Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кейіннен болатын көптеген оқиғаларды бейне бір теледидар экранынан көріп тұрғандай айна-қатесіз хабар беруі де — Оның пайғамбарлығының дәлелі. Пайғамбарымыз-дың берген хабарларынан бірнеше мысал келтірейік:
• Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Бәдір шайқасының алдында Әбу Жәһил, Утба, Шәйба және Уәлид сияқты діннің қас дұшпандарының осы соғыста қаза табатындықтарын, тіпті әрқайсысының қайда жер жастанатындықтарына дейін дөп басып сахабаларына хабар беруі және айтқандарының айнақатесіз келуі — Оның (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын ) тек Хақтың пәк елшісі екендігінің белгісі.
• «Менен кейін халифалық отыз жыл жалғасады. Сосын патшалық болады», — деген Алла Елшісінің сөздері кейіннен дәл айтқанындай болды.
1. Әбу Бәкір (р.а.) 2 жыл 3 ай.
2. Омар (р.а.) 10 жыл 6 ай.
3. Осман (р.а.) 11 жыл, 11 ай, 18 күн.
4. Әли (р.а.) 4 жыл, 9 ай.
5. Хасан (р.а.) 6 ай 22 күн.
Барлығын қосқанда 30 жыл .
• «Омар тірі кезде бүлік болмайды. Омар барлық бүлік-фитна есіктерін жабады», «Осман Құран оқып отырғанда өлтіріледі», «Хайбар қамалы Әлидің қолымен алынады», «Әбу Зәрр жалғыз өмір сүріп, жалғыз өледі», «Менен (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кейін әһли бәйт ішінен алғаш қайтыс болып, маған қауышатын Фатима» секілді Пайғамбарымыздың пәк сөздері кейіннен «Сен еш күмәнсіз Расулуллаһсың, Алланың хақ елшісісің» дегендей дәлме-дәл болып жатты.