Исламның көрнекті ғалымы Шейх Мухаммад Ибн Мухаммад Аууама 1940 жылы 1 Қаңтарда Алеппо қаласында дүниеге келді.

1953 жылы оқуын бастағанға дейін Шейх Мухаммад Әс-Сәлқинидің сабақтарына қатысқан. Әу бастан ол Шейх Әбдуллаһ Сираджуддиннің (рахимахуллаһ) шәкірті болған. 1378 жылдан (1957 григ.) бастап Шейх Абдуль-Фаттаһ Әбу Ғудданың (рахимахуллаһ) шәкірті болады. Ол кісі осы екі ірі тұлғаның артық көрген, ерекше шәкірті болды.

Ол шариғат факультетіне 1382 жылы (1961 григ.) түседі. Сол жылы өзінің шейхі әрі ұстазы Шейх Әбдуллаһ Сираджуддиннің (рахимахуллаһ) институты болып есептелетін “Шағбания Медресесінің” ұстазы әрі кітапханашысы болып тағайындалады. 1400 жылы (1979/80 григ.) Сирияға кеткенге дейін сол медреседе бірнеше пәннен сабақ береді. Сонымен қатар, ол медресенің администрациясында да қызмет атқарған.

1379 жылы (1958 григ.) Сафар айында Египетке барып көптеген аса көрнекті ұлы ғұламалармен кездеседі. Олардың ішінде:

Шейх Ахмад ибнус Сиддиқ Әл-Ғумари (рахимахуллаһ)
Шейх Абдуллаһ ибнус Сиддиқ Әл-Ғумари (рахимахуллаһ)
Шейх АбдульУаҺҺаб Абдуль-Латыф (рахимахуллаһ)
Шейх Мухаммад Әбу Захраһ (рахимахуллаһ)
Оған керемет академиялық қабілет пен қайталанбас қасиеттер берілген. Алеппоның тұрғындары Шейхты өте жоғары құрметтеген және оның ұстаздарымен тең деңгейде қарастырған.

Өзінің жастығына қарамастан Шейх сол кезде білім ордасы саналған “Ар-Раудаһ” Мешітінде сабақ берген. Оның шейхі әрі ұстазы, Абдуль Фаттаһ Әбу Ғудда (рахимахуллаһ) ол жайлы:

«Менің кешегі шәкіртім, бүгінгі жолдасым» — деген. Және ол жайлы:

«Ұлы ғалым әрі зерттеуші» — деп жоғары бағалаған.

Шейх Аууама 1400 жылы (1980 григ) Нұрланған Мәдинаға көшті. Осында Ислам университетіне қосылып, бүгінгі таңда «Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әдеттері мен өмірбаянына қызмет орталығы» деп аталатын акдемиялық зерттеу факультетін ашқан.

Өзінің алғашқы зерттеу еңбегін «إتحاف المهرة» кітабынан бастаған (үлкен хадистер жинағы).

1460 жылы (1986 григ.) ол Ислам әдебиетін зерттейтін бюро құрды. 12 жыл Даруль Қибла баспасына қызмет етті.

Ол — асқан мұқияттылық пен керемет идеялар адамы, ұлы әдістемелердің насихатшысы. Бұл оның келесі екі кітабынан көрініс табады:

أثر الحديث الشريف في ﺍختلاﻑ ﺍلأئمة ﺍلفقهاﺀ «Әсурул хадисиш шәриф фи ихтиләфил әиммәтил фуқаха» ( «Фақиһтардың қайшылықтарындағы хадистің рөлі») және أدب ﺍلاختلاﻑ في مسائل ﺍلعلم ﻭ ﺍلدين «Әдәбул ихтиләф фи мәсәилил ‘илм уәд дин» ( «Білім мен Дін мәселесіндегі ихтиләфтар (келіспеушіліктер) кезіндегі құрмет»)

Оның الجرح والتعديل ғылымындағы (рауиларды тексеретін ғылым) әдістемесі бізге үлгі аларлықтай ерекше, мұқият және сыни тұрғыда жазылған. Ол ізденіс жолында ерекше құрметке ие. Танымал Шейх әрі Әлләмә Мухаммад Сәйд Әт-Тантауи (рахимахуллаһ) ол жайлы былай дейді:

«Мен жер бетінде зерттеу саласында бұл кісіден артық білімді адамды білмеймін»

Оның басылымнан шыққан кітаптары:

أثر الحديث الشريف في ﺍختلاﻑ ﺍلأئمة ﺍلفقهاء“Әсурул хадисиш шәриф фи ихтиләфил әиммәтил фуқаха”
أدب ﺍلاختلاﻑ في مسائل ﺍلعلم ﻭ ﺍلدين“Әдәбул ихтиләф фи мәсәилил ‘илм уәд дин”
Бұл екі кітап бірнеше тілге аударылған және кейбір университеттерде осы кітаптар бойынша дәрістер жүргізіледі.

