар білген дегенге сене аласың ба? Немесе басқалары Омар сахабаның Пайғамбардан (ﷺ) көрмегенін жасап, оған қарсылық білдірмеді дегенді қабылдай аласың ба? Ол мүмкін емес. Омардың (رضي الله عنه) бұл істі жасауының өзі және басқа сахабалардың бұған қарсылық білдірмеуі, қолды алғашқы тәкбірден басқа көтермеу керек екендігіне анық дәлел бола алады. Ешкімнің басқаша жасауға ақысы жоқ.

5) Әбу Хурайрадан жеткен хадис-шәріпті талқылайық:

عن أبي هريرة رضي الله عنه { أن رسول الله صلى الله عليه وسلم ، كان يرفع يديه إذا افتتح الصلاة ، وحين يركع ، وحين يسجد

Бізге Ибн әби Дәуіт айтты, оған Саид ибн Мансур, оған Исмаил ибн Айяш, оған Салих ибн Кейсан, оған Ағрадж, ал ол Әбу Хурайраның (رضي الله عنه) Аллах Елшісінің (ﷺ) намазды бастаған кезде, рукуғқа барған кезде, сәждеге барған кезде екі қолын көтергені жайлы айтқан сөзін жеткізеді. Енді Абу Хурайрадан (رضي الله عنه) жеткен осы хадисті алайық. Бұл хадисті Исмаил ибн Айяш Салих ибн Кейсаннан жеткізген. Біздің қарсыластарымыз, Исмаилдің келтірген рауилері Шам тұрғындарынан болмаса, оны көзге ілмейді. Онда бізге өздері қабылдамайтын риуаятты не үшін дәлел ретінде келтіреді?!

6) Әнес ибн Мәліктен (رضي الله عنه) жеткен хадиске қарайтын болсақ, олар бұны қателі деп санайды. Бұл тізбекті Алла Елшісіне (ﷺ) дейін жеткізетін Әбдул-Уаххаб ас-Сакафи ғана дейді. Хафиздар (хадис мамандары) бұл тізбекті Әнеспен (رضي الله عنه) аяқтайды.
7) Әбу Хумайда ас-Саидиден жеткен хадиске түсініктеме берсек:

محمد بن عمرو بن عطاء قال: سمعت أبا حميد الساعدي في عشرة من أصحاب النبي صلى الله عليه وسلم ، أحدهم أبو قتادة قال : { قال أبو حميد أنا أعلمكم بصلاة النبي صلى الله عليه وسلم .قالوا لم ؟ فوالله ما كنت أكثرنا له تبعة ، ولا أقدمنا له صحبة فقال : بلى ، فقالوا فاعرض .قال كان رسول الله صلى الله عليه وسلم إذا قام إلى الصلاة ، رفع يديه ، حتى يحاذي بهما منكبيه ، ثم يكبر ، ثم يقرأ ، ثم يكبر فيرفع يديه ، حتى يحاذي بهما منكبيه ، ثم يركع ، ثم يرفع رأسه فيقول سمع الله لمن حمده ثم يرفع يديه حتى يحاذي بهما منكبيه ثم يقول الله أكبر يهوي إلى الأرض ، فإذا قام من الركعتين كبر ، ورفع يديه ، حتى يحاذي بهما منكبيه ، ثم صنع مثل ذلك في بقية صلاته .قال : فقالوا جميعا صدقت ، هكذا كان يصلي

Бізге Әбу Бәкір айтты, оған Әбу Асғим, оған Әбдул-Хамид ибн Жағфар, оған Мұхаммед ибн Амр ибн Ата былай деді: Мен, Әбу Хумайд ас-Саидидің, ішінде Әбу Қатада бар он сахабаның арасында отырған кезде былай дегенін естідім: «Мен Пайғамбардың (ﷺ) намазын сендерден жақсырақ білемін! «,-деді. Басқалары: Қалайша? деп қарсылық білдірді. Алламен ант етеміз, сен бізден артық оның артынан ілеспедің әрі сенің сахабалығың біздікінен ұзақ емес. Ол былай жауап қайтарды: Рас, солай (бірақтағы)…

