Тікелей ЖӘННАТҚА жетейлейтін амалдардың бар не жоқтығы көпшілікті қызықтыратын сұрақ екені мәлім.
Имам Суюти «Шарху Судур» кітабында осы тақырыпқа бір тарау арнап оны: «Өлімнен кейін адамның Жәннатқа тез жетуіне себеп болатын амалдар» деп атады. Имам ән-Насаи және Ибн Хиббан өзінің «Сахихінде», Ибн Мардауи және Даруқутнидің Умаматтан жеткізген риуаятында: «Пайғамбарымыз, оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын, былай деген: «Кімде-кім «Аятүл Күрсиді» әр парыз намаздан соң оқыса…. оның Жәннатқа кіруіне өлімнен басқа ешбір нәрсе кедергі бола алмайды» [1] Дәл осы секілді Имам Байхаки «Шуаб» кітабында Әлидан, Алла оған разы болсын, [риуаят] келтіреді. Оған қоса ол Салсала ибн Далхамастан: «Кім де кім әр намаздан соң «Аятүл Күрсиді» оқыса …онда сол адам мен Жұмақтың арасында өлімнен басқа еш нәрсе тұрмайды, және ол адам өлгеннен кейін Жәннатқа кіреді» деп жеткізді [3] [Имам ас-Суюти, «Шарху-с-Судур», 523] [1] Сунану әл-Кубра, 9848 [2] Шуабу әл-Иман 2184 [3] Шуабу әл-Иман 2168