مسند عمر بن عبد ﺍلعزيز للباغندي
Ол бұл хадистерге мазмұндама беріп, түсіндіріп қосыша баяндамалармен қосып шығарған.

ﺍلأنساﺏ للسمعاني
Ол осы кітаптың бір бөлігіне зерттеме жүргізген.

تقريب ﺍلتهذيب
Әлләмә Абдулла Әл-Басри (рахимахуллаһ) мен оның шәкірті Әл-Мирғанидің (рахимахуллаһ) түсіндірмелерімен жазылған Хафиз ибн Хаджардікі (рахимахуллаһ)

الكاشف للذهبي
Сәбт ибн А’жами (рахимахуллаһ) түсіндірмелерімен қоса, егжей-тежейлі кіріспе мен кейбір жақтарын сынап, талдаудан құралған 5 томдық кітап.

مجالس ﺍبن ناصر ﺍلدين
Хафиз ибн Насируддин ад-Димашкидің кітабы. Автор Құран Кәрімнің бір аятына түсіндірмесіме негізінде баяндады.

من صحاﺡ ﺍلأحاﺩيث ﺍلقدسية
Бұл кітапта сілтемелері мен түсіндірмелері берілген жүз хадис-құдси келтірілген.

ﺍلمختار من فراﺍئد النقول و ﺍلأخبار
Әр студентті ынталандыратын көптеген оқиғалар келтірілген кітап.

القوﻝ ﺍلبديع
Әлләмә Әс-Сахауидің (рахимахуллаһ) кітабы. Кітаптің мазмұндалған бұл нұсқасы ең толық әрі шынайысы болып есептеледі.

السنن
6 томдық Имам Әбу Даудтің (рахимахуллаһ) «Сунаны». Ол танымал Сунанды сегіз қолжазба арқылы мазмұндап, түсіндірген. Соның бірі Хафиз ибн Хаджардың жеке көшірмесі.

المحمد الشمائل
Имам Тирмизидің (рахимахуллаһ) «Әш Шәмәил Мухаммадийя» кітабы. Әлләмә Әл Бажуридің (рахимахуллаһ) түсіндірмелерімен бірге.

المصنف
Ибн Әби Шейбанің (рахимахуллаһ) «Муснафы». Жазылуына 16 жыл кеткен ірі әрі баға жетпес хадис еңбегі. Ол әрбір хадисті зерттеп, қайнаркөздерін тауып, барлығына түсіндірме жазған. 26 томдық еңбек болып баспадан шыққан.

دراسة حديثة Ханафи мазхабының ұлы хадистер жинағы: Найс Әбур Райяһ, Фатхуль Қадир, Шархуль Хидаяға жасалған толық зерттеу мен терең анализ.
Жоғарыда аталған кітаптардың көпшілігі бірнеше рет басылымнан шығарылған. Басылымға қайта жіберілген кітапты басып шығару ғана емес, оны жақсартып жетілдіру сол кісінің әдеттерінен еді.

Барлық зерттемелерінде Шейх кітаптардың түпнұсқаларының көшірмесін алуға талпынатын еді. Аллаһ Тағала бұны оған мүмкін еткен және бұл Шейхтың кітаптарының ерекше болуына әсер етеді.

Шейх Мухаммад Аууама өзінің зерттеген кітаптарына жасаған кіріспелерімен танымал болды. Кіріспелер көбінесе сыни бірақ жемісті академикалық анализ ретінде қызмет етеді.

Соңғы елу жыл ішінде ол білімге қызмет етуші және оны іздеуші болды. Өзінің денсаулығына қарамастан, өзінің Мәдина Мунаууарадағы қызметін таңқалдырарлық адалдықпен жалғастырып жатыр. Аллаһ Тағала құрметті шейхқа мықты денсаулық, мәнді ұзақ өмір беріп, түрлі жамандық пен бақытсыздықтан қорғасын.

Алла Тағала үмметке оның баға жетпес даналығынан сусындап, пайда алуын жалғастыра берсін.

Әмин.

Мақала askimam.ru сайтынан аударылды.

Дереккөз: hanafi.kz