Олар: Онда айтып берші! (Оның намазын бізге сипатташы, сенің дұрыстығыңды көрейік). Ол сипаттай бастады: Алла Елшісі (ﷺ) намазға тұрғанда, екі қолын иық тұсына дейін көтеретін, кейін тәкбір айтатын. Кейін Құран оқып, екі қолын иық тұсына дейін көтеріп, тәкбір айтып рукуғқа баратын. Кейін басын рукуғтан көтеріп: «Самиғаллааху лиман хамидах» дейтін.Кейін екі қолын иық тұсына дейін көтеріп, «Аллааху акбар» деп, (сәжде үшін) жерге жығылатын. Екінші ракағаттан (үшке) көтерілген кезде де тәкбір айтып,екі қолын иық тұсына дейін көтеретін. Намаздың қалған бөлігінде де дәл солай жасайтын. Хадисті жеткізген адам былай деген: Бүкіл сахабалар оны мақұлдап, «Дұрыс айтасың ол намазын дәл осылай қылған» деп бірауыздан айтқан. Енді Әбдул-Хамид ибн Жағфар ( Әбу Хумайд ас-Саидиден) жеткізген хадиске көшейік. Олар өздері Әбдул-Хамидты әлсіз деп есептеп, оның риуаяттарын дәлел ретінде қабылдамайды. Онда бұндайды біздерге қайтіп дәлел ретінде келтіреді. Бұған қоса, Мухаммед ибн Амр ибн Ата тікелей бұл хадисты тізбекте аты аталған Әбу Хумайд ас-Саидиден де, басқалардан да естімегені белгілі. Олардың араларында бір бостық– белгісіз жеткізуші бар. Аттаф ибн Халид бұл хадисті одан (есімін атамаған) бір адамның сөзінен жеткізеді. Ин шаа Алла мен бұны намаздағы отырыс бөлімінде айта кетемін. Абу Асғим жеткізген бұл риуаяттың нұсқасында: «Бүкіл сахабалар оның сөзін мақұлдап, Сен дұрыс айттың! » деп айтылады. Бұл Әбу Асғимнан басқа ешбір нұсқада келмеген. Бізге Әли ибн Шейба айтты, оған Яхия ибн Яхия, оған Хушайм айтты; сол сияқты бізге Ибн әби Имран айтты, оған Әл Кауарири, оған Яхия ибн Саид, ол екеуі былай деді: Бізге Әбдул-Хамид айтты деп, ол риуаятты оның тізбегімен келтірген. Бірақ ол жерде » Бүкіл сахабалар, оны мақұлдады, сен дұрыс айттың…» деген сөздерді келтірмейді. Демек, бұны Әбдул-Хамид емес, басқа біреу айтқан. Біз бұны намаздағы отырыс деген бөлімде айтқан болатынбыз. Аталмыш риуаяттарды жіті зерттей келе, оның мәнін талдай келе, тек қана бір шешімге келуге болады: Рукуғта қол көтеру қажет емес. Зерттеудің нәтижесі осы. Әбу Жағфар былай деді: Мен белгілі бір ғалымның жете білмейтіндігін дәлелдеуді мақсат қылмадым, бұл менің әдетім де емес. Мен тек қана , бізге (ханафи ғалымдарына) қарсыластарымыз (сендер ештенеге сүйенбеисіңдер және хадистерді қабылдамайсыңдар деп айтқанда) қаншалықты әділетсіз екенін көрсеткім келді.

Енді бұл тақырыпты қисынмен талқылап көрейік:

Ғалымдар екі қолдар алғашқы тәкбірде ғана көтеріліп, екі сәжде арасында қолдар көтерілмейтіні турасында ортақ пікірде. Алайда сәждеден кейін тұру тәкбірі және рукуғ тәкбірі кезінде қолдардың көтерілуі мәселесінде пікір талас бар. Біреулері, бұл тәкбірлер алғашқы тәкбір сияқты, сол үшін ол кезде де қолдар көтерілу заңдастырылған деген. Басқалары, бұл тәкбірлер екі сәжде арасындағы тәкбірлер сияқты, сол үшін ол жерде қол көтеру заңдастырылмаған дегенді айтады. Бірақ біз, алғашқы тәкбірдің намаз негіздерінен екенін әрі онсыз намаз жарамсыз екенін байқаймыз.Алайда екі сәжде арасындағы тәкбір олай емес. Ол тәкбірді айтпағанның намазы бұзылмайды. Енді тұрған кездегі және рукуғтағы тәкбірлерге қарайтын болсақ, олар намаздың негізі емес.Оларды айтпаса намаз бұзылмайды. Бұл тәкбірлер де екі сәжде арасындағы тәкбір сияқты сүннет тәкбірлер. Демек бұл салыстыру қол көтеру мәселесіне де тиесілі. Екі сәжде арасында айтылған тәкбірде қайтіп қол көтерілмесе, тұрған кезде, рукуғ кезіндегі тәкбірлерде де қолдар көтерілмейді. Бұл тақырыптың қисындық талдауы. Әбу Ханифа, Әбу Юсуф және имам Мухаммед те (Алла оларға мейірімін жаудырсын!) осы пікірде:

أبو بكر بن عياش قال : ما رأيت فقيها قط يفعله ، يرفع يديه في غير التكبيرة الأولى

24) Бізге Ибн әби Дәуіт айтты, оған Ахмед ибн Юсуф, оған Әбу Бәкір ибн Айяш былай деген: Мен алғашқы тәкбірден басқа, намаздың басқа жерлерінде қолдарын көтерген ешбір шариғат құқығының ғалымын көрмедім.

 

Арапшадан аударған: Дәуіт Әбу Ахмад
Арнайы «Al-isnad.kz» сайты үшін.

 

шарх мушкиль аль - асар