Сұрақ: Әссәләму ғәләйкум. Мен хиджаб кимеймiн, бiрақ намазымды оқып, ораза ұстаймын. Алла Тағала менiң оразам мен намазымды қабыл етедi ме? Кешегi күнi менiң бір досым, «менiң оразамның ешқайсысы есептелмейдi» дедi. Өтiнемiн, көмектесiңiзшi. Джазакуллаһу хайран.

Жауап:

Уәғәләйкумәссәләму уә рахматуллаһи уә баракәтуһ.

Аса қайырымды, Ерекше мейiрiмдi Алланың атымен бастаймын.

Барлық мақтау мен мадақ Аллаға тән. Пайғамбарымызға Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын.

Бiзбен хабарласқаныңыз үшiн алғысымызды бiлдiремiз және бiр Алланың разылығы үшiн болған тырысуларымыз сiздiң үмiтiңiздi ақтайды деген сенiмдемiз.

Бiрiншiден, намаз бен ораза Исламның негiзгi тiрегi екенiн есте сақтаңыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) айтты:

«Ислам бес тiректен тұрады: Алладан басқа хақ құдай жоқ және Мұхаммед оның Елшiсi екендiгiне куәлiк ету, намаз оқу, зекет төлеу, қажылыққа бару және Рамазан айында ораза ұстау» (Бұхари риуаят еткен)

Сол сияқты, хиджаб та парыз екенi анық және әр мұсылман әйел оны киюге мiндеттi. Барлық мұсылман фиқһ мамандары (құқық ғылымының мамандары) бұған бiр ауыздан келiстi және Алла Тағала Нұр сүресiнде бұны нақтылап бердi:

«Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін.» (Нұр сүресі, 31)

Хиджаб кимеу мәселесiн ораза мен намаз тұрғысынан қарағанда, Шейх ‘Аттияр Сақр (рахимахуллаһ), «әл-Әзһар Пәтуә Комитетiнiң» бұрынғы меңгерушiсi, айтады:

«Алланың разылығы үшiн орындалған болса, әр ғибадат қабыл болуы мүмкін. Алайда, бiз оның қабыл болуында сенiмдi болмауымыз керек, себебi бұл мәселе АллаТағаланың құзырында. Ол Қасиеттi Кiтабында былай дейдi:

“Алла сөзсіз тақуалардың құрбанын қабыл етеді.” (Мәидә сүресі, 27)

Ал, кейбiр күнә жасаушы мұсылмандарға келсек, Алла Тағала оларды жасаған жақсы амалдарының сауабынан құр қалдырмайды. Ол (Субхәнә уә Тағала) айтады:

«Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал,және кім тозаңның түйірінің салмағындай жамандық істесе, оны көреді». (Зілзәлә сүресі, 7-8)

Рамазан айында ораза ұстап, намазын орындайтын, бiрақ хиджаб кимейтiн әйелдiң жағдайын қарастырсақ, оның ғибадаты қабыл болатынында үмiт бар. Алайда, ол хиджаб кимегенi үшiн жазасын тартады, өйткенi бұл — күнә.

Мұсылман адам Алладан қорықпастан күнәларын жалғастырып, Алланың рахымы мен кешiрiмдiлiгiне арқа сүйеп қалмау керек. Керiсiнше, күнә жасаған мұсылман, тәубесiне келiп, Алладан кешiрiм сұрауға және Алла Тағала оның тәубесiн қабыл ету үшiн сол күнәсiн тоқтатуға мiндеттi. Алла Тағала айтады:

«Өйткені, Мен, кім тәубе етіп, иман келтіріп, игілік істеп, тура жолда болса, әлбетте жарылқаймын». (Таһа сүресі, 82)

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) былай дегенi жеткiзiлдi:

«Қайда жүрсеңдер де, Алладан қорқыңдар және жаман амалдан кейiн бiрден жақсы амал жасаңдар, себебi, ол жаман амалды жояды. Және адамдарға көркеммiнездiлiк танытыңдар” (Тирмизи риуаят еткен)

Хиджаб кимеу — Алладан қорықпау күнәсы, себебi Алладан қорыққан әйел, әлбетте, Оның бұйрықтарын орындаушы едi. Ал, Алла Тағала өзiнен қорықпайтын адамның намазы мен оразасын қалайша қабыл ете алады? Жасалған құлшылықтың есептелуi мен қабыл етiлуi екi түрлi нәрсе екенiн бiлу керек. Ораза мен намаздың шарттары орындалса, олар есепке алынуы мүмкiн. Біз оларды жарамсыз деп айта алмаймыз, өйткенi олардың есептелуi мен қабыл болуында ешқандай байланыс жоқ. Бiрақ, олардың қабыл болуы тек Аллаға ғана байланысты деп айтамыз.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың сәлемi мен игiлiгi болсын) былай дегенi жеткiзiлдi:

“Адам (намазын орындап болған соң) мешiттен шығуы мүмкiн және оның сауабынан тек оннан бiрiн, тоғыздан бiрiн, сегiзден бiрiн, жетiден бiрiн, алтыдан бiрiн, бестен бiрiн, төрттен бiрiн, үштен бiрiн немесе жартысын ғана алуы мүмкiн.» (Әбу Дауд, Насаи, ибн Хиббан жеткiздi)

Сөз соңында, орамал тақпаса да, құлшылық қылушы әйелдерге қатысты ескертеріміз, Алладан қорқыңыздар, әрі тәубеге асығып, тезірек әуреттеріңізді жабуға әрекеттенулеріңіз керек.

Алла жақсырақ білуші.

Шейх ‘Аттияр Сақр

«әл-Әзһар Пәтуә Комитетiнiң» бұрынғы меңгерушiсi

Дереккөз: hanafi.kz